Орталық жайлы
Беристемова Нуржамал Қосымтайқызы
«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік орталығының директоры
Құрметті әріптестер! Еліміздің болашағы өскелең ұрпағымыздың еншісінде. Болашағымыз жарқын болуы үшін елімізді көркейтетін, туымызды көкке көтеретін жас ұрпақтың бойына қазақи құндылығымызды дарыта отырып, заман талабына сай білім беру сіз бен біздің қолымызда.
Дарынды, талапты және еңбекқор педагогтер – заманауи Қазақстанның жарқын келбеті. Олай болса сіздерді дамушы ортамен тәжірибе алмасу алаңына шақырамын.
Құрметті әріптестер! Еліміздің болашағы өскелең ұрпағымыздың еншісінде. Болашағымыз жарқын болуы үшін елімізді көркейтетін, туымызды көкке көтеретін жас ұрпақтың бойына қазақи құндылығымызды дарыта отырып, заман талабына сай білім беру сіз бен біздің қолымызда.
Дарынды, талапты және еңбекқор педагогтер – заманауи Қазақстанның жарқын келбеті. Олай болса сіздерді дамушы ортамен тәжірибе алмасу алаңына шақырамын.
Беристемова Нуржамал Қосымтайқызы
«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік орталығының директоры
Еңбек өтілі
«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік орталығының директоры: Беристемова Нуржамал Қосымтайқызы
  • Еңбектері: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арналған Алматыкітап баспасынан шығарылған (оқу әдістемелік кешен) оқулықтар авторы.
  • 3 - сынып «Цифрлық сауаттылық» қазақ тілінде /орыс тілінде
  • 11 - сынып «Информатика» ҚГБ қазақ тілінде / ОГН орыс тілінде
logo
logo
Орталық туралы ақпарат
«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік орталығы Қазақстандағы ең үлкен ұстаздар қауымдастығы.

Орталықтың ресми сайтында 300 000-нан астам педагогтер тіркелген. Күніне орта есеппен алғанда сайт пайдаланушысы ретінде 30-50 000 –нан астам педагогтер өз тәжірибесімен бөлісіп, өзіне қажетті пайдалы материалдарды жүктеп алады. Біліктілікті арттыру курстарына қатысып, білім алып, байқау тесттерін тапсырып өзінің кәсіби дамуына жол ашады. Осы уақытқа дейін біздің орталық арқылы мыңдаған педагогтер өзіне қажетті ақпараттарды алып, өзінің тәжірибесімен бөлісіп кәсіби маман ретінде біліктілігін арттырып келеді. Педагогтерді қолдау мақсатында орталық атынан әртүрлі конференциялар мен семинарлар тегін өтіледі. Барлық жазбалар арнайы ютуб каналымызда және сайтта жарияланады.
Миссия
Миссия Педагогтердің кәсіби дамуынының қажеттілігін өтеу мақсатында жан- жақты шығармашылықпен айналысуына қолжетімді жағдай жасау.
Міндеттері
1) “USTAZ Tilegi” ғ.ә.о республикалық білім беру порталы - педагогтердің өзара тәжірибе алмасу алаңы.
2) Қауымдастық еліміздегі барлық дамушы педагогтер үшін өзінің көшбасшылық алаңын жасап, сонымен қатар жас педагогтерге практикалық қолдау көрсетеді.
3) Курс тыңдаушылары жоғарғы санатты тренерлер құрамынан курс бойынша өзіне қажетті барлық сұрақтарға жауап әрі кеңес ала алады. Курстан кейін қолдау мақсатында әлеуметтік желіде құралған қызығушылығына қарай арнайы топтардың мүшелері болып онда практикалық тәжірибе алмасады.
Қызметінің негізгі бағыттары
Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу
Педагогтердің оқыту және курстан кейінгі қолдау
Республикалық және Халықаралық жарыстарға дайындау және ұйымдастыру
Республикалық семинарлар, конференциялар ұйымдастыру
Ғылыми-зерттеу қызметі
Оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығару
Ашықтық және өзгерістерге дайындығы
Ұйымның идеяларына бірлесуі және бұлжымастығы
Кәсібилік және жұмыс сапасы
Білім саласына инновациялар шешімдер табу