Материалдар / ҚМЖ 6-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚМЖ 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы "Өз ойларын қайта қарау және көрсету"
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дене шынықтыру сабағы. Қысқа мерзімді жоспар


Бекітемін:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өз ойындарын қайта қарау және көрсету.


Оқу мақсаттары

6.1.6.1. Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын түсіну және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын түсіндіру және қолдануға үйрету.


Бағалау критерийлері

Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын түсінеді және қолданады.


Тілдік мақсаттар


Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

· қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

· пас, допты беру

· дәлдік, соққы

· үйлесімдік, реттілік

· тактика, стратегия

Талқылауға арналған сұрақтар:

· Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

· Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

· Тапсырма кезіндегі қимыл-қозғалыс реттілігін қандай?

· Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

· Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

(тайм-

менеджмент)

0-8мин


Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Үлкен бос кеңістік.

Сабақтың ортасы

(тайм-

менеджмент)

9-22мин


(С, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды.

(Т, ЖЖ, ҚБ) Осыдан кейін келесі тапсырма беріледі. «Тек қана жұптар». Оқушылар саны 16-20. Алаң ортасына диаметрі 12-16 м шеңбер сызылады. Оқушылар шеңбер бойына жұп құра, бірінен соң бірі орналасады. Жұптар арасындағы қашықтық - 1-2 м. Мұғалім екі ортаңғы ойыншыны тағайындайды. Олардың біреуі қашу керек, екіншісі оны қуып жетіп «дақтауы» керек. Белгі бойынша қашатын ойыншы дақтаушыдан қашады да, кез келген жұптың алдына тұра қалады, ал сол жұптың соңғы ойыншысы қаша жөнеледі. Ал егер «дақтаушы» қашқан ойыншыны қандай да бір жұптың алдына тұрғанға дейін, қолын тигізе алса, онда олар рөлдерімен ауысып, ойынды ары қарай жалғастырады.

Ойынның ережесі:

1. Жүгіру кезінде бір-біріне қолды не басқа да дене мүшелерін тигізуге болмайды.

2. Қашатын ойыншы жұптың алдына тұрғаннан кейін ғана жұптың соңғы ойыншысы қаша бастайды.

3. Қашатын ойыншы шеңбер ішімен жүгіре алмайды, әйтпесе ол қуалаушыға айналады.

Нұсқа.

Екі-екіден тұрған ойыншылар аяқтарын кең ашады. Бұндай жағдайда қашатын ойыншы жәй ғана жұптың алдына тұра алмайды. Алдымен ойыншылардың аяқтары арасымен еңбектеп өтуі тиіс. Ойын жүгіру кезіндегі қимыл-қозғалыс дағдыларын, реакция жылдамдығын, жүгіру қарқынын және ептілікті дамытады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын түсінеді және қолданады. Сұраңыз:

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Берілген тапсырмада қандай стратегиялар мен тактикаларды қолдандыңыздар?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, футбол доптары, фишкалар.


Қауіпсіздік ережесіне сілтеме: https://gigabaza.ru/doc/105337.html


Ғаламтор ресурстарына сілтеме:

Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html

http://futbol-prepod.narod.ru/index/0-7

23-34мин

(Т, Ж, ҚБ) Футболға арналған арнайы жаттығулар:

1) Қозғалыста допты тоқтату тебу (оң – сол аяқпен);

2) Допты қарсыласқа аяққа лақтыру, допты тебу (оң – сол аяқпен);

3) Допты қарсыласқа тізеге лақтыру оны тоқтату, және тебу;

4) Допты кеудеумен тоқтату және тебу.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Футбол сабағы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын түсінеді және қолданады.

Сұраңыз:

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Допты ұстап алу үшін қандай тактиканы қолдандыңыз? Доппен орын ауыстыру кезінде қандай айла-тәсілдер қолдандыңыз?

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, футбол доптары, фишкалар.




Қауіпсіздік ережесіне сілтеме: https://gigabaza.ru/doc/105337.html



Допты тоқтату техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=B6XoEuTKzwI


Сабақтың соңы

(тайм-

менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет? - деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.


Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Белгілер:

С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!