Материалдар / БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА МАЛДАРДЫҢ ІНДЕТТІ АУРУЛАРЫ.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА МАЛДАРДЫҢ ІНДЕТТІ АУРУЛАРЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бруцеллез - Brucellum - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бүзылуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Бруцелездің негізгі қоздырғышы бруцелла (Brucella) туыстастығындағы бактериялар тобы. Қоздырғыш туыстастығының атауы 1886 жылы бруцеллез қоздырғышын алғаш рет ашқан ғалым Д.Брюс атымен байланысты.
Авторы:
30 Сәуір 2024
42
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

УДК: 371.13

Мөлдір Нұрланқызы

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Ғылыми жетекші: Омарбеков Е.О. в.ғ.к., доцент, профессор м.а.



БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА МАЛДАРДЫҢ ІНДЕТТІ АУРУЛАРЫ.



Зерттеу жұмысының мақсаты: Бесқарағай ауданында малдардың індетті ауруларын анықтап, алдын алу шараларын жүргізу.

Зерттеу тақырыбын таңдау себебім: Өзім Бесқарағай ауданынан болғандықтан қандай індетті аурулар кездесетіндігін білу мақсатында.

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер жоспарлы вакцинация жұмыстары уақытымен жүргізіліп отырса, онда малдардың ауруға шалдығуы сирек болады немесе мүлдем кездеспейді.

Бесқарағай зертханасында серология бөлімі бар. Онда серологиялық зерттеулер жүргізіледі. Серологиялық зерттеу- иммунитет реакциясына негізделген қанның сарысуында арнайы антидене немесе антигенді анықтау. Бесқарағай ауданында көптеген аурулар кездеседі: Бруцеллез, қошқардың жұқпалы эпидидимиті, лейкоз, хламидиоз және т.б

Бесқарағай зертханасында 2 ауру зерттеледі:

  • Бруцеллез;

  • Қошқардың инфекциялық эпидидимиті;

Бруцеллезді Бесқарағай зертханасында үш әдіспен зерттейді:

  • Агглютинация реакциясы

  • Комплемент байланыстыру реакциясы

  • Розбенгал сынамасы.

Бруцеллез - Brucellum - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бүзылуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Бруцелездің негізгі қоздырғышы бруцелла (Brucella) туыстастығындағы бактериялар тобы. Қоздырғыш туыстастығының атауы 1886 жылы бруцеллез қоздырғышын алғаш рет ашқан ғалым Д.Брюс атымен байланысты.

Бруцеллезді әр түрлі түлікте Brucella туыстығына жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады.

1.B. melitensis – қой мен ешкі бруцеллезінің қоздырғышы жəне адам үшін зардапты.

2.B. abortus – ірі қара бруцеллезінің қоздырғышы.

3.B. suis – шошқа, солтүстік бұғы бруцеллезінің қоздырғышы.

4.B. neotomae – шөлейттегі егеуқұйрықта кездеседі.

5.B. ovis – қой үшін зардапты, қошқардың жұқпалы эпидидимитінің қоздырғышы.

6.B. canis – ит үшін зардапты.

Емі: Бруцеллезбен ауырған мал емделмейді, ол тез арада сойылып ет комбинатына жіберіледі. Ал ұсақ малдарды міндетті түрде өртейді. Иттерді ұйықтатады.

Бруцеллалардың 3 түрі адам үшін патогенді болып табылады:

1. B.melitensis – қой бруцеллезының қоздырғышы;

2. B.abortus – ірі қара мал бруцеллезының қоздырғышы;

3. B.suis – доңыз бруцеллезының қоздырғышы. Бруцеллезбен зақымдану ет, сүт, мал терілері оның тағамдарын қолданғанда пайда болады. Көбінесе бруцеллезбен жануарлармен көп қатынаста болатын малшылар ,сауыншылыр мен мал,ет,сүт өнімдерін сатушылар ауырады.

Бруцеллездің адамға жұғу жолдары:

1.Ауру малмен айналысқанда микробтар адам денесiне қолдың кесiлген, жарылған жерлерi арқылы түседi.

2.Қой қырыққанда, жүн түткенде, тағы басқадай жағдайларда, шаң-тозаң арқылы микробтар кiсiнiң көзiне, аузына, дем алу жолдарына түседi.

3.Ауру мал cүтiн,eтiн шикiдей, не шала пiсiрiп, iшiп жегенде, (тамақ қорыту жолы).

4. Лабораторияда бруцелла микробтарымен жұмыс iстегенде де ауру жұғуы мүмкiн.

Бруцеллезбен ауырған адамдар осы ауруға қайтадан шалдығуы мүмкін!!!

Даулау және күресу шаралары

Бруцеллездің алдын алу үшін ең басты шара – аурудан сау шаруашылыққа сырттан инфекция қоздырушысын әкелдірмеу мақсатында негізгі ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау. Мал табындарын тек қана аурудан таза шаруашылықтарда өсірілген сау жануарлардан құрайды және жайылымда, суарғанда, айдағанда бір-бірімен араласуына жол бермеу. Бруцеллез шыққан шаруашылықта індет ошағына карантин қойылып, сауықтыру шаралары жүргізіледі. Сауықтырудың ең тиімді әдісі ауру шыққан табынды түгелімен сойып, қораны мұқият дезинфекциялап, жаңадан сау мал әкелу.

Қошқардың жұқпалы эпидидимиті (Қарақаптал) - жұқпалы созылмалы түрдегі ауру, ен шылауының қабыну процессінен кейін ұлғаюы және қошқарлардың ұрықтандыру функциясының төмендеуімен, ал аналықтарда - іш тастаумен және тіршілікке қабілетсіз төлдің тууымен сипатталады.

Аурудың қоздырғышы - Brucella ovis, қозғалғыш, спора құрамайтын бактериялар. Індеттің көздеріне - ауру жануарлардың іш тастаған төлдері шаранасымен бірге, жыныс мүшелерінің ағындылары, сүті, зәрі, нәжісі және спермасы жатады. Сау жануарлар негізінде ауру малдармен тікелей жанасқанда немесе ауру саулықпен шағылысқанда (әсіресе, қолдан ұрықтандыру жұмыстары аяқталғандағы шағылыстыру кезінде) ауру жұқтырады.

Диагнозды клиникалық, серологиялық және бактериологиялық зерттеулер негізінде эпизоотиялық деректерді ескере отырып қояды. Серологиялық зерттеулер ең тиімді тәсіл болып табылады. Жануардың тірі кезінде диагноз қоюға ең тиімді серологиялық зерттеу тәсілі. Оның ішінде: комплемент байлану реакциясы, комплемент ұзақ байлану реакциясы. Бруцеллезге қарсы ірі қараны 19 және 82 – штаммдардан даярланған вакциналармен, ал қойды 19-штамм және Rev-1 вакциналарымен егеді.

Қазіргі уақытта Бесқарағай ауданының Баскөл ауылдық округінде індетті аурулардың алдын алу үшін қан алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баскөл ауылдық округі ветеринарының айтуы бойынша, 2019-2020 жылдарында таза, яғни аурулар анықталмады. Бұрынғы 2014-2015 жылдары бруцеллез болған, бірақ халық және әкімшілікпен бірігіп тығыз жұмыс жасаудың арқасында бұл аурудан құтылды.

Қарағайлы ауылының «Балықбаев» ФҚ-ның басшысының айтуы бойынша, жыл сайын көктем айында мал өріске шыққан кезінде дезинфекциялық шараларын жүргізіп отырады.

Дезинфекция – инфекциялық аурулар ошағындағы инфекциялық және паразитарлық аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі кешенді шаралар.

Қорытындылай келе, Бесқарағай ауданында кездесетін бруцеллез және қошқардың жұқпалы эпидидимиті індетті ауруларын анықтау, зерттеу, емдеу және де алдын алу шараларын жүргізудің маңызы зор. Себебі осы індетті аурулардың аудандағы мал шаруашылығына зияны және осы ауру белгілері байқалса онда ол тек жануарларға ғана қауіп төндіріп қоймай сонымен қатар осы жануарларды күтіп-бағатын адамдарға да жұғып, қауіп төндіреді. Сол үшін осы індетті ауруларды дер кезінде анықтап, тиісті шараларды дер кезінде қолданып отыру керек.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Справочник по инфекционным болезням, проф. Л. А. Тришкова, доц. С. А. Богатырёва

2. Справочник по дифференциальной диагностике инфекционных болезней. Под редакцией профессора А. Ф. Фролова, профессора Б. Л. Угрюмова, д-ра мед. наук Е. К. Тринус. Киев

3. Козлов М. П. Эпидемиология бруцеллёза в Предкавказье: автореф. дис. канд. мед. наук. — М., 1962. — 23 с.

4.  “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

5. Резникова Л. С., Эпштейн-Литвак Р. В., Леви М. И. Серологические методы исследования при диагностике инфекционных болезней. — М., 1962.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!