Материалдар / Мақала ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мақсаты негізге алынып отыр.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН

АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Сүлейменова Жанна Асхатовна

«№20 мектеп-лицейі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Теміртау қаласы


Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мақсаты негізге алынып отыр.

Жай сауаттылық — адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауы. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым — қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым — қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым — қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын аттыру үшін мұғалім шебер болуы керек. Ол баланы қалай оқыту, оның сабаққа деген ынтасын қалай ашуға болады деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жасауы тиіс. Жалпы адам баласы есту, көру, ұстап көру, сезу және иіскеу арқылы есте сақтайды. Кейбір оқушылар жазбашаға, кейбірі ауызшаға қабілетті болып келеді. Интербелсенді оқыту барысында оқушылар өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз қөзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді.

Қазақ тілін оқыту алдына үлкен міндеттер, оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру қажеттілігі қазіргі таңда да қарастырылып келе жатқан мәселе. Қазақ тілін оқыту барысында қалыптастырылуы тиіс деп күтілетін «функционалдық сауаттылықтың» белгілерін төмендегі модельден көруге болады (1-сызба).



Shape1




Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізген оқушы дегеніміз мектепте

білім алуы барысында өмірдің қалыпты жағдайларында кездесетін түрлі жағдаяттардың шешімдерін таба алатын қабілетке ие болған, негізінен, қолданбалы білімін жүзеге асыра алатын деңгейдегі білім иесі болып табылады.

Қазақ тілі сабақтарының тиімділігін арттырып, оқушылардың алған білімінің сапалы болуына не ықпал ете алады? Қазақ тілі сабақтарының тиімділігі, ең алдымен, оқушылардың іші пыспайтын, оқу іс-əрекеттеріне толы, нəтижесі жоғары деңгейде болу белгілерімен танылады. Ол үшін мұғалім сабаққа даярлығын тиімділікті арттыру мақсатында құруы керек. Сөз жоқ, мұғалімнің кəсіби шеберлігі мен білімінің жан-жақтылығы, деңгейі жоғары болуы бұл ретте үлкен орын алады.

Сабақ жоспарын əзірлеу — сабақтың əдістемелік сценарийін жасау — мұғалімнен режиссерлік қабілеттен кем емес таланттылықты қажет етеді. Сабақтың əдістемелік сценарийінде сыныптағы əр оқушының «өзінді ролі» айқын берілуі керек. Сабақтың барлық кезеңдерінде мұғалімнің сабақ берушілік қана емес, басшылық, жетекшілік, қолдаушы, ынтымақшылдық болмысы айқын сезіліп тұруы тиіс. Мұғалім қазақ тілі сабақтарын «грамматикалық ережені айту», «жаттату», «талдаулар жүргізу» сияқты ғана іш пыстыратын əдістермен шектемей, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, яғни күнделікті өмір жағдаяттарында керек болатын білім мазмұнын теориялық жəне практикалық бағытта ұйымдастыруы міндетті. Сабақ үстінде оқушылардың «жеке» — «екеу» —«үшеу» — «төртеу» — бесеу немесе «топ» — «команда» — «сынып» — «жеке» түрінде жұмыс істеуін ұйымдастырып, тапсырмалардың осы желіде орындалуын қадағалауы тиіс.

Мен өз сабақтарымда «Қызықты грамматика əлемінде», «Квест-сабақтар», «Жоба сабақтар», «Ойын сабақтар» сияқты оқу іс-əрекеттері белсенді өтетін сабақ түрлерін жиі ұйымдастырамын. Нәтижесінде оқушылардың өз бетімен қазақ тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктері мол болады. Осы айтылғандармен қатар, менің сабақтарым оқушылардың «рефлексиялық жаттығулар» орындауға, жаңа ақпараттық технологияларды мұғаліммен жəне өз бетімен қолдануға, жоба жұмыстарын түрлі формада қорғауға, өзара пікірталастар мен семинар-сабақтар ұйымдастыруға жағдайлар жасап, белсенділіктерін арттыруға көзделген.

Picture 2


Сонымен қатар оқушылардың  функционалдық   сауаттылығын  дамыту бағытында  оқытуды ұйымдастыруда сабақтың мынадай түрлерін тиімді нəтижеге қол жеткізеді деп ұсынуға болады.





Сөз соңында айтарым,педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.



Пайдаланылған әдебиеттер: Оқушылардың оқу сауаттылығы. Оқу құралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Педагогикалық өлшеулер орталығы».

Райкул Диуанова, «Шетел тілін оқытуда оқылым әрекетіне үйрету жолдары».

Даулеткалиева, Р. Л. Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту / Р. Л. Даулеткалиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 18.1 (152.1). — С. 16-18. — URL:.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!