Материалдар / Heritage site
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Heritage site

Материал туралы қысқаша түсінік
Heritage Foundation is the only non partisan non profit foundation in Canada to support
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
35
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Халықаралық Туризм және меймандостық университеті

Дипломалды практика есебі




Өтілген орын: «Әзірет Сұлтан» мұражайы – мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы
















Қорғаушы Алдаберген Арайлым

Қабылдаушы Баян-Сұлу Ахметқызы


2024


М А З М Ұ Н Ы



Кіріспе………………………………………………………………………….3

Дипломалды практиканың мақсаты, алғашқы жұмыстар…………….5

Әзірет Сұлтан мұражайының Түркістандағы алар орны………………9

Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында болу

қағидалары ………………………………………………………………….12

Рубрика: Археологиялық жәдігерлер…………………………………….15

Музейге түсетін қаржы туралы ақпарат…………………………………16

Қорытынды………………………………………………………………….26


























Кіріспе


Мен Арай, Халықаралық Туризм және меймандостық университетінің 4 курс студентімін. Экскурсиялық қызмет және турларды ұйымдастыру бойынша 4 жылдың көлемінде білім алдым. Жалпы бұл өндірістік тәжірибе аясында өзімді туризмнің түрлі сферасында сынап көрдім. 1 курс бізде карантин енгізілгендіктен онлайн режимінде өндірістік тәжірибе өтілді. Алайда тек теориялық бағдар бойынша жүргізілгендіктен, фундаменталды білім толық болмады. Себебі тәжірибеде сынап көру бағыты болмады. Кейінгі 2 курста Халықаралық Туризм және меймандостық университеті тарапынан қонақ үй шаруашылығы бойынша тәжірибеден өту мүмкіндігін Ақтау қаласында орналасқан Rixos Water World Aktau 5 жұлдызды қонақ үйімен серіктестік құрып, университеттің көптеген білікті студенттердің мол тәжірибе жинақтауын іске асырды. Бүлардың қатарында менде бар едім. 4 ай бойы тәжірибе мен қатар жаңа қалаға адаптациялану мен тұлғалық даму сатымда қалыптасты. Тәжірибе барысында университет арқылы өтілгендіктен өзге де қызметкерлерге қарағанда көп білім беруге, тренингтер өткізілді. Жаңа дағдылармен қоса жауапкершілік пен қонақжайлылық сферасында өзімді шыңдадым. Келесі этап 3 курстың өндірістік тәжірибесі болды. Мен Шымкент қаласында орналасқан alem tours турагенттігінде өтемін деп шешім қабылдадым. Өзімді енді турагенттік сферада да шыңдаймын деп келістім. Онлайн брондау, тур сатып алушы клиенттермен жұмыс, туроператордан өнім алу, маркетинг деген ауқымды кезеңдерді де атап өткіп келеді. Турагенттікте жұмыс жасау – ол үлкен жауапкершілік. Туристік өнімді өткізу тікелей турагенттің қызметі. Клиенттің көңілін табу мен айтылған күніне тауып беру, қосымша кеңселік қызметтермен айналысу ол да бір атқарымы мол жұмыс болды. Күніне қаншама клиенттер келетінін көріп, менің жеке турагенттігім болғанын қалайтынмын. Ең қиын соққаны турды сату. Маркетинг пен психологияның өзі кейде жеткіліксіз болып табылады. Қаншама сату түрлері және психологиялық ерекшеліктері бар болса да, заман дамуы әсер етіп, клиенттер ерекше туристік атмосфераны сезінгісі келеді. Сезінуімен қатар 7-8 күн бойы өзге елдің ең керемет демалыс болатынын үміттенеді. Ол үмітті ақтау да үлкен шаруа. Сол себепті де 3 курстың өндірістік тәжірибесін жақсы аяқтап, 4 курста өзімді тағы да туризмнің басқа сферасынан көремін деп шештім. Менің позициям бойынша адам бір сферада тұрақтап қалуы керек, тұрақтылық маңызды. Дегенмен тұрақтылықпен қатар өз сферасында да азды көпті бөлімдерінен хабардар болуы тиіс. Кейін қай тарапта сұраныс көп, қай тарапта икемім бар немесе алып кете аламын деп жылдам ойлап, әрекет ету маңызды. Жеке тұлға ретінде осы ойымды өз жадымда дұрыс санап, келесі соңғы курстағы тәжірибемді мұражайда өткіземін деген шешімге келдім. Қонақжайлылық, тур өнімді жобалау, маркетингтік зерттеулер бойынша өткізілген тәжірибе жұмыстарынан бөлек жаңа сфера да өзімді қабылдағым келді. Мұражайда мен қысқаша айтқанда мини экскурсиялар жасап, экскурсовод позициясында қызмет жасадым. Қаңтар айының 22-сінен басталды нақтырақ айтсам, қыс мезгілі болғандықтан күн суық, маусымдық емес мезгіл болғандықтан мені тіркеді және таныстырылым өтті. Солай экспанаттармен жұмысым басталып кетті …






































  1. Өндірістік тәжірибенің мақсаты, алғашқы жұмыстар


Жоғарыда айтып өткенімдей, мұражайды таңдауыма әсер еткен жағдаяттар өте көп. 4 жылымның пайдалы және туризм сферасының барлық сатысын қарауды ұйғардым. Осы ретте 3 ай өткен тәжірибемнің қаншалықты қызықты өткенін айтып жеткізе алмаймын. Жетекшімнің қасында экспанаттармен сөйлесіп тұрушы едік, яғни қонақтар жоқ кезде. Ол маған музей экскусоводы қызметі бойынша көптеген мағлұматтарымен құлақдар еткен болатын. Еңбек жолын, мақсатын айтқан кезде, мұражай экскурсоводы болсамба екен деген үлкен үміт тұрды. 4 жыл оқып, мемлекеттен бөлінген гранттың өтемін өтеу үшін, мұражай экскурсоводы болу үшін де көп оқу қажет. Менің тек бір экспанатты айтқаным қызықсыз. Оны балаларға немесе жастарға, үлкен кісілерге жеткізу жолы бар. Әр жас өкілдеріне бір текстпен айту ол ерекше емес, жалықтырарлық болады. Сол себепті 7-12 жас аралығындағы балаларға мультик режимінде түсіндіру, қызықтыру аса маңызды. Еске түсірсем менде бір кескін болды түсіндіруім керек. Ол кескін мына кескін еді…



1-сурет. Өнеркәсіп


Мен балаларға осыған ұқсас ертегі немесе мультикпен сипаттау арқылы түсіндірдім. Себебі балалар бәрімізге белгілі, қызықтырмасаң қызықпайды. Алдар көсе ертегісін естеріне түсіріп, жағдаятты талдадым. Олар жабылып апай, апай деп сұрақтарын жаудырды. Қызықтыра алу – музей экскурсоводының міндеті. Одан соң мен көп құжаттамалардың астында қалдым. Қонақтар қыс ауасында жоқ болғандықтан, офиста 2020-2024 аралығындағы құжаттамаларды реттеу тапсырмасын жүктеді. Оларды 4 апта аралығында бітірдім. Қасымда қызметкерге көмекші ретінде жіберілгендіктен орындауды талап етті. Таныстырылым аясында ең ұнаған кісі Нұрлан ағай болды. Ол менің барлық тұстан потенциалымды ашты. Мен бұрын кесене туралы бәрі білетін жаттанды заттарды біледі екенмін. Ол кісі білім қорым бойынша өзіндік тапсырмалар беріп, сұрақтар қоятын. Жылдардан көп шатасатынмын. Себебі менің жылдарды жаттау бойынша жадым тым нашар. Осы бойынша бір мемлекеттік қызметкер жылды қате айттың деп мені экскурсия соңында оңаша шығарып түзеткен болатын. Мені бұл түсіру емес, маған бұл көп оқу керек, біліміңді толықтыр деген сөздерімен пара пар еді. Әлбетте, бар ынта шынтаңмен түсіндіріп, маңызды функт жылдардан қателесу айрықша қателесу болып табылады. Сөйтіп Нұрлан ағай менен жылдар мен терминдерден сұрақтар қойып, білімімді жетілдіре түсті. Ол үшін айтар алғысым шексіз. Наурыз айында күн жылына түсті. Туристердің қарасы қалың. Ал менің бұл уақытта өндірістік тәжірибемнің аяқталуы мені қапаландырды. Дипломалды практика өткізілсе де, оның да мерзімі қысқа. Мен оқыған әдебиеттердің кесене жайында тек 50% қамтылған. Ал мен 4 айда тек 40-50% білім ала алдым. Маған Яссауи ілімдерінен кітап берілген болатын. Оны толық оқып, сол бойынша Яссауиды азда болсада тани түстім



Осы кітап арқылы маған сұрақ-жауап түрінде сынама өткізілді. Қателермен жұмыс, экскурсоводтың өзін өзі ұстауы, білім халы жағдаятында өткердім. Менің байқауымша, түрік халқы Яссауи бабамызға үлкен қызығушылық танытады екен. Түрікше практика жасап, оларменде сөйлесіп алдым. Тарихқа көп қызығушы жастары ол қазақ-түрік университетінің студенттері. Пікірталас жасап, сторителлинг құрушы едік.



3-сурет. Тарих факультетінің студенттері


Біз бұл уақытта неге Яссауи деп аталады деген сұрақтарға дискуссия жасадық. Яғни «Қожа Ахметтің есіміне «Яссауи» сөзінің қосылып айтылуы оның 63 жасында тірідей жер астына түсуімен байланысты. Ол пайғамбар жасына толысымен, бұ дүниені тəрк етіп‚ жертөле мешіт (яғни қылует) қаздырып‚ соған кіріп жатады. Адамның тақуалықпен тіршіліктің қызығынан бас тартуын араб тілінде «йэ’сə» (йаса) дейді‚ «йэсə» сөзі – «күдер үзу»‚ «дүниені тəрк ету» дегенді білдіреді. Көпшілік «иаса» деп əуелі қылуетті‚ кейінірек шаһарды түгелдей атаса керек».

Сондай-ақ, ол «Зерттеуші А.Ибатов: «Йасауи» сөзінің соңындағы «и» Фараби‚ Хорезми сияқты есімдердегі парсылық изафет емес. Бұл атау «йаса» сөзімен түркінің «еуи» (үйі) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан» деп санайды» деп сілтеме берген.

Бұл жерде Əбдуəли Қайдардың болжамын қолдауға әбден болады. Себебі, Ә.Қайдардың болжамы өзге топшылаулардан рухани сырларының тереңдігімен қызықтырып тұр. Расымен де, Түркістанда салынған қылуетте пайғамбар жасына келген Қожа Ахмет қалған ғұмырын өткізген. Бүгінде ол құжыраның орны бар. Қазіргі таңда Әзірет Сұлтан кесенесінен 150 метр қашықтықта орналасқан қылует құрылысы ауқымды, төбесі жайпақ етіп жабылған, екі есігі бар.

Егер осы тұжырымды ақиқат деп таныр болсақ, «Ясы» дегеніміздің мәні «қылует», яғни арғы мағынасында «тәркілік» деген мәнге ие болып шығады. Онда елді мекеннің «қасиетті қала» деген теңеуіне шын мәнінде лайық болғаны. Иісі қазақты айтпағанда, түркі-мұсылман жұрттарында Қожа Ахмет Ясауиді білмейтіндер кемде-кем шығар. Білгенде де түркістандық Ясауи әулие деп танитындары мәлім. Ал, осы «Ясауи» сөзі қайдан шыққан? Бірқатар әдебиеттерде айтылып жүргендей сол заман рәсіміне сай тұрғылықты жерінің атауымен «ясылық» деген мағынаны білдіре ме? Ұлы дала халықтары руханиятының бастауында тұрған ғұламаның Испиджаб–Сайрамда туғаны ғылымда ақиқат ретінде қабылданған. Бірақ, бізге жеткен аңыздар бойынша әкесінің «екі қошқардың басы бір қазанға сыймас» деуімен Құл Қожа Ахмет Ясы қаласына қоныс аударып, осында дін оқуын жалғастырады. Рухани кемелдікке жетіп, ел ішінде даңқы шығады. Кейіннен осыған байланысты өз атына қосымша «Ясауи» деген атауға ие болған делінеді.

Бұл енді түсінікті. Бір замандары Шауғар (сақ тілінде «Шавғар», ол «Қаратау» деген мағынаны білдіреді) атанған қаланың уақыт өте келе Ясы (Иасы/Йасы) деп аталғаны да хатталып тұр. Сенбеген адам тарих пәнінің оқулықтарын бір парақтап шықса болады. Ал, енді осы Ясы, Ясауи атауларының Қожа Ахметке дейін емес, кейін шығуы мүмкін бе? Ойланалықшы.

































    1. Әзірет Сұлтан мұражайының Түркістанда алар орны



Қожа.А.Ясауи кесенесі ХІҮ ғасырдың соңы Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи кесенесі XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына соғылған. Кесене – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады. Кешенде қамтылған:: Қ.А.Ясауи кесенесі, Салқам Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Шақшақ Жәнібек,  Рабия Сұлтан Бегім кесенесі  Үлкен Қылует Қаз Дауысты Қазыбек би Қанжығалы Бөгенбай, Жауғаш батыр және басқада ұлы тұлғалардың жері. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Ясауи мұрасына қатысты жұмыстардың барлығы әлемдік деңгейде жүргізілуі керектігін айтқан болатын. Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес Ясауи мұраларын зерттеу бағытында орталық немесе институт құру жұмыстары жүргізіліп отыр. Бұл жөнінде Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи мұрасына жаңа көзқарас» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда айтылды.

Ясауи мұраларын зерттеу үрдісінің ауқымын кеңейту мақ­сатында Мәдениет және ақпарат министр­лігінің қолдауымен «Әзірет Сұл­тан» мемлекеттік тарихи-мә­дени музей-қорығы» РМҚК мен Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерт­теу ор­та­лығы бірлесе ұйымдас­тыр­ған ха­лықаралық ғылыми жи­ын­ға Франция, Түркия, Ресей, Өз­бек­стан, Қырғызстан, Баш­құрт­­станнан және елімізден ясауи­танушы-ғалымдар қатысты. Кон­ференцияны Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығының бас ғылыми қыз­меткері, текстолог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Муминов жүргізіп отырды. Алдымен сөз кезегін алған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік та­рихи-мәдени музей-қорығының директоры М.Садықбеков алыс-жақын шетелдерден және еліміз­дің түкпір-түкпірінен келген ғалым­дарға алғысын білдірді. Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұраларының адамзат тарихы үшін алар орны ерекше екендігіне тоқталды. Ал Ислам тарихы, өне­рі мен мәдениетін зерттеу ор­талығы директорының орынбасары, профессор Ж.Томар аталған орталықта Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен Ұлы дала төсіндегі қалалар мәдениетіне қатысты жеке зерттеулерді жарыққа шығарып жатқандығын сөз етті. Музей-қорық кітапханасына сия­сы кеппеген кітаптарын сыйға тартты. Ал музей-қорық директоры М.Садықбеков зерттеу орталығына музейдің баспа өнімдерін сыйлады. Конфе­ренция жұмысына сәттілік тіле­ген Түркістан облысы мәде­ниет басқармасының бас­шысы Ә.Қой­лыбаев өңірдің Түр­кия Республикасының кино­ре­жиссерлерімен бірлесіп, Қожа Ахмет Ясауидің өміріне қа­тыс­­ты кино түсіру жұмысы атқа­рылып жатқандығын жеткізді. Конференция сессиясында Түркия ғалымы, профессор Ж.Томар «Ахмет Ясауи дәуірі: Қараханилер және Ислам», франциялық ғалым, профессор Т.Заркони «Ахмет Ясауи, ұлт құрудың ұлттық әулиесі: қа­зіргі Орталық Азиядағы қасиет­тілік және бірегейлікті іздеу», өзбекстандық ғалым, доктор Х.Джа­­лилова «Ахмет Ясауи мұ­расы туралы Абдурауф Фитрат», Амстердам университетінің профессоры А.Бустанов «Кеңестік Қазақстандағы шығыстану туралы ойлар», ХҚТУ профессоры М.Қожа «Қожа Ахмет Ясауи қызметіне байланысты Түркістан қаласы мен оның маңындағы ескерткіштер» тақырыбында баяндама жасады. Екінші сессияда да ғалымдардың маңызды тақырыптар бойын­ша жасаған баяндамалары конфе­ренцияға қатысушылардың қы­зығушылығын тудырып, жан-жақты талқыланды. Ясауи мұра­сына жаңа көзқараспен қарап, бүгінгі күннің қажетіне жарату аса маңызды мәселелердің бірі екені айтылды.



Осылайша, отандық және шет­елдік ғалымдар екі күн бойы Әзірет Сұлтан мұрасының және сол ұлы мұраға қатысты еңбектердің зерттелу мәселелері жайлы жан-жақты баяндап, әр баяндаманы терең талқылап, саралады. XVIII-XIX ғасырлардағы ясауия мәдениетіне қатысты мәселелерді зерттеуге арналған конференция жұмысының қорытындысында арнайы қарар қабылданды.



























  1. Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында болу қағидалары



1. Музей аумағында көрсетілетін қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы  бұйрығына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.

2. Музей демалыссыз аптаның барлық күндерінде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, жаз айларында сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Музейде болу тәртібі мен талаптары

1. Қорық-музейге кіру және келушілерге қызмет көрсету касса арқылы және бір реттік кіру құқығын беретін билет негізінде жүргізіледі.

2. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ақысыз кіруге рұқсат берілетін күндер мен әлеуметтік топтар: 1) «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келушілер әр айдың үшінші жексенбі күні; 2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері; он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, көп балалы аналар, Ауған соғысына қатысушылар; 3) Мектеп оқушылары тоқсандық және жаздық демалыстары (каникул) уақытысында ақысыз кіре алады.

Музейге келушілер: Музейге кіру билетін алуға; Мемлекет меншігі болып табылатын музейдің мүлкіне ұқыпты қарауға, тазалық сақтауға, қоғамдық тәртіпті және осы Қағидалар талаптарын сақтауға міндетті.

Музейде болу талаптарына мыналар жатады:

1) Музей қызметкерлерінің нұсқауларын орындау;
2) Қол жүгін, сөмкелер, жолдорбалар, кейстерді ұяшықта сақтау;
3) Музей аумағында көлемді қол жүктерімен жүрмеу;
4) Билетті экспозицияны қарау аяқталғанша сақтап, әкімшіліктің талап етуімен көрсету;
5) Келушілердің немесе музей қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін қауіпті жағдайларды музей қызметкерлеріне хабарлау;
6) Қараусыз қалған заттар табылған жағдайда музей қызметкерлеріне хабарлау;
7) Музейге етек-жеңі қысқа емес киім үлгісімен кіру;
8) Балалар мен мектеп оқушылары үшін балаларға жауапты жетекшінің болуы талап етіледі.

Ережелер бұзылған жағдайда Музейдің қызметкерлері келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қолдануға, әрі тәртіп бұзушыларға ескерту жасауға,сондай ақ қорық-музейдің күзетін қадағалайтын арнайы құрам қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге құқылы.

Музей кешеніне келушілердің құқығы:

1. Арнайы рұқсат етілген аймақтарда фото және бейне аппараттарды қолдануға;
2. Гид (экскурсовод) қызметін пайдалануға;
3. Дәмхана, дүкен қызметтерін пайдалануға;
4. Балаларға арналған басқа да бейімделгіш заттармен (рюкзак-кенгуру, нәрестелерге арналған себет және сөмке) өтуге құқығы бар.

Музей әкімшілігінің құқықтары мен жауапкершіліктері

  1. Алдын-ала келушілерді хабардар ету арқылы, музей жұмысының уақытын өзгертуге;
    2. Музейге жеңілдік бағамен және ақысыз кіру құқы бар санаттағы тұлға екенін растайтын тиісті құжаттарын талап етуге;
    3. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында металл іздегішті қолдануға;
    4. Кіруді шектеу арқылы келушілердің легін реттеп отыруға;
    5. Музей әкімшілігі қараусыз қалған заттардың жоғалғаны үшін жауап бермеуге құқылы.

2

.1 РУБРИКА: Архелогогиялық жәдігерлер



Тимур стиліндегі табақ. Музей қорындағы хұмдар





Аң бейнелі шырағдан. Қылует жер асты макеті




С
ынық көзе. Балбалтас





2.2. Музейге түсетін қаржы туралы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. 2015 жылға дейін мемлекеттік мекеме нысанында қызмет еткен қорық-музей бюджеттен 100 % қаржыландырылған болатын. Ал, енді 2015 жылдан кейін кәсіпорын ретінде музейге республикалық бюджеттен 80% қаржы ғана бөлінетін болды, яғни қалған 20% қаржыны қорық-музей өз қызметі арқылы табуы керек.

Ел ішінде қорық-музейге жүз-миллиондап қаржы түседі деген әртүрлі алып-қашпа сөздер жүргені рас. Осы негізсіз ақпаратқа жауап беру үшін музей әкімшілігі қорық-музейге түсетін қаржының нақты көрсеткішін ай сайын жариялап тұруды жөн көрді.

2023


Қаңтар

Қаңтар айында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдылық және демеушілік есепшотына 2 139 705 теңге түсті. Осы сомадан:

банк қызметіне – 46 938,81 теңге,

шаруашылық жұмыстарына – 2 451 448,78 теңге жұмсалды.

Жалпы қаңтар айындағы шығыстардың сомасы 2 498 387,59 теңгені құрады.

Яғни 358 682,59 тенге өткен айлардан қалған қаржы қалдығы есебінен жұмсалған.

Ақпан

188тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!