Материалдар / Информатика 4-тоқсан 5-сынып ҚМЖ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Информатика 4-тоқсан 5-сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика 4-тоқсан 5-сынып ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2024
102
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





5-бөлім. Компьютер және қауіпсіздік

    1. Компьютерде өзіңе зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады?


Мектеп:


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.4.1.1 қауіпсіздік ережелерін бұзу салдары туралы талдау.

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • компьютермен жұмыс кезінде адам ағзасына келтіретін зиян түрлерін анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • компьютердің адам ағзасына келтіретін зиян түрлерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • компьютермен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология.

Сабақта қолданылатын темин сөздер.

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

шаршау

усталость

fatigue

жүйке

нерв

nerve


Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Компьютерде жұмыс істеу кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Есіңе түсір.

  • Қауіпсіздік ережелерін бұзу, орындамау компютерді пайдаланушы үшін қандай зияндар тигізеді деп ойлайсыңдар? Ойларыңмен бөлісіңдер.

Жазу.

Компьютердің адамға зиянды жақтарын жазыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Техникалық қауіпсіздік ережесі 3- сынып.

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



10 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.


Өткен сабақты пысықтау

«Сынған вагон» ойыны. Оқушылар арасынан төрт сарапшы тағайындалады. Оқушылар нөмірленеді. Нөмірленген оқушылар вагон болып саналады. Сарапшылар нөмір бойынша вагондарды шақырады. Вагондар тараудың басынан білгендерін айтады, сарапшылар тоқтатып сұрақ қояды. Сұраққа жауап бере алмаған оқушы сынық вагон болып табылады. Ол оқушыға соңына дейін жөнделуге мүмкіндік беріледі. Барлық сұрақтарға жауап берген вагон рельске қосылады.

Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Компьютерде жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Естеріңе түсіріңдер.

  • Қауіпсіздік ережелерін бұзу, орындамау компьютерді пайдаланушы үшін қандай зияндарын тигізеді деп ойлайсыңдар? Ойларыңмен бөлісіңдер.

«Иә және жоқ» ойыны. Оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап береді.

1. Компьютермен қанша уақыт болса да жұмыс жасай беруге болады. (Жоқ)

2. Компьютердің алдында сусын ішіп, тамақтануға болады. (Жоқ)

3. Компьютер құрылғылары электр тогымен жұмыс істейді. (Иә)

4. Кабинетте техникалық қауіпсіздік ережесі бар ма? (Иә)

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.

Сабақтың ортасы

3 мин


Оқулықпен жұмыс

Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).


Топтық жұмыс

Бүгінгі таңда балаларды компьютер алдында тапжылмай отыруға тәуелді ететін қандай программалар бар (ойын, әлеуметтік желі және т.б)? Талдаңдар. Себебін түсіндіріңдер.

Дескриптор:

  • компьютерге тәуелділік себептерін анықтайды;

  • компьютерге тәуелділік түрлерін салыстырады.

Жұптық жұмыс

Оқушылардың білімдерін жинақтау үшін қолданылады.

Төмендегі сұрақтарға өз жауаптарыңды ұсыныңдар:

  • Компьютерде жұмыс істегенде нені істеуге болмайды?

  • Компьютерде жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін бұзу

адамға қалай әсер етеді?

  • Компьютердің зиянды әсерінен қалай қорғану керек?

Дескриптор:

  • компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін анықтайды;

  • қауіпсіздік ережелерін бұзудың салдарын анықтайды;

зиянды әсерлерден қорғану жолын анықтайды.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.

Сабақтың соңы

5 мин


Жеке жұмыс

Өзіңнің компьютер алдында бір күнде, бір аптада, бір айда өткізетін уақытыңды есепте. Компьютерді пайдалану уақытың компьютерді пайдаланудың қауіпсіздік ережесіне қайшы келмей ме? Бағала.

Kahoot, plickers программалармен тест дайындап орындату.

«Тазалық» әдісі. Оқушылар өте қажет ақпараттарды чемоданға, ойланатын ақпараттарды еттартқышқа, қажет емес ақпараттарды қоқысқа салады.


Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.




5-бөлім. Компьютер және қауіпсіздік

    1. Ақпаратты цифрлық тасымалдағыштар


Мектеп:




Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Оқу мақсаттары

5.1.1.1 сандық ақпараттың цифрлық тасымалдау құралдарын сипаттау;



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • цифрлық құрылғылар мен ақпарат тасымалдаушыларды анықтайды.



Көптеген оқушылар:

  • цифрлық құрылғылар мен ақпарат тасымалдаушыларды салыстырады.



Кейбір оқушылар:

  • цифрлық құрылғыларды қолданудың маңыздылығын сипаттайды.





Тілдік мақсаттар

Cабақта қолданылатын термин сөздер.

Цифрлық құрылғы - цифровое устройство - digital device

жад карталары

цифрлық құрылғы

карты памяти

цифровое устройство

memory cards

digital device


Цифровое устройство

Digital device


Жазу.

Заманауи цифрлық құрылғыларды жазыңдар.





Алдыңғы алған білімі

Компьютерде жұмыс істеген кезде өзіңе қалай зиян келтірмеуге болады?







Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, Ағылшын тілі.





Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.





Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар





Сабақтың басы

3 мин



7 мин


Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.


Өткен сабақты пысықтау: «Кілтті сөздер» әдісі.

Техникалық диктант

Копьютерде орындаңдар.

1. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін толықтырыңдар.

  • Экранның ортасы мен оқушының көзінің арақашықтығы….. см-ден кем болмауы тиіс.

  • Копьютерде жасалатын үзіліссіз жұмыс …. минуттан артық болмауы тиіс, одан кейін міндетті түрде жаттығу жасауға үзіліс болуы керек.

  • Компьютермен жүмыс істеу кезінде .... болмайды.

2. Информатика кабинетіндегі оқушы мынаны орындауға міндетті:

  • Тәртіп пен тазалықты, қауіпсіздік техникасы ережелерін ... керек.

  • Жұмыс орнына мұғалімнің нұсқаулығымен отырып, өздігінен орын .... керек.

  • Құрылғының кез келген ақауы білінгенде немесе программаның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын көргенде жылдам .... керек.

  • Кабинетте алынған кез келген жарақат кезінде, әсіресе электр тогына түскенде міндетті түрде....керек.

3. Тыйым салынады:

1) … . 3) ... .

2) … . 4) … .

Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою.

  • Дербес компьютерден басқа қандай цифрлық құрылғыларды білесіңдер?

  • Цифрлық құрылғылардың қайсысын жиі пайдаланасыңдар?

  • Цифрлық құрылғылардағы ақпаратты қалай сақтап, тасымалдауға болады?

Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды. (Бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады.)


Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.





Сабақтың ортасы

3 мин


Жеке практикалық жұмыс.

1- тапсырма

  1. Жұмыс үстеліндегі Компьютер батырмасын тышқанның оң жақ батырмасымен шерт.

  2. Пайда болған терезедегі Свойства батырмасын тышқанның сол жақ батырмасымен шертіп, өзің жұмыс жасап жатқан компютердің жадының көлемін анықта.

  3. Компьютер батырмасын тышқанның сол жақ батырмасымен шерт. Дискжетекке салынған оптикалық дисктің көлемін анықтаңдар.

2- тапсырма

  1. Мұғалім берген флеш-жадты компьютердің USB портына орналастырыңдар.

  2. Компьютер батырмасын басып, шыққан сұхбат терезесінен флеш-жадты табыңдар.

  3. Флеш-жадты тышқанның оң жақ батырмасы көмегімен шертіп, Свойства терезесінен оның көлемін анықтаңдар.

Өзің пайдаланып отырған компьютердегі қатты диск флеш-жадтан неше есе үлкен екенін анықтаңдар.

Дескриптор:

  • компьютер жадының көлемін анықтайды;

  • оптикалық дискі көлемін анықтайды;

  • флеш-жадтың көлемін анықтайды;

  • ақпарат тасымалдаушылардың көлемін салыстырады.

Жеке жұмыс

Сені басқа қалада оқушылар арасында өтетін жобалар жарысына қатысуға таңдады. Жоба презентациясы, қосымша графиктік және бейнефайлдардың жалпы көлемі – 1 Гб. Осы ақпаратты қандай тасымалдаушымен алып жүрген дұрыс? Ақпаратты қай тасымалдаушымен алып жүрсек, оның жойылып кетпеуіне сенімдірек боламыз. Не себепті? Өз тұжырымдарыңды ұсыныңдар.

Дескриптор:

  • ақпарат тасымалдаушылардың көлемін анықтайды;

  • ақпарат тасымалдаушылардың сенімділігін салыстырады.


Топтық жұмыс. «Кластер» әдісі.

  • Цифрлық құрылғылар біздің өмірімізге қалай ықпал етті? Талдаңдар.

Заманауи цифрлық құрылғыларды ортақ ұқсастықтарына қарай топтастырыңдар.

Дескриптор:

  • цифрлық құрылғылардың қызметін анықтайды;

  • цифрлық құрылғыларды салыстырады;

цифрлық құрылғыларды қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.





Сабақтың соңы

5 мин




Жұптық жұмыс

Цифрлық құрылғылардың өзің үшін маңызына үш мысал келтір. Не үшін маңызды? Себебін түсіндіріңдер.


Kahoot, plickers программаларымен тест дайындап орындату.

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек». Оқушылар екі жақсы түсінген мәлімет, бір сұрақ айтады.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.









5-бөлім. Компьютер және қауіпсіздік

5.3. Интернетте жұмыс істеу қаншалық қауіпті?


Мектеп:


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.4.2.1 біреудің жұмысын көшіру заңсыздығы туралы айту;

Сабақтың мақсаттары

188тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!