Материалдар / Қазақ тілін меңгерту жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілін меңгерту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолдары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.Т.Кошкарбаева

Астана қаласы

Б.Момышұлы атындағы

53 мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Қазақ тілін меңгерту жолдары

Тіл қай елде болса да – құдіретті де қастерлі. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгерту – қиынның қиыны. Ол мұғалімнен көптеген ізденісті талап етеді. Өзге ұлт балаларына қазақ тілін меңгертудің мынадай жолдары бар. Әр тақырып бойынша сөйлеу әрекетінің төрт түріне: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылымға сүйенеді.

1.Тыңдалым. Мұнда балалар бағдарламаның негізінде құрылған қазақша сөздерді, мұғалімнің сабақ жүргізуге байланысты қолданатын нұсқау сөздерінің мағынасын түсінулері керек.

2.Сөйлесім. Диалогтік сөйлесу. Балалар сабақ материалдары негізінде сұрақ қоя білулері және жауап бере білулері керек. Монологтік сөйлесу. Оқушылар өтілген материал негізінде кез келген тақырып бойынша хабарлама жасай алулары керек.

3.Оқылым. Оқушылар мәтінді оқып,өз беттерінше түсініп, сұрақтарға жауап беріп, мазмұнын өз сөздерімен айтып берулері керек.

4.Жазылым. Оқушылар қазақ тілінде жазудың техникасын игеруге тиіс, сөздерді қатесіз жазып, сұрақтарға жазбаша жауап берулері, сурет бойынша әңгіме құрастырулары, эссе жаза алулары керек.

Тақырыптық мәтіндерді оқыту екі кезеңнен тұрады:

1.мәтінге дейінгі жұмыс;

2.мәтіннен кейінгі жұмыс.

Қазақ тілін оқып-үйренуде фонетикалық жаттығулардың маңызы зор. Өйткені қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып үйренбеген оқушы тілді меңгеруі мүмкін емес. Сондықтан да тіл үйренушілердің сөздерді дұрыс айтуына көп көңіл бөлу керек. Әр сабаққа фонетикалық жаттығулар беріп, оларды сабақтың басында орындап отырады. Мұндағы мақсат- тіл үйренушілер зейінін бірден фонетикаға аудару, сөздерді дұрыс айтқызып үйрету.Оқулықта фонетикалық жаттығулар жеңілден ауырға қарай құрылады.

Мәтіннен кейінгі жұмыста «Сұрақтарға жауап беріңдер» тапсырмасы беріледі. Тіл үйренуші алдымен сұрақты тыңдап, мазмұнын түсініп, содан кейін ол сұрақтың орнына керекті сөзді қоюы керек. Мұндай тапсырмаларды орындаған кезде сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым түрлері өз жұмыстарын жүргізеді және тіл үйренушінің айту дағдысы қалыптасады. Лексикалық, грамматикалық біліктілікпен қатар мәтін мақмұнын білуді талап етеді.



Диалог. Тіл үйренуші үшін диалогтің маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді.

Диалогтік материалды мазмұны жағынан тақырыптық және рөлдік деп екіге бөлуге болады. Қазақ тілінде сөйлеуге үйрету сапалы болу үшін диалогті әр түрлі жағдаятта ұйымдастыру керек. Әсіресе, жұп пен жұптың, топ пен топтың арасындағы диалогтарды енгізген ұтымды. Оқушылар тілдесу арқылы бір-бірімен ой бөліседі, жөн сұрасады.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытатын әдістердің бір түрі – топтық жұмыс болып табылады. Бала алдымен тапсырманы жеке орындайды, содан соң жұпта, топта талқылайды. Яғни, олардың шығармашылық белсенділіктері дамиды, өз ойларын толық жеткізуге машықтанады, сөздік қорлары молаяды.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту жұмысына қойылатын талаптар:

-оқушылардың сөздік қорын байыту;

-жаңа сөзбен сөз тіркесін, сөз тіркесімен сөйлем құрау;

-сурет бойынша жаңа сөздерді атау;

-хормен қайталау;

-жұппен оқу;

-қазақтың ерекше дыбыстарын айта білу;

-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;

-байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.

Қазақ тілін үйретуде баланың тілге деген қызығушылығын ояту керек.Ол үшін тірек сөздер беріп, сол арқылы оқиғаны болжап мәтін құрастыру, оны жұпта және топта талқылату, тақырыпқа байланысты сұрақ қою және сурет бойынша сөйлетуге болады. Бұлардан басқа ойын лементтері, сурет бойынша жұмыс, техникалық құралдар арқылы оқыту жолдары да бар. Әр түрлі тәсілдерді қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты болмақ.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту – өзін қазақпын деп санайтындардың ғана емес, жалпы Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті азамат атаулының міндеті. Ал оны бақылап, бағыттау, тиянақтау- мемлекеттің міндеті.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!