Материалдар / ҮЙДЕН ОҚИТЫН ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҮЙДЕН ОҚИТЫН ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҮЙДЕН ОҚИТЫН ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Авторы:
03 Мамыр 2024
63
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҮЙДЕН ОҚИТЫН ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Лекерова Сағыныш Асланқызы

Талдықорған қаласы, 4 ясли-бақшасы


Жаңартылған оқу бағдарламасы – бүгінгі білімнің жаршысы. Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың  болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің зор әлеуетін сезіну міндеттілік деп танылып, ұлтаралық келісім кепілі ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі парыз.

Десек те өкінішке орай, арнайы білім беру мекемелерінде білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларға қиын соғатыны әбден мүмкін. Соның ішінде тілге тиек ететін – Үйден оқитын балалар тағдыры.

ХХ ғaсырдың бaсындa неміс педaгог-дефектологы П. Шумaнның «Бaлa кемістігінің дaму деңгейі неғұрлым төмен болсa, соғұрлым мұғaлімнің білім деңгейі жоғaры болу керек» деген aсыл сөзінен дaму мүмкіндігі шектеулі бaлaмен жұмыс істеу өте қиын екені рaс. Қaзіргі кезле мектептерде дaмуындa aуытқуы бaр бaлaлaрды қaмқорлыққa aлып, олaрдың қaлыптaсуынa және aйығуынa мүмкіндік жaсaп, өзбетімен өмір сүруіне бaғдaр беруге aрнaйы дaйындық жүргізілуде. Үйден оқитын бaлaлaрдың білім деңгейін көтеріп, өмірге қaжетті білім-білік дaғдысын, тәртібін қaлыптaстыруғa бaйлaнысты түрлі шaрaлaр жaсaлудa [1].

Белгілі ғалымдардың зерттеулерінде бaлaлaрдың өсу, жетілу, дaму ерекшеліктеріне тaлдaу жaсaй отырып, бaлaлaрдың жеке зaттaрды біліп қaнa қоймaй, олaрды жіктеп, топтaп aйтa білуге, әр зaттың қaйдaн, неден жaсaлaтынын, қaйдaн пaйдa болaтынын түсінуге тырысaтындығын көрсетті. Бaлaның aлғaшқы сөздерді түсіне бaстaғaннaн-aқ оның ортaмен тілдік қaтынaсы қaлыптaсa бaстaйды. Бaлa тілінің шығуы оның психикaлық дaмуынa күшті ықпaл етеді. «Әрбір сөз – бaлaның aқыл-ойының дaмуынa мaңызды екендігін aйтaды»

Арнайы мектеп мұғалімі болғандықтан «Бағалау» сөзі білім алып отырған әрбір ерекше қажеттілігі бар балалар үшін маңызды деп білемін. Кез-келген оқушы  алған бағасының әділ болғанын қалайды. Өзімізге белгілі оқушылардың оқу жетістіктерін дұрыс бағаламаудың салдарынан, бала психикасына жазылмас жара салған ұстаздар қаншама. Біздің ата-аналарымыз білім алған Кеңестік білім беру кезіндегі бағалау  жүйесі әлі күнге жалғасуда. Бұрынғы 5 жүйелік бағалау оқушының нақты қай деңгейде екенін анықтап бергенімен, баланың жақсаруына, нәтижеге жетуіне мүмкіндік бермейтінін түсіндім. Теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыру барысында оқушының өзін және өзгені бағалауы үлкен оқушыға артылған жауапкершілік, сенім. Сондықтан да, оқушы өз міндетін жақсы атқарудың жолдарын қарастыруға талпынады және қызығады [2].

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін

«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Кембридждік оқыту тәсілі бойынша бағалаудың екі түрі бар: формативті (оқыту үшін бағалау) және суммативті  (оқуды бағалау). Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді ідеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, мұғалімнің байқамай төмен немесе жоғары бағалаған бағалау шешіміне де өз әсерлерін тигізе алады [3].

Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру, фишкалар, жұлдызшалар, тілек, смайликтер. Мұғалімнің бағалауы, яғни мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады.

Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі бағалау жүйесін қолдануды өзекті деп санаймыз. Формативті бағалау ата-аналар, мұғалім және оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Өзін-өзі бағалаумен қатар оқушылардың бірін-бірін бағалауды жүргізуге болады. Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. Енді мен арнайы сыныпта сабақ беру барысында  өзім қолданаған бағалау түрлерімен таныстырығым келеді.

Ғаламтор  жаулап алған қазіргі заманда әрбір мектеп оқушылары өз көңіл күйлерін смайликтер арқылы жақсы көрсете алады. Мен де сол смайликтерді сабақты бағалауда тиімді қолдана алатын болдым. Мысалы «Өте көңілді», «жақсы», «көңілсіз» смайликтерді алып сабақтың соңында «Өзіме өте жақсы баға беремін», «Сабаққа жақсы қатыстым», «Орташа қатыстым» деген смайликтермен өздерін-өздері бағалайды.

Оқушы білімін бағалауға тоқталар болсам, жаңа білім беру мазмұнында  бес балдық бағалау емес, критериалды бағалау арқылы бағалануы – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты  айқындалған,  бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, арнайы білім  берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға  негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара  байланысына негізделген.Бұл бағалау жүйесінің оқушы үшін ерекше екендігін тәжірибе барысында байқауға болады:

  • Қалыптастырушы бағалау шынайылыққа бағытталады;

  • оқушының өз бетімен жұмыс жасап, тұжырым жасауына ықпал етеді;

  • мұғалім үшін қай оқушының қандай деңгейде екендігін байқауға мүмкіндік береді;

  • оқушының өзара бір-бірін бағалауын қалыптастырады;

  • ата-ана өз баласының қай оқу мақсатынан төмендігіне көз жеткізіп, сол бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік жасап отыр;

  • әр мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жасау арқылы өздерінің кәсіби бағытта дамуына қол жеткізетіндігі.

Шығармашылық –бұл адам іс-әрекетінің түрі, бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігімен сапалы, дәлелді шешімдер кезінде қабылдай білуге үйренуі керек.Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.мұндай күрделі  мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып табылатын арнайы мектептің алатын орны ерекше, өйткені арнайы мектеп:

  1.Оқушылардың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытуға өзінің қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосуға жағдай жасайды.

  2.Жеке адамдық сенімдерін қалыптастыруға жағдай жасайды.

  3.Ұжымдық және жеке іс-әрекеттертәсілдеріне үйретеді.

Баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасайды. Кіші жастағы баланың оқуға, оқу арқылы қабілеттерінің дамуына көп мүмкіндіктер бар [4].

Ұстаз үшін ең маңызды мақсат-әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы –оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып келген, оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға,  сабақ уақытын ұтымды пайдалануға,  оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – диктанттарды қолдана білу.Сондықтан диктант  неғұрлым жиі алынса, оқушылардың сауаты  неғұрлым табысты болады. Диктанттардың  мынандай түрлері өткізіліп отырылды: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, графикалық, есту, бақылау диктанттары. Осы диктанттардың ішіндегі ең күрделісі –шығармашылық диктант. Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін осы шығармашылық диктантты көп қолданып жүрмін.

Мен  жаңа сабақты өтпес бұрын тақырыбын проблемалық ой тудыра отырып хабарлаймын, оқушы жаңа сабаққа ерте еніп, ұмтылып жауап іздейді, талпынады, қызығушылығы артады.Үнемі сұрақ  қою жүйесімен жұмыс жасау білімді меңгерту барысында оқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді. Бұл - сабағыма жан бітіріп, шығармашылық серпіліс тудырды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін қосымша әдебиеттерді, ертегілер мен жұмбақтарды, жаңылтпашларды, мақал-мәтелдерді  де бала шығармашылығы дамитындай етіп пайдаланып отырдым.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарымды мынадай жолдармен өткіздім:

  • Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

  • сабақты түрлендіріп өткізу;

  • сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, кестелер мен сызбаларды пайдалану;

  • интерактивті тақтамен слайдтарды  тиімді қолдану;

  • сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда мынадай нәтижеге жеттім:

  • Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады;

  • шығармашылық ізденіске жетелейді;

  • өз ісіне деген сенім пайда болады;

  • әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді;

  • салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді;

  • шығармашылдық белсенділік артады.

Тәжірибеден  өткізу барысында бұл бағдарламаның ерекшелігіне көз жеткізе түскендеймін. Соның  бірі  коммуникативтік  төрт дағдыға баса назар аударылуы. Осыған дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе,  жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші тыңдалым және айтылымға мән берілуінің  қоғамдық қажеттіліктен туындағандығын тәжірибе барысы дәлелдеді. Себебі, тыңдалым дағдысының  6 жастағы балада емес үлкендер тарапында да жетіспейтіні жалған емес. Тыңдалым  болмаған жағдайда  қалған үш дағдының өз нәтижесін  бермейтіндігі айдан анық  жағдай. Сондықтан қазіргі күні оқу процесінде «ең бірінші тыңдаймыз»   деп оқушылардың тыңдалымға  дағдылануына баса назар аударып отыру  оқушыда өз бетімен тыңдауға назар аудару дағдысын қалыптастыруда. Күнделікті  сабақ басталмас бұрын бүгінгі сабақтың  мақсатын таныстыру  оқушыда өз алдына мақсат қоя білуге, сабақ соңында бүгінге мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне  саралау жасауға мүмкіндік беру бұл да жаңа білім беру мазмұнының  жаңа бір қыры деп айта аламын. Әр пәнде үш тілділік саясатының  жүзеге асуы және  барлық пәнге  тән ортақ тақырыптың болуы, сабақтың кіріктіріле өткізуге негізделуі  оқушының  белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеуіне, өз бетімен тұжырым жасауына ықпал етеді [5].

Ата-ана үшін де бұл бағдарлама бір жағынан қорқыныш тудырса, екінші жағынан қызығушылық та тудырып  отыр. Ата-аналар мәжілістерінде  әр оқушының  қалыптастырушы бағалау нәтижесін есеп беру бетшесі арқылы таныстырудың өзі ата-ана  мен мұғалімдердің арасында ынтымақтаса жұмыс жасауға ықпал ететіндігін  көрсетуде.Кері байланыс бетшесінде алған мәліметтерін,жазған ұсыныстарына қарай отырып ата-ананың бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады.

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады [6].

Жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Білім берудің әрбір кезеңінде, оның сабақтастығы мен болашағын ескере отырып, білім берудің мақсаты мен міндеттерін анықтаудың бірегей концептуалды ыңғайын табу жүзеге асуы керек.  Сондықтан арнайы білім берудің принциптері, тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың формасы, құралы, әдісі баланың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге тиіс.  Арнайы білім беру жалпы білім беру жүйесінің бағытында жұмыс жасау үшін база болатын негізгі құзыреттіліктердің элементін қалыптастыруға тиіс.

Бағдарламаның ерекшелігін тәнті болғанымызбен  қатар дерлік жағдайлар да кездесіп, мұғалім жұмысына кедергі келтіріп жатқан кездер де аз емес. Ол  бағдарлама мен оқулықтың сәйкес келмеуі. Бұл  ата-анаға да,оқушыға да, мұғалімге де аз қиындық болмай тұр. Әрине,   жаңа бастаманың  қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ  осы үлкен міндетті абыроймен атқарып,шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың  міндеті. Сондықтан  заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей,  мақсатқа сай,нәтиже аламыз деп сенемін.

Жаңартылған оқу бағдарламасы – бүгінгі білімнің жаршысы. Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың  болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің зор әлеуетін сезіну міндеттілік деп танылып, ұлтаралық келісім кепілі ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі парыз [7].

Жаңартылған оқу бағдарламасымен арнайы мектепте үйден оқитын балаларды оқыту әрбір баланың жекелей ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Үйден оқитын балаларды Алтынсарин бағдарламасы бойынша берілген жаңартылған оқу бағдарламасымен оқыту өзінің тиімділігін көрсетті. Ұзақ мерзімді жоспарды осы санаттағы білім алушылардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, ортақ тақырыптарға сәйкес оқыту мақсаттарын тоқсан бойынша бөлу арқылы мұғалімнің өзі анықтайды. Бұл ретте жалпы білім беру оқу бағдарламаларында ұсынылған ортақ тақырыптар пайдаланылады.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша мұғалім оқушылардың жауаптарын жинап алып олармен танысып, келесі сабаққа содан шыққан мәселелерді шешуге қарай ыңғайланады. Мұғалім аралық тексеру жүргізу үшін қысқа тесттер дайындайды. Бұл бақылауды бағалау уақыты сабақтың 3-5 минутын ғана алады. Бақылаудың негізгі талаптарын ескере отырып, оқушылар бірінің жұмысын бірі тексере алады. Келесі формативті бағалаудың әдістері ұстаз оқушының өз жұмысын жақсарту мақсатында қолданылады.

Педагогикалық тәжірибе нәтижелері бойынша қорытынды үйден оқитын балаларды жаңартылған бағдарламамен түзете-дамыта оқытуды жүйелі түрде қолданып сабақ өту үдерісіне сандық және сапалық түрде өңдеу мен сараптаулар мынадай қорытынды жасауға мүмкін беріп отыр.

    • арнайы сыныптағы үйден оқитын оқушылардың қалыпты оқушылармен бірге жаңартылған бағдарламамен түзете-дамыта оқытуға деген қызығушылығы артып, барлық пәндер бойынша да білім сапасында ілгерілеушілік байқалды;

    • арнайы сыныптағы пәндер бойынша берілген тапсырмаларды орындауда үйден оқитын оқушылар жаңартылған бағдарламамен түзете-дамыта оқыту әрекетіне үйренді;

    • үйден, жеке сабақта және жеке сабақта ертегілермен мен әңгімелерді әдеби тілмен өрнектеудің тәсілін ғылыми тұрғыдан орындауға, оларға өздері үйренген тәсілдерді ауызша байланыстар негізінде қолдануға мүмкіндік болды.

    • іздестіру жұмыстарын әрбір үйден оқитын оқушының өз бетінше ізденуіне, өзіндік пікірін айтып қорғауына мүмкіндік беру, оқушыларды жаңа технологияның элементтері арқылы жаңартылған бағдарламамен түзете-дамыта оқыту іс-әрекетінің туына қолайлы жағдай жасайтындығын көрсетті;

    • үйден оқитын оқушылардың жаңартылған бағдарламамен түзете-дамыта оқыту бағытындағы қызығушылығы артты. Үйден оқитын оқушылар өз ойын айтуға қызығушылық танытып отырды.

Қорыта айтқанда, мектептегі жүйелі жүргізілген педагогикалық тәжірибелеріміздің нәтижелері зерттеу болжамдарының дұрыстығын дәлелдеп, үйден оқитын балаларды жаңартылған бағдарламамен түзете-дамыта оқыту жүйелі қолдану тәсілдер жүйесінің тиімділігін көрсетті.




ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. .Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.

  2. . Ж.Б. Қоянбaев, Р.М. Қоянбaев. Педaгогикa. Университеттер студенттеріне aрнaлғaн оку құрaлы. Aстaнa, 2004. – 378 б.

  3. . Специальная педагогика /Под ред. Н.М.Назаровой. - М. - 2001.

  4. . «Білім технологиялары» № 3, 2014 ж.

  5. . «Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения, 2012ж.

  6. . ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.

  7. . ҚР «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!