Материалдар / Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Уеиверситеті ғылыми-білім беру және қоғамдық өмірдің түрлі оқиғаларына бай, ол жастардың ынта-жігерімен және тәлімгерлердің даналығымен, білімнің қуатты энергиясымен және ғылыми ойдың күшімен қаныққан. Студенттердің, оқытушылар мен ғалымдардың көптеген ұрпақтарының шығармашылық ізденісі мен қажырлы күнделікті еңбегі еліміздің алғашқы университетінің даңқты тағдырын айқындады.Университет Халықаралық университеттер қауымдастығының мүшесі және Еуразиялық университеттер қауымдастығының тең құрылтайшысы бола отырып, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірінші болып Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Сонымен қатар, біздің университет QS World University Rankings рейтингінде 150-ші орында, еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып QS Stars - "Төрт жұлдыз" артықшылық белгісіне ие болған, Әл-Фараби әлемнің үздік 210 жоғары оқу орнының қатарына енген универлер қатарындағы беделді оқу орталықтарын
Авторы:
03 Мамыр 2024
58
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Уеиверситеті ғылыми-білім беру және қоғамдық өмірдің түрлі оқиғаларына бай, ол жастардың ынта-жігерімен және тәлімгерлердің даналығымен, білімнің қуатты энергиясымен және ғылыми ойдың күшімен қаныққан. Студенттердің, оқытушылар мен ғалымдардың көптеген ұрпақтарының шығармашылық ізденісі мен қажырлы күнделікті еңбегі еліміздің алғашқы университетінің даңқты тағдырын айқындады.Университет Халықаралық университеттер қауымдастығының мүшесі және Еуразиялық университеттер қауымдастығының тең құрылтайшысы бола отырып, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірінші болып Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Сонымен қатар, біздің университет QS World University Rankings рейтингінде 150-ші орында, еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып QS Stars - "Төрт жұлдыз" артықшылық белгісіне ие болған, Әл-Фараби әлемнің үздік 210 жоғары оқу орнының қатарына енген универлер қатарындағы беделді оқу орталықтарының бірі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "психология" пәнінің де маңыздылығы даусыз, өйткені ол студенттерге табиғаты мен мінез-құлқын кешенді және терең түсінуді қалыптастыруда өте маңызды рөл атқарады. Осылайша, біз психологияда терең зерттелетін “Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет” тақырыбына тоқталып кетсек.

Психология – адамның психикасы мен мінез-құлқын, сондай-ақ қоғамдағы жеке адамдардың өзара әрекетін зерттейтін ғылым. Ол адамның тәжірибесін, оның ішінде ойларды, эмоцияларды және әрекеттерді түсінуде маңызды рөл атқарады. Психологияның қоғам және әрбір адам үшін маңызын асыра бағалау қиын, өйткені ол адамның ішкі дүниесін және оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын түсінуге көмектеседі.

Сонымен қатар, психологияда тұлғаға өзінің ерекше әсерін тигізетін «темперамент, мінез жіне қабілет» ұғымдары бар.

Ең алдымен, «тұлға дегеніміз кім?»- деген сұраққа жауап беріп алайық.

Тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Тұлға құрылымын қарастырғанда  оған   қабілеттерді, темпераментті және  мінезді енгізеді.

«Қабілеттер» дегеніміз   бұл  түрлі іс-әрекеттердегі  табыстарын анықтаушы адамның  жеке басының тұрақты қасиеттері.

«Қабiлет» түсiнiгiнiң бүгiнгi ғылым қабылдап отырған үш негiзгi көрсеткiшiн атайық:

1. Қабiлет – бiр адамды екiншiсiнен ажырататын дара психологиялық ерекшелiк. Баршаға бiрдей тəн қасиеттерi қабiлет бола алмайды.

2. Қабiлет – барша тұлғаға тəн болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бiр не бiрнеше iс-əрекеттi табысты орындауға жарайтын өзара ептiлiк.

3. Қабiлет – нақты адамда топталған бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардан оқшау, қажет əрекеттi игеру желiсiнде ғана көрiнедi.

Темперамент — организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.

Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.

Оның  тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» — қан, шырыш, өт, запыран — өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді.

Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole — өт), меланхолик(melaschole – запыран).Олардың әр қайсысына қысқаша тоқтала кетсек:

  • Сангвиник- бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш адам. Ондай адам ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді.

  • Флегматик- бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысадыжәне орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты.

  • Холерик- бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді.

  • Меланхолик -бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай аадамдр өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды.

Тұлғаны қалыптастыратын келесі ұғым “Мінез”. Мінез — әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.

Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған — ертедегі грек философы Теофраст (б. з. д. IV—III FF). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де (XVIII ғ.) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған.

ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.

Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алсын және оның өзіңдік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын саналы өзгешілік. Ол көп қасиеттің бірлігі, адамды әр қырынан көрсететін қасиет.

 Қазіргі уақытта психология өмірдің әртүрлі салаларында, жеке дамудан бастап медицина мен бизнеске дейін шешуші рөл атқарады. Қазіргі қоғамдағы психологияның маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес себебі, психология бизнес пен ұйымдарда маңызды рөл атқарады. Адамның мінез-құлық механизмдерін түсіну көшбасшылар мен менеджерлерге салауатты және өнімді жұмыс ортасын құруға, қақтығыстарды басқаруға, қызметкерлерді ынталандыруға және топтық жұмысты дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, осы мақалада қарастарап кеткен «Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет» тақырыбына келетін болсақ, бұл тақырып денсаулық пен өзін-өзі дамыту саласында темперамент пен мінезді зерттеу адамдарға өз қажеттіліктері мен ұмтылыстарын жақсы түсінуге, сондай-ақ өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі дамыту стратегияларын дамытуға көмектеседі.

Осылайша, «Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет» тақырыбын қоса алғанда, психологияны зерттеу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру процесінде маңызды рөл атқарады, студенттерге өздерінің жеке қасиеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамға сәтті бейімделуге және өздерінің кәсіби әлеуетін іске асыруға көмектеседі.




Тленчиева Н.С.

Педогогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә.Ж.

Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.

Таттығали Рауза

«Менеджмент» мамандығының 1 курс студенті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!