Материалдар / Оқушылар мәтінге талдау жасауда қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін?Оқушыларға осы қиындықтарды жеңуге сіз қалай көмектесе алар едіңіз.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқушылар мәтінге талдау жасауда қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін?Оқушыларға осы қиындықтарды жеңуге сіз қалай көмектесе алар едіңіз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс мектептерінде оқитын оқушыларға қазақ тілінен мәтінде талдауды үйрету- қазақ тілін оқытудағы жауапты жұмыстардың бірі. Оқушы мәтінді түсіну, оны талдау арқылы қазақ тілінің қыр-сырын үйренеді
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Оқушылар мәтінге талдау жасауда қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін?Оқушыларға осы қиындықтарды жеңуге сіз қалай көмектесе алар едіңіз.

Бала бойына әдептілік пен әдемілікті ұғындыратын, бала жағдайын айнытпай біліп тұратын, бар өмірін бүкіл халықтың ар -ожданы мен болашағына арнаған, алдына келген шәкіртінің икемі мен ебін айтқызбай ұғатын ардақты жан, толассыз еңбектің иесі-ол Ұстаз!«Мұғалім –әдісті көп білуге тырысуы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай ұстаз ұстаз болу үшін –оқу –тәрбие үрдісінде әрқашан ізденісте жүру, толассыз еңбектің нәтижесінде ұстаз болудың қыр –сырын үйрену, заман талабына сай әдіс –тәсілдерді меңгере алуы қажет.

Орыс мектептерінде оқитын оқушыларға қазақ тілінен мәтінде талдауды үйрету- қазақ тілін оқытудағы жауапты жұмыстардың бірі. Оқушы мәтінді түсіну, оны талдау арқылы қазақ тілінің қыр-сырын үйренеді. Бірақ оқушылар мәтінмен жұмыс барысында көптеген қиындықтарға кезігеді. Өзім көп жылдан бері бастауыш сыныптарда мемлекеттік тілді оқытамын. Сондықтан да мәтінмен жұмыс барысында кездесетін қиындықтардыоқушыларыма қалай жеңу керектігін үйрету тәжірибеме тоқталмақшымын.

Біріншіден, мен оқушыларымның пән, сынып, тақырып, тарау бойынша жаңа сөздерді қатесіз білулеріне терең талап қоямын, сөздерді білмеу- тілді білмеу, менің әр сабағымның басында міндетті түрде сөздікпен жұмыс жүргізіледі(сөздерді жатқа айту, олармен сөз тіркестерін құрау, сөйлем, шағын мәтін құрату). Егер оқушы жоғарыда айтылған сөздікпен жұмысты жүйелі түрде, сабақ сайын орындап отырса, мәтінде талдауды жақсы игеріп кете алады.

Екіншіден, мәтінді түсініп талдау үшін оқушының мәтінге сұрақ қоя және сол сұрақтарға мәтіннен жауап таба білу дағдыларын жүйелі жүрде қалыптастырамын. Ол үшін сабақтың бірінші күнінен бастап оқушылармен «сұрақ қоя» ойының ойнаймыз. Сабақ сайын оқушымен «қандай сұрақтарды білесің» ойынын жалғастырып отырамыз.

Мәтінмен жұмыс, мәтінді талдау барысында оқушылар қазақ тілінде бастауыштың сөйлемнің басында, сұрақтың сөйлемнің ортасында, баяндауыштың сөйлемнің соңында тұратының естеріне сақтауы керек. Бұл да сабақ сайын жүргізілетін жұмыс. Мысалы, мәтіннің басында «Мен жағажайға барамын, өзеннің суы тұщы, бірақ терең» деген сөйлемдер бар, мәтінді оқып шығып, жаңа сөздермен танысып болған соң, мәтін не туралы? деймін. Олар: мәтін жаға-жай туралы дейді. Сұрақ қойыңдар! Деймін. Олар: 1) Бала қайда барды?

2 )Өзеннің суы қандай? Деген сұрақтарды қойып, жауап алады. Жауапты мәтіннен де алуға болады,мәтіндерді талдау барысында мәтінде рөльге бөліп оқытудың маңызы зор. Мысалы, сіздермен тәжірибемен бөлісу үшін «Өзен» деген тақырыпты алайын. Балалар мәтінді оқып, жаңа сөздермен танысады. Оларға бұл мәтін не туралы деймін. Олар мәтіннің өзен туралы екенін айтады. Менің оқушыларым жыл басынан бастап кейіпкер сөзімен таныс, мен олардың кейіпкер сөзін білулеріне зор мән беремін. Олар мәтінде «Өзен», «адамдар» деген кейіпкерлердің бар екенін айтады. Содан кейін мәтінде бір бала-автор, бір бала-өзен, бір бала-адам рөліне бөліп оқыды. Бұл жерде мен оқушылардан мәтінде қай кейіпкер жақсы, қай кейіпкер жаман деп сұраймын. Олар дұрыс жауап береді.

Өзімнің жұмысымнан тағы бір мәтінмен жұмысқа тоқтала кетейін. Бұл мәтінді де оқушылар кезекпен оқып шығады, жаңа сөздерін сөздікке жазады, олармен сөз тіркестерін, қысқа сөйлемдер құрайды. Бұл мәтінде де рөльдерге бөліп оқып, кейіпкерлерін атайды. Мұнда Әлібек деген бала,атасы,балық,адамдар сияқты кейіпкерлер бар. Оқушылар қандай кейіпкердің жақсы, қайсысының жаман екенін анықтайды.

Қорыта келе айтпағым, егер ұстаз оқушылармен жыл басынан бастап, жоғарыда берілген жұмыс түрлерін жүйелі түрде орындайтын болса, мәтінді талдау кезіндегі қиыншылықтарды тез жеңуге болады. Әр сабақ сайын міндетті түрде сөздін жұмысын «сұрақ қой ойынын, рөльге бөліп» оқытуды, қай кейіпкер жақсы, қай кейіпкер жаман деген сұрақтарға жауап алу жүргізіліп отырсақ, мәтінді қиындықсыз түсінуге болады. Егер оқушы мәтінді талдау кезінде мәтінге сұрақ қоя білсе, жауап бере білсе, бұл жұмыс оң нәтиже берері сөзсіз. Бұл жұмыста сыныпта мұғалімнің басшылығымен оқушы көп жұмыстарды өздігінен атқарады. Сонымен бірге, үйде де осы бағытта біраз жұмыстар атқарылады: сөздікпен жұмыстар, жаттығулар орындау. Егер орыс мектебінде оқып жүрген оқушы аталған жұмыстарды игеріп кетсе, тіл игеруге оң жетістіктерге жетті деген сөз.



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бисарина Гульмира Айтбаевна






































































































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!