Материалдар / Эссе «Әлемде баланы тәрбиелеуден асқан игі іс жоқ»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе «Әлемде баланы тәрбиелеуден асқан игі іс жоқ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестацияға арналған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2024
1066
15 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
900 тг 675 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әлемде баланы тәрбиелеуден асқан игі іс жоқ»

Иә,мен әлемде баланы тәрбиелеп оған бағыт беруден асқан игі ,бегзадалыққа толы іс жоқ деп есептеймін. Өйткені, кез келген адам, мейлі ол президент болсын, дәрігер болсын, құрлыс саласының маманы болсын – барлығы ұстаздан тәрбие алады;

Мен өзімнің ұстаздық жолын таңдап алғанымды ең үлкен сәттілігім деп санаймын. Мен – бастауыш сынып мұғалімімін. Мектеп табалдырығын жасқана аттап, маған үлкен сеніммен,бір жүрек қозғар нәзіктікпен қараған кішкентай шәкірттерімді үлкен өмірге жетелеймін. Тек білім беріп қоймаймын, үйдегі ата – анасымен қосыла отырып, қоғамға бейімдеп, тәрбие де беремін;

Менің тәрбиелік бағытым – ұлттық құндылыққа негізделген. Қазақ баласын – «ұят болады, обал болады» - деген ұғыммен тәрбиелеген.

«Ұят болады» - адамның адамдық шегінен асып кетпей, жан – жағына қамқор бола білу;

«Обал болады» - қоршаған ортаны сақтау, қорғау,күту,аялау, сүю.

«Обал болады»сөзінің астарында – табиғатты сүю,қылтиып шыққан шөп пен талға да қамқор болу, күту, аялай білу;

Тәрбие тал бесіктен демекші – мен ата – аналармен ылғи да тығыз қатынастамын. Әр баланың жаны – тұңғиық теңіз. Теңіз түбінде тұнып жатқан баланың асыл қасиеттерін ояту – ата – ана мен ұстаздың ортақ миссиясы.

Менің тәрибе беру бағытым – қоғамға пайдалы, азат елдің болашағын құра алатын,жемқорлық пен басқа да жағымсыз қасиеттерден ада, жарқын келешекке қадам жасай алатын тұлға қалыптастыру. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп әлемнің екінші ұстазы айтпақшы, білімнен бұрын қолға алынатын, іске асытратын қағида – ол тәрбие. Адам тал бесіктен, жер бесікке дейін тәрбие алады, басқаны тәрбиелейді. Өз жолын таба білген бақытты, менталды сау, басқаға қамқор бола білген шәкірттерді тәрбиелей алсам – менің ұстаздық миссиямның орындалғаны деп білемін. Тәрбие беру бағытында атқаратын жұмыстарыма тоқтала өтсем – әр апта сайын мұғалім құзіретіне берілген 45 минуттық тәрбие сағатынан басқа,әр сабақта тәрбие мәдениетіне мән беріп,кірістіріп отырамын. Мысалы: жақында «Теңіздегі оқиға» әңгімесін талдап өттік; Негізгі тақырып – теңіз жануарларымен танысу болса, тәрбиелік бағыт – теңіз жануарларына қамқор болу, суды лайламау, ластамау, қоқыстарды тастау;Осылай әр пән бойынша ұстаздар тәрбие бағытына көңіл бөлсе, оқушылардың оқу сапасы да өсетініне сенімдімін.

Менің негізге алатын тағы бір салам – сыныптағы әкелермен өткізілетін сабақтар. «Әкелер мектебі» - балаға тікелей тәрбие беретін, өз ісімен үлгі көрсететін әкелермен жұмыс. Яғни, аптаның белгілі күнінде сыныптағы әкелер жиналыс өткізіп,бір тақырып төңірегінде ой толғатып, балаларға кеңес беру. Неге «Әкелер мектебі?» Ана – әрине бала өміріндегі ең басты тұлғалардың бірі. Бірақ – қазіргі қоғамда әке орны мен тәрбиесі ақсап қалаып жатқан жағдайы бар. Балаларымен тығыз қатынаста бола алмай, жұмысбастылықпен жүрген от ағалары қаншама? Менің ойға алған бағытым – әке мен бала ортасында алтын көпір болу, бала өз өміріндегі қиындыққа кездескен немесе ақыл керек кезде өз жақынына келе білуі,көмек сұрауы;

Үйдегі асыл қазыналы қариялармен де жұмыс жасау алдағы уақытта қолға алынады. Бар ұлттық қазынаны бойға жинай білген ақ жаулықты әжемен, ақ самайлы атамен жұмыс жасай отырып, бала тәрбиелеу.

Халықтың болашағы – ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі – мұғалім мен ата - анада. Ұстаздың мұраты – ой – өрісі кең, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал толыққанды азамат қалыптастыру үшін – ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, дене тәрбиесі, сонымен қатар экологиялық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс.

Алдағы уақытта аталған бағыттардың бәрін қамти отырып, үздік,сапалы, білімді, алғыр, Жаңа Қазақстанның жас өренін тәрбиелейтініме сенімдімін.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!