Материалдар / Педагогикалық идея Тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту әдістері»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Педагогикалық идея Тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту әдістері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден — бір жолы. Өз тәжірибемде, оқыту барысында алдыма қойған міндетім — баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі — оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау,сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2024
56
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің
«Махамбет жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Педагогикалық идея
Тақырыбы:
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың
тілдік дағдыларын дамыту әдістері»

Дайындаған:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
педагог-сарапшы Жумашева Нургуль Муратовна

2023-2024 оқу жылы

Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тілдік дағдыларды меңгертудегі негізгі мәселелер
2. Қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінде
оқушылардың тілдік
дағдыларын дамыту әдістері
3. Менің педагогикалық идеям
ІІІ.Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән
ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден —
бір жолы. Өз тәжірибемде, оқыту барысында алдыма қойған міндетім —
баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін
арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі — оқу үрдісін жаңаша
ұйымдастыру,
оқушылардың оқудағы
іс-әрекеті
арқылы
ойлау,сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе
әрекет ету.
Алдыма қойған мақсатым: білім беру мазмұнын жаңарту, тіл дағдыларын
дамытуда қолданылатын тәсілдер тәжірибесімен бөлісу, ой қорыту.
Алдыма қойған міндетім: Жаңа заман жастары, Жаңа Қазақстанның негізін
қалаушы білімді де сапалы білім алып, еліміздің гүлденуінің негізін қалайды.
Түрлі тәсілдер арқылы. тілдік дағдыларды меңгерту, сөздік қорын молайту,
патриот тұлғаны қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың жетістікке жетуі үшін жаңа әдістәсілдерді қолдану қажеттілігін түсінеді және алынған тиімді әдіс-тәсілдерді
қолдану барысымен танысады. Өз ойын анық жеткізеді.
1.Тілдік дағдыларды меңгертудегі негізгі мәселелер...
Бүгінгі тaңдa білім беру сaлaсынa түбегейлі өзгерістің қaжеттілігін
ескерсек, жаңартудың бaсындa тілдік пәндердің тұру себебін бaғдaрлaмaдa
көрсетілген мынa жолдaрмен түсіндіре aлaмыз: «...Әрбір оқушы үшін тіл –
негізгі білім құрaлы. Оқушылaрдың тілдік қaрым-қaтынaсы өздері өмір сүріп
отырғaн және білім aлaтын ортa aрқылы жүзеге aсaды. Тілді жетік меңгеру
ұлттық құндылықтaрды түсінетін, әлемдік деңгейде жaңa өзгерістерге бейім,
жaңaшыл жеке тұлғa қaлыптaстыруғa ықпaл етеді». Еліміздің білім
саласында білім беру сапасын арттыруға және оқу мен оқытуды жан-жақты
жетілдіру бағытында көптеген бастамалар орын алды. Оқушыны білім, білік,
дaғдылaрмен қaрулaндырып қaнa қоймaй, оны тұлғa етіп қaлыптaстыру
бaсты міндет. Олaй болсa, интеллектуaлдық, біліктілік, коммуникaтивтік
жaғынaн бaлaны әлеуметтік ортaмен белсенді қaрым-қaтынaсқa түсуге, сол
ортaғa бaрыншa тез бейімделе aлуғa дaйындaу ортa мектептегі оқыту
кезеңінің негізгі қызметі болып тaбылaды. Жеке тұлғaның aқыл-ойы,
сaнaсының жетіліп-толуының, мәдениеттілік, зиялылық сияқты қaсиеттерінің
қaлыптaсуының бaсты көрсеткіші бaлa тілінің жеткілікті деңгейде дaмуынa,
коммуникaтивтік тілдік дaғдылaрының (тыңдaлым, aйтылым, оқылым,
жaзылым) дұрыс қaлыптaсуынa тікелей бaйлaнысты болaды.

2.Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың тілдік дағдыларын
дамыту әдістері
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды,
кестелер, сызбалар, үнтаспа, видео, аудио жазбаларын пайдалану арқылы
оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану
қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді.
Қолданылатын көрнекіліктер
оқушылардың
сабаққа
деген ынтасын
арттырады,
түсіндірілген
материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды.Сабақ барысында
төмендегідей
әдіс-тәсілдерді
пайдаланамын.Әдіс-тәсілдерді
неліктен
қолданамыз? Әр мұғалім өз сабағын көңілді, қызықты, тартымды өткізгісі
келеді. Оқулық бойынша тапсырманы орындата бергеннен оқушылардың да
қызығушылықтары жоғалады. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
барысында әдіс-тәсілдер арқылы орындатса, оқушы да жан-жақты ойланып,
оқушы өзінің білімін деген ойын жеткізеді.
1.Тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер
Тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау,
түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады.
Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс
– тәсілдер оқушыларының есте сақтау қабілеттері, тілдік қорлары,
сауаттылық қорлары жоғарғы нәтиже көрсетеді. 1.Олар:
1. «Айқайлап диктант оқу»
2. «Ассоциация»
3.«Синонимдерді тап»
4«Аяқталмаған сөйлем»
5 «Тізбектелген ереже»
6.«Жасырын сөз»
7.«Кір жаятын жіп»
8.«Мен не естідім?»
9.«Тыңдайтын үшбұрыштар»
10. «Ақпараттағы ақаулық».
11.«Есте сақтайық»
12.«Төрт сөйлем» әдістері.
2.Оқылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер
Оқылым дағдысында мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі
деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына
сәйкес оқи алуы. Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау

келесі нәтижелермен айқындалады: түсініп оқу, зерттеп оқу, шолып оқу,
мәселені сын тұрғысынан бағалау, негізгі аргументті анықтап, дәлелдеу.
Оқылым дағдысы арқылы оқушылар мәтінді және оның мазмұны мен
мақсатын, тілін түсінуге, негізгі ойды анықтауға,оқылған мәтін негізінде
сұрақ құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды
және мәтіндерге салыстырмалы сараптама жасауды меңгереді. Орыс тілді
аудиториясында оқылым және айтылым дағдыларын қалыптастыруда ерекше
ұтымды мына әдіс-тәсілдер:
1.«ПОПС» формуласы
2. «Жуан-жіңішке» сұрақтар әдісі
3.«Түртіп оқу» әдісі
4.«Шпаргалка»
5.«Тірек сөзді тап»
6.«Ол кім, бұл не?» тәсілдерін жатқызамын.
Өз тәжірибемде тілдік дағдыларды дамыту бойынша мынадай әдістерді
қолданамын.
Оқылым және айтылым дағдыларын
қалыптастыруда
«ПОПС» формуласын қолдану өте тиімді. «ПОПС» формуласында «Менің
ойымша»,
«Менің көзқарасым», «Менің түсінгенім» деген тіркестерді
қолданды. Оқушы тақырып бойынша өз пікірін дәлелдеп, көзқарасын
білдіріп, шешім шығарады.
Оқушыларға «Өмір бойы білім алу-бәсекенің талабы» тақырыбы
беріледі. Оқушылар мәтінді оқып, ПОПС формуласына толтырады.
• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, өмір бақи білім алу уақыт қажеттілігінен
туып отыр»
• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін, үздіксіз білім алу өмір
талабы»
• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей
аламын. Қазіргі жастар бір салада жұмыс істеумен шектелмейді, мамандық
алмастырудан да қорықпайды»
• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге
келдім.
«Білім алудан жалықпа, досым» тақырыбы бойынша «Жуан-жіңішке»
сұрақтар әдісі бойынша оқушылар қызыға жауап беріп, әр тапсырма
бойынша өз ойларын жетік
айтып, бір-бірімен
тақырыпты
талқылайды. Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі оқушылар мәтінмен жұмыс
істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері сұрақтар құрастырады. Олар
жуан және жіңішке сұрақтар. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жуан
сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар — еске түсіруге арналған сұрақтар,
жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар.

Жуан сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап
беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты
фразамен немесе нақыл сөзбен, мақал – мәтелмен беруге болады. Жуан
сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен
ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады. Бұл дегеніміз, оқудың
барлық әдістерін меңгеру болып табылады . Өйткені, оқушы алдымен қатесіз,
түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады,
басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын
жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.
Жіңішке сұрақтар
«Жуан» сұрақтар
-Кім?
-не істеуіміз керек?
қызмет етуміз керек.
Біз
Қашан?
-Неге олай ойлайсыз?
Қазіргі заманда
Қазақстан алдыңғы қатарлы ел болу
үшін
Қандай адам?
Жаһандану пайдасы қандай?
Әмбебап
Жаһандану пайдасы экономиканы,
ғылым мен техниканының дамуына
жол ашады
3.Айтылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер
Айтылым – бұл мұғалімнің сабағында жүргізілген бүкіл әдіс-тәсілдерінің
нәтижесін көрсетеді. Оған қол жеткізу үшін оқытудың әр сабағының жаттығу
жүйесі қарапайымнан күрделіге ұстанымы бойынша құрылуы тиіс. Алғашқы
кезеңде оқылым мен жазылым дағдысын тіл меңгеруші сабақтың өн
бойында берілген түрлі жаттығулардың көмегімен қалыптастыра алады.
Айтылым дағдысында – тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз
көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік
пен біліктілік деңгейіне бағытталады. Олар:
1. «Миға шабуыл» әдісі
2.«Шаттық шеңбері» (сергіту сәті)
3. «Ақылдың алты ойлау қалпағы» Эдвард де Боно бойынша
4.SMART-мақсаттар
5.«Дауыстап ойлау» әдісі
6. «Бір минуттық әңгіме» тәсілі Иен Майлс бойынша
7.«Кинометафора» әдісі Харизма бойынша (Н.Баринова)
8. «Қара жәшік»
9. «Ашық микрофон»,

10.«Дебат»,
11.«Рөльдік ойын»,
12.«Презентация»,
13.«Кезбе тілші».
14.«Жарнамалық мәтін» әдісі
1.«Миға шабуыл» әдісі
Мақсаты:Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы
бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін
дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай
сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.
Қолданылуы: Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою
арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.
2.«Шаттық шеңбері» (сергіту сәті)
Мақсаты: Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау
дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру
арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл
күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Қолданылуы: Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен
шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.
3. «Ақылдың алты ойлау қалпағы» Эдвард де Боно бойынша
Мақсаты: Оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Мәселені барынша
мұқият талқылап, оқушының жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін
ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолдану.
Тиімділігі: Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған
жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай біледі, толыққанды, жанжақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық
қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі
артады.
Қолданылуы: Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін,
аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан
шығарылған), олардан мәселені талқылау барысында барлық ой
операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін
шекте жүргізу сұралады. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ
беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді, бағыттайды.
4.SMART-мақсаттар

Мақсаты: Мақсат құруда нақты, өлшемді, қол жетімді, шынайылыққа
негіздеу.
Тиімділігі: Нақты мақсатқа жете алады: SMART
Қолданылуы: Тақырыпқа «ақылды» мақсат қоя алады.
5.«Дауыстап ойлау» әдісі
Мақсаты: Оқи отырып ой түю, ой бөлісу.
Тиімділігі: Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым,
тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры
молаяды.
Қолданылуы: Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды,
екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.
6. «Бір минуттық әңгіме» тәсілі Иен Майлс бойынша
Мақсаты: Оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру.
Тиімділігі: Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады,
жұптық жұмыс жүреді.
Қолданылуы: Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып,
жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы әңгімелесулеріне
болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.
Кіріктірілген
модульдер,
идеялар:
СТО,
диалогтік
оқыту,
7.«Кинометафора» әдісі Харизма бойынша (Н.Баринова)
Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Тиімділігі: Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Қолданылуы: Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы
баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.
8. «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс
Мақсаты: Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту.
Тиімділігі: Оқушының оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына ықпал
етеді.
Қолданылуы: Сабақ соңында оқушыларға бір-біріне тиімді сұрақ қойғызу
арқылы кері байланыс жасатуға, оқуға белсенді қатыстыруға, өзін-өзі
бағалауға қатыстыруға болады.
4.Жазылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер
Жазылым дағдысы- 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін,
мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Жазылым дағдысында
келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
тақырыпты аша білуі,
грамматикалық сауаттылығы, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеуі,
қорытынды шешім шығарып, өз көзқарасын дәлелденеді. Тілді жaттықтыру
кезінде оқушылaр сөйлеу тілін өздері тaңдaй aлaды және оны дaмытуғa

aрнaлғaн жaттығулaр жобa жұмысы, пікіртaлaс, мәселені шешу, себебін
aнықтaу сияқты тaпсырмaлaрдaн тұрaды. Бұл тaпсырмaлaрдың бaрлығы дa
оқушылaрғa жaңa aқпaрaттaрды бір-бірімен бөлісуге және қaрым-қaтынaсқa
түсуге мүмкіндік береді.
Орыс тілді аудиторияның сөздерді мәтін мазмұнын тез түсініп, ойын қағазға
түсіруіне оңай әдістің бірі1.«Топтастыру» стратегиясы
Мағынаны тану кезеңінде
2.«Кейіпкерге хат жазу»
3.«Түртіп алу»
4.«Талдау картасы»
5.«Эссе»
6. «Пирамида»
7.«Т кестесі»,
8. «Sinkuein» немесе «Бес жолды өлең»,
9. «RAFT»,
10.«Семантикалық карта» тәсілдерін қолдану тиімді деп ойлаймын және
стратегияларын қолданып жүрмін.
Біздің мектебімізде мектеп тренерлері , Матуза Максутовна, Анна
Анатольевна ,аптасына бір рет пән мұғалімдеріне сабақтарын қызықты әрі
ұтымды өткізуге көмек беретін практикум -сабақтарын өткізді.Прктикум
сабақтары біздің сабағымыз қызықты өткізуіне ықпал етті.
Қазақ тілі сабақтарында пайдалануға болатын төрт коммуникатівтік тілдік
дағдыларын қалыптастыруға әдіс тәсілдерді үйретті.
Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі, оқу әдістемелік кабинетінің
сараптама кеңесінде қаралып , аудан педагогтарына таратуға ұсынылған
авторлық бағдарламам тақырыбы « Орыс сыныптардағы оқушыларды қазақ
тілін мәтінмен жұмыс жасау арқылы меңгерту» деп аталады. Мәтіндік
тапсырмалар жинағы ретінде беріледі. Бұл жинақ оқушылардың танымдық
қызығушылығын дамытуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға ,
тілді үйренуге арналған.Бағдарламадағы тапсырмалар коммуникативтік
тілдік дағдыларының дұрыс қалыптасуына бағытталған.Онда
тыңдалы,айтылым,оқылым, жазылым тапсырмалары бар.

3. Менің педагогикалық идеям
Мен байқауымыздың «Педагогикалық идея» инновациялық идеялар шеруі
атты 2-турына іс-шараны немесе сабағымды жоспарлау кезінде ерекше
пайдаланып жүрген ұтымды әдіс –тәсілдеріммен бөлісемін.Мұғалім мектеп
қабырғасына алғаш кезден бастап, сыныпты қалай басқарамын,сабақты
қызықты етіп қалай өткіземін деген сұрақтар психологиялық тұрғыдан
болатыны сөзсіз.Мен бұл сұрақтарды шешу мақсатында өз әдіс-тәсілдерді
пайдаланамын.
1.«Ақмоншақ» әдісі
Мақсаты:оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Ережесі: тақырып бойынша әр оқушы кезекпен бір сөйлеммен атып шығады.
Сөйлемдер бір-бірімен логикалық байланыста болуы қажет. Мысалы:
1-оқушы :Абай Құнанбаев 1845 жылы дүниеге келді.
2- Абай Құнанбайұлы Семей өңірінде дүниеге келді.
2.«Көп нүкте» әдісі
Мақсаты:ойлау дағдысын дамыту.
Ережесі: оқылған мәтінге немесе өлеңге байланысты әдісті қолдануға
болады.Мысалы: Мен достарыммен кітапханаға(отырамын,
жинймын,барамын).Ол (дәптерді, кітапты,қағазды )көп оқиды. Кітапханада(
тамақ ішуге, шулауға, ойнауға) болмайды.
3.«Ассонанс» әдісі
Мақсаты: оқушылардың зейінін дамыту.
Ережесі:жеке және топ болып, тақырыпқа байланысты 2-3 сөйлем
құрастыруы қажет.
Сөйлемге қойылатын талаптар:
1) Сөйлемде тақырыпқа қатысты сөздер болуы керек;
2)Сөйлем кемінде бес сөзден тұру керек;
3)Сөйлемдегі сөздердің барлығы бір дыбыстан басталуы керек;
4)Сөйлемдегі ой түсінікті болуы керек.
Үш-төрт минут ішінде сөйлемді дұрыс құраған оқушы немесе жұп
жеңімпаз атанады.
Мысалы: Апам ағама алма, алмұрт, апельсин ,айран алды.
4.«Spinner »әдісі
Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту.
Ереже:Бұл әдісті оқушылармен өткен тақырыпты қайлау немесе бекіту
мақсатында пайдаланамын. Спинер айналған кезде ,тоқтаған сәтте , бір
оқушыға тоқтайды. Оқушы бір сұраққа жауап береді.Нәтижесінде оқушы
топтық жұмыс болса,тобына немесе жеке жұмысболса, өзіне ұпай жинайды.
5.«Комикс жанр» әдісі.
Мақсаты: сыни ойлауға бейімделуін дамыту.
Ережесі: Оқушыларға жаңа сабақ түсіндіру алдында тақтаға комикс суреттері
ілінеді. Оқушылар сабақ тақырыбы не жөнінде болатынын
болжайды.Суреттерді сөйлетеді.

Мысалы : сақ патшайымы Томирис суреттері болса, сол туралы мәліметтер
жинайды.
6.«Менен сұрақ,сізден жауап» әдісі
Мақсаты:оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Ережесі: Оқушылар екі топқа бөлінеді. Ортаға екі сандықша қойылады.
Топтағы оқушылар тақырып бойынша (мысалы,Астана қаласы) 5 сұрақ
құрастырып, сандықшаға салады. Екі топ сандықпен алмасады. Оқушылар
кезекпен сандықтағы сұрақты алып, жауап береді. Қай топтың сұрақтары
мен жауаптары дұрыс әрі қызық болса, сол топ жеңеді.
7.«Сөз тізбек» әдісі
Мақсаты: ойлау қабілетін және жылдамдылығын дамыту.
Ережесі:Тақырып бойынша мұғалім бір сөз айтып, ойынды бастайды.
Оқушылар ойынды жалғастырады. Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен
басталып отыруы қажет. Сөздер сол тақырып аясында және әр сөз табында
айтуға болады.
8.«Допты қағып алу» әдісі
Мақсаты:есте сақтау қабілеті артады.
Ережесі: Ойын шеңберде өткізіледі.Мұғалім сұрақты қойып, допты
лақтырады. Допты ұстаған оқушы сұраққа жауап береді. Мысалы: ҚР
Тәуелсіздігін қайжылы алды? Оқушы допты ұстап, сұраққа жауап береді.
Қорыта келе, осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:
• Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
• Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
• Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
• Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын,
танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
ІІІ. Қорытынды
Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол —
жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы
педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай
қолдана білу-оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден — бір жолы.
Тілді жетік меңгерген және оны орынды қолданатын оқушы кез келген ортада
коммуникативтік қатынасқа түсе алады. Сонымен қатар, сабақта алған білімі
мен білігін, дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында қолдана алуы
тиіс.
Қорытындылай келе айтарым, түрлі стратегиялар сөзсіз сабақты
жанданырып, оқушылардың қызығушылығын арттырады. Бірыңғай жазу
жұмыстары, жалаң сөз, жаттау оқушыларды жалықтырады. Ал қазақ тілі
сабақтарында стратегияларды тиімді қолданудың нәтижесінде сабақ сәтті
болып, "3" азаяды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.МАН «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог
кадрлардың
біліктілігін
арттыру
курсының
білім
беру
бағдарламасы«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық
шеберлік орталығы, 2017
2. МАН «Тиімді оқыту мен оқу» «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
4. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен
технологиясы, Бірінші кітап. 5-11 сынып мұғалімдеріне арналған
әдістемелік құрал./ Қ.О. Бітібаева. Алматы қ. «Дәуір -Кітап»
баспасы, 2012

Сұрақтар

1.Елорданы
Алматыдан
қабылдаған жылы

Ақмолаға

көшіру

туралы

2.Қазақстанның астанасы кімнің идеясымен салынған.

3.Ақмола қаласының Астана болып өзгерген жылы

4 Астананың бас жоспарының авторы

5. «Астана»парсы тілінен қалай аударылады

1.Астана қаласының «Әлем қаласы »атағын алған жылы

2.Елорданың басты символы?

3. «Думан» ойын сауық орталығында ерекше не бар?

4.Бейбітшілік пен келісім сарайының авторы кім?

шешімнің

5. Халықаралық көрме Астанада қай жылы,қай айлары?

Жауаптары
1.1991
2.Н.Ә.Назарбаев
3.1998
4.Жапон сәулеткері Кисе Куракава
5. Киелі орын, босаға

1.1999
2.Бәйтерек кешені
3. Әлемдегі көк мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтықта
орналасқан жалғыз мұхитарал бар.
4. Әйгілі суретші Норман Фостер
5. 2017 жылы 10 маусым -10 қыркүйек
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!