Материалдар / Мен ҚазҰУ-ды таңдаймын!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мен ҚазҰУ-ды таңдаймын!

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚазҰУ жайлы талапкерлерге арналған ақпарат. Оларды қызықтыратын дерек.
Авторы:
19 Сәуір 2024
30
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен ҚАЗҰУ-ды таңдаймын!

Бұл – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Тоқсан жылдық тарихы бар, еліміздің қаншама біртуар азаматтарын тәрбиелеп, білім нәрін берген, 180-нен астам сала бойынша мамандар даярлайтын Қазақстандағы ең озық жоғары оқу орны. Мұнда 26 мыңдай студенттер, оның ішінде 4 мыңға жуық шетел студенттері оқиды. 3 мыңға жуық маман жұмыс жасап, 300-дей профессорлар білім береді. 17 факультеттен тұратын бұл оқу орны Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылында орналасқан.

Мен қазіргі таңда ҚазҰУ-да механика-математика факультетінде магистратурада оқимын. Төрт жылдық бакалавр бөлімінде осы университетте, осы факультетте оқығанмын. Бұл факультетті таңдаған себебім, біріншіден, мен мектепте оқып жүрген кезімде математика пәнін сүйіп оқыдым. Екіншіден, мұнда математика пәні тереңінен ғылыми тұрғыда оқытылады. Механика-математика факультеті – университет жаңадан ашылған кезден, яғни 1934 жылдан бері келе жатқан факультет. Мұнда математика, математика және компьютерлік модельдеу, ғарыштық техника және технологиялар және тағы сол сияқты бірнеше мамандықтар оқытылады. Әр мамандыққа жыл сайын түсетін студенттер саны артып келеді. Жыл сайын ғылыми-зерттеу бағдарламалары көбейіп, оқу материалдарының саны көбеюде.

Өзім жайлы кішігірім айтып кетер болсам, мен ғылыми жетекшімнің нұсқауымен, сол кісінің тәлімгерлігімен бакалаврда «Көпөлшемді екінші ретті эллипстік жүйе үшін шеттік есеп» деп аталатын диплом жұмысын жазып шыққан болатынмын. Бұл жұмысымда екінші ретті теңдеулер жүйесіне тоқталып, олардың типтерімен, шеттік есептердің түрлерімен таныстым. Эллипстік типті теңдеулер жүйесімен жұмыс жасап, оларға қойылған шеттік есептерді қарастырдым. Ал қазіргі магистратурада жазылатын диссертацияға келер болсақ, диссертация тақырыбым «Төрт өлшемді бір эллипстік жүйе үшін Дирихле есебі» деп аталады. Яғни, байқағандарыңыздай, бұл бакалаврдағы жұмысыма ұқсас. Нақтырақ айтқанда, мен диссертация жұмысымда дипломдық жұмысымды тереңінен пайымдай отырып, Янушаускас, Шевченко, Бицадзе деген секілді ғалымдардың жасаған баяндамаларымен, оқулықтарымен жұмыс жасаймын. Олардың зерттеу жұмыстарын ескеріп, өзіме берілген есепті талдаймын. Оның құрылымын анықтап, шешімділігін көрсетемін.

Жалпы, эллипстік типті теңдеулер стационар, яғни тұрақты процестерді, мысалы, денедегі тұрақты температураның таралуы, өткізгіштің бетіндегі электр зарядтарының тепе-теңдік күйі, сұйықтықтың потенциалды ағысы және т.б. процесстерді сипаттайды. Бұларға қатысты эллипстік теңдеуді құрып, оған шеттік шарттарды беру арқылы шеттік есеп алып, шешімін тауып, нәтижеге қол жеткізуге болады.

Сондықтан, талапкерлерге айтарым, осы секілді басқа да тақырыптармен танысып, олардың математика тілінде жазылуын білу үшін, басқа пәндермен математиканың байланысын зерттеп, қолданбалы математика саласында, болмаса, тек математиканың өзімен ғылыми бағытта жұмыс жасағың келсе, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетіне оқуға түскен дұрыс деп білемін. Ойымды университет қабырғасында оқып бітірген, әлі де оқып жүрген студенттердің барлығының айтар ортақ сөзі, ұранымен қорытындылағым келеді: «ҚазҰУ – мүмкіндіктер мекені!»


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Механика-математика факультеті

Математика мамандығының

1-курс магистранты Өткірқызы З.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология факультетінің

оқытушысы Куралова А.Т.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!