Бағдарламаның мақсаты – білім мазмұнын жаңарту жағдайында Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың негізгі бағыттары мен нормативтік-құқықтық актілерінің инновациялық форматына сәйкес оқыту мазмұны мен әдістерін жетілдіру негізінде педагогтің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Бағдарлама міндеттері:
1. Білім беруде оқытудың инновациялық технологиялары мен ресурстарын қолданудың практикалық дағдыларын айқындау.
2. Химия пәнін оқытуда ғылыми зерттеу және терминологиялық деректерді іздеу, жинақтау және талдау тәсілдерін меңгерту.
3. Химия пәнін оқытуда терминологиялық, тақырыптық, электрондық және интерактивті әдістерді қолданып, ғылыми-зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
4. Заманауи талаптарға сәйкес ғылыми-зерттеушілік білім берудегі педагогтің кәсіби құзіреттілігін дамыту.
Күтілетін оқу нәтижелері.
Курс соңында тыңдаушылар:
1. Білім беруде оқытудың инновациялық технологиялары мен ресурстарын қолданудың практикалық дағдылары айқындалады.
2. Химия пәнін оқытуда ғылыми-зерттеушілік деректерді іздеу, жинақтау және талдау тәсілдерін меңгереді.
3. Химия пәнін оқытуда ғылыми-зерттеушілік, терминологиялық, тақырыптық, электрондық және интерактивті әдістерді қолданып, ғылыми-зерттеушілік дағдылары қалыптасады.
4. Заманауи талаптарға сәйкес сыни ғылыми-зерттеушілік білім берудегі педагогтің кәсіби құзіреттілігі артады.






