Абай аудармасының ерекшеліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
АҚЫН АУДАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1 слайд
АҚЫН АУДАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2 слайд
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап
аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың
атақты ақыны М.Лермонтовтың
«Бородино» атты патриоттық өлеңінен
үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың
«Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін,
оқиғасын алып, өзінше қысқартып
жазған поэма. Абай аудармаларын
зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның
елуден аса аударған өлеңдері барлығын
айқындап отыр. Олардың ішінде
лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да,
ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары
да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен
түлкі» атты басня екі түрлі вариантта
аударылған) М.Лермонтов
2 слайд
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны М.Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған) М.Лермонтов
3 слайд
Абайдың өмірбаянын жазған тарауда Абай 70-80 жылдардан бастап орыс мәдениетіне түгелдей
бет бұрды, орыстың ол кездегі алдыңғы қатардағы идеясымен танысып, оларға Сарыарқадан
үн қосушы бірінші ақын да Абай еді дедік. Демек, болашағы мол ұлы орыс халқының тез
ілгерілеуіне бөгет болып отырған аграрлық-патриархалдық патшалық Россияның құрылысын,
әлеумет өміріндегі әртүрлі кемшіліктерді қатты шенеп, соларды жою арқылы Россияны алға
апаруға күш салған, ол жолда шатқалаң қиын соқпақтарға кездесіп, талай қиыншылықтарды
бастарынан кешірген Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларының Абайға ұнауы,
олармен өзінің мұңдас болуы, осы елдердің ұлы ақындарының идея-тілектерінен туды. Крылов
жазған «Қасқыр мен қозы», «Қарға мен түлкі» оқиғалары ол кездегі қазақта да аз емес болатын.
Сонымен қатар орыстың ұлы ақындарының жалпы адамгершілікке үндеген әртүрлі
мысалдары мен үлгілі өлеңдері, өз елінің басшысы, ұстазы боламын деген кемеңгер ақынға осы
жағынан да дәл келді. Екінші, Пушкин, Лермонтовтардың шын мәніндегі искусство иелері
екендігін Абай жақсы ұғынды.
3 слайд
Абайдың өмірбаянын жазған тарауда Абай 70-80 жылдардан бастап орыс мәдениетіне түгелдей бет бұрды, орыстың ол кездегі алдыңғы қатардағы идеясымен танысып, оларға Сарыарқадан үн қосушы бірінші ақын да Абай еді дедік. Демек, болашағы мол ұлы орыс халқының тез ілгерілеуіне бөгет болып отырған аграрлық-патриархалдық патшалық Россияның құрылысын, әлеумет өміріндегі әртүрлі кемшіліктерді қатты шенеп, соларды жою арқылы Россияны алға апаруға күш салған, ол жолда шатқалаң қиын соқпақтарға кездесіп, талай қиыншылықтарды бастарынан кешірген Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларының Абайға ұнауы, олармен өзінің мұңдас болуы, осы елдердің ұлы ақындарының идея-тілектерінен туды. Крылов жазған «Қасқыр мен қозы», «Қарға мен түлкі» оқиғалары ол кездегі қазақта да аз емес болатын. Сонымен қатар орыстың ұлы ақындарының жалпы адамгершілікке үндеген әртүрлі мысалдары мен үлгілі өлеңдері, өз елінің басшысы, ұстазы боламын деген кемеңгер ақынға осы жағынан да дәл келді. Екінші, Пушкин, Лермонтовтардың шын мәніндегі искусство иелері екендігін Абай жақсы ұғынды.
4 слайд
Орыстың атақты жазушы, ақындарын
аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл
шығыс елінде елеулі орын алады.
Шығыс елінде 1889 жылға шейін
Пушкиннің «Евгений Онегині» тек
Әзірбайжанда ғана аударылған. Евгений
Онегинді сонан кейінгі аударған - Абай.
Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен
мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы
басқа көршілес елдердің бәрінен бұрын
Сарыарқада жатқан Абайдың
дүниежүзілік мәдениет мұрасының
шаршы төрінен орын алған Пушкинді
танып, Татьянаның үнімен даланы
жаңғырықтыруы - қазақ үшін
мақтанарлық іс. А.С.Пушкин
4 слайд
Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Евгений Онегині» тек Әзірбайжанда ғана аударылған. Евгений Онегинді сонан кейінгі аударған - Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен бұрын Сарыарқада жатқан Абайдың дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған Пушкинді танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс. А.С.Пушкин
5 слайд
Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ
жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің
ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан
шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, әдеби
сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ
халқының жүрегінен жылы орын әперді. Оларды қазақ өз ақындарындай сүйді. Абайдан
кейін әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін «Татьянаның хаты», «Қараңғы
түнде тау қалғып», «Қанжар» («Кинжал»), «Жалғыз жалау жалтылдап» өлеңдерін
білмейтін адам аз шығар. Сөйтіп Абайдың аудармалары мәдениетті, үлкен идеяны
қолдаушы басқа елдердің ұлы ақындары мен қазақ жұртшылығы араларындағы
дәнекер болды. Абайдың ұлттық шеңберден шығып, жалпы адам баласына ортақ идеяны
көксеген, интернационалдық жүректің иесі ақын екендігін орыс жазушыларына
көзқарасының өзі-ақ дәлелдейді. Жастарға үлгі ал, өнеге үйрен дегенде қазақтан емес,
Толстой, Салтыков-Щедрин сияқтыларды мегзеді:
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой.
5 слайд
Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, әдеби сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді. Оларды қазақ өз ақындарындай сүйді. Абайдан кейін әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» («Кинжал»), «Жалғыз жалау жалтылдап» өлеңдерін білмейтін адам аз шығар. Сөйтіп Абайдың аудармалары мәдениетті, үлкен идеяны қолдаушы басқа елдердің ұлы ақындары мен қазақ жұртшылығы араларындағы дәнекер болды. Абайдың ұлттық шеңберден шығып, жалпы адам баласына ортақ идеяны көксеген, интернационалдық жүректің иесі ақын екендігін орыс жазушыларына көзқарасының өзі-ақ дәлелдейді. Жастарға үлгі ал, өнеге үйрен дегенде қазақтан емес, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқтыларды мегзеді: Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой, Я тілмаш, я адвокат Болсам деген бәрінде ой.
6 слайд
Бұл сөзден Абай өз халқын жек көрді деген ұғым тумайды. Абай
айналасындағы әлеумет өмірін, «ел еркесін» сынағанда, өмір уын
ішіп, бүк түсе қайғырғанда сол халық үшін қайғырып, халық қамы
үшін өмірден тыныштық көре алмайды. Бар өмір, бар асылын сол
халық үшін жұмсады. Бірақ ол кезде қазақта Салтыков пен Толстой
жоқ еді. Ендеше өмірге адамгершілік көзбен қараған,
интернационалдық жүрегі бар Абай сияқты ақынның объективтік
көзқарасы Салтыков, Толстойды қазаққа үлгі еткізді.
6 слайд
Бұл сөзден Абай өз халқын жек көрді деген ұғым тумайды. Абай айналасындағы әлеумет өмірін, «ел еркесін» сынағанда, өмір уын ішіп, бүк түсе қайғырғанда сол халық үшін қайғырып, халық қамы үшін өмірден тыныштық көре алмайды. Бар өмір, бар асылын сол халық үшін жұмсады. Бірақ ол кезде қазақта Салтыков пен Толстой жоқ еді. Ендеше өмірге адамгершілік көзбен қараған, интернационалдық жүрегі бар Абай сияқты ақынның объективтік көзқарасы Салтыков, Толстойды қазаққа үлгі еткізді.
7 слайд
Енді аударманың құрылысы жағына келсек, Абай аудармаларын негізінде екі
түрлі деуге болады. Біріншісі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл
аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді.
Кейбір өлеңдерді аударғанда, Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік
сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл
келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі тоникалық, не силлабо-тоникалық өлең
құрылысына жатады да, қазақтікі силлаболық өлең құрылысына жатады.
Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін
болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде
ұйқастырып, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады.
7 слайд
Енді аударманың құрылысы жағына келсек, Абай аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады. Біріншісі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда, Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі тоникалық, не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі силлаболық өлең құрылысына жатады. Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұйқастырып, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады.
8 слайд
Абай аудармаларын өзара екіге бөліп қарағанда, бірінші түрі қазақ
әдебиет тарихында ең үлгілі, ең сапалы аудармалар болып
саналады. Өйткені Абай - бір тілден екінші тілге аударылғанда
сақталынуға керекті шарттардың негізін дұрыс ұғынған ақын.
Сондықтан да ол өлеңнің мазмұны, түріне қарап, әртүрлі әдіс
қолданады. Орыс тіліндегі өлеңдердің дәлме-дәл аударуға
келетіндері болса, қазақ өлең құрылысынан оған дәл, не жақын
келетін түрлерді іздеп, «бұлжытпай» дәл беруге тырысады
(«Қараңғы түнде тау қалғып», т.б.).
8 слайд
Абай аудармаларын өзара екіге бөліп қарағанда, бірінші түрі қазақ әдебиет тарихында ең үлгілі, ең сапалы аудармалар болып саналады. Өйткені Абай - бір тілден екінші тілге аударылғанда сақталынуға керекті шарттардың негізін дұрыс ұғынған ақын. Сондықтан да ол өлеңнің мазмұны, түріне қарап, әртүрлі әдіс қолданады. Орыс тіліндегі өлеңдердің дәлме-дәл аударуға келетіндері болса, қазақ өлең құрылысынан оған дәл, не жақын келетін түрлерді іздеп, «бұлжытпай» дәл беруге тырысады («Қараңғы түнде тау қалғып», т.б.).
9 слайд
Абай оларды тек досы көріп қойған жоқ, әрі өзінің ұстазы да санады.
Сонымен қатар Абай аудармаларының және бір үздік ерекшелігі - қандай аудармашы
болсын, өз тіліндегі көркемдік құндылығын, құлаққа қонымды, көңілге жағымдылығын,
қазақшаға аударғанда сол өзінің түпнұсқасындағы дәрежеде сақтай алуы, әрі оны
қазақша етіп шығара білуі. Бұл - аудармашыларда өте сирек кездесетін қасиет. Басқа
аудармашылардың аударған өлеңдерін оқып, оны түпнұсқамен салыстырсақ, сөзі,
мазмұны дұрыс болғанымен, түпнұсқаның өзін оқығандағы әсерді аудармадан ала
алмайсың және оқығанда-ақ аударма екендігі көрініп тұрады. Абай аудармаларында ол
жоқ. Дәл, бұлжытпай аударған өлеңдері қазақтың өз өлеңдеріндей болып шығады.
Өлеңнің өз тіліндегі әсері мен Абай аудармаларынан алатын әсерлерде айырма болмайды.
Міне, аударма жөніндегі Абайдың озат шеберлігі де, бұл күнге шейін үлгілігі де осында.
9 слайд
Абай оларды тек досы көріп қойған жоқ, әрі өзінің ұстазы да санады. Сонымен қатар Абай аудармаларының және бір үздік ерекшелігі - қандай аудармашы болсын, өз тіліндегі көркемдік құндылығын, құлаққа қонымды, көңілге жағымдылығын, қазақшаға аударғанда сол өзінің түпнұсқасындағы дәрежеде сақтай алуы, әрі оны қазақша етіп шығара білуі. Бұл - аудармашыларда өте сирек кездесетін қасиет. Басқа аудармашылардың аударған өлеңдерін оқып, оны түпнұсқамен салыстырсақ, сөзі, мазмұны дұрыс болғанымен, түпнұсқаның өзін оқығандағы әсерді аудармадан ала алмайсың және оқығанда-ақ аударма екендігі көрініп тұрады. Абай аудармаларында ол жоқ. Дәл, бұлжытпай аударған өлеңдері қазақтың өз өлеңдеріндей болып шығады. Өлеңнің өз тіліндегі әсері мен Абай аудармаларынан алатын әсерлерде айырма болмайды. Міне, аударма жөніндегі Абайдың озат шеберлігі де, бұл күнге шейін үлгілігі де осында.
10 слайд
Абай аудармаларының бұл тәрізді үздік болуының,
бізше, үш түрлі себебі бар:
өзінің үлкен
талант-
тылығы; орыс тіліндегі
өлеңдерде
қолданылатын
сөздердің тек
жай мәнін ғана
емес, әдемілік
қасиеттерін
терең ұғынуы; қазақ
тіліндегі
сөздерге
ақынның
мейлінше
байлығы.
10 слайд
Абай аудармаларының бұл тәрізді үздік болуының, бізше, үш түрлі себебі бар: өзінің үлкен талант- тылығы; орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, әдемілік қасиеттерін терең ұғынуы; қазақ тіліндегі сөздерге ақынның мейлінше байлығы.
11 слайд
Абай
аудармалар
ы
11 слайд
Абай аудармалар ы