Педагогтердің білімін бағалау екі блокқа бөлінеді және барлығы 50 тест тапсырмасынан тұрады: бірінші блок «Пәндік білім» бойынша 30 тапсырма, екінші блок «Оқыту әдістемесі» бойынша 20 тапсырма
«Пәндік білім» бойынша тест тапсырмалары педагог қызметкерлердің терең академиялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған.
Педагогтердің білімін бағалаудың жалпы уақыты тоқсан минутты, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін жүз жиырма бес минутты құрайды.
Санаттар | Блок | Пәндер бойынша балдар | Біліктілік тестінен өту үшін (%) | Біліктілік тестінен өту үшін (балдар) |
---|---|---|---|---|
Педагог | Пәндік білім | 30 | 50% | 15 |
Оқыту әдістемесі | 20 | 50% | 10 | |
Педагог-модератор | Пәндік білім | 30 | 60% | 18 |
Оқыту әдістемесі | 20 | 60% | 12 | |
Педагог-сарапшы | Пәндік білім | 30 | 70% | 21 |
Оқыту әдістемесі | 20 | 70% | 14 | |
Педагог-зерттеуші | Пәндік білім | 30 | 80% | 24 |
Оқыту әдістемесі | 20 | 80% | 16 | |
Педагог-шебер | Пәндік білім | 30 | 90% | 27 |
Оқыту әдістемесі | 20 | 90% | 18 |