Материалдар / Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. ПТР-ді қолдану. Медициналық диагностикалауд
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. ПТР-ді қолдану. Медициналық диагностикалауд

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2024
88
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім

Биотехнология

Педагогтің аты–жөні:

Каденова З.А

Күні:


Сыныбы: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.3.1 биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау

Сабақтың мақсаты:

биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау


Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс–әрекеті


Оқушының іс–әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

3 мин



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу.

  • Түгендеу.

  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру жүзеге асырылады.



Сабақ барысында оқушы өзін бағалап отыруы үшін, оқушыларға бағалау парақтары беріледі.







Берілген смайликтерді көрсетеді. Көңіл-күйлері туралы ақпарат береді.




Бағалау парақтары таратылады


Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген назарын бұру.


Тиімділігі: оқушылардың жаңа сабақ алдындағы көңіл-күйін анықтау.


Саралау: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі.

«Фотоаппарат» әдісі арқылы өз-өздерін бағалап отырады


Презентация, қол смайликтері






Бағалау парақтары



Жаңа сабаққа кіріспе

7 мин















Білімді өзектендіру. Оқушыларға нан, ірімшік, сыра пісіру үшін микроорганизмдерді пайдалану туралы суреттер көрсетіледі. Оқушылар нан мен ірімшік өндірісінің технологиялық кезеңдерін атайды, оларды заманауи өндіріспен салыстырады.

Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды:

микроорганизмдерді өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада және үй шаруашылығында қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау;

Биотехнологияда микроорганизмдерді пайдаланудың пайдасы / зияндылығының қатынасын бағалау.

Бейнематериал ұсыну.

Оқушылар берілген суреттерді сипаттап, биотехнологияда қолданылуын айтып, пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Сабақтың мазмұнын түсіну үшін бейнематериалды көріп, өз ойларын ортаға салып талқылайды.






Мақсаты: Өз ой-пікірлерімен санаса білу, көзқарастарын бөлісуде белсенді жағдай орнату.


Саралау: Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар қойылады.


Тиімділігі: Алдында өтілген тақырыпқа шолу жүргізіледі. Инновациялық технологияны қолдану.




Презентация


Бейнематериалға сілтеме.

















Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу

12 мин



Визуалды ақпаратты талдау. Оқушыларға технологиялық үдерістің сатыларын ашып көрсете отырып, ағындарды аэробтық өңдеу схемасын зерттеу ұсынылады.







Оқушылар ұжымдық жұмыс істеу үшін ең алдымен визуалды түрде аэробтық өңдеу схемасымен таныса отырып, микроорганизмдердің жүру, қайта өңдеу процесін талдайды.



Мақсаты: Өз ой-пікірлерімен бөлісу, ақпаратты анализдей алу.



Презентация

Ұжымдық жұмыс


5 мин

Тапсырма 1. Әр топқа 3 түрлі тақырып беріледі. Тақырыпты топта талқылап, сыныпқа түсіндіреді.

1 топ. Тірі ағзаларды биотехнологияда қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері

2 топ. Бактериялардың адамға тигізетін зиянды жақтары

3 топ. Микробиология дамуы медицинада байқалуы

Дескрипторы:

  • Тірі ағзаларды биотехнологияда қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін атады;

  • Зиянды бактериялар түрлерін түсінді;

  • Микробиология ғылымының дамуын білді

«Фотоаппарат» әдісі арқылы өз-өздерін бағалап отырады

Жалпы– 4 балл


Мақсаты: Білім алушы өз ойын талдайды және сараптайды, ойлау логикасын дамытады.


Постер

Жұптық жұмыс

4 мин


Тапсырма 2. Жұптық жұмыс.

  1. Оқушылар өнеркәсіптік биотехнология әдістері бойынша алынған өнімдерді анықтайды.

Тамақ өнімдерінің зат белгілері тарқатылады: йогурт, айран, йогурт, сүт, ірімшік, шырын, шоколад, торт, алма сірке қышқылы, кофе, шай және т.б.









Жұппен жұмыс орындайды. Ұсынылған азық-түлік өнімдерін өндіруде қандай тірі ағзалардың қолданғанын талқылау.




Дескриптор:


- өнімдерде қолданылған тірі ағзаларды анықтау.

«Фотоаппарат» әдісі арқылы өз-өздерін бағалап отырады


Жалпы– 2 балл

Бейнематериал суреттер

Жеке жұмыс

2мин

Дәптермен жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.

Тапсырма. 1. «Індет», «дезинфекциялау», «вакцинациялау» сөздеріне анықтама беріңдер:

Тапсырма 2.

«Микроағзалардың пайдасы мен зияны» кестесін толтыру.

Микроағзалар

Пайдасы

Зияны

Тапсырма 3.

Бактериялық ауруларды атаңдар?

Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.

Дескриптор:


- терминдерге анықтама берді;

- Микроағзалардың маңыздылығын білді;

- бактериялық ауруларды талдады..

«Фотоаппарат» әдісі арқылы өз-өздерін бағалап отырады


Жалпы– 2 балл

Оқулық

Жұмыс дәптерлері

Сабақты бекіту

5мин

Викторина: «Дұрыс, Бұрыс» әдісі

Тұжырымдар:

1. Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері./ Дұрыс

2. Биотехнологияның пайда болуы мен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е.Хаувинк 6 кезеңді ажыратты/ Бұрыс

3. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өндірістік қолдану. Канализациялық суларды анаэробты тазалау және биогаз алу. Бактериалды полисахаридтерді өндіру. Бұл биотехнологияның биосинтез кезеңі./ Дұрыс

4. Мал шаруашылығында, азықтық жемшөпке құнарлығын арттыру үшін ферменттер (аминосубтилинпротосубтилин, т.б.) қосады./ Дұрыс

5. Тірі ағзаларды өндірісте пайдалана отырып, олардан нәрлі заттарды алу үшін ген мен жасушаны биологиялық объект ретінде қолданады. / Дұрыс

6. Алғаш рет гендік инженерияның тәсілдерін пайдаланып гормон алды. / Бұрыс

Оқушылар берілген анықтамалардың дұрыс бұрыстығын анықтайды.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!