Материалдар / Реферат Педагогика 2курс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Реферат Педагогика 2курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Университетте беретін бөж тапсырмасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2024
52
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті










Реферат



Тақырыбы:Мұғалімнің өзіндік білімін жетілдіруі және өздігінен жетілуі

















Орындаған:Асенов Нұрлыбек

Тобы:Мдш 212

Қабылдаған:Данияров Т.











Түркістан 2024ж



ЖОСПАР:


1.Педагогтың кәсіби қызметінің негізгі өзегі

2. Педагогтың кәсіби мәдениет этикасы

3.Педагогтің жеке тұлғасы

а)Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде.

б)Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар.

4.Қорытынды

5.Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1.Педагогтың кәсіби қызметінің негізгі өзегі


Педагог өзінің кәсіби қызметінде мәдени-адамгершілік функциясын атқарудың негізгі шарттары:


1.Оқушымен өзін мәдени анықтаушы және өзін дамытуға қабілетті сияқты өмірдің субъектісі сияқты қатынас құру;


2.Оқытушы өзін оқушымен мәдениет арасындағы делдал сияқты қабылдауы оны мәдениет әлеміне кіргізуге қабілетті және әрбір бала тұлғасының әлем мәдениеті құндылықтары арасында өзін-өзі анықтауында қолдау көрсету,көмектесу;


3.Білім беруге мәдени процесс ретінде қатынас құру;


4. Мектепті біттұтас мәдени- білім беруші кеңістік түрінде қабылдау


2.Педагогтың кәсіби мәдениет этикасы


      Педагогикалық этика / әдеп/  - этика ғылымының  өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық  мораль ерекшелігін зерттейді,   педагогикалық еңбек  саласындағы жалпы адамгершілік  ұстанымдарының  жүзеге асыру  өзгешелігін  анықтайды, оның функциясын, этикалық санат  мазмұны принціптерінің өзгешелігін ашып көрсетеді.      Сонымен қатар, педагогикалық әдеп оқыту - тәрбиелеумен кәсіби түрде  айналысатын адамдар арасындағы    және кәсіби ортадағы адамгершілік  қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін және    мұғалімдер ортасында қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез –құлық   т.б.   зерттейді.

Негізгі бөлім

     Педагогикалық этика  педагогикалық мораль мен  моральдік құндылықтардың  негізгі санаттарының  түпкілікті  мәнін  қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен  мінез –құлқына, іс қимылына  және өмірлік  алуан түрлі құбылыстарға  т.с.с.    өзіндік баға беретін  мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен  ар-намыс  туралы түсініктер  жүйесін  моральдік құндылықтар  деп  атауға болады.  Педагогикалық қызметте  моральдік түсініктердің негізгі түрлерінің бәрі қолданылады, дегенмен, педагогикалық  қызмет пен қарым-қатынас тәрізді  түсініктер  этиканың жеке дара тарауына қатысты  педагогикалық   түйсіну  тәрізді   жекелеген  түсініктерді бөле –жара көрсетеді.  Осындай санаттың ішінде  кәсіби – педагогикалық борыш, педагогикалық  әділдік, педагогикалық ар-намыс  және педагогикалық бедел бар.   

     Әділдік дегеніміз жалпы алғанда,  адамдардың адамгершілік қасиеті мен   олардың қоғамдық  танымал  болуы, құқықтары мен міндеттері арасындағы  өзара сәйкестілік деуге болады;   педагогикалық әділдіктің: мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы барысында  олардың   тәртібін, қылығын, оқуға деген  көзқарас- құлшынысын, адамгершілік тәрбиелілік деңгейін анықтау мен бағалау  барысындағы  мұғалімнің  обьективтілігі мен оның адамгершілігіне өзіндік баға беретін  ерекше  сипаты болады.   Педагогикалық әділдік   өзгешелігі оқушылар мен педагогтардың   іс қимылды бағалау  және оған қатысты  жауап рекциясының  әр түрлі адамгершілік деңгейде болуында;  педагог обьективтілігінің  өлшемін анықтау көбінесе  педагогқа байланысты болады; өзіндік қорғаныс деңгейі әр түрлі тараптар ара-қатынасының  көбінесе жалпы моральдік бағалауға  түсетіндігінде;   ең ақыр аяғында педагогпен  алдын  ала бағдарламаланған  педагогикалық қажеттіліктерді  балалардың түсінбеуінде; 

     Кәсіби  педагогикалық борыш – педагогикалық әдептің ең маңызды  санаттарының бірі. Өзінің еңбегіне деген шығармашыл көзқарас, өз-өзіне қатаң  талап қою, кәсіби білім-білігі мен педагогикалық шеберлігін  арттыруға деген құлшыныс, оқушыға , оның  ата-анасына  деген құрмет көрсету және талап қою қажеттілігі, мектеп өмірінде кездесетін қиын  да,  күрделі шиеленістерді  шеше білу  тәрізді  өзгеше іс –қимыл  педагогтың кәсіби борышына  жатады.         

Кәсіби ар-намыс бұл  педагогикада мұғалімнің өз маңыздылығын түсініп қана қою емес,  сонымен қатар оның  қоғаммен танылуы және моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның құрметі  деген түсінікті  білдіреді. Педагог  мамандығында   жеке бастың  ар-намысы  мен  қасиетін түсіну сезімі  ерекше байқалып тұрады.    Егер мұғалім  өз мінез –құлқында және  тұлғалармен ара –қатынас барысында педагог идеалына қойылатын  талаптарды бұзған  болса,   осыған сәйкес  кәсіби  ар-намысқа, педагогтың  адамгершілік  сипатына немқұрайлы қарау әрекеті  демонстарцияланады.   Мұғалімнің ар-намысы – оның  кәсіби борышын орындау барысында көрінетін  нақты  кәсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.    

     Мұғалімнің педагогикалық беделі-   оның оқушылар мен мұғалімдер және әріптестер  ұжымындағы  моральдік  статусы , бұл құрмет пен қошаметке ие болып жүрген  беделді де,  құрметті  ұстаздың  тәрбиеленушілердің тәртібі мен   нанымдарына  әсер ететін өзіндік тәртіп  түрі. Педагогикалық бедел мұғалімнің  осыған дейінгі  алған  моральдік-этикалық және психологиялық-педагогикалық  даярлығына байланысты. Оның деңгейі білімнің , зеректіктіктің , шеберліктің тереңдігімен және  өз еңбегіне  деген ерекше қатынасымен т.б. анықталады. 

     Педагогикалық  әдеп құрамына  адамгершілік санадан адамгершілік тәжірибеге көшудегі  адамгершілік шығармашылық элементі енеді.   Мұғалімнің  адамгершілік шығармашылығына көптеген жиынтықтар енгізіледі, оның ішінде аса маңызды деп саналатын: педагогикалық мамандықтың  қоғамға қатысты  нормалары мен оның маңыздылығын түйсіну; түрлі күрделі  оқиғалар орын алған  жағдайда, оның пайда болу жағдайын түсіну;  адамгершілік-педагогикалық  нормаларға сәйкес  ең  үлгілі  әрекетті таңдау қажеттілігі;     

   Педагогикалық тәртіп  - мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын   педагогикалық моральді іске асыру  түрі.  Тәртіп – іс-қимылдың  барлық обьективтік  әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала  көре білуді көздейтін  адамгершілік  тәртіп.   Осы арқылы  мақсатқа  жетудегі  барынша  жеңіл және мейлінше  жағымсыз түрде жету ізденісі  көрінеді.   Педагогикалық тәртіп – үнемі  шығармашылықта  және  ізденісте болу деген сөз. 

     Мұғалімнің тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп отырған адамды тыңдай білуі , оны түсіне білуі,  ара-қатынастағы іскерилік,  бірбеткейсіз ұстанымдылығы,  сабырлылығы , адамдарға қатысты  ерекше зейіні мен сезімталдығы т.б. педагогикалық тәртіпке жатады.

      Мұғалімнің педагогикалық  мәдениетіне қойылатын талаптардың ішінде педагогикалық  тәжірибенің  даму барысында қалыптасқан жалпы адами  мәдениет те бар.  Бірақ  педагогикалық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік үйлестірудің де  өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені педагогтың  іс –қимылын ешкім  бақыламайды ғой. Ол көбінесе  өз қылығын өзі  бағалайды,  өзі түзетеді.  Сол себепті    мұғалімнің моральдік «барометрі» педагогикалық  ұяты аса сезімтал және  жоғары деңгейлі болуы шарт.  

     Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі  педагогикалық  ұстанымдар мен  моральдан туындайтын адамгершілік  талаптар үйлесімін анықтайды және оның  педагогикалық қызмет үдерісіндегі  ара-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді.  Педагогтың кәсіби тәртіп  кодексінің басты  мақсаты  мұғалімнің өз-өзіне , педагогикалық еңбекке , оқушылар  мен  мұғалімдер ұжымына деген  ара-қатынасын анықтайтын  негізгі  талаптарды белгілеу   болып табылады.  

      Педагог тәртібі оның  педагогикалық әрекеттеріне  адамгершілік тұрғыдан реттейді.   барынша толыққанды  кәсіби- этикалық сипаты мен  мақсатқа сәйкестігі  педагогикалық тәртіптің келесі сипаттарында ( мінез- құлықта)   ұсынылған: 

-  талапшылдық , жеке бастың қасиетін  қорламау,  түртпектей бермеуінде;

- қарым-қатынас барысында  табиғилық, қарапайымдылық танытып,  мәймөңкелік пен  өрескелдікке жол бермеуінде; 

-бірбеткейліксіз  ұстанымшылдығы   және табандылығында;

- аса дабыраламайтын зеректік пен  сезімталдығында;  

-тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл-сықақ қолдана білуінде;  

-иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау  және қысымшлық пен  қорлықсық жазалай білуінде;

-өз білімі мен кәсіби даярлық деңгейіңнің артықшылығын  атап айтпай-ақ білім алушыларды  оқыту және тәрбиелеу білу  қабілетінде;  

-білім алушыларды  тыңдай білуі, оның  және өзгелердің сұрақтарға берген жауаптарына  тыңғылықты  қарай білуінде; 

 Жоғарыда аталған  педагогикалық тәртіп  түрлері  педагогтың  түрлі  оқу –тәрбиелік  міндеттерін  шешу барысында көрініп, олардың кәсіби қызметінің  тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді. 

       Кәсіби әдеп сипаты  келесі  жағдайда  көрінеді:  

 - педагогтың сыртқы келбетінен;

 - кез келген орын алған жағдайды  жылдам және  дұрыс бағалай білуі,  сондай –ақ өз тәрбиеленушілерінің тәртібі мен қабілеті  туралы қорытынды жасауға  асықпауынан;  

 - өз –өзін ұстай білу, қиын  жағдайда сезімге жол бермей,  салқынқандылық танытуынан; 

 - оқушыларына  қоятын  талаптарының ойға сыйымдылығы   мен оларға деген сезімталдығынан;

 - оқушылардың  жас  және   жеке –дара ерекшеліктерін жақсы білуінен;

 - өз еңбегіне  сыни көзқараспен бағалай білуінен;  

      Әдепті  педагог жұмысқа, іскери кездесулерге уақытында келеді;   өзінің әріптестеріне, оқушыларына, олардың ата-аналарынан  алған заттарын уақтылы қайтарады;   айналасындағы  адамдарға залал келтіретін ,  алып-қашпа сыбыс пен  расталмаған фактілерді дауыстап  қайталамайды;

      Педагогикалық  тәртіп  қолданылатын  педагогикалық әсер етудегі  әдіс, тәсілдердің негізділігімен және икемділігімен  сипатталады.  Ол  бір қалыптылық пен  формализмге төтеп бермейді. Тәртіп негізі –  педагогтың шыдамдылығы мен  салмақтылығында.  Педагог ретінде шығармашыл ұжымды басқарушы тәртіпті  басшының  басты қасиеті  - жоғары талап қоя білу, тәрбиеленушілерге  шынайы  құрмет көрсету. «Тәртіп» түсінігі  көптеген жиынтықтардан құралады,  бірақ, олардың бәрі кішкентай адаммен және  оған деген ерекше сезімталдықпен, қамқорлықпен байланысты.    Педагогикалық тәртіп – мұғалімнің  педагогикалық қызметіндегі сан түрлі жоспарлы рөлі  шартты  мұғалім мінезі мен тактикасының  икемділігін көздейді.  Сабақта — нақтылық, сыпайылық, ұжым сабаққа дайын болмағанда  қаталдық.   Сабақтан тыс уақытта  — жеке әңгімелесу , саяхат кезінде, серуен барысында аса қажет болатын шынайылық, ақжарқындық. 

     Педагогикалық  тәртіп икемділігінің орнына  айқай салу, көп сөйлеу, ызақорлық  таныту кезінде   педагогикалық кәсіби қызметті  тез арада  керісінше сипаттағы  педагогикалық  әлсіздікке айналдыруға болады   деп тұжырымдайды психологтар.  Бұл  дәрігердің сырқат адамға  көмек көрсетудің орнына,   оны ұрып тастауымен пара-пар деген сөз.

      Кәсіби- педагогикалық қарым-қатынас әдебінде стиль де маңызды  рөл атқарады.  Педагогтың оқушыларымен ара-қатынас  стилі – бұл әлеуметтік  және адамгершілік  санат.  Ол көптеген  маңызды факторларға  сай қалыптасуымен қатар, соған тәуелді болады:  

 - адамның психикалық қалыптасуына;

 - оның құндылық бағытына; 

 - білім деңгейі мен жалпы мәдениетіне;

 - маңындағы  әлеуметтік ортаның әсеріне; 

 - адамдардың беделіне (педагогтың қалыптасыуына  барынша ықпал еткен тәжірибелі педагтардың  өнегесі) 

       Ешқандай сауалнама  жинақтары мен ешбір сауал-сұрақ  өткізу жұмыстары  мұғалім мен оқушы , тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы тікелей  қарым-қатынасты ауыстыра алмайтынын тәжірибе көрсетіп отыр.  Бұл үрдісте  мұғалім тарапынан көбіне ақпараттық мәлімдеме  басым болады. Мұғалім осындай қысым көрсеткен жағдайда, қарым-қатынас жоғалып, түсініспеушілік орын алады.  Мектеп педагогы  өзінің  оқушыға жасайтын  психологиялық  ықпалын ескере бермейді, ал бұл болса назардан тыс қалмайтын  жағдай.  Педагог әр баланың жүрегіне  жол тауып, оның жан дүнесінің  «құлпын» аша білуі тиіс.   Ол өзінің бір ауыз сөзі  бала өмірінде  үлкен рөл атқаратынын және оны өмір бойы  есіне сақтап қалатынын білуі керек.      

   Педагог пен оқушы  қарым-қатынасының талаптарын  қалыптастыру қажет десек, олар:

 — сенімділік;

 — баланы тыңдай білу;

 —өз ара түсінушілікті негізге алу;  

 — іскери қарым-қатынас;

 — ықпал етуден өз ара әрекет жасауға көшу қабілеті;       

 Бұл үрдерістің  барысындағы   ең маңыздысы  мұғалімнің қарым-қатынас шығармашылығы болып табылады.   Бірдей тапсырманы, бірдей әңгімені  мұғалім әр түрлі  ырғақпен , әр түрлі көңіл-күймен  беріп, өткізе алады.   Педагогикалық қарым- қатынастың  маңыздылығын ескере отырып «Сыныпқа кіретін  педагогқа  бірнеше  ереже»  ұсыныбақшымыз:

1.      Өзіңіздің балалармен қарым-қатынасыңыз туралы ойлаңыз, оны құрыңыз;

 2. Педагогикалық қарым-қатынас құру кезінде педагогикалық мақсатты ғана көздеп қоймай, баланың мүддесін де ескеріңіз.

 3.Өз сөзіңізді бір балаға  немесе  балалар тобына нақты бағыттаңыз.  

4. Қарым –қатынасты  «билік» түрінде құрмаңыз. Ең кішкентай сәбидің де қарым-қатынаста   өз еркіндігіне талпынатыны  есіңізде болсын. 

 5. Балалар ұжымындағы  психологиялық  атмосфераны  тани біліңіз, бұл баламен қарым-қатынасқа  көмегін тигізеді.  

 6. Балаларды тыңдай біліңіз.

 7. Өзіңізбен қарым-қатынас кезінде  олардың көңіл-күйін сезе  біліңіз. 

 8. Балалар арасында  егестер болуы мүмкін  екенін және өзіңіздің педагогикалық  дәрменсіздігіңіз арқылы оны ушықтырып алуға болатынын    ұмытпаңыз.

9. Баланың қателігін айту кезінде  әдептірек болыңыз.

 10. «Қиын»  мәселелерден аулақ болу үшін «неге?» , «не үшін?» деген сұрақтан бастаңыз.

11. Қарым-қатынас барысында бастамашыл болыңыз.  

12. Қарым-қатынас кезінде әсіресе  қыздарға көңіл бөліңіз.  Олар  мейлінше  нәзік,  әрі  эмоцияға  жақын.

13. Балармен қарым-қатынас кезінде  бір қалыпта ( тура жоспар бойынша) әрекет жасаудан аулақ болыңыз. 

14. Кейбір балаларға деген жеккөрішін сезімінен аулақ болып, оны  жеңе біліңіз.

15. Констурктивті бастамасыз жасалған жұмыс   (тек  қана сынау )  еш нәтиже бермейді. 

16. Балаларға жиі күлімсіреңіз.

 17. Балаларды жиі қолдап, мадақтап, мақтап  отыруға тырысыңыз. 

 18. Балалар сіздің өзіне қалай қарайтыныңызды білуі тиіс. Баланың  тәртібіне  берген сіздің бағаңыз оның өзіңізге деген  қарым-қатынасын  қалыптастырады. 

 19. Әр баламен қарым-қатынасыңызды есте сақтаңыз. Есіңізде болсын, Сіздің  қарым-қатынасыңыздың өзгеруі  баланың негативтік  тәртібіне әкеп соқтырады. 

 20. Әр әңгімеге  дайындалып, әңгімелесу  стратегиясын құру керек.  

21. Балалардың  өсіп келе жатқаны және олардың  алғашқы тәртібі   өзгеріп отыратыны есіңізде болсын.  

 22. Мұғалім мен  сыныптың, тәрбиеші мен топтың арасында   кедергілер  орын алуы  мүмкін. Бұл арада топтағы, сыныптағы, балалар арасындағы   әлеуметтік-психологиялық жағдайды ескеру керек. 

      Сонымен қатар ынталандыру, жазалау және мадақтау  тәсілдерін  пайдалана отырып, мұғалім әр балаға  қатысты ерекше  әдепті болуы тиіс.  Оқытушыны ұжымы қолдамағанда немесе оқушылар бұл мақтау  негізсіз  деп есептеген  жағдайда  мадақтау әдепсіздік.   Жаза қолдану кезінде тәрбиеленушіге құрмет пен талапты біркелкі қоя білу өте маңызды.  Оқушы қылығына ренжуге, әсіресе  бар ашуды  баладан алуға , жеке басын қорлауға  жол бермеңіз.   

     Кәсіби  этика  әріптестерімен және басқа адамдармен түрлі жағдайларда,  ресми және  бейресми  қарым –қатынастар барысында көрінетін  маманның  жалпы мәдениеттілігі деңгейінің  жоғары болуын  көздейді.  Демек, педагогтың  өмірінде  қарым-қатынас мәдениеті ерекше  рөл атқарады.    

  Әдепті және  қарым-қатынас мәдениетінің негізгі талаптарын  білу  педагогтың  өзіне де,  өзі оқытып, тәрбиелеп жатқан  балаларға да  қажетті.

     Мұғалім  сенімділік, сыйластық және сүйіспеншілік тәрізді  сезімдерді тудыра білуі керек, оларсыз ұстаз  шынайы бедел  болмайды.   Өзіңізге айналадағы адамдардың  қалай қарайтыны жөнінде  және ол неге байланысты  екенін ойланып көріңіз. 

    Адамдармен  жақсы қарым-қатынас  құру  мұғалімнің кәсіби қасиеті  - оқушыны тыңдай, ести білуіне  тәуелді.  Педагогтың ең маңызды  кәсіби қасиетінің   бірі –  көшбасшылық  қабілетінде.


3.Педагогтің жеке тұлғасы

А)Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде

Педагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицияларының позицияларының нақты болуы педагогикалық мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және сапасын дамытумен байланысты. Көп жылдар бойы педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде оқушы саналды. Ал, мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің объектісі ретінде көрінеді.

Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан – педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.

Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.

Педагогтың әлеуметтік позициясы жалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікір, түсінік, бағалы құндылықтары жүйесінен туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда педагогикалық мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген мотивациялық-бағалы қатынас қалыптасады. Педагогикалық іс-әрекетке деген мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім бағыттылығынан көрінеді.

Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияны да анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ олардың арасында жеке тұлғаның кәсіби бағдары, дара типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді.

Л.Б.Ительсон педагогикалық позицияларға мынадай сипаттама береді. Педагог:

Егер ол талап, норма, көзқараспен т.б. ғана шектелсе, онда ол – ақпаратшы.

Егер ол бала жанын түсінуге ұмтылса, онда ол – жолдас.

Егер ол тәрбиеленушілердің санасына норма мен бағалы құндылықтарды күштеп игертсе, онда ол – диктатор.

Егер ол осторожное уговариваниені пайдаланса, онда ол – кеңесші.

Егер ол тәрбиеленушінің алдында төмендеп, одан қандай болу керектігін сұраса, онда ол – сұраушы.

Егер ол тәрбиеленушіні мақсат, идеялармен, перспективалармен қызықтырса, онда ол – вдохновитель.

Бұл позициялардың әрқайсысы тәрбиешінің жеке тұлғасына байланысты

жағымды және жағымсыз әсер беруі мүмкін.



Б) Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар

Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық ретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады.

Кәсіби даярлық мазмұны педагогикалық білім беру мақсаты ретінде профессиограммада беріледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті көрсетіледі.

Қазіргі кезде мұғалімнің профессиограммасын құрастырудың бай тәжірибесі жинақталған. Бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыра алатын үш кешенді атап көрсетуге болады:

жалпы азаматтық сапа,

мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар,

мамандық немесе пән бойынша арнайы білім, іскерлік, дағды.

Психологтар профессиограмманы құрғанда педагогикалық

қабілеттерге тоқталуды ұсынады. В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді, педагогикалық шығармашылықты және зейінді бөле алу қабіліттілігін көрсетеді.

А.И.Щербаков маңызды педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, құрылымдық, перцептивті, экспрессивті, коммуникативті, ұйымдастырушылықты көрсетеді. Сонымен қатар ол мұғалімнің жеке басының психологиялық құрылымында жалпы адамзаттық сапаны, адамгершілік-психологиялық, әлеуметтік-перцептивті, дара психологиялық ерекшеліктер және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бөледі. Практикалық іскерліктер мен дағдыларға:

жалпы педагогикалық (ақпараттық, мобилизациялық, дамытушы, бағдарлаушы),

жалпы еңбек (құрылымдық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік),

коммуникативті (әр түрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас),

өздігінен білім алу (білімді жүйелеу және қорытындылау, оларды педагогикалық есептерді шешуде, жаңа ақпарат қабылдағанда қолдана алу).

Мұғалімнің профессиограммасында оның жеке басының бағыттылығы маңызды орын алады. Оның бағыттылығының сипаттамасына: әлеуметтік-адамгершілік, кәсіби-педагогикалық, танымдық бағыттылығы жатады.

Педагогикалық бағыттылық негізі мұғалім мамандығына қызығушылық болып табылады. Оның өзі балаға, ата-анаға, педагогикалық іс-әрекетке дұрыс қатынасынан көрінеді. Педагогикалық атағының педагогикалық қызығушылықтан айырмашылығы, ол педагогикалық іске деген қабілеттілік.

<
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!