Материалдар / Практикант студентке мінездеме
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Практикант студентке мінездеме

Материал туралы қысқаша түсінік
Практикант студентке мінездеме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2024
40
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы Инновациялық колледжінің

«01140100-Бастауышты оқытудың

педагогикасы және әдістемесі»

мамандығының 3 курс студенті

Тұрсын Аяулым Бахытқызына



МІНЕЗДЕМЕ


Тұрсын Аяулым Бахытқызы 2023-2024 оқу жылының 01 сәуірінен - 26 сәуір аралығында Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогикалық практикадан өтті.

Тұрсын Аяулым Бахытқызы тәжірибенің алғашқы күнінен бастап педагогикалық ұжыммен және оқушылармен жақсы қарым-қатынас орната білді. Тәжірибе кезеңінде студент өзіне бекітілген 2 «А» сыныбында өткен сабақтарға және сынып жетекші өткізген сынып сағаттарына қатысып, сыныптың құрамын, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және сыныптағы қарым-қатынас сипатын зерттеді. Сонымен қатар тәжірибе барысында студент тәлімгерімен бірлесіп, сыныппен және жеке оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен танысты. Педагогикалық практика барысында студент-практикант сынып жетекшісі рөлін атқаруды үйреніп, сыныптағы тәрбие сағаттарын, сабақтарды өткізуге машықтанды. Сонымен қатар сынып оқушыларына психологиялық мінездеме түзуді меңгеру, сыныптағы психологиялық климатты анықтау, оқушылармен қарым-қатынас түзуге дағдыланды.

Тәжірибеден өту кезінде студент 2 «А» сыныбының жылдық жоспарына сәйкес 8 сәуір күні “12 – сәуір Ғылым күні” тақырыбында тәрбиелік шараны, 15 сәуірде “Табиғат тамашалары” атты тәрбие сағатын және басқа да сабақтарды өз бетімен дайындап, өткізді. Сабақтардың қысқамерзімді жоспарлары дұрыс құрастырылған, сабақтар мақсатына жетті. Оларды өткізу барысында студент оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қолданды, әсіресе топтық жұмыстарды жақсы ұйымдастыра білетіні байқалды. Тұрсын Аяулым жұмысқа және еңбек тәртібіне жауапкершілікпен қарап, барлық тапсырмаларды уақытылы орындап отырды және жаңа технологияларды пайдалана білді. Өз дағдыларын жетілдіруге белсенді түрде ұмтылады, тәлімгердің әдістемелік көмегін қабылдай алады. Аяулым балалар ұжымындағы қарым-қатынасты сенім, сыйластық, талапшылдық және әділдік негізінде құруға көмектесіп, балалардың жан-жақты дамуына, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеуге саналы түрде бағыттай білді. Алған теориялық білімін практика жүзінде толықтай қолдана білді, мінезі ашық, өз жұмысына тиянақты. Студент Тұрсын Аяулым Бахытқызының педагогикалық практикасын мектеп әкімшілігі «өте жақсы» деген бағаға лайық деп санайды.




Мектеп директоры: Ж. М. Молдабекова


Сынып жетекші: Ж.Ө. Хұрман


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!