Материалдар / "Көңілді паровоз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Көңілді паровоз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топ .Жапсыру ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2024
84
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көңілді паровоз

Тобы:«Құлыншақ»   ортаңғы топ  
Тәрбиеші:
Жұмахметова Жазира Серикқызы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Апликация
Тақырыбы: «Көңілді паровоз»
Мақсаты:
Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру. Бірнеше бөліктерден тұратын заттарды орналастыруды және желімдеуді үйрету.Көлік түрлерімен таныстыру. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Тілдерін дамыту. Төзімділікке,ұқыптылыққа  тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын,сергіту сәті.
Қажетті көрнекі құралдар: Үлгі жұмыстар,көлік суреттері,магнит,дидактикалық ойынға арналған құралдар.

Билингвалдық компоненті: пойыз-поезд,ұшақ-самолет,тікұшақ-вертолет,автокөлік-автомобиль,кеме-судно.Ешкі-коза,

Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар, айналамыз қандай тамаша! Осы бөлмеге шуағын төгіп, нұр беріп тұрған күнге қарайықшы. Сол күннен жылу алып, алған жылуымызды бір-бірімізге сыйлайық.
Шаттық шеңбері

Ай көңілді жүрекпен

Ақ ниетті тілекпен

Амандасып алайық

Үлкендерге ізетпен

Сәлеметсіздерме апайлар.



Күн нұрындай көңілім

Даламдай кең пейілім

Жүрегім толы мейірім

Бәріне ортақ шуағым

Мейірімді боламын.



- Жарайсыңдар балалар, орындарымызға отырамыз!

-Айтыңыздаршы балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде қанша ай бар? Олар қандай айлар?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Өте жақсы, жарайсыңдар! Балалар қыс мезгілін суреттейтін қандай тақпақтарды білеміз?







Тақпақтар

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып жылтыр боп жатады. Темірқожа


Өзен, көл — мұз,

Дала — қар,

Суық еді қыс неткен?!

Тоңып қапты балалар Айша С



Қыс қызықты балаға,

Ойнаймыз көп далада.

Қарды үйіп аулаға,

Сырғанайды бар бала. Айару

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Сендер қыс мезгілі туралы көптеген қызықты мәліметтер біледі екенсіңдер.Балалар бізде бүгін апликация оқу қызметі.Балалар мен сендерді бүгінгі оқу қызметінде көлік түрлерімен таныстырғым келіп отыр.Балалар суретке назар салыңдаршы.Бұл жерде көптеген көлік түрлері берілген.Балалар көліктер өздерінің жүру орталарына қарай бірнеше түрге бөлінеді екен.Олар әуе көлігі,су көлігі,теміржол көлігі,тас жол көлігі болып бөлінеді.

Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда.

Автомобиль көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы.

Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы. Тасымалданатын негізгі өнімдер – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.

Су көлігі - энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді.

Балаларға көліктердің пайдасы мен зиянын түсіндіру.

Балалар көліктер туралы кім тақпақтар біледі екен.


Теңізде жүздім  балықтай,

Дүниені  кездім  жалықпай.

Көліктердің  бір түрі,

Мен боламын қайықтай. Ерсұлтан



Мен ұшақпын, ұшамын
Ақ бұлттарды құшамын
Асқар таудан асып
Бәрінен де озамын..
Ә.Ерсұлтан



Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Жүретін мен көлікпін. Ә Айша

Гүрілдеген пойыздың

Дауысын кім естімес

Темір жолды тербетіп

Келеді алыс елдерден. Адина

Тәрбиеші: Балалар мен сендердің жаңа оқу қызметін қалай түсінгендіктеріңді білу үшін тапсырма бергім келіп отыр.Бұл тапсырмам «көліктердің жолын тап» деп аталады.

Д/О: «Көліктердің жолын тап»

Мақсаты:Балалардың жаңа оқу қызметін түсінгендіктерін тексеру.Балаларға көліктердің түрін ажырата білуге үйрету.Балалардың қол маторикасын дамыту.

Шарты: Балалар берілген көлік жолдарына магнитті пайдалана отырып көліктерді орналастыру.

Ғажайып сәт:Топқа ешкі көмек сұрай келеді.

-Сәлеметсіңдерме балалар.Мен сендерден көмек сұрай келдім.Мен өзімнің лақтарымды саяхатқа апармақшы едім.Бірақ біздің пойызымыздың паровозы бұзылып істен шығып қалды.Мынау менің пойызымның вагондарының суреті.Енді нестерімді білмеймін.Сендер бізге көмектесесіңдерме?

-Әрина.

Тәрбиеші:Балалар ендеше біз ешкіге саяхатқа баруы үшін жаңадан паровоз жасап берейік.

Балалар біз жұмыс барысында шаршап қалмас үшін бойымызды сергітіп жаттығу орындап алайық.

Сергіту сәті


Көлік кетіп барады,

Жан – жағына қарады.

Бағдаршамды көргенде

Көлік тоқтап қалады.



Пойыз кетіп барады,

Жан – жағына қарады.

Бағдаршамды көргенде

Пойыз тоқтап қалады.


Балалар апликация оқу қызметінде біз қандай заттарды пайдаланамыз?

Балалар: Қайшы.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасың.Қайшымен қалай жұмыс жасаймыз?Қауіпсіздік ережесін білесіңбе?

Балалар:Қайшыны бір-бірімізге бергенде сабымен беруіміз керек.Қайшымен жұмыс жасап жатқанда ештеңеге алаңдамауымыз керек.Әйтпесе қолымызды кесіп алуымыз мүмкін.

Тәрбиеші: Бізге тағы не керек?

Балалар: Желім.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасын.Желім қажет.Желімді қалай пайдалану керектігін білесіңбе?

Балалар: Желіммен жұмыс жасағанда желімді көзге тигізіп алма керек,желімді ауызға салмау керек,желіммен жұмыс жасап болғансоң қақпағын жауып қойу керек.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар.Біз қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп алған болсақ әрі қарай жұмысымызды бастайық.Балалар біз ешкіге паровозды үш түрлі әдіспен жасап берейік.

Бірінші топ балалары түрлі-түсті қағаздарды пайдаланып жасасын,екінші топ балалары шырпы қораптарынан жасасын,ал үшінші топ балалары умаждалған қағаздарды пайдалана отырып жасап берейік.

Балалар тақтаға назарымызды аударайық.Жұмыстың жасалу ретін көріп алайық.

Балалар шырпы қораптарын,мақта,түрлі-түсті қағаз,салфетка,желімді пайдалана отырып жұмыс жасайды.

Ешкі: Ой қандай әдемі поравоздар.Мен енді паровоздарды әр түрінен өзгертіп мініп тұрамын.Жақсы болды мынау.Рахмет сендерге балалар.Біз енді саяхатымызға барайық.Жарайды балалар сау болыңдар.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Сендер ешкіге көмектестіңдер.Лақтарыда қуанып қалатын болды.

Қортынды.

Балалар біз ешінің алып келген вагонына паровозымызды тіркейік.Енді балалар бүгінгі оқу қызметімізді қортындылау үшін мен сендерге сұрақтар қоямын.Сол сұрақтарға жауап берген балалар лақратды түстеріне қарай вагондарға орналастырады.

Тақтаға поездың суреті ілінеді. Сұрақ қою арқылы қалталарына суреттер салынады.

1.Бүгін біздер не туралы әңгімеледік?

2.Көлік бізге не үшін керек?

3.Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

4.Біз бүгін не жасадық?

5.Поровозға мінген лақтарды санайықшы?


Дұрыс айтасыңдар балалар.Рахмет сендерге.Бүгінгі оқу қызметінде жақсы үлес қоса қатыстыңдар.Сендер өте ақылды,алғыр балалар екенсідер.Балалар осымен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Келген апайларға сау болыңыздар дейік.

- Сау болыңыздар!

- До свидания!

- Good bye!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!