Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиет. 6 орыс сынып ТЖБ 4 тоқсан
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі мен әдебиет. 6 орыс сынып ТЖБ 4 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиет. 6 орыс сынып ТЖБ 4 тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Мамыр 2024
218
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау

6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау

6.1.3.1 - тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар тақырыпқа қатысты 110-130 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды.

Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші, екінші және үшінші тапсырмаларда дұрыс 1 жауапты белгілейді.

Төртінші тапсырмада мәтінді тыңдау барысында берілген ақпараттардың «шын», «жалған» екенін табады. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.

10

5

2

6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

6.3.4.1 -Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Көп таңдауы бар сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 130-150 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада берілген тұжырымдардан екі «шын» ақпаратты анықтайды.

Екінші тапсырмада берілген сөздердің мәтіннен антоним, синонимін табады. Үшінші

Тапсырмада берілген тұжырым сөйлемдерді рет-ретімен орналастырады. Төртінші тапсырмада оқушы берілген сөйлемге қажетті сөзді қойып, толықтырады. Бесінші ашық сұраққа мәтіннің мазмұнын басшылыққа алып жауап береді.

Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын бағалайды.

10

5

3

6.4.3.1 - жазба жұмыстарын-да теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу

6.4.1.1 - мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, өмірбаян жазу

6.5.1.7 - себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

6.4.2.1 - эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді, себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін орынды қолдануын бағалайды.

20

10

4

6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды оқушы өзі таңдайды). Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша 4 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогтe 6-8 сөйлем айту керек). Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес.

Әр білім алушыға 2 минут беріледі

10

Барлығы

40 мин

30

Shape1

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары



І нұсқа

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Табиғат. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау – міндетіміз. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттан бар керегін алады. Табиғат - адам баласының өмір сүретін ортасы.

Табиғат тақырыбы әдебиетте үлкен орын алды. Абайдың да ерекше жырлаған тақырыптарының бірі табиғат болды. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» «Жазғытұры» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көз алдыңа елестейді. Жайдары жазды, түсі суық тұманды күзді, не болмаса сақылдаған аяз бен қарлы боранды өзің көріп тұрғандай боласың.

Абай табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттейді. Ол қай мезгілді суреттесе де, оның шындық бейнесін көрсетеді. Табиғатты өз оқырмандарына аса шеберлікпен таныстырады.


1. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.

А) әдебиет

В) шеберлік

С) табиғат

Д) адам баласы [1]

2. Табиғаттың шындық бейнесін суреттеген ақын кім?

А) Ыбырай Алтынсарин

В) Абай Құнанбаев

С) Фариза Оңғарсынова

Д) Сәкен Сейфуллин [1]

3. Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

/оқиғамен, шеберлікпен, шындық, құбылыспен/

Абай табиғатты аса _____________ суреттейді. [1]


4. Тыңдалым мәтінінің мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз. [1]

Мәтіндегі ақпараттар

Шын

Жалған

Табиғатсыз адам өмір сүре алады.



Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар.



Абай табиғатты оқиғамен байланыстырмайды.




5. Сұраққа толық жауап жазыңыз. Табиғат дегеніміз не?

_____________________________________ [1]


ОҚЫЛЫМ

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Шымбұлақ – Қазақстанның ең танымал, саяхатшылар көп келетін тау-шаңғылық курорты. Әсем қала Алматы орталығынан 25 шақырым жерде, Іле Алатауы шатқалынан 2260 метр биіктікте орналасқан. Ауа райы келушілер үшін қолайлы болып табылады. Жаз кезінде орташа температура +20С болса, қыс мезгілінде -7С-қа дейін барады. Мұндағы қардың орташа деңгейі 150 см болады. Шымбұлақ қоңыр салқын күздің қарашасынан бастап мамырға дейін қар астында жатады.

«Медеуден» «Шымбұлаққа» дейін аспа жол бар. Оның ұзындығы – 4,5 шақырым. Бұл жерде түрлі сауықтыру орталықтары мен кешендер жұмыс істейді. Мұнда демалушылардың қауіпсіздігі қатаң қадағаланады.

Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Саяхатқа шықпас бұрын барар жердің климаты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз. Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз. Ауа райына сай киінуді де ұмытпаған жөн.

  1. Берілген тұжырымдардан екі «шын» ақпаратты анықтаңыз. [1]

Тұжырым

Шын

Жалған

Шымбұлақта ауа райы келушілер үшін қолайлы емес.



Аспа жолдың ұзындығы – 5,4 шақырым.



Шымбұлақта түрлі сауықтыру орталықтары мен кешендер қызмет көрсетеді.



Саяхатқа шыққанда ауа райына сай киіну керек.




2. Мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін табыңыз.

ыңғайлы (синоним) - ___________ [1]

3. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3). [1]


Мәтіндегі ақпараттар

Реті

А

Мұнда демалушылардың қауіпсіздігі қатаң қадағаланады.


В

Саяхатқа шықпас бұрын барар мекенің жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз.


С

Шымбұлақ – Қазақстанның саяхатшылар көп келетін тау-шаңғылық курорты.



4. Мәтін мазмұнына сай келмейтін сөзді көрсетіңіз. [1]

Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape7 Shape8 Shape9 Shape2 Shape10

танымал

қолайлы

аспа жол

сауда жолы








5. Сұраққа толық жауап жазыңыз.

Саяхатқа қалай дайындалу керек? [1] _________________________________________


ЖАЗЫЛЫМ [10]

Берілген тапсырмалардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмыста етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

1. Қазақтың ұлттық қолөнері.

Қазіргі кезде көпшілік қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда. Қазақ ұлттық қолөнеріне нелер жатады? Ойыңызды эссе түрінде жазыңыз.


2. Туған өлкемнің табиғаты

Сіз саяхаттағанды өте жақсы көресіз. Биыл жазда туған өлкеңіздің көптеген аймақтарына саяхат жасадыңыз. Саяхат өте тамаша болды. Сол уақытта қандай көрікті жерлер көрдіңіз? Қандай қызықты оқиғалар болды? Туған өлкеміздің табиғаты саған қандай әсер қалдырды? Ойыңызды сипаттама мәтіні түрінде жазыңыз.

_____________________________________________________________________________________________

АЙТЫЛЫМ [10]

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалог құрауда тура, ауыспалы мағынадағы сөздерді, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.

Ұсынылатын тақырыптар

1. Абайдың табиғат лирикасы.

2. Саяхаттың адам денсаулығына пайдасы

Балл қою кестесі

Тыңдалым, оқылым

Бағалау критерийі

Жауап

Балл

Білім алушы

Тыңдалым

С

1

В

1

шеберлікпен

1

Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар.

1

Табиғат тіршіліктің құт - берекесі./ оқушы жауабы ескеріледі

1

5 балл

Оқылым

188тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!