Материалдар / Білімінде олқылықтары бар оқушыларға есептерді тиімді тәсілмен шығаруға үйрету
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға есептерді тиімді тәсілмен шығаруға үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімінде олқылықтары бар оқушыларға есептерді тиімді тәсілмен шығаруға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2024
37
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ








Shape1
Ибрагимов Нурлыбек Ерболатович


«Білімінде олқылықтары бар оқушыларға есептерді тиімді тәсілмен шығаруға үйрету» тақырыбында

11-сыныптың факультативтік курсына арнап жазылған



АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

УДК 511.1

ББК 22.131



Рецензент:

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы

Орал қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық қолдау кафедрасының ЖБМ тренері, аға оқытушы .....................


Білімінде олқылықтары бар оқушыларға есептерді тиімді тәсілмен шығаруға үйрету // құрастырушы автор: Н.Е.Ибрагимов – БҚО облысы, математика пәнінің мұғалімі, 2021. – 54 б.



ISBN 978-601-4500-13-3


Құрастырушы автор 11-сыныпқа арналған «Білімінде олқылықтары бар оқушыларға есептерді тиімді тәсілмен шығаруға үйрету» атты факультативтік курс бағдарламасын оқушылардың білім деңгейін ескере отырып жасаған. Бағдарлама 36 сағатқа негізделген және мемлекеттік білім беру стандартына сай жазылған.


УДК 511.1

ББК 22.131


«Инновация» Оқу-әдістемелік Орталығының ..... жылғы

....... маусымдағы №... хаттамасына сәйкес сараптау комиссиясының шешімімен баспаға ұсынылды.



ISBN


978-601-4500-13-3

© «Инновация» баспа үйі, 2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

«ИННОВАЦИЯ» ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ




Рецензент: «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы Орал қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық қолдау кафедрасының ЖБМ тренері, аға оқытушы ...............



Құрастырушы автор:

Ибрагимов Нурлыбек Ерболатович

БҚО облысы Бәйтерек ауданы Махамбет ауылы

Махамбет жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі






© «Инновация» баспа үйі, 2021 жыл

Түсінік хат


«Білімінде олқылықтары бар оқушыларға есептерді тиімді тәсілмен шығаруға үйрету» курсы 11-сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту, білім жүйелерін қалыптастыру үшін математикалық есептерді мейлінше жеңіл, оңай тәсілмен қарастыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналады. Курсты құрастыруда оқушылардың білім деңгейлері ескерілді.

Курс математиканың базалық курсына өз үлесін қосады және оқушыларға математиканың практикалық бөлігін жеңіл сезінуге, өздерінің математикалық қабілеттерін көтеруге, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Курста қарастырылатын сұрақтар негізгі мектеп бағдарламасымен тығыз байланысады және бұл таңдау курсы мектеп бағдарламасында көрсетілген математикалық білім мен дағдыларын дамытуға көмегін тигізеді.

Ұсынылған курс бұрынғы алынған бағдарламалық білімдер жүйесін толықтыруға бағытталған.

Математиканы оқытуда есептерді шығару маңызды рөл атқарады. Оқытудың түпкілікті мақсаты оқушылардың белгілі бір есептер жүйесін шығарудың әдістері мен тәсілдерін меңгеруі және мектеп математика курсындағы ұғымдар мен әдістерді игеруі болады. Математикалық есептерді шығаруды оқытудың дұрыс ұйымдастырылған әдістемесі оқушылардың ойлауы мен математикалық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ математиканың практикалық қолдану білігі мен дағдыларын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

Дегенмен, математикадан пәндік білімге негізделген дәстүрлі оқыту жүйесі теорияны оқытуға баса назар аударылып, есептер шығаруды оқыту төмен деңгейде жүзеге асыратыны белгілі. Нәтижесінде, оқушылар алған математикалық білімін тиімді қолдану қабілеттері мен есептерді шығару біліктерінің жеткіліксіз мөлшерде екенін байқауға болады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны болатын ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері мектеп түлектерінің математикадан есептерді шығару біліктері мен дағдыларының әлі де болса төмен деңгейде екенін көрсетіп отыр. Осыған орай, оқушылардың математикадан ойлау қабілеті мен сауаттылығын дамытудың бірден бір негізгі құралы есептер және оларды шығаруды оқыту әдістемесі болып табылатыны айқын.

Зерттеудің тақырыбын таңдау орта мектеп оқушыларына математикалық есептерді шығаруды оқытып-үйретудің педагогикалық теориясы мен практикасын одан әрі дамытудың қажеттіліктерімен, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен нақты нәтижелері арасындағы қарама- қайшылықтардың болуымен, сондай-ақ жаңартылған білім беру мазмұны бойынша есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздерінің жеткіліксіз әзірленуімен негізделеді.


Курстың мақсаты:

  • оқушылардың математикалық есептеулер туралы біліктерін өмірлік тәжірибені әр түрлі мәселелер спектрімен байыту есебінен кеңейту;

  • орта мектепте математиканы оқыту процесінде есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздерін жасау және оны тәжірибе жүзінде іске асыру.

Курстың міндеттері:

  • алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету;

  • орта мектепте математикалық есептерді шығаруды оқыту әдістемесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру және оны оқу процесіне енгізу.

  • математикалық білім, білік дағдыларының белгілі жүйелерін меңгерту;

  • оқушыларды математикалық есептерді тиімді әдіспен шығаруға оқытуды ұйымдастырудың әдістемесін жасау;

  • әртүрлі әдістермен математикалық есептерді шешуге үйрету;

  • есептердегі олардың практикалық маңыздылығын көрсету.


Курстың өзектілігі:

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың есептерді тиімді тәсілмен шығару дағдыларын қалыптастыра отырып, математикалық есептерді өз бетімен шығара алатын қабілеттерін дамыту.

Курстан күтілетін нәтиже:

    • өз бетінше есеп шығарудың тиімді жолын іздестіреді;

    • өз бетінше білім алу дағдыларына негіз салады;

    • математикалық білім деңгейлерін көтереді;

    • математикалық есептерге тән мәселелерді жан-жақты талдайды;

    • математикада есептердің тиімді тәсілдің маңызын түсінеді.


Курс мазмұны


  1. Санды өрнектерді тиімді тәсілмен есептеу

  2. Гаусс әдісімен тиімді есептеу

  3. Мәселе есептерді логикалық тәсілмен тиімді есептеу.

  4. Мәселе есептерді арифметикалық тәсілмен тиімді шешу

  5. Концентрацияға берілген мәтінді есептерді тиімді жолмен шығару

  6. Адамдардың жасына байланысты есептерді оңай жолмен табу

  7. Пайызға берілген есептерді 100 –ге балап сызба арқылы тиімді шешу

  8. Прогрессияға берілген есептерді тиімді әдіспен есептеу

  9. Радикалы бар өрнектерді тиімді тәсілмен шығару

  10. Тригонометриялық өрнектерді тиімді тәсілмен есептеу.

  11. Интегралмен есептейтін жазық фигуралардың аудандарын тиімді тәсілмен шығару.

  12. Фигуралар ауданын табуға берілген есептерді тиімді тәсілмен шығару

  13. Көрсеткіштік теңдеулер жүйесін тиімді тәсілмен шешу.

  14. Көрсеткіштік теңсіздіктерді тиімді тәсілмен шешу.

  15. Текшеге байланысты есептер

  16. Параллелепипед және оның жазбасы

  17. Фигураларды қию және құрастыру

  18. Тест жұмысы.

  19. Қорытынды сабақ

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар


Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны

Мерзімі

1

Натурал сандар

1


2

Гаусс әдісі

1


3

Санды және әріпті өрнектер

1


4

Оригами

1


5

Сандардың бөлінгіштік белгілері

1


6

Адамдардың жасына байланысты

есептер

1


7

Кестелік логикалық есептер

1


8

Іріктеу арқылы шығатын есептер

1


9

Бөлшектерден тұратын тізбектер

1


10

Жай бөлшектер

1


11

Жай бөлшектерді салыстыру

1


12

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

1


13

Заңдылыққа байланысты есептер

1


14

Арифметикалық ортаға байланысты

есептер

1


15

Сандар теориясына қатысты есептер

1


16

Санның бөлігі

1


17

Бөлігі бойынша санды табу

1


18

Бөлігі бойынша санды табу

1


19

Бірнеше объектінің бірігіп

орындайтын жұмысына берілген есептер

1


20

Логикалық есептер

1


21

Логикалық есептер

1


22

Логикалық есептер

1


23

Ондық бөлшектер тізбегі және

құрастыру

1


24

Эйлер-Венн дөңгелегі арқылы шығатын есептер

1


25

Санның пайызы

1


26

Пайызы бойынша санды табу

1



27

Ребустар

1


28

Шырпы таяқшаларын қозғау

1


29

Кеңістіктегі фигуралар

1


30

Текшеге байланысты есептер

1


31

Параллелепипед және оның жазбасы

1


32

Фигураларды қию және құрастыру

1


33

Тест жұмысы.

1


34

Қорытынды сабақ

1



Барлығы: 34 сағат

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


1 сабақ


Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Сабаққа қатысқандар:

Сабаққа қатыспағандар:

Сабақтың

тақырыбы:

Натурал сандар қатары

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгерту

Осы сабақта қол жеткізілетіноқу мақсаттары

Натурал сандар жиыны және сандар қатары ұғымын меңгеру.

Заңдылықты тауып, натурал сандар тізбегін құру.

Сабақ мақсаттары

  • натурал сандар тізбегіндегі заңдылықты қарастыру;

  • берілген тізбектегі заңдылықты анықтай алады;

  • белгісіз мүшесін таба алады.

Бағалау критерийлері

  • тізбек мүшелерінің белгілі бір заңдылықпен орналасуын біледі және түсінеді;

  • заңдылықты ойластырып, оған сәйкес тізбек мүшелерін жазады;

  • алған білімі жайында жазып және ауызша қорытындылай алады.

Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика және терминология: Натурал сандар, сан тізбегі, заңдылық, тізбек мүшелері, тізбектіңбелгісіз элементі. Диалог жүргізу мен жазуға қажетті сөздер қоры: натурал сандар тізбегіндегі заңдылықты анықтау; тізбектің белгісіз

мүшесін табу үшін;

Құндылықтар

Бірін-бірі сыйлау, жұптық жұмыста

академиялық шыншылдықты дарыту

Пәнаралық

Дене шынықтыру


байланыс:


АКТ қолдану дағдылары:

188тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!