Материалдар / Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық

Материал туралы қысқаша түсінік
1 қыркүйек білім күні
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
28
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Тәрбие сағаты

Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық

Күні

01.09.2022ж

Класс жетекші

Тайбаканова Мадина Жумабековна

Класс: 5 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды. ( Д.И.Менделеев)

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға еңбектің адам үшін маңыздылығын жан – жақты аша отырып, отаншылдықпен білімге деген қабілетін дамыту.

Құндылықтарды дарыту:

Отансүйгіштік, еңбекқорлық

Ресімдеу:

Слайд

Музыкалық және бейне көркемдеу:

Плакат

Үлестірмелі материалдар:

Таратпа қағаздар,

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

«Менің саяхатым» көрмесі

Дайындыққа арналған әдебиет

Мақал – мәтелдер жинағы , интернет материалы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар Сабақтың техникалық құрал - жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі

( 7 минут)

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады. (аудиозапись қосылады)



«Көршіге - комплимент»
Әрбір қатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді. Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

Топқа бөлу.

Еңбекші баланың, Отанның, оқулықтың суреттері арқылы топқа бөлінеді.

І топ. «Білім»

ІІ топ : «Отан»

ІІІ топ: «Еңбек »


Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді, партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.

Оқушылар кезектесіп өздерінің көршілеріне жылы лебіздерін айтады.



Қиынды қағаздарды таңдай отырып, үш топқа бөлінеді.


Сабақтың басы

(13 минут)

«Таза тақта» әдісі

Тақтада тақырыпқа сай суреттер ілінеді. Оқушылар сол суреттерді талдай отырып, сабақтың тақырыбын ашады.

«Білгенге маржан»

  • 1-қыркүйек мерекесі Кеңес заманында пайда болған екен. Ресми түрде «Білім күні» ретінде 1984 жылы Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен бекітілген.

  • Қазақ даласындағы алғашқы мектепті Әбілқайыр ханның шөбересі Жәңгір хан ашты. Мектеп 1841 жылы ханның ордасында ашылып, жоспарға сәйкес балаларды Ресейдің арнайы оқу орындарына қабылдау үшін дайындау керек еді.

  • 1845 жылы қайтыс болғанға дейін, хан мектепті өз қарамағында ұстап, өзінің табысы есебінен қажеттіліктеріне ақша беріп отырған және онда мұғалім болып жұмыс істеген.

  • Қазақстандағы келесі мектеп ағартушы, ғалым және ақын Ыбырай Алтынсариннің арқасында пайда болды.

  • Алтынсарин 1864 жылы 8 қаңтарда Қостанайдың орталығында мектеп ашты. Ыбырай Алтынсарин осыған орай өзінің әйгілі «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жазды.

Фотосуреттерге қарай отырып тақырыптың мазмұнын ашады.



Оқушылар білім күні, қазақтың мектептерінің ашылуы туралы алғашқы мәліметтермен танысады.


фотосуреттер






интербелсенді тақта, слайд

Сабақтың ортасы

(20 минут)

«Пазл»әдісі.

Әр топқа 3 түрлі сурет қиындылары беріледі. Құрастырылған суретке тақырып қойып, қорғау тапсырылады.

«Шатастырылған логикалық тіркестер» әдісі

Шатастырылған сөздердің қиындылары беріледі. Сол қиындылардан мақал құрастыру тапсырылады.

-Отан үшін күрес —

Ерге тиген үлес.

-Отансыз адам —

Ормансыз бұлбұл.

-Отан — елдің анасы

Ел - ердің анасы

-Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

-Еңбек етпей елге өкпелеме,

Егін екпей жерге өкпелеме.

-Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

-Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер.

-Оқу - білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.

-Білімдіге дүние жарық.

Білімсіздің күні ғаріп.

-Ғылым - теңіз, білім - қайық.

-Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

Сурет қиындыларын құрастырып қорғайды.




Мақалдың жалғасын табады.



мақал қиындылары

Сабақтың соңы

(5 минут)

«Білімімді қорытамын»

Әр топқа өз топ аттарына сай сөз тіркестерімен постер құрайды.


«Гүлге қонған көбелек» әдісі

Оқушылар таратылған көбелекке сабақтан алған әсерлері туралы жазып, гүлге қондырады.

Еңбектің білімнің, отаншылдық қасиеттер туралы өз ойларын қорытындылап айтады.

Көбелектерді гүлге жабыстырады

А4 парақ, фламастер





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!