Материалдар / Базарға, қарап тұрсам, әркім барар. Абай Құнанбайұлы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар. Абай Құнанбайұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдалым материалдарының мазмұнын тірек сөздер арқылы түсінеді. Оқушылардың басым бөлігі: Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерге «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы мысал келтіреді. Өз ойларын еркін жеткізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2024
59
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

(Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының

Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Махамбет жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

II-бөлім . «Сауда жасай білесің бе?» 7- сабақ. Абай Құнанбайұлы « Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» өлеңі

Бөлім:

2-бөлім: Сауда жасай білесің бе?

7-8 сабақ. Базарға, қарап тұрсам, әркім барар. Абай Құнанбайұлы

Педагогтің Т:А. Ә :

Жумашева Нургуль Муратовна

Күні:

23.09.2022

Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

7-сабақ. Базарға, қарап тұрсам, әркім барар. Абай Құнанбайұлы


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Тыңдалым материалдарының мазмұнын тірек сөздер арқылы түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерге «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы мысал келтіреді. Өз ойларын еркін жеткізеді.

Кейбір оқушылар: Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерге мысал келтірді. «DEAL» әдісі арқылы өлеңннің мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлел жасайды. Мақал- мәтелдермен түйіндеме жасайды. Өз ойларын еркін жеткізеді.

ЕБҚ ()

Жеке, жұптық, топтық жұмыс арқылы

- бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- ақшаны үнемдей білуге, орынды жұмсай білуге тәрбиелеу.


Бағалау критерийлері

Тыңдалым мәтіннің мазмұнын тірек сөздер арқылы түсінеді.

Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерге мысал келтіреді.

Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап береді.

Ойлау деңгейінің дағдысы

Тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым,


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

.Ұйымдaстырy кeзeңi: Aмaндaсy.

Жоспарланған жаттығулар1

1.Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар,біздер қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Сауда жасай білесің бе?» атты 2-бөлімін оқып жатырмыз. Өткен тақырып бойынша шолу жасап шығаыйық.

Сұрақ жауап:

1.Сауда дегеніміз не? Сауда көне орыс және славян тілінде «торг» -сауда жасалатын алаң,орын,базар деген мағынаны білдіреді,

2. Сауда қандай әрекет?

Сауда-материалдық және рухани игіліктерді сатып алу және сату әрекеті.

3. Саула нені сатып алу және сату жөніндегі қызмет?

Сауда –тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сатылуын ұйымдастыратын қызмет аясы.

4.Сауда қандай әрекет арқылы тауарларды өткізетін шаруашылық сала?

Сауда-сатып алу және сату арқылы тауарларды өткізетін шаруашылық сала.

5.Сауда қалай жүзеге асады,

Сауда сату және сатып алу арқылы жүзеге асады.

6. Сауда қайда жүзеге асады?

Сауда азық- түлік дүкендерде, супермаркетте, сауда үйлерде. Базарларда жүзеге асады.

7.Саудада қандай тауарлар сатылады?

Материалдық және рухани игілікке қажет тауарлар сатылады.

8.Материалдық игілікке нелер жатады?

Материалдық игіліктің түрлері киім - кешек, азық- түлік, баспана,құрал -жабдықтар,үй тұрмысына қажет мүліктер,аяқ- киімдер.ойыншықтар жатады.

9.Рухани игіліктің түрлеріне нелер жатады?

Рухани игіліктің түрлері кітап, білім, адамның мінез құлқы,

Адамгершілік қасиеттер,рухани мәдениеттің жетістіктері, эстетикалық байлықтар, зергерлік бұйымдар жатады.

10.Сауда жасау кезінде қолданылатын этикет сөздер қандай?

Сауда орындарында «Сәлеметсіз бе?»» « Сау болыңыз!» деген этикет сөздерді қолдану.Сатушыдан бірдеңені өтінуді «кешіріңіз» сөзінен бастап, «рахмет» сөзімен аяқтау,сатушының әр ісіне ,әр сөзіне сыйластықпен қарау және жақсы ісіне алғыс білдіру.

2.Жаңа сабақ:

«Төрт сурет, бір сөз» ойыны арқылы психологиялық ахуал  жүргіземін.

Жетелеуіш сұрақтар:

- Суреттерден не байқап тұрсыздар?

- Базар суреті

- Базарда не сатылады?

-Базарда азық түлік сатылады

- Сен базарда болдың ба? Мен базарда болдым,

- Сен базардан не сатып алдың? Мен базардан киімдер,аяқ киім сатып алдым.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

Барлық оқушылар орындайды

Aбaй Құнaнбaйұлының портретіне қaрaп, ақын туралы не бiлyiн анықтайды. Қосымша мұғалiм сұpақтapмeн жeтeлeйді.

Абай Құнанбайұлы туралы не білесіңдер?

Абай атамыздың қандай өлеңдерін білеміз?

Өткенді пысықтау мақсатында " Абай әлемі" тақырыбына «Брейн-ринг» ойынын өткізейік.

1. Абай кім?

2.Абай қай жылы туған?

3.Туған жерін ата.

4.Абайдың шын аты кім еді?

5.Абайдың әкесі кім?Ол кім болған? 6.Абайдың әжесінің аты кім? Ол қандай адам болған?

7.Шешесінің аты кім болған.? Ол қандай адам?

8.Абай өлеңді неше жасынан бастап шығарған ?

9.Абай неше жасқа дейін оқыған?

10.Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған?

11.Ахмет Риза медресесінде қандай тілдерді үйренді

12. Абай кішкентай кезінен қандай бала болып өсті

13.Медреседе оқып жүріп, 3 айдай қайдай мектепте оқыды?

14. «Приходская школада» қай ақындардың шығармалармен танысады?

15.Абай неге құмар болған?



- Балалар қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

- Балалар бүгін біз сабақта Aбaйдың «Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңімен танысамыз. Өлеңнің мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап береміз.

Оқушыларға теңге, доллар суреттері таратып, топқа бөлемін.

1.Топ- Теңгелер

2.Топ - Тиындар





















Балалар ,сабағымыздың жаңа сөздермен таныс болайық.

 Синоним сөздермен танысайық.

сома (ақша),

маржан (әшекей, бұйым)

нәрсе(зат)

шырақ  (шам),

пайым қылмайды (мағынасына көңіл бөлмеу),

аң – таң (таңғалу),

жалпақ жұрт ( бүкіл жұртқа, елге),

тесік моншақ ( керек нәрсе жерде жатпайды),

сәулесі бар жігіттер (саналы,ақылды жігіттер)


Мен сендерге Абай Құнанбайұлының «Базарға қарап тұрсам,әркім барар» өлеңін өтеміз. Мен бұл өлең туралы мәлімет бере кетейін,

Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Абай Құнанбайұғылының өлеңі» деген жинақта жарияланды. Ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған.[1]






























«Брейн ринг» ойынының жауаптары:

1. (Қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, данышпан, философ,жазба қазақ әдебиетінің негізін салушы.)

2.( 1845 жылы 10 тамыз.)


3.( Қазіргі Семей облысы, Абай ауданы.)


4.(Әкісінің аты- Құнанбай.Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Құнанбай ел ішінде қажы, аға сұлтан атанған.)


5.( Ибрагим.).

6. ( Әжесінің аты -Зере. Абай әжесін қатты жақсы көреді.Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, бой, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер.)

7.( Анасы Ұлжан – ұстамды, мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.)

8. (Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған.)



9. ( Абай 13 жасқа дейін оқыған.Абай қоғам өміріне, ел басқару ісіне араласты.Абай кез келген істің мәнін бейбіт түрде шешті.)


10.( Ахмет- Риза медресесі деп аталады.)

11.?(Абай араб, түрік, парсы тілдерін үйренді.)


12.?(Абай кішкентай кезінен зерек, ұғымтал бала болған.Кітапты бір рет оқып, екінші рет кітапқа қарамай, жатқа айтып шыққан. Сабақтарды оқып,білу Абайға оңай болған. Сондықтан барлық уақытты өз бетімен кітап оқу,а жұмсаған.)

13.( Медреседе оқып жүріп, 3 айдай «Приходская школа» атты орыс мектебінде оқиды. )

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!