§20 Түркі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
§20 Түркі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы
этногенез және этникалық процестер
Оқу мақсаты:
10.2.2.3 -қазақтардың ру-тайпалық құрылымының
ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде
түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар);
10.2.2.2 -тарихи кезеңдерді талдау негізінде
қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің
қалыптасу алғышарттарын талдау;
1 слайд
§20 Түркі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер Оқу мақсаты: 10.2.2.3 -қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар); 10.2.2.2 -тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау;
2 слайд
Түрік қағанаты /552-603 жж/
Түрік қағанаты Қазақстан жерінде өмір сүрген алғашқы ортағасырлық мемлекет.
Түріктер қытай деректерінде «тюцзюэ» деп аталады.
Түріктер алғашында екі рудан құралды. /Ашина мен ашидэ/
Түрік қағанатының негізін салушы – Бумын қаған.
Бумын қаған ашина руынан шыққан.
Бумын қаған ашина мен ашидэ тайпаларымен бірге барлық теле тайпаларының басын
қосып біріктіріп, Түрік қағандығы деп атады.
Негізгі жазуы – руна (құпия жазу) жазуы.
VI-XIII ғасырлар аралығын «Түркі дәуірі» деп аталады.
603 жылы Түрік қағандығы екіге бөлінеді. /Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік
қағанаты/
2 слайд
Түрік қағанаты /552-603 жж/ Түрік қағанаты Қазақстан жерінде өмір сүрген алғашқы ортағасырлық мемлекет. Түріктер қытай деректерінде «тюцзюэ» деп аталады. Түріктер алғашында екі рудан құралды. /Ашина мен ашидэ/ Түрік қағанатының негізін салушы – Бумын қаған. Бумын қаған ашина руынан шыққан. Бумын қаған ашина мен ашидэ тайпаларымен бірге барлық теле тайпаларының басын қосып біріктіріп, Түрік қағандығы деп атады. Негізгі жазуы – руна (құпия жазу) жазуы. VI-XIII ғасырлар аралығын «Түркі дәуірі» деп аталады. 603 жылы Түрік қағандығы екіге бөлінеді. /Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты/
3 слайд
«Теле» тайпалары
Түрік қағанатын құраған тайпаларды «теле» тайпалары деп атайды.
Теле тайпалары – түркітілдес тайпалар.
VI ғасырда Гоби шөлінен солтүстікке қарай теле тайпалары
мекендеген.
Теле тайпалары батысында және оңтүстік-батысында иран тілдес
тайпалармен, оңтүстігінде Қытаймен шектесті.
Теле тайпаларының ата-бабалары – ғұндар.
VIІ ғасырдың басында теле тайпалары 15 тайпаға бөлінді.
Теле тайпаларының көпшілігі батысқа қарай көшіп, кейіннен түркі
халықтарының негізін қалады.
3 слайд
«Теле» тайпалары Түрік қағанатын құраған тайпаларды «теле» тайпалары деп атайды. Теле тайпалары – түркітілдес тайпалар. VI ғасырда Гоби шөлінен солтүстікке қарай теле тайпалары мекендеген. Теле тайпалары батысында және оңтүстік-батысында иран тілдес тайпалармен, оңтүстігінде Қытаймен шектесті. Теле тайпаларының ата-бабалары – ғұндар. VIІ ғасырдың басында теле тайпалары 15 тайпаға бөлінді. Теле тайпаларының көпшілігі батысқа қарай көшіп, кейіннен түркі халықтарының негізін қалады.
4 слайд
Түрік қағанаты
603 жыл
Батыс Түрік қағанаты
603-704 жж
Шығыс Түрік қағанаты
682-744 жж
Батыс Түрік қағандығының территориясы –
Шығыс Түркістан, Жетісу аумағы мен
Қазақстанның Сырдария мен Аралға дейінгі бүкіл
далалық аймағын қамтыды.
Барлық батыс телелер /түркілер/ шығыстық және
батыстық одақтар дулулар мен нушебилерге топтасты.
Олар Еділ бойын, Жайық маңын, Орта Азияның бір
бөлігін жаулап алды. Иранға екі рет жорық жасады.
Дулулар мен нушебилер арасындағы өзара қырқыс
қағандықтың ыдырауына алып келді.
Шығыс түрік бөлігі тоғыз-оғыз
(ұйғырлар) саяси одағына бірігіп, 646
жылы Бірінші Ұйғыр қағандығын
құрады.
682 жылы Білге қаған басқарған Екінші
Шығыс Түрік қағандығы құрылып,
қытайлар мен тоғыз-оғыздарды бірнеше
рет ірі жеңіліске ұшыратты.
4 слайд
Түрік қағанаты 603 жыл Батыс Түрік қағанаты 603-704 жж Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жж Батыс Түрік қағандығының территориясы – Шығыс Түркістан, Жетісу аумағы мен Қазақстанның Сырдария мен Аралға дейінгі бүкіл далалық аймағын қамтыды. Барлық батыс телелер /түркілер/ шығыстық және батыстық одақтар дулулар мен нушебилерге топтасты. Олар Еділ бойын, Жайық маңын, Орта Азияның бір бөлігін жаулап алды. Иранға екі рет жорық жасады. Дулулар мен нушебилер арасындағы өзара қырқыс қағандықтың ыдырауына алып келді. Шығыс түрік бөлігі тоғыз-оғыз (ұйғырлар) саяси одағына бірігіп, 646 жылы Бірінші Ұйғыр қағандығын құрады. 682 жылы Білге қаған басқарған Екінші Шығыс Түрік қағандығы құрылып, қытайлар мен тоғыз-оғыздарды бірнеше рет ірі жеңіліске ұшыратты.
5 слайд
Түрік қағанаты /552-603 жж/
5 слайд
Түрік қағанаты /552-603 жж/
6 слайд
6 слайд
7 слайд
Батыс Түрік қағанаты
603-704 жж
7 слайд
Батыс Түрік қағанаты 603-704 жж
8 слайд
8 слайд
9 слайд
9 слайд
10 слайд
Шығыс Түрік қағанаты
682-744 жж
10 слайд
Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жж
11 слайд
Түргеш қағанаты
704-756 жж
Түргештер VIІ ғасырдың соңында дулулардан
бөлініп шықты.
Түргештер Шу мен Іле өзендері аралығын
мекендеді.
Шартты түрде шулық және ілелік түргештер
болып екі топқа бөлінді.
VIІІ ортасында арабтардан жеңілгенге дейін
өмір сүрді.
11 слайд
Түргеш қағанаты 704-756 жж Түргештер VIІ ғасырдың соңында дулулардан бөлініп шықты. Түргештер Шу мен Іле өзендері аралығын мекендеді. Шартты түрде шулық және ілелік түргештер болып екі топқа бөлінді. VIІІ ортасында арабтардан жеңілгенге дейін өмір сүрді.
12 слайд
Түргеш қағанаты
704-756 жж
12 слайд
Түргеш қағанаты 704-756 жж
13 слайд
13 слайд
14 слайд
Қарлұқ қағанаты
756-940 жж
• Жетісуда құрылған мемлекет
•Қарлұқтар Ұйғыр қағандығының тоғыз-оғыздармен соғысқан.
•751 жылы арабтар қарлұқтармен одақтасып, қытайлықтарды елеулі
жеңіліске ұшыратты.
•Тоғыз-оғыздық яғма мен сеяньто тайпалары қарлұқтардан Шығыс
Түркістан мен Жетісудағы иеліктерінің бір бөлігін тартып алды.
•Қарлұқтар Х ғасырдың ІІ жартысында шығыл мен яғма тайпаларынан
тұратын Қарахан мемлекетінің құрамына кірді.
•Қарлұқтар отырышы-егіншілік өркениеттің ықпалына ұшырады.
•Қарлұқтар Сырдария мен Әмудария аралығындағы ең алғашқы отырықшы
түркілердің бірі болды.
14 слайд
Қарлұқ қағанаты 756-940 жж • Жетісуда құрылған мемлекет •Қарлұқтар Ұйғыр қағандығының тоғыз-оғыздармен соғысқан. •751 жылы арабтар қарлұқтармен одақтасып, қытайлықтарды елеулі жеңіліске ұшыратты. •Тоғыз-оғыздық яғма мен сеяньто тайпалары қарлұқтардан Шығыс Түркістан мен Жетісудағы иеліктерінің бір бөлігін тартып алды. •Қарлұқтар Х ғасырдың ІІ жартысында шығыл мен яғма тайпаларынан тұратын Қарахан мемлекетінің құрамына кірді. •Қарлұқтар отырышы-егіншілік өркениеттің ықпалына ұшырады. •Қарлұқтар Сырдария мен Әмудария аралығындағы ең алғашқы отырықшы түркілердің бірі болды.
15 слайд
Қарлұқ қағанаты
756-940 жж
15 слайд
Қарлұқ қағанаты 756-940 жж
16 слайд
Даланың орталық бөлігінің түркіленуі
Шығыстан көшпелі тайпалардың келуіне байланысты түркі
мемлекеттердің арасында қалып қойған ирантілдес халықтар
түркілене бастайды.
Түркілер жергілікті әйелдерге үйленді.
Нәтижесінде моңғолоидтық антропологиялық белгілері басым
аралас ұрпақ пайда болды.
Шаруашылық және мәдениет саласында өзгерістер болды:
көшпелілік тұрмыс түркілік этникалық келбетке ие, рухани
салаға түркілік дүниетаным енді.
Біртіндеп Ұлы Даланың жергілікті халқы түркілерге толықтай
араласып кетті.
16 слайд
Даланың орталық бөлігінің түркіленуі Шығыстан көшпелі тайпалардың келуіне байланысты түркі мемлекеттердің арасында қалып қойған ирантілдес халықтар түркілене бастайды. Түркілер жергілікті әйелдерге үйленді. Нәтижесінде моңғолоидтық антропологиялық белгілері басым аралас ұрпақ пайда болды. Шаруашылық және мәдениет саласында өзгерістер болды: көшпелілік тұрмыс түркілік этникалық келбетке ие, рухани салаға түркілік дүниетаным енді. Біртіндеп Ұлы Даланың жергілікті халқы түркілерге толықтай араласып кетті.
17 слайд
Оғыздар
ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы
VIІІ ғасырдың соңында шығыстан түркілердің жаңа толқыны – оғыздар келді.
Олар Шу мен Талас өзендерінің аралығында тұрақтап, кейін өздерімен бірге жетісулық
қарлұқтар мен сырдариялық печенегтерді ертіп, Арал және Каспий маңына қарай орын
ауыстырды.
Өздеріне Арал маңындағы жергілікті тайпаларды бағындырған түркі-оғыздар құрамы
жағынан ең күрделі одаққа айналды.
ІХ ғасырдың соңына қарай оғыздар Жайық пен Еділ өзендерінің арасын иеленсе, Х
ғасырда Оңтүстік Кавказға өтті.
Оғыздар түрікмендердің, әзірбайжандар мен түріктердің ата-бабалары болды.
Олар жылжыған жолында үндіевропалықтармен араласа отырып, еуропеоидтық
белгілерді көбірек иеленгенімен, өз тілдерін жоғалтпады.
Олардың бір бөлігі көшпелі өмір салтын сақтаса, бір бөлігі отырықшыға айналып,
егіншілікке көшті.
17 слайд
Оғыздар ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы VIІІ ғасырдың соңында шығыстан түркілердің жаңа толқыны – оғыздар келді. Олар Шу мен Талас өзендерінің аралығында тұрақтап, кейін өздерімен бірге жетісулық қарлұқтар мен сырдариялық печенегтерді ертіп, Арал және Каспий маңына қарай орын ауыстырды. Өздеріне Арал маңындағы жергілікті тайпаларды бағындырған түркі-оғыздар құрамы жағынан ең күрделі одаққа айналды. ІХ ғасырдың соңына қарай оғыздар Жайық пен Еділ өзендерінің арасын иеленсе, Х ғасырда Оңтүстік Кавказға өтті. Оғыздар түрікмендердің, әзірбайжандар мен түріктердің ата-бабалары болды. Олар жылжыған жолында үндіевропалықтармен араласа отырып, еуропеоидтық белгілерді көбірек иеленгенімен, өз тілдерін жоғалтпады. Олардың бір бөлігі көшпелі өмір салтын сақтаса, бір бөлігі отырықшыға айналып, егіншілікке көшті.
18 слайд
18 слайд
19 слайд
Қимақтар
ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы
Солтүстік-шығыс Қазақстан амағында, Ертіс бойында Солтүстік-шығыс
Монғолиядан келген қимақ тайпалары орналасты.
ІХ-Х ғасырларда Қимақ қағандығының аумағы Қазақстанның
айтарлықтай үлкен аумағына таралды.
Қимақтардың шығу тегі туралы әртүрлі пікірлер бар.
Кейбір ғалымдар оларды қыпшақтарға туыстас түркі тілдес халық деп те
есептейді.
Басқалары, қимақтар Даланың қазақстандық бөлігінде түркіленуге
ұшыраған моңғол тілді қидандардың батыс тармағы деген болжам
айтады.
Қидандардың жылжуы Ұйғыр қағандығының ыдырауынан туындаған.
19 слайд
Қимақтар ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы Солтүстік-шығыс Қазақстан амағында, Ертіс бойында Солтүстік-шығыс Монғолиядан келген қимақ тайпалары орналасты. ІХ-Х ғасырларда Қимақ қағандығының аумағы Қазақстанның айтарлықтай үлкен аумағына таралды. Қимақтардың шығу тегі туралы әртүрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар оларды қыпшақтарға туыстас түркі тілдес халық деп те есептейді. Басқалары, қимақтар Даланың қазақстандық бөлігінде түркіленуге ұшыраған моңғол тілді қидандардың батыс тармағы деген болжам айтады. Қидандардың жылжуы Ұйғыр қағандығының ыдырауынан туындаған.
20 слайд
20 слайд
21 слайд
Қидандар
ХІІ ғасырда Қазақстан аумағында моңғол
тілді қидандар немесе қарақытайлар пайда
болды және олар өз мемлекетін құрды.
Түркілердің қоршауында қалған қидандар
түркі тіліне көшті.
Қарақытайлар мемлекеті моңғолдар жаулап
алғанға дейін өмір сүрді. (ХІІІ ғасыр)
21 слайд
Қидандар ХІІ ғасырда Қазақстан аумағында моңғол тілді қидандар немесе қарақытайлар пайда болды және олар өз мемлекетін құрды. Түркілердің қоршауында қалған қидандар түркі тіліне көшті. Қарақытайлар мемлекеті моңғолдар жаулап алғанға дейін өмір сүрді. (ХІІІ ғасыр)
22 слайд
22 слайд
23 слайд
23 слайд
24 слайд
Қыпшақтар
Х ғасырда бөлінген қыпшақтар оғыздарды батысқа ығыстырды.
ХІ ғасырда қыпшақтар (олардың басқа атаулары құмандар, кундар,
половецтер) Батыс Моңғолиядан бастап Дунайға дейінгі бүкіл Ұлы Даланы
иемденді.
Қыпшақтар ортақ атаумен, тілмен және мәдениетпен біріккен этномәдени
қауымдастық болды.
«Қыпшақ» атауымен шығу тегі әртүрлі түркі тайпалары біріктірілді.
Араб дереккөзлерінде билеуші ру елбөрі («қасқырлар елі») мен ондаған тайпа
атап көрсетілген.
Қыпшақ тілі тобына жататын тайпалардың (қыпшақтардың) Ұлы Даланың
орталық, кейін батыс бөлігіне қоныс аударуы қазіргі заманғы түркі
халықтарының солтүстік тобының, бірінші кезекте қазақтардың
қалыптасуына негіз болды.
24 слайд
Қыпшақтар Х ғасырда бөлінген қыпшақтар оғыздарды батысқа ығыстырды. ХІ ғасырда қыпшақтар (олардың басқа атаулары құмандар, кундар, половецтер) Батыс Моңғолиядан бастап Дунайға дейінгі бүкіл Ұлы Даланы иемденді. Қыпшақтар ортақ атаумен, тілмен және мәдениетпен біріккен этномәдени қауымдастық болды. «Қыпшақ» атауымен шығу тегі әртүрлі түркі тайпалары біріктірілді. Араб дереккөзлерінде билеуші ру елбөрі («қасқырлар елі») мен ондаған тайпа атап көрсетілген. Қыпшақ тілі тобына жататын тайпалардың (қыпшақтардың) Ұлы Даланың орталық, кейін батыс бөлігіне қоныс аударуы қазіргі заманғы түркі халықтарының солтүстік тобының, бірінші кезекте қазақтардың қалыптасуына негіз болды.
25 слайд
25 слайд
26 слайд
«Диуани лұғат ат-түрікте» кездесетін
тайпалар
Қазақтар этногенезінің түркілік кезеңі Махмұт Қашқаридың араб
тілінде жазылған «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілдерінің жинағы, ХІ
ғасыр) кітабындағы халықтар тізбесінде ішінара көрініс тапқан.
Махмұд Қашқари тайпаларды батыстан шығысқа қарайғы бағытта
санамалайды.
Солтүстік топ халықтары: бедженек, қыпшақ, имек, оғыз, башқұрт,
басмыл, каи, йабаку, татар және қырғыз.
Оңтүстік топ халықтары: шығыл, тухси, яғма, игрок, жарұқ, жұмұл,
ұйғыр, таңғұт және хитай.
Махмұд Қашқаридың айтуынша бұлардың кейбіреулері түрікше
сөйлемеген.
26 слайд
«Диуани лұғат ат-түрікте» кездесетін тайпалар Қазақтар этногенезінің түркілік кезеңі Махмұт Қашқаридың араб тілінде жазылған «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілдерінің жинағы, ХІ ғасыр) кітабындағы халықтар тізбесінде ішінара көрініс тапқан. Махмұд Қашқари тайпаларды батыстан шығысқа қарайғы бағытта санамалайды. Солтүстік топ халықтары: бедженек, қыпшақ, имек, оғыз, башқұрт, басмыл, каи, йабаку, татар және қырғыз. Оңтүстік топ халықтары: шығыл, тухси, яғма, игрок, жарұқ, жұмұл, ұйғыр, таңғұт және хитай. Махмұд Қашқаридың айтуынша бұлардың кейбіреулері түрікше сөйлемеген.
27 слайд
27 слайд
28 слайд
Қорытынды
Қазақтар этногенезінің түркілік дәуірінде (VI-XIII ғасырлар) түркі
тайпалары қазіргі Қазақстан аумағына келе бастады және жергілікті
халықпен араласа отырып, қазақ даласының этникалық бейнесін
толықтай қайта өзгертті.
Бұл ретте өркениеттік негіз – көшпелі мал шаруашылығы мен
көшпелілік мәдениеті бұрынғыша қалды, этникалық жағынан Ұлы
Даланың көшпелілер әлемі мүлдем басқа әлемге, түркі әлеміне
айналды.
Бұл кезеңдегі қыпшақтар қазақтар этногенезіне үлкен үлес қосты.
28 слайд
Қорытынды Қазақтар этногенезінің түркілік дәуірінде (VI-XIII ғасырлар) түркі тайпалары қазіргі Қазақстан аумағына келе бастады және жергілікті халықпен араласа отырып, қазақ даласының этникалық бейнесін толықтай қайта өзгертті. Бұл ретте өркениеттік негіз – көшпелі мал шаруашылығы мен көшпелілік мәдениеті бұрынғыша қалды, этникалық жағынан Ұлы Даланың көшпелілер әлемі мүлдем басқа әлемге, түркі әлеміне айналды. Бұл кезеңдегі қыпшақтар қазақтар этногенезіне үлкен үлес қосты.