Материалдар / Табыстың көзі – кәсіптік білім
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Табыстың көзі – кәсіптік білім

Материал туралы қысқаша түсінік
«Түйір нан – тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Табыстың көзі – кәсіптік білім


«Түйір нан – тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет.

Бүгінгі таңда қоғамның  басты талаптарының бірі әр азаматтың өмірде өз орнын тауып, қоғамдағы  байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады. Еңбек  тәрбиесінің басты мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағды мен  қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады. Кәсіп, еңбек - адамның қабілеттілігі мен бейімділігіне қарай бір іспен айналысуы. Әбу Насыр Әл-Фараби: «Бұл қазынаның бәрін халық жасайды, ол адал да ерінбей  еткен еңбектің жемісі» деген болатын. Кәсіптік білім беру ұйымының жалпы мақсаты – тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту – білімділікті, тәрбиелікті, жалпы және кәсіби дамуды білдіреді. Осы мақсаттарды негізге ала, педагогикалық процесс үш негізгі өзара байланысты функцияны іске асыруға тиісті, олар – білім беру, тәрбиелеу және дамытушы болып табылады.Ал, ұрпақ тәрбиесінің жақсы болуы - елдің жарқын болашағының кепілі.

Кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру туралы Президент Қ.К.Тоқаев: «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» деп атап өтіп, ол үшін үкіметке  бизнес қауымдастығы мен жұмыс берушілер өкілдерін қатыстыра отырып, кәсіптік-техникалық кадрлар дайындау жөнінде ұлттық кеңес құруды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында біздің аймақта кәсіптік білім берудің еңбек нарығына қажетті мамандар даярлауға, қайта даярлауға, кадрлар біліктілігін арттыруға бағытталған үш бағдары белгіленді. Кәсіптік білім беру саласын жұмыс берушілердің сұранысы мен еңбек нарығын бағдарлай отырып әрекет етуге бейімделуде. Адам дамуының ең басты кепілшісі – еңбек. Еңбек адамы деп өзінің кәсібін терең меңгерген адамды айтуға болады. Ол –фермер, кәсіпкер, дәрігер, мұғалім т.б. Қазіргі жастардың басты мақсаттары оқып, жұмыс жасап, табысқа кенелу. Осы тұрғыда жастарды қолдау, олардың ел аумағында кірпіш болып қалануы үшін біздер тыңбай еңбек етіп, олардың алға жағып шығар шырақшылары болып отырмыз.

Түлектеріміздің еңбек аймағына деген алғашқы қадамын жұмыспен қамту орталықтарына «Еңбек биржасы» электронды үкіметіне тіркеуден бастаймыз. Бұл біздің түлектеріміздің болашақта жақсы қызмет етіп кетуіне тілектестігімізді білдіреді.

Түлектеріміз меңгерген кәсібі бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында Жастар практикасы бойынша жұмыстарға орналастырылады. Жастар практикасы мол тәжірибе мен іскерлікті үйреніп кәсіпкерлікке жол бастауға үлкен мүмкіндік. Қазіргі таңда түлектеріміздің 25 пайызы жастар практикасымен қызмет етуде. Одан бөлек «Алғашқы жұмыс орны» атты бағдарлама бойынша өз еңбектерін табуда. Бұл бағдарлама өзінің мамандығынан бөлек, таңдаған бағытында қызмет етуіне мүмкіндік.

Біздегі 2ж 10 айлық курстарда оқитын түлектеріміз кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатындағы үкіметтен «Қайтарымсыз несие» бағдарламасы бойынша малшаруашылығы және жеміс-жидек шаруашылығы бағыттары негізінде қаражатпен қамтылып кәсіптерін бастап жатыр.

Мал шаруашылығы біздің ата-бабамыздан келе жатқан кәсіптің ең үлкені. Осы бағыт бойынша біздің түлектеріміздің арасында малшаруашылығын үлкен кәсіп етіп, үкіметтен ауылшаруашылық бойынша кепілді микрокредиттер алып, ауданымыздың белді азаматтары атанып отырғандар да бар. Олар біздің әлеуметтік серіптестеріміздің қатарына енуде.

Оның бір дәлелі, колледж түлектері, ағайынды Қайыржанов Амандық пен Тұрар «Бизнес бастау» жобасы бойынша қайтарымсыз несие алып, колледжде оқыған Тракторист-машинист, көлік жүргізушісі мамандықтары бойынша «Машина жөндеу» СТО орталығын ашып, өз кәсіптерінің жемісін көріп отыр.

Ұрпақ – еліміздің, ұлтымыздың болашағы. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Сондықтанда оқушыларға кәсіптік бағдар беру ісін сәтті ұйымдастыра білу – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Осындай мақсатты істі жүзеге асыруда бар жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамыту және оған жан-жақты терең білім беру ісінде колледж ұжымы аянбай еңбек ете бермекші. Ендеше келешектің иесі бүгінгі ұрпаққа білім беріп қана қоймай, келешектің көкжиегіне қол жеткізетін мамандықтарға жол сілтеуіміз хақ.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!