Материалдар / Баяндама Оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерттеу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама Оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерттеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2024
50
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқыту  үдерісіндегі  тәжірибені  жақсартуды  және  жетілдіруді  зерттеу


Алмаханова Райхан Шайдархановна

Бастауыш сынып мұғалімі

Шымкент қаласы

А. Назарбеков атындағы

87 жалпы білім беретін мектеп

Аннотация.

Мақалада А.Назарбеков атындағы №87 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптар арасында «Сабақты зерттеу» әдісін іске асыру кезіндегі тәжірибе барысында мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің дамуының тиімді жолдардың бірі ретінде сабақты зерттеу әдісінің ұтымды жақтары қарастырылады. Сабақты зерттеу үдерісі барысында жинақтаған тәжірибелер қаралып, оқушыларға білім алуға көмектесу,топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал етуі жайлы баяндалады.



Түйінді сөздер: Сабақты зерттеу, тәсіл, , тренер, қалыптастырушы бағалау, ынтымақтастық орта, кері байланыс, рефлексиялық есеп, тәлімгерлік, желілік қоғамдастық.

Қазіргі кезде тәуелесіз елімізде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге құлшыныс басым. Білім беру парадигмасы өзгеріп, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды. Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру, сонымен қатар оқушылардың бойында қалыптастыратын дағдыларға қойылатын талаптарды өзгертуге ерекше көңіл бөлініп отыр. XXI ғасыр дағдылары жүйесі мұғалімдер арасында ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейді. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер мұғалімнің де өзгеруін талап етеді. Тәуелсіз еліміз әлем бойынша алдыңғы қатарлы елдеріне қосылуы үшін заман талабына сай жаңа мазмұнды білім алуға күш қайратымызды салып, білімді, ғылымды дамытуымыз керек. Бұл тұрғыдан зерделер болсақ, көреген А.Байтурсынұлының «Білімсіз халық қанша бай болса да байлығы басқа халықтың қолына көшеді» деп айтып кеткен өсиетін тиек ете келе, халықаралық зерттеулердің нәтижелерін қарай отырып,олардың жеткен жетістіктерін қарастырдым.

Мектепте мұғалімнің кәсіби білімін жетілудірудің ең бір тиімді бағыттарының бірі –«Lesson Study» (Сабақты зерттеу) әдісін жүргізу. Бұл жаңашыл бағыт - мұғалімдер тәжірибесінде білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл болып табылады, бұған мектебімізде өткен бірнеше Lesson Study-лер дәлел бола алады. Осы орайдағы ең маңыздысы аспектісі мұғалімдердің зерттеу қабілеті жетіле түседі. «Сабақты зерттеу» әдісіне мұғалімдерге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жинақтауды жүзеге асырады. Әрине бұл әдістің толық циклін өткізген соң мұғалімдер тәжірибе алмасу мақсатында өз еңбектерін, рефлексиялық есептерін баспада жариялап, пән бірлестіктерінде немесе әдістемелік кеңесте ой бөлісіп, талқыға салуларына болады. Осы кезекте, мектебіміздің қабырғасында «Сабақты зерттеу» әдісін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлау алдында Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысты. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Зерттейтін сыныпты таңдауда, пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге 4«Д» сыныбын алдық. Себебі, ол сыныптың білім сапасын көтеруде қиындықтар болды. Зерттелетін пәнді мұғалімдердің ұсынысы бойынша

«Әдебиеттік оқу» пәнін алдық.
Lesson study – дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу;

Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.

Зерттеу сабағын жүргізу үшін:

– L.S. зерттеу тобын құрдық. 

Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болып, зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру» – деп алдық.

Сынып жетекші және бастауыш сынып мұғалімдері бірігіп, бақыланатын оқушылырды анықтады. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.

Сонымен, әріптесіміз Мәулен Гүлзат алғашқы зерттеу сабағын  әдебиеттік оқу пәнінен өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Халқымыздың салт дәстүрі .Бесік жыры» Ұйымдастыру кезеңінде  «Мозайка» әдісі бойынша оқушылар қиылған суреттерді қиыстырып,шыққан сурет бойынша әңгімелеу керек еді. Оқушылардың әңгімелеу барысында сөздік қорлары аздау болып,мәтіндерді дұрыс байланыстыра алмады.жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін соңғы жинақтау бөлімінде «Бес жолды өлең» әдісі арқылы өлең құрастыру берілді.бұл кезде балалар өлең жолдарын шатастырып сасып қалып жатты.А деңгейдегі оқушымыз бірінші күні басқа мұғалімдердің мысы басты ма айтарлықтай белсенділік танытпады. В деңгейдегі оқушы сабаққа жақсы атсалысып топтық жұмыстарға белсене қатысып отырды. С деңгейдегі оқушыда белсенділік байқалмады.

Сабақ соңында топ мүшелері бірлесе сабақты жоспарлады және зерттеудегі оқушыларға бағытталған әдістерді кіріктірді.

Сабақтан кейінгі талқылауда оқушыларды бақылау мен сұхбаттасу нәтижелерін қолданып сабаққа жағымды өзгерістер енгізу арқылы сабақ жоспарын жақсартып отырдық.Сабақты зерттеу топтарының жұмысы туындаған проблеманы шешу мақсатында келесі күнгі сабақ жоспарымызды әзірледік.

Екінші күні «Ф.Оңғарсынова. Оюлар» тақырыбында сабақ өтілді. Бұл күні балалардың қызығушылығы басымдау болды. Сабаққа белсенділікті байқадық.

А деңгейіндегі оқушы да бүгінгі сабақта белсенді болды. Топтық жұмыстарды қорғап сұрақтарға дер кезінде жауап беріп отырды. В деңгейіндегі оқушы да жақсы жауап беріп отырды. С деңгейдегі оқушы әлі де белсенділік көрсетпеді.

«Мозайка» әдісі арқылы қиылған киіз қиындыларынан балалар оюлар құрастырып,қандай ою құрастырғанын айтты.

«Бес жолды өлең» әдісі бойынша Оюлар сөзіне өлең құрастырды. Бірінші күнге қарағанда балаларда шамалы түсінушілік болды. Топпен жұмыс жасауда ауызбірішілік қалыптаса бастады. Таласпай кезекпен кезек орындауды үйрене бастады.

Сабақтан соң тағы да топ мүшелері келесі үшінші күннің сабағын жоспарладық.

Үшінші күні Гүлзат әріптесіміз «Ұлттық ойындарымыз Орамал тастау» тақырыбында сабақ өтті. Сабақты сайыс жарыс сабақ ретінде ұйымдастырды. Бастауыш сынып балалары сайыс сабақ болғандықтан жақсы көңіл күйде болды. Екі топқа бөлу арқылы сабақ өтілді. Сабақтың басынан өте белсенділік байқалды.

Бұл сабақта «Бес жолды өлең» әдісі арқылы әр топқа жасырылған сөздер берілді. Сол сөздегі заттың суретін сала отырып,өлең құрастырды. Бұл әдісте А,В деңгейлі оққушылар сабаққа деген қузығушылықтары артып өте жақсы қатысты. С деңгейіндегі оқушыда шамалы талпыныс болып топтық жұмыста топқа қосылып жұсым жасай бастады.

«Мозайка» әдісінде әр топқа жасырылған әріп берілді. Сол әріптерді балалар бірлесе отырып қимылмен көрсету тапсырылды. Осы жерде балалардың бір бірімен бірігуі,топ болып бірлесе жұмыс жасауы,бір біріне көмектесу іс-әрекеттері байқалды.

  Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.

Тәжірибедегі сыныптың бірін-бірі бағалауда әділдік таныту және кері байланыс беруде тиімді кері байланыс ұсыну дағдыларын қалыптастыру мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ, үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға ұнайтындай әдістерді қолдана отырып сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз. Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу болмаған еді, бұл жаңашылдық мұғалімлдерге ұнады. Сондықтан, «Сабақты зерттеу» әдісі ең бірінші, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне, екіншіден, оқушылардың білім сапасын арттырудың бірден бір жолы бола алатынына көзіміз жетті.

Қолданылған әдебиет тізімі:

  1. Байгаринова Ж.К. Сабақты зерттеу (Lesson study): А-дан Я-ға дейін: әдістемелік ұсынымдар.

  2. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 36 б.

  3. 2.Абдраманова Ж.Б., Биярова С.Б., Зейнолдина Г.Т. Lesson Study: өз сабағын зерттегісі келетіндер үшін: әдістемелік ұсыным. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. – 52 б.

  4. 3.Әлімов А. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. – Алматы, 2015. – 180 б.

  5. 4. Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық - Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!