Материалдар / Баяндама: « Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай ойын арқылы дамыту»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: « Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай ойын арқылы дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «менін»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді.Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді.Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2024
71
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама: « Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай ойын арқылы дамыту»





Мазмұны:



І Кіріспе.

А. Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі.

ІІ Негізгі бөлім.

А. Баланы дамыту мақсатында ойын түрлерін тәжірибеде қолдану.

Б. Дамыту ойындарын түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асыру.

ІҮ Қорытынды.

А. Балаларды дамытушы ойындардың мектепке дейінгі дамытудағы алатын орны.























Баяндама: « Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай ойын арқылы дамыту»



Бұл жобада ойын түрлерін пайдалану арқылы баланың тілін дамыту, сөздік қорын молайту мәселесі қарастырылды. Бүгінде баланың тілінің дамуы алаңдатарлық мәселе екені бәрімізге аян. Әдеби шығармалар, ертегі тыңдап өспеген бала комьютерлер мен ұялы телефондардан бас көтермей жатады. Осыдан да баланың тілдік қоры аз, байланыстырып сөйлеуге бейімделмеген, ортаға бейімделуі нашар ұялшақ қасиеттер басым келеді. Осындай кемшіліктерді байқай келе баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып ,тілдерін дамытып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуін ойын әдісі арқылы іске асыруға тырыстым.

Мақсаты:

мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру. 


Міндеттері:
-    ойын түсінігін ашу;


-    мектепке дейінгі жаста  ойын әрекетінің маңызын көрсету;


-    ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеуді,тілін дамытуды,


шығармашылық шеберліктерін ашуды талдау;


-    ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет ретінде

зерттеу;


- қызығушылығын қалыптастырып, дамыту.


Мектеп жасына дейінгі балаларда ойын әдісі тәрбиелеу және оқытудың басты нәтижелі құралы болып табылады, сондықтан да оларды жетік зерттеп игеру арқылы ғана, балаларда тәрбие мен оқыту жұмысының нәтижелілігіне жетуге болады.

Жаңашылдығы: Ойын түрлерінің барлық түрінде тілдік қолданыстарды: тақпақтар, әндер, сөйлемдер қолданылып отырса бала қызыға қайталап, тілдік қоры молайып, жалпы сөйлеу тілі дамиды.



Тақырыптың өзектілігі:

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бүгінде бала тәрбиесіне баса көңіл аударылуда. Десек те баланың тілінің дамуы қазіргі кезеңде алаңдатарлық мәселе екені бәрімізге аян. Әдеби шығармалар, ертегі тыңдап өспеген бала комьютерлер мен ұялы телефондардан бас көтермей жатады. Осыдан да баланың тілдік қоры аз, байланыстырып сөйлеуге бейімделмеген, ортаға бейімделуі нашар ұялшақ қасиеттер басым келеді. Осындай кемшіліктерді байқай келе баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып ,тілдерін дамытып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуін ойын әдісі арқылы іске асыруға тырыстым.



Ойынның маңызы:



1. Балалар  үшін:

Ақыл-ойы, тілі дамиды, оқуға қызығушылығы, белсенділігі, шығармашылығы,артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

2. Тәрбиеші  үшін:

Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын

арттыруда, сабақты  қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.

3. Ата-ана үшін:

Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды,ойын арқылы тәрбиелейді



«Ойын – бала үшін ойын емес, шындық»

К. Д. Ушинский












Кіріспе


Қоғам талабына сәйкес, еліміздің дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.

Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «менін»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді.Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді.Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі.

Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.Ол балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ғалымдардың айтуынша «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады» - деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластанаорындайды.
Сонымен, балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма -жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп , ақыл - ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.







«Ойын арқылы баланың тілін дамыту»


Ойын дегенміз—жас ерекшелікке қарамайтын,адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да

толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. «Ойын – балалар өмірінде өте зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметіқандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды.

Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен ойына арқылы тәрбие алады» А.С.Макаренко.

Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады.Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді.

Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы өзара қарым-қатынас жасауды меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын - балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады.

«Сәбиге ойынның бәрі елеулі, өйткені ол ойнап жүріп өмір сүреді. Ол ойнаған кезде ғана өмір сүреді де, жаттығады да, жан мен тәнін өсіреді де»А.В.Луначарский
Ойынға бірнеше талаптар қойылады

Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден

түсіндіру.
- Ойынға топтағы баланың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.Ойын кезінде нашар оқитын оқушылар сабаққа деген қызығушылығы артып, сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды.Оқушы сабақта ойнап қана қоймайды, алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын көрсете біледі.Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез - келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір - бірімен өзара қарым - қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда тілдік қарым-қатынас ойын арқылы дамиды. Оқыту жүйесі тіл заңдылықтарына ғана байланысты емес. Қалыпты даму кезінде 2-3 жылда балалардың үздіксіз ұлғайту процесі жүреді. Пассивті және белсенді сөздік қоры молаяды. Бес жастағы баланың сөздік қорында зат есім, етістік, сын есім, үстеу, сан есім, одағай, шылау болады.

Жас ерекшелігіне тән сөйлеу тілі дамымаса онда олардың сөздік қоры да төмен болады. Сөйлеу тілін түсінуі жақсы болса да, ойлауы шектеулі. Мұндай балаларда сөйлеу тілі басқа балаларға қарағанда кешірек шығады. Бұл уақытта сөйлеу белсендігі арта түседі, сөздік қоры көбейеді, бірақ балалар буындарға бөлгенде, сөздерді айтқанда әріптерді шатастыруда қиналады. Сондықтан да олардың сөйлеген сөздері қоршаған ортадағыларға түсініксіз болып келеді.

Ал ойындарды қолдануда бала қызығушылығы артып, талпынады. Және кезөкелген сөзді толық айтуға тырысады.Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына

лайықтыболуқажет.Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. 
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді - адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні.

Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс - әрекеті ретінде көрсетеді.Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы

Ойын мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай әр түрлі.Сюжетті-рольді, дидактикалық ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. 
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор

ынтамен араласады. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.





Тілді дамыту мақсатында ойын түрлерін тәжірибеде қолдану


Алғашқы кезеңде тобымдағы балалардың ерекшеліктерімен, мінез-құлықтарымен, қызығушылықтарымен таныса келе балалардың сөйлеу тілін, сөзді байланыстыруын бақыладым.

Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау деген сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге дайындықтар жасалды. Ата-аналармен бірлесе отырып ойындарға қажетті материалдар жинақталды, анкеталық жұмыстар жүргіздім. Балаларға ойынның әр түрінен жеке түсініктер берілді. Сабақта және сабақтан тыс кезеңдерде балаларға оларды қызықтыратын және ерекшеліктеріне сай келетін ойын түрлері таңдап алынды.


Ойындар ішінде ең ұтымдысы қимыл-қозғалыс ойындары деп білемін.

Қимыл-қозғалыс ойындарын ойнауда бала тек қозғалыста емес, ойнап жүріп тілдік қарым-қатынасқа түседі. Тәрбиеші ойын шартын түсіндіреді, қалыптасқан бала өздері жүргізуші болуға үйренеді.Бала жаңа сөздердің мәнін біледі, тексті, әндерін белсене айтып жүреді. Тілдері дамиды.

Сергітулер, спорттық ойындар, қимылдарды келтіру.

Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құрылды. Балалардың жүгіру, секіру өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Ойындардағы тақпақ ,өлеңдерді айтуы бала тілін дамыта түседі.Мысалы мына ойындар жиі ойналады.


Дидактикалық ойындар баланың таным-түсініктерін ажыратудағы әдістерінің бірі.Бала бақылап көргенін, естігенін түсінуге тырысады.Алайда түсініктері алғашқыда айқын болмайды. Тәрбиеші бала түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып, саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, заттың түсін анықтаңдар, кемпірқосақтың қандай түсімен байланысты, айырмашылығын табу. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.
Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл - ой қызметін қалыптастырады.

Заттық дидактикалық ойындарды "Домино", "Лото","Құрастырулар" сияқты әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.





Қорытынды

Қорыта келе балаларға ойын әдісін қолдану қызықты да, нәтижелі жұмыс екенін көз жеткіздім. Осы ойындардың нәтижесінде көптеген балалардың сөйлеу тілі дамығанын, дауыс ырғағын келтіруге, дыбыстарды дұрыс айтуға,өзін еркін ұстауға үйренгенін байқадым.  Мектеп жасына дейінгі ерте жастағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады.Осы ойындарды өткізу барысында балалардың тілдері біршама дамып, сөздік қорлары кеңейгенін байқадым.

 Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі  ойын іс әрекетін жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Мәселен, кез – келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі,  өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген  талпынысы  мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде  қалыптасады. Сөйтіп бала топтағы жасына сәкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші  өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. 

Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.

Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі керек.

Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз піспек емес, жан - жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, ерте жастағы балалармен ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда олардың тілдік құзыреттіліктері артады.

Ендеше ерте жастағы балалардың тілінің дамуына қазір жағдай жасайық!.

Менің ойымша балалардың тілін дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері  қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.  Міне, сондықтан да  әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.

































Қолданылған әдебиеттер:



  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» ҚР МЖМБС 2001-2009ж;

  2. Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту // Отбасы

және балабақша. - 2002. - №1. - 9-10 б.

  1. Қоянбекова С. Ойын мақсатын талдау жэне оның мәні

//Қазақстан мектебі. -2002. - №1-2. - 45-49 б.

  1. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж, № 4 2008 ж

  2. Молдагаринов Аскар «Казахские детские игры» кітабы

Алматы-1987 8-12 б.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!