Материалдар / Қайнау үдерісі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қайнау үдерісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайнау үдерісі №5- зертханалық тәжірибе "Судың қайнау үдерісін зерттеу" ашық сабақ
Авторы:
18 Қараша 2023
150
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады










Ашық сабақ


Қайнау үдерісі №5 зертханалық тәжірибе

«Судың қайнау үдерісін зерттеу»


Сыныбы: 7 «А»

Пәні: Химия

Пән мұғалімі: Ж.Сатиева











2023-2024

Бөлім:

7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі

Педагогтің аты-жөні:

Ж.Сатиева

Күні:

27.10.23ж

Сыныбы:7 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қайнау үдерісі №5 зертханалық тәжірибе

«Судың қайнау үдерісін зерттеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.1.6 -судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

-Судың қайнау үдерісін анықтайды

-Қыздыру қисығын салу және оны сипаттайды

-Бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдаланады

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «көрші» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айтады

ә). Топ ережесін еске түсіру.

б). Топтастыру.



Сыныпта психологиялық ахуал тудыру мақсатында судың агрегаттық үш күйі арқылы топқа бөлу. «Топтастыру» стратегиясы арқылы сынып топқа бөлінеді және жаңа сабақ тақырыбы ашылады.


«Қатты» «Сұйық», «Газ» топтарға бөледі.










Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Сурет қиындылары


Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін

мұғалім ақпарат таратады:

Бұл үрдіс дезинфекциялаудың (зарарсыздандыру) тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл үрдіс энергияның шығынын талап етеді. Су осы үрдіс кезінде сәйкесінше дыбыс шығарады және күйік тудыру мүмкін.


Мұғалім:

Дұрыс!




мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.


1. Заттардың қатты күйіне сипаттама бер
2. Агрегаттық күй деген не?
3. Затты бір күйден екінші күйге қалай ауыстыруға болады?
4. Табиғатта қандай құбылыстар жүреді?

5. Қайнау дегеніміз не?
6. Заттың үш күйінің айырмашылығы неде?
-молекулалардың орналасуымен

7. Салқындау қандай құбылысқа жатады?
8. Заттардың газ күйіне сипаттама бер

9.Заттың қандай агрегаттық күйлері болады?

10. Заттардың сұйық күйіне сипаттама бер








Оқушылардың болжалды жауабы:

Қайнау үрдісі


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Дескриптор:

-агрегаттық күйлерді атайды –1балл

-заттың агрегаттық күйдің өзгеруін анықтайды—1балл


Жұлдызша арқылы бағалау

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Слайд

Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

33 мин.


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Мұғалім зертханалық тәжірибеге арналған парақшаларды таратады және оқушылардан жұмыс барысымен танысуды сұрайды.


Оқушылар зертханалық тәжірибенің жұмыс барысымен танысады.

1-тапсырма

Жеке жұмыс

5 зертханалық жұмыс. «Судың қайнау үдерісін зерттеу»Суретте бейнеленген құралды жинақтаңыз

1. Шыны колбаға 50 мл су құйып , қыздырып, әрбір минут сайын термометрмен судың температурасын өлшеңіз. Өлшемдерді №1 кестеге жазыңыз

Уақыты, мин






Температура, 0С






  1. Судың қайнау қисығын сызыңыз: У осі –температура, Х-уақыты

2. Шыны колбаға 50 мл су құйып, оған 1 асқасық ас тұзын салып араластырыңдар. Ерітіндіні қайнатыңдар. Температура өзгерісін әр минут сайын бақылаңдар. Ерітіндінің қайнау диаграммасын салыңдар.Бұл зертханалық жұмыстардағы диаграммалар сәйкесінше

заттардың суыну, қайнау процестерін анықтауға көмектеседі.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл




Бағалау критерийі

Судың қайнау процесінің негізінде қыздыру қисық сызығын сыз


Дескрипторлар

График сызығына

шаманы енгізеді

-1 балл

Бастапқы қайнау t-ң нүктесін табады-1 балл

Нүктелерді кескін сызықпен қосады- 1балл


        1. Су

        2. дың қайнау үдерісін анықтайды


Оқулық










реактивтер мен құрал-жабдықтар:

100 мл су;

ас тұзы;

шыны колба;

қыздырғыш құрал/спиртшам;

сіріңке;

термометр немесе “Spark” құрылғысы;

миллиметрлік қағаз;

секундомер.



Тапсырманы орындатады, бақылайды


2-тапсырма

«Суреттер сөйлейді»

Топтық жұмыс


Тақтада химиялық колбалардың суреттері ілінген. Сол колбаларда суреттік тапсырмалар жасырылған.


1.Таза су қандай температурада қайнайды?

2. Суға ас тұзын қосқанда қайнау температурасы қалай өзгереді?

3. заттың 3-күйіне суреттер

4. Су неше градуста қатады?

5.Балқу дегеніміз не?

6. Кристалдану дегеніміз не?

7.Булану деп қандай процесті айтамыз?

8. Конденсация процесі қалай жүреді?

9.Сублимация дегеніміз не?


3-тапсырма

«Сәйкестендір»

Топтық жұмыс


Сипаттамаларды берілген суреттермен сәйкестендіріп, осы суреттердің заттың агрегаттық күйінің қайсысына тән болатынын айтады












Дескриптор:


Жалпы-3 балл


















Материалды жүктеу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!