Материалдар / "Жемсауыт пен ұя"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жемсауыт пен ұя"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жемсауыт пен ұя" Жапсыру ашық оқу қызметі.Семинар сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2024
67
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәрбиеші: Жумахметова Жазира Серікқызы
Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Комуникаци», «Таным», «Денсаулық»,«Әлеуметтік»
Бөлімі: Аппликация.
Тақырыбы: Жемсауыт пен ұя
Мақсаты:
Жыл мезгілі туралы әңгімелеуге үйрету.Көктем мезгілінде ұшып келетін құстар жайында түсініктерін кеңейту.Жемсауыт пен ұя туралы білімдерін толықтыру.Қайшымен және желіммен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.Төртбұрыштан жіңішке жолақтарды көлденеңінен қию дағдыларын және төртбұрышты бүктеу әдісі арқылы шаршыны қиып алу дағдысын қалыптастыру.Балалардың сөздік қорын байыту,ойлау қабілеттерін дамыту,байланыстырып сөйлеуге үйрету.Құстарға қамқорлық көрсетуге және ұқыптылыққа,әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Құстардың суреттері, дидактикалық ойын, үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, қайшы,желім,сүлгі, түрлі-түсті қағаздар , тоқыма жіп, дәндер, аудио құрылғы арқылы құстар үні.
Қостілдік:жемсауыт-кормушки- feeder, ұя-гнездо-nest, қарлығаш-ласточка- Swallow,көкек-кукушка- cuckoo,бұлбұл-соловей- nightingale


Оқу қызмет барысы:

Шаттық шеңбері.

Жылы жылы жүзбенен

Маңдайыңнан сипайын

Жылы-жылы жүзбенен

Жүрегімді сыйлайын


Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтасып алайын


- Жарайсыңдар балалар, орындарымызға отырамыз!Осындай әдемі көңіл-күймен аппликация ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастаймыз.

Балалар алдымен жыл мезгілдерін еске түсіріп алайық.

-Айтыңдаршы балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем мезгілі)

-Көктем мезгілінде неше ай бар? Оны кім атап береді.?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Өте жақсы, жарайсыңдар!

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Тал басында тамаша үй ( ұя )

-Жарайсыңдар балалар,осы ұяны нелер мекендейді?

- Ұя құстарға не үшін қажет?

- Балалар құстар жайында кім өлең шумақтарын біледі?

Улетели птичьи стаи,
Лес в сугробах до ветвей.
Вот тогда мы и дождались
Наших северных гостей.



Келіп көктем құстары,

Бау - бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.


-Балалар көктемде құстар жылы жақтан ұшып келеді деп жатырсыңдар.Көктем мезгілінде ұшып келетін құстарды еске түсіріп атап алайық. Мен сендерге құстардың суреттерін мына экраннан көрсетемін,сендер сол құстар жайында маған айтып беріңдер.

Бұл қандай құс,балалар?

Тырна - журавль-crane жыл құсы.Түсі сұр. Көлемі ірі, кең қанатты, мойыны, аяғы, тұмсығы ұзын,
қамыстардың арасына, батпақты жерге ұя салады
Тырна батпақты жерде өсетін шөптер, жемістер, жәндіктермен қоректенеді.

-Енді осы құстарды үш тілде атап айтайық.


Қарлығаш- көктемде алғаш ұшып келетін құстардың бірі. Түсі қара,бауыры ақ түсті. Көлемі: кіші, қанаты сүйір, құйрығы айыр. Ұясын саз - балшықтан қалап, сілекейімен араластырып жартас қуысына,үй ішіне,кейде ағаш басына да салады.Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Қарлығаш- ласточка-Swallow


Бұлбұл-жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп,орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Бұлбұлды әнші құс депте атайды. . Бұлбұл – соловей- nightingale

Көкек –кукушка-cuckoo Көкектер – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің елімізге сәуір айында ұшып келеді. Көкектер тіршілігін негізінен ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың елімізде кездесетін түрлері ұя салмайды ,балапан баспайды. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді.


Ғажайып сәттің кіруі (қарлығаштың шырылдаған дауысы естілуі.)

Қарлығаш топқа кіріп шырылдап, балапанын құтқаруға арашашы іздейді.

- Балалар ,қараңдаршы ,біздің тобымызға қарлығаш ұшып келіпті.Өзі жабырқаулы көрінеді.Не болды екен, сұрайық.Қарлығаш, саған не болды?

Қарлығаш: Сәлем балалар!Маған көмек керек.Жылан менің балапандарымды жемекші болып, ұяма өрмелеп барады.

-Балалар біз бағана құстарды атап өттік.Ендеше сол құстардан көмек сұрасақ қайтеді.

Қарлығаш: Балалар көкектің дауысы шығып жатырғой.Көкек досымнан көмек сұрайын.

Видеодан көкектің ұшып бара жатқанын көрсету.

Қарлығаш:Көкек, көкек, маған көмек бере гөр,балапандарымды жылан жейін деп жатыр!

Көкек: Қой қайдағы көмек.Мені бүркіт қонаққа шақырған.Соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ.

Қарлығаш: Енді маған кім көмектеседі?
-Қарлығаш уайымдама.Біз сенің балапандарыңды құтқарамыз.

Қарғаның дыбысы естіледі.

-Балалар бұл қай құстың дыбысы.

Балалар: Қарғаның дыбысы

Қарлығаш: Олай болса қарғадан көмек сұрап көрейін.

Қарлығаш: Қарғажан,маған көмек бере гөр,балапандарымды жылан жейін деп жатыр!

Қарға: Мен үйленейін деп жатырмын,мазамды алма.

Қарлығаш: Нестеймін балапандарымды қалай арашалап қаламын.

Топқа дәуіт ұшып кіреді.

Дәуін: Достым, неге мұңдысың?Сенің шырылдаған дауысың алысқа естіліп жатыр.

Қарлығаш:Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады. Ешқандай құс көмек бермеді.

Дәуіт:Олай болса, мені ұяңа тезірек жеткіз.

Қарлығаш:Жарайды мен сені тезірек апарайын.

(әуен қосылып дәуіт пен қарлығаш ұяға ұшып барады.Дәуіт жыландың ағаш басынан түсіреді.)

Қарлығаш:Рахмет саған досым.Сенің арқаңда менің балапандарым аман қалды. Балапандарым менің сендерді аман алып қалдым-ау.

Дәуіт: Жарайды досым.Міне балапандарыңды да құтқардық.

Тәрбиеші: Рахмет саған, дәуіт.Сенің арқаңда қарлығаштың балапандары аман қалды.Балалар дәуіт кішкентай жәндік болғанымен ,оның ерлігі үлкен. Сондықтан дәуітке де қамқор болуымыз керек.

-Балалар сендердің құстар жайындағы білімдеріңді тексеру барысында қызықты бір ойын бергім келеді.Ойынымның аты «Мекенін тап» деп аталады .

Шарты:Магниттің көмегімен құстарды өз мекендеріне орналастырамыз.

-Балалар, сендер әр құстың қайда мекендейтінін білесіңдер.Сендер өз тапқырлықтарыңмен әр құсты өз мекеніне орналастырыңдар.

-Жарайсыңдар қандай ақылдысыңдар,ойынды жақсы ойнадыңдар.Балалар жұмыс барысында шаршап қалмас үшін, біз күш жинап ,сергіту сәтін орындап алайық.

Сергіту сәті.

Балалар ағылшын тілінде ән айтып,бой сергітіп ,жаттығу жасап алайық.

Балалар сергіту сәтін орындап бой сергітіп алсақ ,орнымызға жайғасамыз..

-Балалар қараңдаршы құстар ұяларын әр түрлі етіп салады екен.

Қарлығаш: Иә мен ұямды үйлердің шатырына,ағаш басына сазбалшықтан саламын.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың қарлығаш,құстар өздері шөптерден,қалдық заттардан ұя салады,ал адамдар құстарға мынадай әдемі етіп ұялар жасайды.Балалар ұя құстарға жұмыртқа басып, балапан шығаруға,түн мезгілінде түнемекке керек.Балалар адамдар құстарға мынадай әдемі жемсауытта жасап қояды.Жемсауыт құстарға дән салуға арналған арнайы ыдыс.Енді осы ұя мен жемсауытты үш тілде атайық.Ұя-гнездо-nest,жемсауыт-кормушки-feeder

Жұмыс барысы.

1-топ: Түрлі-түсті қағаздан ұяны жапсырады.

2-топ:Түрлі-түсті қағазбен,тоқыма жіпті пайдаланып, жемсауытты жапсырады.

Балалар өз бетінше жұмыс жасайды.

Мақтау мадақтау.Жарайсыңдар, балалар ,сендердің жұмыстарың өте әдемі болып жатыр.Балалар құстар сендерге рахметтерін айтып,бір қуанып қалатын болды.

Қорытынды:

1.Балалар, біз бүгін қандай оқу қызметін өттік?

2.Қарлығашқа кім көмек берді?

3.Балалар ,біз құстарға не жасадық?



Күтілетін нәтиже

Түсінеді:табиғат үшін құстардың және олардың пайдасы туралы түсінеді.

Қолдана алады:қайшыны дұрыс ұстайды,бірнеше бөліктерден тұратын заттарды орналастырады және желімдеуді қолдана алады.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!