Материалдар / Ұлы жібек жолы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлы жібек жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — ҚытайдыңШи-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман 19 ғ. ұсынған. Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлер
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала авторы: Нұржан Нұрайлым

Ғылыми жетекшісі:Нұрмұхан Еңлік Тұрсынбекқызы

Мақала тақырыбы: Ұлы Жібек Жолы

Жоспар


I-Кіріспе.


Ұлы Жібек Жолы


II-Негізгі бөлімі:


  1. Ұлы Жібек жолының даму тарихы

  2. 7-ғасырдағы Ұлы жібек жолының мемлекет аралық сауда тасымалы.

  3. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты.


Қорытынды

      1. Пайдаланылған әдебиеттер

Ұлы Жібек Жолы

Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — ҚытайдыңШи-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғ. ұсынған.

Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.

«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермегенжол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады.

Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып ҚашқарЖаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.

Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды. Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.


Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты “Жібек жолы” атанғаны түсінікті. Ал “Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол “Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді.

Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және оның нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл- VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.

Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен.

Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта жанданып отырған.

Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері. Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда, б.з.б. Iғ. ортасында алғаш рет Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Ал бұған жауап ретінде Қытайға немесе Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядағы елдерден әр түрлі тауарлар ағыла бастаған. Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған.

Әсіресе, бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, Шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған. Көкөністердің сирек кездесетін түрлері тұқымымның сатылуы олардың Азия елдерінде де егіліп, шаруашылықтың жандануына пайдасын тигізіп отырған. Мәселен, қазіргі кезде базарда сатылып жүрген қытай немесе болғар бұрыштары сол ерте кездерден-ақ осы Жібек жолының арқасында көп елге тараған.

Жібекті халықаралық саудаға шығарғанмен, оны өндіру тәсілін Қытай өкіметі өте құпия сақтаған. Бірақ та соған қарамастан, ол құпияны Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Деректерге қарағанда, жібек құртын адамдар қуыс қурайдың ішіне салып, тіпті кейбір әйелдер шашының арасына тығып алып шықса керек. Сөйтіп, жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде Византия, Соғды сияқты елдерде тағы да игеріле бастаған. Соғдыды жібек өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Мәселен, кытайдың кейбір қалаларында олардың сауда отарлары болған. Ал Жібек жолының Жапонияның сілемі – ертедегі астанасы Нарға қаласында жібек сататын орындар болған. Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы. Осылай жібек өндіру Жапон елінде, Кавказ жерінде жандана бастайды. Сөйтіп Ұлы Жібек жолының бойындағы сауданың дамуы арқасында бүкіл дүние жүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылық түрлері дами бастайды.

Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.

Сауда кезінде жол бойындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олар тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана емес, өзара мәдени жағынан да байланысқа түседі. Сатылатын бұйымдар өзінің өте тамаша, сәнді жасалуы арқылы үлкен сұранысқа ие болады. Хас шеберлер қалыптасады. Мәселен, археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған. Осындай құыраларды жергілікті шеберлер де жасаған болуы керек. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Испиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан көптеп табылған. Яғни жергілікті шеберлер де сондай ыдыстар жасауға маманданған. Бұдан елдер арасында мәдени байланыстың туа бастағандығын көреміз.

Жібек жолы бойындағы мәдени байланыс, әсіресе музыка саласында ерекше байқалады. Саз балшықтан жасалған түйе үстінде отырған өнерпаздар мүсіндері жол бойындағы елдерді аралап жүріп өнер көрсеткен өнер иелері өмірінің бір сәтін бейнелейді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Ұлы Жібек жолының бойындағы кейбір Тараз, Баласағұн, Испиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылған. Қала тұрғындары діни наным-сенімі жағынан түрлі көзқараста болғанымен, ортақ мәдени үлгілері тұтынған. Керек кездерде олар өнер сайыстарына түсіп, ортақ өнердің дамуына өз үлестерін қосып отырған.

Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы. Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген. Қытай жазба деректеріне қарағанда, Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан жандана бастаған кезі б.з.б. II ғ. ортасында бастаған. Қытай императоры У-Ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралған. Міне, осы елшілік оларған кезден бастап Қазақстан, Орта Азия жеріне және батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыға бастаған. Бұған керісінше, Батыс елдерінен Қытайға қарай елшіліктер шыққан.

Сауда жолына байланысты дипломатиялық қарым-қатынасты 568 жылғы Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің арасында болған келісімдерден толық байқауға болады. Екі ел саудаға байланысты Иранға қарсы одақ құрған. Елшіліктердің пайда болуы халықаралық сауданың дамуын күшейтеді. Алғашқы кезде қытай жібегі елдердің елшіліктері арасында және патшалар үшін аса бағалы тауар болып, ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген. Мәселен, Иран шахына Қытай императорының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер жіберілген. Сонымен Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасында сауданың дамуына ғана емес, олардың арасындағы саяси қарым-қатынастың дамуына да тарихи ықпалы зор болды.


7-ғасырдағы Ұлы жібек жолының мемлекет аралық сауда тасымалы.

7 ғ. кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғ. дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғ. басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:

Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.

Қытай Халық Республикасы (төте жазу: جۇڭحۋا حالىق رەسپۋبليكاسى‎ — Жұңxуа Халық Республикасы; жеңіл. қытайша: дәстүр қытайша: пинйін: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.

Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.

14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Виетнам.

Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны — өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.

Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті — әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.

Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.

Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты.

Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Адамзат тарихында алтын әріппен жазылған және құрметтелетін «Ұлы Жібек Жолы» деген сөз бар. Оның ерекше құрметтелетіні сонда, бұл жолмен соғыс эшелондары өтпеген.

Тек Еуропаны да, Азияны да көркейткен бейбіт сауда-саттықпен айналысатын кәсіпшілер ғана осы жолды пайдаланған. Сондықтан да «Ұлы Жібек Жолы» заманында Еуразия деп аталатын алып құрлықтың екі шетінде жатқан тілі, діні, ділі бөлек ұлттар экономикасы бірі-бірінің рыногына айналып, дамуына себепкер болған. Кейбір кезде ойға қаласың, «адамзат тарихында болған соңғы екі дүниежүзілік соғыс осы жолды «күшпен» өмірге әкелу мұратын мақсат еткен жоқ па екен?» деп. Өйткені Еуропада басталған соғыстардың ұйытқысы болғандар орта жолдағыларды бағындырып, Азияға жетуді жоспарлады ғой. Күшке дегеніне жету қиын екен. Екі соғысты да бастаушылардың жолы кесілді. Демек, «Ұлы Жібек Жолын» жаңғырту күшпен емес, бейбіт, сындарлы саясатпен ғана өмірге келуге тиіс. Менің ойымша, ежелгі бабалар салып кеткен, бірақ кейінгі замандағылар мүлде жойып жіберген осынау ескі сүрлеуді жаңғырту XXІ ғасырдағылардың еншісіне тигендей. Мұндай идеяны тек бейбіт мақсатпен тату көршілік жағдайында өмір сүрген немесе осылай өмір сүреміз деген мемлекеттер ғана күн тәртібіне қоя алады. Қазақстан өз кезегінде Ресеймен, Қытаймен шегарасын айқындап алған соң, бұл үш мемлекет басшылары жоғарыда аталған жолды қалпына келтіру ісі жайлы ойласты. Оны дамыған дүниенің көшбастаушыларының бірі – ЕуроОдақ қолдады. Идеяға үміт артатынын Атлант мұхитының арғы бетіндегі АҚШ және Азия құрлығымен шектесіп жатқан аралдық мемлекет – Жапония мәлімдеп шықты. Қысқасы, бұл күндері төрткүл әлемнің бәрі дерлік «Ұлы Жібек Жолын» жаңғыртуға ықылас танытып отыр. Оның басты себебі – құрлық жолының теңіз тасымалынан әлдеқайда жақындығы. Зымыран заманда уақыт басты көрсеткіш. Уақыттан кім ұтады, жеңіс сонікі. Міне, осыны ұғып алған соң, қазіргі дүниедегі геосаясат деп аталатын алып ақзада Қазақстанның қандай маңызды қызмет атқаратынын түсіну қиын емес. Ең бастысы, Қазақстанның географиялық орны. Ежелгі «Ұлы Жібек Жолының» тарихта қалған ізін білетіндер сол алып керуеннің Қазақстан жерін басып өткеніне қанық. Ендеше, ХХІ ғасырда жаңғыратын жол да тек солай өтеді. Басқаша болуы мүмкін емес. Ең төтесі – Қазақстан Республикасы аумағының оңтүстік шығысынан батысқа жететін жол. Қалғандары айналма. Айналмамен жүріп, уақыттан ұта алмайсың. Демек, қазіргі дүниедегі геосаясатта Қазақстанның орны – төр. Сондықтан да бүкіл әлем Қазақстан мемлекеті басшыларының ұстанған саясатына ұдайы алаңдап отырады. Қазіргі кезде көрші Ресей мен Қытай түгілі, тіпті, ТМД елдері түгілі, Еуроодақ пен АҚШ-тың өзі Қазақстанды маңызды стратегиялық әріптес санайтыны сондықтан. Әрбір мемлекеттің даму кілті оның өндірген тауарларының өтіміне байланысты. Демек, барлық мемлекетке де рынок керек. Еуроодақ үшін ол – Қытай, Үндістан және басқа оңтүстік Азия елдері, ал соңғылары үшін – ЕуроОдақ ең қажетті рынок.












Материалды жүктеу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!