Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиет, 5 орыс сынып. ТЖБ 4 тоқсан
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі мен әдебиет, 5 орыс сынып. ТЖБ 4 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиет, 5 орыс сынып. ТЖБ 4 тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Мамыр 2024
325
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4- тоқсан бойынша жиынтық бағалау бойынша спецификасы

Жиынтық бағалауға шолу

4- тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл



Тыңдалым

Қазақстандағы ұлттар

достастығы


Ұлы Дала табиғаты


Ер есімі – ел есінде!

5.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

Көп таңдауы бар және

қысқа

жауапты қажет ететін сұрақтар

5


Оқылым

5.О3.Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну,

тақырыбын анықтау

Көп таңдауы бар және

қысқа

жауапты қажет ететін сұрақтар

5

Жазылым және тілдік бағдар

5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып,

хабарлама, хабарландыру, хат жазу


5.ТБ1.5.Болымды, болымсыз

етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану

Толық жауапты

қажет ететін сұрақтар

10

Айтылым

5.А6. Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау

Толық жауапты

қажет ететін сұрақтар

10

Ұзақтығы: 40 минут

Тыңдалым- 8 минут Оқылым – 12 минут Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі) Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма - тыңдалым, екінші тапсырма - оқылым, үшіншісі - жазылым және тілдік бағдар, төртінші тапсырма - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.


5- сынып 4- тоқсан

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен

«Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Ұлы дала табиғаты», «Ер есімі ел есінде» бөлімдері бойынша тоқсандық жиынтық бағалау

Оқу мақсаты:

5 Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

5.О3. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну

5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру,хат жазу.

5.А6. тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау

5ТБ1.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарында орынды қолдану


Ұзақтығы: 40 минут

Тыңдалым- 8 минут Оқылым – 12 минут Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі) Балл саны: 30



Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


«Көлсай көлдері» ұлттық саябағы Алматы облысында орналасқан. Саябақ 2007 жылы ұйымдастырылған. Аумағы - 161,04 мың гектар, шығыстан батысқа қарай 98 шакырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 23 шақырымға созылған аумағының 22%-ын орман алкаптары құрайды. Саябақты ұйымдастырудың негізгі мақсаты - Алматы облысының биік таулы алқабы мен Көлсай көлінің табиғи байлықтарын сақтап қалу және қорғау.

Саябақ аумағындағы Қайыңды көлі көрікті табиғатымен көз тартады және оның суының шипалық қасиеті бар екендігі елге мәлім.

Саябақ аумағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 710-ға жуык түрі өседі. Оның 12 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» кіреді. Олар күнгей кауы, жылтыр жанаргүл, Тянь-Шань жанаргүлі, Семенов кортузасы, т.б. Негізгі қорғалатын нысан - Шренк шыршасы. Бұл ағашты сымбаттылығына қарап «Қызқарағай» деп атайды.

Саябақ жануарларға бай. Бауырымен жорғалаушылардан:  әр түсті жылан, калқантұмсық жылан, т.б. кездеседі. Құстардың 200-ге жуық түрі саябақ аумағында ұя салып, балапан өргізеді. Олардың ішінде сирек кездесетін түрлері - көк кұс, құмай, орақтұмсық, ұлар, т.б. Сүтқоректілердің 30-ға жуық түрі мекендейді. Сирек кездесетін түрлері - барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, аркар, сілеусін. Саябактың туризмді дамытудағы маңызы зор.

  1. «Көлсай көлдері» ұлттық саябағы нешінші жылы ұйымдастырылған?

А.2002 жылы

В. 2015 жылы

С. 2007 жылы

Д. 1995 жылы


  1. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз

Апарат

Дұрыс

бұрыс

1

Өсімдіктің 12 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына » енген.



2

Саябақта жануарлардың 710-ға жуық түрі бар.



3

Саябақта көк құс, орақтұмсық, ұлар кездеседі.



  1. «Көлсай көлдері» саябағы қайда орналасқан?

_____________________________________ [1]

  1. Саябақта 200 жуық нелер кездеседі?

_____________________________________ [1]

5.Саябақта сирек кездесетін қандай жануарлар мекендейді?

_____________________________________ [1]


Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.

         Ұлы Отан Соғысының басталмай тұрғаны кезінде Бауыржан Момышұлы 105-ші атқыштар дивизиясының қарамағындағы артиллериялық атқыштар бөлімшесінің командирі болатын. Алайда, 1941 жылдың қаңтарында тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады. Сол жылдың жаз айларынан бастап жаңадан құрылған 316-шы атқыштар дивизиясының штабына Қазақстан мен Қырғызстан елінен сарбаздары жинай бастайды. Бауыржан қайта жасақталған дивизияның 1073-ші атқыштар полкының атқыштар батальонына командир болып тағайындалды.

Мәскеуді қорғау шайқасы кезінде Бауыржан 19-шы гвардиялық атқыштар полкына командир болады. Оның полкы жұдырықтай жұмылып, фашистерді Мәскеуге қарай жібермейді. Жасаған ерлігі мен батырлығы үшін, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарғаны үшін, шешуші кездерде жылдам түрде нақты шешім қабылдай білгені үшін ол Ленин Орденімен марапатталады. Мәскеуді қорғау майданының Крюкова шайқастарында жарақат алып, біраз уақыт госпитальда жатады.

         Бауыржан Момышұлы – «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Москва үшін шайқас» әңгімелерінің, генерал И.В.Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаяндық повестер мен әңгімелер жинағы кітабының авторы. «Біздің отбасы» туындысы үшін 1976 жылы «Кубалық кездесулер» атты очерктік шығармасын жазды. «Москва үшін шайқас» шығармасы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының жалғасы болып табылады. (168 сөз)

  1. Бауыржан Момышұлы қандай соғыста елді, жерді қорғайды? [1]

____________________________________________

  1. 19- гвардиялық атқыштар полкі қандай қаланы қорғайды? [1]


_______________________________________

3. Берілген мақал- мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбына сай? [1]


А) Ел іші-алтын бесік.

В) Туған жер- алтын бесік.

С) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.

Д) Сабыр түбі-сары алтын.

4.Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. [1]

А. Тез-

В. Жауынгер-

С. Туған жер-

5.Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз. [1]

Оқиға

Реті

А. Бауржан Момышұлы Крюкова шайқасында жарақат алады.


В. Қазақстан мен Қырғыз елінен сарбаздар жинайды.


С. Ерлігі мен батырлығы үшін Ленин орденімен марапатталады.


Д. Фашистерді Мәскеуге қарай жібермейді.



Жазылым

Болымды және болымсыз етістіктерді пайдалана отырып,еліміздің батырлары туралы досыңызға хат жазыңыз (70-90 сөз)

____________________________________________________ [10]


Айтылым

Берілген суреттерді тірек сөздердің көмегімен сипаттаңыз (әр білім алушыға 2 минут) [10]

Тақырып «Туған жердің табиғаты»

Тірек сөздер: табиғат, бай, әдемі, жануарлар әлемі, құстар әлемі, қорғаймыз, ластамау керек, таза ауа, өзен-көлдер.





































Балл қою кестесі



Дағды

Жауап

Балл

Жалпы балл

Тыңдалым

1.С

1

5


2.

1.дұрыс

2. бұрыс

3. дұрыс

1


  1. Алматы облысында

1


4.Құстар

1


5. Барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, аркар, сілеусін.

1

Оқылым

1.Ұлы Отан соғысында

1

5


2.Мәскеу

1


3.С

1


4.Тез-жылдам

Жауынгер-сарбаз

Туған жер-Отан

1


5.

Оқиға

Реті

А. Бауржан Момышұлы Крюкова шайқасында жарақат алады.

4

В. Қазақстан мен Қырғыз елінен сарбаздар жинайды.

1

С. Ерлігі мен батырлығы үшін Ленин орденімен марапатталады.

3

Д. Фашистерді Мәскеуге қарай жібермейді.

2


1

Жазылым


10

Айтылым


10

Барлығы


30




Жазылым және Айтылымды бағалау



Балл

Мазмұны (5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)



5

Өте жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



4

Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.

Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



3

Қанағаттанарлық

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге

кедергі келтірмейді.

2

Төмен

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!