Материалдар / 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ер мен жердің жеңісі» атты ашық тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

7 – мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ер мен жердің жеңісі» атты ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру және «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға, болашақта елімізді қорғаушы қатарында болатын Азаматтарды тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2024
120
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
7 – мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ер мен жердің жеңісі» атты ашық тәрбие сағаты 7 А сынып кура

1 слайд
7 – мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ер мен жердің жеңісі» атты ашық тәрбие сағаты 7 А сынып кураторы Б.Ш.Жунисбекова Мақсаты: 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру және «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға, болашақта елімізді қорғаушы қатарында болатын Азаматтарды тәрбиелеу.

Нурай А.Құрметті асқар таудай әкелер, арқа сүйер аталар және де біздің ұландар, қонақтар! Сіздерді Отан қорғаушы

2 слайд
Нурай А.Құрметті асқар таудай әкелер, арқа сүйер аталар               және де біздің ұландар, қонақтар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қатар келген 9 мамыр Жеңіс күні құтты болсын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 79 жыл толып отыр. Бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда дей келе «Ер мен жердің жеңісі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Қош келдіңіздер! (Ән )

Айым: Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқ

3 слайд
Айым: Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды. Батыр: Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс болғандығы айқын.

Ұлы Отан соғысы (1941-1945) Асылай: Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға ша

4 слайд
Ұлы Отан соғысы (1941-1945) Асылай: Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды. Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.

Балжан: 1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қ

5 слайд
Балжан: 1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Аслан: Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты. Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.

Ұлы Отан соғысында Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі Нұрали: Мурманск іргесінде пулеметшілер Қ. Қайдаров, Г. Оқа

6 слайд
Ұлы Отан соғысында Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі Нұрали: Мурманск іргесінде пулеметшілер Қ. Қайдаров, Г. Оқасов және К. Теміржанов дұшпанды ішке жібермей, көз жұмғанша айқасты. Киев бағытында 19-танк дивизиясының полктары жанкешті шайқас жүргізді. Сол үшін олардың командирі К.А. Семеченко қазақстандықтардың ішінде ең бірінші Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Аиша: Соғыс кезінде Қазақстанда барлығы 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және қарулы күштер мен әскер түрлерінің әр саладағы жеке полктері мен батальондары жасақталды. Мәселен, полковник А.Н. Замировскийдің ақмолалық 310- атқыштар дивизиясы, А.Ф. Наумовтың ақтөбелік 312-дивизиясы, генерал- майор А.Д. Шеменковтың петропавлдық 314-дивизиясы және генерал- майор И.В. Панфиловтың 316-дивизиясы 1941 жылы тамызда майданға бірінші болып аттанды .

Тлеуберді: Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста шықты. 316-атқыштар дивизиясына негізгі ж

7 слайд
Тлеуберді: Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста шықты. 316-атқыштар дивизиясына негізгі жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар ("28 панфиловшы") тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Имтисаль: Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков "Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва" ұранын көтерді.Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен "28 панфиловшы" ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ, Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.

Нұрбек : 1941-1945 жылдары болған сұрапыл соғысқа 35 миллион адам қатысты. Қазақстаннан майданға 1,8 миллион адам аттанды. 600

8 слайд
Нұрбек : 1941-1945 жылдары болған сұрапыл соғысқа 35 миллион адам қатысты. Қазақстаннан майданға 1,8 миллион адам аттанды.  600 мыңы отанына оралған жоқ . Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанкештілікпен қорғап, Украина мен Беларусь, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты. Әмина Е: Бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақ алды. Олардың бесеуі бір, төртеуі екі, екеуі үш орденмен марапатталған. Бес дивизия гвардиялық атақ алды. Олардың қатарында Кеңес Одағының батыры Иван Панфилов атындағы атақты 8-ші гвардиялық дивизия да бар.

Санжар: Ұлы Отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды. Ал 1990 жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес Одағы

9 слайд
Санжар: Ұлы Отан соғысында  497 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын  алды. Ал 1990 жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес Одағының батыры атағы қолбасшы Бауыржан Момышұлына берілді. 1941 жылы аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған атқыштар батальоны мен Иван Карпов басқарған 1075-ші атқыштар полкі Мәскеу түбінде бір ай бойы үздіксіз ұрыстар жүргізіп, дұшпанға қарсы шабуылға шықты.

Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары: Азамат: 1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316- атқышта

10 слайд
Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары: Азамат: 1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316- атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы- батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті. Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.

Төлеген Тоқтаров Томирис: Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірін

11 слайд
Төлеген Тоқтаров Томирис: Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры. Дивизияның «Отан үшін» газеті ержұрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды.

Алихан: Мәлік Ғабдулин майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Н

12 слайд
Алихан: Мәлік Ғабдулин майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Бақберген: Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады. Мәлік Ғабдулин

Мәншүк Мәметова Асель: 1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған

13 слайд
Мәншүк Мәметова Асель: 1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.

Әлия Молдағұлова Әмина М.: Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Санкт- Петербургтегі №9 ме

14 слайд
Әлия Молдағұлова Әмина М.: Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Санкт- Петербургтегі №9 мектепте оқыған. 1941 жылы Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26- атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.

Ұшқыш Хиуаз Доспанова Ерсұлтан: Хиуаз Доспанова – "түнгі мыстандар" деген лақап атты иеленген бомбалаушылардың аты аңызға айна

15 слайд
Ұшқыш Хиуаз Доспанова Ерсұлтан: Хиуаз Доспанова – "түнгі мыстандар" деген лақап атты иеленген бомбалаушылардың аты аңызға айналған әйелдер полкінің ұшқышы. 1922 жылы Атырау облысының Ганюшкино ауылында дүниеге келген. Соғыстағы құрбылары оны Катя деп атаған – соғыс жылдарында 300-ден астам рет ұшқан. Әмірқан:" Түнгі мыстандар" нысанаға белгілі бір қашықтықта ұшып барып, қозғалтқышты өшірген. Фашистер оларды байқағанға дейін бомбаларды тастап үлгеретін. Тек лақтырған сыпырғыштың дауысына ұқсас шу естілетін болған. Доспановаға 2004 жылы "Халық қаһарманы" атағын берді, бұл Қазақстандағы ең жоғары марапат. Төрт жылдан кейін Доспанова дүниеден озды.

Халида Маманова – Сталинге ультиматум қойған қазақ қызы Жанерке: Халида Маманова айыптылар батальонында (штрафбат) соғысқа

16 слайд
Халида Маманова – Сталинге ультиматум қойған қазақ қызы Жанерке: Халида Маманова айыптылар батальонында (штрафбат) соғысқан жалғыз қазақ әйелі болып саналады. Оның отбасына "кулак" қамыты кигізіліп, бойжеткен халық жауының қызы деп жарияланды. Айыптылар батальонында соғысқан жалғыз қазақ әйелі Халида Маманова "Соғыс басталғанда ол майданға сұранды, бірақ оның қолына қару емес, халық жауының қызы ретінде күрек берілді. Адильхан: Оған жертаса қазып, солдаттарды жерлеуге ғана рұқсат берілетінін айтқан", - деді Қазақстан Қарулы күштері әскери-тарихи музейінің экскурсия жетекшісі. Халида Маманова Сталинге хат жазып, өзін айыптылар ротасына жіберуді сұрады: "Егер мен тірі қалсам, маған және менің туыстарыма тағылған барлық айыпты алып тастаңыз", - деп жазды ол. Халида Маманованың Сталинге жазған хатының үзіндісі елордалық музейде сақтаулы тұр.

Рауан: 1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды! Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев! Рақымжан

17 слайд
Рауан: 1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды! Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев! Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккені үшін "Жауынгерлік Қызыл ту" орденінің иегері болды. 2001 жылы  "Халық қаһарманы" атанды.

Баян: Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты

18 слайд
Баян: Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Аңсар: Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.

Амира: Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 79 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі

19 слайд
Амира: Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 79 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ақсая: Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Нұрай Т.: Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын- жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Айя: Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының б

20 слайд
Айя: Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай- ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Талшын: Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды

Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға үлес қосты. 1941-1

21 слайд
Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға үлес қосты. 1941-1945 жылдары КСРО-дағы әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық білім алуға аттанса, нақтыланбаған ақпарат бойынша, Қазақстанның аумағында соғыс жылдары жұмыс істеген 27 әс...