11 сынып. Қазақ тілі. Қазақстанның ғылым тарихынан. І кезең
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
11 сынып. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның
ғылым тарихынан. І кезең
Мақсаты: Оқушылар қазақ ғылымының даму
тарихының І кезеңіне мәтін бойынша шолу
жасап, етістіктің шақ категориясын еске
түсіреді.
1 слайд
11 сынып. Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ғылым тарихынан. І кезең Мақсаты: Оқушылар қазақ ғылымының даму тарихының І кезеңіне мәтін бойынша шолу жасап, етістіктің шақ категориясын еске түсіреді.
2 слайд
1 – тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан ғылымы өзінің жан-жақты дамуында тарихи тамырларынан қол
үзбейді. Бұл орайда орта ғасырлардағы түркі ғалымдары, алғашқы қазақ ғалымдары мен
ағартушылары идеяларымен сабақтастықтар жойылмақ емес.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж.) ұлы ғалым, философ, математик, өнертанушы, әдебиетші әрі
ақын болған. Ол ғылыми әлемге “Екінші ұстаз” танылған(бірінші-Аристотель саналған). Әл-
Фарабидің негізгі еңбектері 200-ден астам. Оның философиялық және математикалық
еңбектерінің ең көрнекілері – “Диалектика”, “Метафизика”, “Ғылымдардың шығу тегі
ткралы”,т.б.
Жүсіп Баласағұн (ХІғ.) қазақ жерінде Шу өзені бойындағы ежелгі Баласағұн қаласында дүниеге
келген. Оның “Құтты білік” кітабы – сол заманда түркі тілінде жазылған бірінші кітап. Бұл
кітапта ел билеуші адамдардың қалай өмір сүру керектігі туралы жазылады. Оларға әділ, адал,
білімді, қанағатшыл болу ұсынылады. Әр нәрсенің өлшемін біліп, дер кезінде тоқтай алатын,
білімді, әділ әрі адал билеуші ғана елін бақытқа жеткізеді.
Қожа Ахмет Иасауи (ХІІғ.) қазіргі Сайрам өңірінде туған. Ол ислам дінінің мәнін жан-жақты
ашып көрсеткен атақты “Хикмет” кітабын жазды. Кітап қыпшақ тілінде өлеңмен жазылған.
Кітапта ислам заңдары мен ережелері, исламды оқып-үйренудің қажеттілігі, Алланы
мойындау және ақиқат ретінде оған жақындауға тырысу идеяларын уағыздайды.
2 слайд
1 – тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан ғылымы өзінің жан-жақты дамуында тарихи тамырларынан қол үзбейді. Бұл орайда орта ғасырлардағы түркі ғалымдары, алғашқы қазақ ғалымдары мен ағартушылары идеяларымен сабақтастықтар жойылмақ емес. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж.) ұлы ғалым, философ, математик, өнертанушы, әдебиетші әрі ақын болған. Ол ғылыми әлемге “Екінші ұстаз” танылған(бірінші-Аристотель саналған). Әл- Фарабидің негізгі еңбектері 200-ден астам. Оның философиялық және математикалық еңбектерінің ең көрнекілері – “Диалектика”, “Метафизика”, “Ғылымдардың шығу тегі ткралы”,т.б. Жүсіп Баласағұн (ХІғ.) қазақ жерінде Шу өзені бойындағы ежелгі Баласағұн қаласында дүниеге келген. Оның “Құтты білік” кітабы – сол заманда түркі тілінде жазылған бірінші кітап. Бұл кітапта ел билеуші адамдардың қалай өмір сүру керектігі туралы жазылады. Оларға әділ, адал, білімді, қанағатшыл болу ұсынылады. Әр нәрсенің өлшемін біліп, дер кезінде тоқтай алатын, білімді, әділ әрі адал билеуші ғана елін бақытқа жеткізеді. Қожа Ахмет Иасауи (ХІІғ.) қазіргі Сайрам өңірінде туған. Ол ислам дінінің мәнін жан-жақты ашып көрсеткен атақты “Хикмет” кітабын жазды. Кітап қыпшақ тілінде өлеңмен жазылған. Кітапта ислам заңдары мен ережелері, исламды оқып-үйренудің қажеттілігі, Алланы мойындау және ақиқат ретінде оған жақындауға тырысу идеяларын уағыздайды.
3 слайд
2 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Үлгі:
1. “ Құтты білік” кімнің кітабы?
2. Әбу Насыр әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген?
3 – тапсырма. Мәтінде берілген етістіктерді тауып, көшіріп жазу.
Етістіктердің қай шақта тұрғанын еске түсіру.
Үлгі:
Жазған - жаз- түбір,етістік.
- ған – жұрнақ, өткен шақ, бұрыңғы өткен шақ.
3 слайд
2 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру. Үлгі: 1. “ Құтты білік” кімнің кітабы? 2. Әбу Насыр әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген? 3 – тапсырма. Мәтінде берілген етістіктерді тауып, көшіріп жазу. Етістіктердің қай шақта тұрғанын еске түсіру. Үлгі: Жазған - жаз- түбір,етістік. - ған – жұрнақ, өткен шақ, бұрыңғы өткен шақ.
4 слайд
Тест
1. Етістіктің неше шағы бар?
А) 2 Ә)3 Б)1 В)4
2. Әл-Фараби кім болған?
А)әнші Ә) \күйші Б) философ В) жыршы
3. Әлем ғалымдары кімді бірінші ұстаз санаған?
А) Әл-Фараби Ә) Сократ Б) Аристотель В)
Ы.Алтынсарин
4. “Құтты білік” қай тілде тұңғыш кітап болып шықты?
А) қазақ Ә)қыпшақ Б) түркі В) орыс
5. Қандай ел билеуші елін бақытқа жеткізеді?
А) білімді, әділ әрі адал билеуші Ә) көп сөйлейтін билеуші
Б) көп жазатын билеуші В) байлықты жақсы көретін
4 слайд
Тест 1. Етістіктің неше шағы бар? А) 2 Ә)3 Б)1 В)4 2. Әл-Фараби кім болған? А)әнші Ә) \күйші Б) философ В) жыршы 3. Әлем ғалымдары кімді бірінші ұстаз санаған? А) Әл-Фараби Ә) Сократ Б) Аристотель В) Ы.Алтынсарин 4. “Құтты білік” қай тілде тұңғыш кітап болып шықты? А) қазақ Ә)қыпшақ Б) түркі В) орыс 5. Қандай ел билеуші елін бақытқа жеткізеді? А) білімді, әділ әрі адал билеуші Ә) көп сөйлейтін билеуші Б) көп жазатын билеуші В) байлықты жақсы көретін