"Абай және Қарамола ережесі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Н А У Р Ы З Б А Й А У Д А Н Ы
№ 1 7 4 М Е К Т Е П - Г И М Н А З И Я
«Абай және Қарамола Ережесі»
тақырыбындағы ғылыми жоба
Орындаған: 10 - сынып оқушысы Ермұрат Ақбота
Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Калдыкенова
Бактыгуль Кожахметовна
Ғылыми кеңесшісі: Нурғалым К.С Абай атындағы
Қаз ҰПУ, Халықаралық құқық кафедрасының
доценті, с.ғ.к.
Алматы-2020ж
1 слайд
Н А У Р Ы З Б А Й А У Д А Н Ы № 1 7 4 М Е К Т Е П - Г И М Н А З И Я «Абай және Қарамола Ережесі» тақырыбындағы ғылыми жоба Орындаған: 10 - сынып оқушысы Ермұрат Ақбота Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Калдыкенова Бактыгуль Кожахметовна Ғылыми кеңесшісі: Нурғалым К.С Абай атындағы Қаз ҰПУ, Халықаралық құқық кафедрасының доценті, с.ғ.к. Алматы-2020ж
2 слайд
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Абай
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
2 слайд
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Абай Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
3 слайд
ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ:
* Абай Құнанбаевтың ел басқару ісіне араласып, қазақ даласы
үшін заңдар, ережелер жинағының үлгісі - « Қарамола
Ережесінің » мәні мен тарихи маңызын ашу.
* Абайдың «Қарамола Ережесінің» тәуелсіз Қазақстанның
Конституциясы мен әкімшілік кодексінің түп негізі үндес
екенін салыстыру.
3 слайд
ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ: * Абай Құнанбаевтың ел басқару ісіне араласып, қазақ даласы үшін заңдар, ережелер жинағының үлгісі - « Қарамола Ережесінің » мәні мен тарихи маңызын ашу. * Абайдың «Қарамола Ережесінің» тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы мен әкімшілік кодексінің түп негізі үндес екенін салыстыру.
4 слайд
▪ Тақырыптың зерттелу деңгейі
▪ Абайдың билік, ел басқару ісіне араласқанын
алғаш зерттеген - атақты жазушы М Әуезов.
▪ 1995 жылы ғалым Сәкен Өзбекұлы «Абай
және адам құқы» еңбегінде «Қарамола
Ережесін» талдаған екен.
▪ Қазір «Қарамола Ережесі» жайлы баспа
беттерінде, жекелеген авторлар еңбектерінде
жарияланып жүр.
Абайдың «Қарамола Ережесінің» түп
нұсқасын Ғ Мүсірепов Қазан Университетінен
алып, Қазақстанның Орталық музейіне
тапсырған.
4 слайд
▪ Тақырыптың зерттелу деңгейі ▪ Абайдың билік, ел басқару ісіне араласқанын алғаш зерттеген - атақты жазушы М Әуезов. ▪ 1995 жылы ғалым Сәкен Өзбекұлы «Абай және адам құқы» еңбегінде «Қарамола Ережесін» талдаған екен. ▪ Қазір «Қарамола Ережесі» жайлы баспа беттерінде, жекелеген авторлар еңбектерінде жарияланып жүр. Абайдың «Қарамола Ережесінің» түп нұсқасын Ғ Мүсірепов Қазан Университетінен алып, Қазақстанның Орталық музейіне тапсырған.
5 слайд
АБАЙ ЖАЗҒАН ҚАРАМОЛА ЖАРҒЫСЫНЫҢ ТҮПНҰСҚА КІТАБЫ ТАБЫЛДЫ 2019ж
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі қызметкерлерінің ғылыми іс-сапарының
нәтижесінде Қазан қаласынынан құнды қазына табылды. Бұл 1885 жылы Абай
Құнанбайұлының төбе би болған Қарамола сьезінде қабылданған жарғының 1886 жылы Қазан
қаласынан шыққан басылымы.Қарамола жарғысы» ХІХ ғасырдағы адам құқықтарының
сақталуы мен бостандығы хақында Абайдың өзі құрастырып шығарған, халық арасына кең
таралған ережелердің бірі. Бұл басылымды 1959 жылы ҚР Ғылым Академиясының
қызметкері, ғалым Қарта Қаңтарбайұлы Қазан қаласынан тауып, аудармасын ғана жасап алған.
Осы аударманың машинкада терілген нұсқасы музей қорында сақтаулы.Абай музейінде талай
жыл қызмет атқарған Мұздыбай Бейсенбайұлы 1984 жылы Қазан қаласына барып қайтқан
сапарында аталған жарғыны көргенін жазған. Алайда еліміздегі кітапханалар мен музей
қорларында осы күнге дейін Қазан қаласында басылған Қарамола жарғысының бірде-бір
көшірмесі болмаған. Хакім Абайдың бастамасымен қабылданған «Қарамола жарғысы» қадым
жазуымен Қазан қаласындағы Императорлық университеттің баспаханасынан 1886 жылы
Семей облыстық әскери губернаторының өкіміне сәйкес жарық көрген.Табылған құнды құжат
осы уақытқа дейін белгілі аудармаларды түпнұсқамен салыстыруға және жан-жақты зерттеуге
мүмкіндік береді.
17851 рет оқылған
5 слайд
АБАЙ ЖАЗҒАН ҚАРАМОЛА ЖАРҒЫСЫНЫҢ ТҮПНҰСҚА КІТАБЫ ТАБЫЛДЫ 2019ж Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі қызметкерлерінің ғылыми іс-сапарының нәтижесінде Қазан қаласынынан құнды қазына табылды. Бұл 1885 жылы Абай Құнанбайұлының төбе би болған Қарамола сьезінде қабылданған жарғының 1886 жылы Қазан қаласынан шыққан басылымы.Қарамола жарғысы» ХІХ ғасырдағы адам құқықтарының сақталуы мен бостандығы хақында Абайдың өзі құрастырып шығарған, халық арасына кең таралған ережелердің бірі. Бұл басылымды 1959 жылы ҚР Ғылым Академиясының қызметкері, ғалым Қарта Қаңтарбайұлы Қазан қаласынан тауып, аудармасын ғана жасап алған. Осы аударманың машинкада терілген нұсқасы музей қорында сақтаулы.Абай музейінде талай жыл қызмет атқарған Мұздыбай Бейсенбайұлы 1984 жылы Қазан қаласына барып қайтқан сапарында аталған жарғыны көргенін жазған. Алайда еліміздегі кітапханалар мен музей қорларында осы күнге дейін Қазан қаласында басылған Қарамола жарғысының бірде-бір көшірмесі болмаған. Хакім Абайдың бастамасымен қабылданған «Қарамола жарғысы» қадым жазуымен Қазан қаласындағы Императорлық университеттің баспаханасынан 1886 жылы Семей облыстық әскери губернаторының өкіміне сәйкес жарық көрген.Табылған құнды құжат осы уақытқа дейін белгілі аудармаларды түпнұсқамен салыстыруға және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. 17851 рет оқылған
6 слайд
Қарамола .... Ұлы Абай атақты Ережесін дүниеге әкелген
жер. Семейден 70 шақырым, Шар өзені бойында
орналасқан. Қарамола атауы – киелі мекен, көне орын,
қара жұрт деген мағына береді. Тоғыз жолдың торабында
орналасқан Қарамолада жылына 2 рет жәрмеңке
ұйымдастырылып отырған.
6 слайд
Қарамола .... Ұлы Абай атақты Ережесін дүниеге әкелген жер. Семейден 70 шақырым, Шар өзені бойында орналасқан. Қарамола атауы – киелі мекен, көне орын, қара жұрт деген мағына береді. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қарамолада жылына 2 рет жәрмеңке ұйымдастырылып отырған.
7 слайд
1885 жылы Қарамола деген жәрмеңкеде бірнеше дуан елдің, ол
күндегі әдет бойынша бас қосатын шербешна (чрезвычайный) сьезі
болады. Семейдің генерал-губернаторы Цеклинский Абаймен
жолыққанда, Абай жалпы қазақ даласын орыс заңдарымен ғана
басқаруға болмайтынын, бұл елдің өзінің ерекшеліктері бар екенін,
атадан балаға ғасырлар бойы мирас болып келе жатқан әдет-ғұрпы,
заңдары барлығын, көп мәселелерді қазақ ішінде осы заңдар негізінде
шешуге болатындығын айтады. Абайдың патша ұлықтарымен
жолыққаннан кейін оның зерек, терең білімді адам екеніне көздері
жетіп, ешқандай қиянатқа бармайтынын түсінгеннен кейін әлгі
адамдар Абайды төбе би етіп сайлайды. Осындай жағдай
шабыттандырған Абай айналасы 3-4 күннің ішінде 73 баптан тұратын
Ережені дүниеге әкеледі.
7 слайд
1885 жылы Қарамола деген жәрмеңкеде бірнеше дуан елдің, ол күндегі әдет бойынша бас қосатын шербешна (чрезвычайный) сьезі болады. Семейдің генерал-губернаторы Цеклинский Абаймен жолыққанда, Абай жалпы қазақ даласын орыс заңдарымен ғана басқаруға болмайтынын, бұл елдің өзінің ерекшеліктері бар екенін, атадан балаға ғасырлар бойы мирас болып келе жатқан әдет-ғұрпы, заңдары барлығын, көп мәселелерді қазақ ішінде осы заңдар негізінде шешуге болатындығын айтады. Абайдың патша ұлықтарымен жолыққаннан кейін оның зерек, терең білімді адам екеніне көздері жетіп, ешқандай қиянатқа бармайтынын түсінгеннен кейін әлгі адамдар Абайды төбе би етіп сайлайды. Осындай жағдай шабыттандырған Абай айналасы 3-4 күннің ішінде 73 баптан тұратын Ережені дүниеге әкеледі.
8 слайд
Абай басшы болған «Қарамола
Ережесіне» құн дауы, жесір
дауы, мал дауы, мүлік дауы,
әмеңгерлік дауларды шешу,
үкім шығару және сот жүргізу
тәртібінің ерекшеліктері
енгізіледі.
8 слайд
Абай басшы болған «Қарамола Ережесіне» құн дауы, жесір дауы, мал дауы, мүлік дауы, әмеңгерлік дауларды шешу, үкім шығару және сот жүргізу тәртібінің ерекшеліктері енгізіледі.
9 слайд
Биылғы жыл халықаралық «Абай жылына» айналды. Әлемнің көптеген
елдері оның шығармашылығына назар аударуда.
Қазақстанның бастамасымен және бүкіл планетамыздың мәдени-
рухани тынысын жүйелеп отырған аса беделді халықаралық ұйым -
ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы ақынымыздың 175 жылдық мерей тойы
жаһандық деңгейде аталып өтуде. Біз бәсекеге қабілетті мемлекет болу
үшін Абай мұрасын естен шығармауымыз керек. Себебі ұлт ретіндегі
жаңару идеясы да оның көзқарасымен үндесіп жатқаны анық.
Елбасы Н. Назарбаев «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» деген болатын.
Бұл тұжырым бізді жаңаша ойлауға міндеттейді.
Мемлекет басшысы Қ Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы
Қазақстан" атты мақалада дана Абайдың ұрпаққа қалдырған мол
мұрасының құндылығы, оның әр еңбегінен өмірге қажетті баға жетпес
құнды кеңестер алуға болатыны жайында жан-жақты баяндалған.
9 слайд
Биылғы жыл халықаралық «Абай жылына» айналды. Әлемнің көптеген елдері оның шығармашылығына назар аударуда. Қазақстанның бастамасымен және бүкіл планетамыздың мәдени- рухани тынысын жүйелеп отырған аса беделді халықаралық ұйым - ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы ақынымыздың 175 жылдық мерей тойы жаһандық деңгейде аталып өтуде. Біз бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін Абай мұрасын естен шығармауымыз керек. Себебі ұлт ретіндегі жаңару идеясы да оның көзқарасымен үндесіп жатқаны анық. Елбасы Н. Назарбаев «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» деген болатын. Бұл тұжырым бізді жаңаша ойлауға міндеттейді. Мемлекет басшысы Қ Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақалада дана Абайдың ұрпаққа қалдырған мол мұрасының құндылығы, оның әр еңбегінен өмірге қажетті баға жетпес құнды кеңестер алуға болатыны жайында жан-жақты баяндалған.
10 слайд
ЕРЕЖЕГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Қарамола ережесі Әкімшілік құқық
10 слайд
ЕРЕЖЕГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ Қарамола ережесі Әкімшілік құқық
11 слайд
ЕРЕЖЕГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Қарамола ережесі Әкімшілік құқық
11 слайд
ЕРЕЖЕГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ Қарамола ережесі Әкімшілік құқық
12 слайд
ЕРЕЖЕГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Қарамола ережесі Әкімшілік құқық
12 слайд
ЕРЕЖЕГЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ Қарамола ережесі Әкімшілік құқық
13 слайд
ҰЛЫ АБАЙ ЖАЗҒАН ЕРЕЖЕ
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
өлеңін жазуға түрткі болды.
Бұл Ереже бүгін маңызын жойған жоқ, оған мысал -
Қазақстан Конституциясы мен «Медиация туралы» Заң.
Күрсінісі көп, күңіренуі одан да басым сол қоғамда ақиқат пен
шындықты шырақ етіп, «Қалың елім, қазағым, қайран
жұртым…» деп көкірегі қарс айырылған Абай бабамыздың
аңсаған арманы бүгінгі күні елімізде жүзеге асып келе жатыр.
13 слайд
ҰЛЫ АБАЙ ЖАЗҒАН ЕРЕЖЕ «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін жазуға түрткі болды. Бұл Ереже бүгін маңызын жойған жоқ, оған мысал - Қазақстан Конституциясы мен «Медиация туралы» Заң. Күрсінісі көп, күңіренуі одан да басым сол қоғамда ақиқат пен шындықты шырақ етіп, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…» деп көкірегі қарс айырылған Абай бабамыздың аңсаған арманы бүгінгі күні елімізде жүзеге асып келе жатыр.
14 слайд
Бүгінгі күні әлем таныған ұлы
ақын Абай Құнанбаев философиялық
жырларымен қатар, саяси - әлеуметтік
істерге де араласқан.
Атақты заңгер, тәуелсіз
Қазақстанның Ата Заңының негізін
қалаушы, академик Салық
Зимановтың пікірінше,
«Замандастары Абай Құнанбайұлын
елдің қамын ойлаған болыс, әділ би
деп білді, алдына жүгінді,
жақсылығын көрді, көсем тұтты. Абай
14 жасынан бастап қараша халыққа
әділ билік жүргізген қазақтың дәстүрлі
әдет-ғұрпын, үкім кесімдерін жетік
меңгерген дала биі, қабырғалы
қайраткері болған еді.»
14 слайд
Бүгінгі күні әлем таныған ұлы ақын Абай Құнанбаев философиялық жырларымен қатар, саяси - әлеуметтік істерге де араласқан. Атақты заңгер, тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңының негізін қалаушы, академик Салық Зимановтың пікірінше, «Замандастары Абай Құнанбайұлын елдің қамын ойлаған болыс, әділ би деп білді, алдына жүгінді, жақсылығын көрді, көсем тұтты. Абай 14 жасынан бастап қараша халыққа әділ билік жүргізген қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрпын, үкім кесімдерін жетік меңгерген дала биі, қабырғалы қайраткері болған еді.»
15 слайд
Абайдың сөзі мен ойы біздің күнбе-күнгі тірлігімізге, өркенді
өмірімізге кірпіш болып қаланып, бүгінгі өркениет пен алдағы
болашақ талабына лайық ұмтылыстарымыздан және игі істерімізден
нақты көрініс табатынына кәміл сенемін.Осы арада Абай туралы өте
көп зерттеулер бар.
Айта кететін болсақ, Абай музейі, Абай бейнесі - әдебиет, театр,
кино, музыка саласы, дана Абайға арналған ескерткіштер картасы
Қ.Р қалаларында және Қытай, Франция, Мысыр, Ташкент, Баку т.б
елдерде барына мақтанамын.
«Абай әлемі» сайты және онлайн – энциклопедия жұмыс
жасайды
Әлемге танылған – Абай» виртуалды кітап көрмесі бары қуантады.
15 слайд
Абайдың сөзі мен ойы біздің күнбе-күнгі тірлігімізге, өркенді өмірімізге кірпіш болып қаланып, бүгінгі өркениет пен алдағы болашақ талабына лайық ұмтылыстарымыздан және игі істерімізден нақты көрініс табатынына кәміл сенемін.Осы арада Абай туралы өте көп зерттеулер бар. Айта кететін болсақ, Абай музейі, Абай бейнесі - әдебиет, театр, кино, музыка саласы, дана Абайға арналған ескерткіштер картасы Қ.Р қалаларында және Қытай, Франция, Мысыр, Ташкент, Баку т.б елдерде барына мақтанамын. «Абай әлемі» сайты және онлайн – энциклопедия жұмыс жасайды Әлемге танылған – Абай» виртуалды кітап көрмесі бары қуантады.
16 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ
Биылғы жыл халықаралық «Абай жылына» айналды. Әлемнің
көптеген елдері оның шығармашылығын оқып, зерттей бастады.
Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы
ақынның 175 жылдық мерейтойы жаһандық деңгейде аталып өтуде.
Біз, ұлы ойшылдың, Абайдың ұрпақтары, бабамыздың мұрасын естен
шығармауымыз керек. Өйткені ұлт ретіндегі жаңару идеясы да оның
көзқарасымен үндесіп жатқаны анық.
Елбасы Н. Назарбаев «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» десе,
Мемлекет басшысы Қ Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан"
атты мақаласында дана Абайдың ұрпаққа қалдырған мол мұрасының
құндылығы, оның әр еңбегінен өмірге қажетті баға жетпес құнды кеңестер
алуға болатыны жайында жан-жақты баяндалған.
16 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ Биылғы жыл халықаралық «Абай жылына» айналды. Әлемнің көптеген елдері оның шығармашылығын оқып, зерттей бастады. Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы жаһандық деңгейде аталып өтуде. Біз, ұлы ойшылдың, Абайдың ұрпақтары, бабамыздың мұрасын естен шығармауымыз керек. Өйткені ұлт ретіндегі жаңару идеясы да оның көзқарасымен үндесіп жатқаны анық. Елбасы Н. Назарбаев «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» десе, Мемлекет басшысы Қ Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында дана Абайдың ұрпаққа қалдырған мол мұрасының құндылығы, оның әр еңбегінен өмірге қажетті баға жетпес құнды кеңестер алуға болатыны жайында жан-жақты баяндалған.
17 слайд
17 слайд
18 слайд
.
Қорыта келгенде, Шар өзені бойында белгі қойылып,
осы «Абай жүрген ізбенен…» виртуалды саяхат картасы
қолданысқа еніп, өз жұмысын жандандырса деймін.
Болашақ буын Абай Құнанбаевтың әділ би, заңгершілік
қырын толық білуге қызығушылық таныта отырып,
«Қарамола Ережесі» жайлы дерек заман талабына сай,
білім алуына септігін тигізері сөзсіз.
Абайдың ел басқару ісіне араласып, қазақ жұртының
мүддесі үшін осындай құнды құжатты келешек ұрпағына
қалдыруы, ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен
рухани мұра ретінде дәріптеуге міндеттіміз.
18 слайд
. Қорыта келгенде, Шар өзені бойында белгі қойылып, осы «Абай жүрген ізбенен…» виртуалды саяхат картасы қолданысқа еніп, өз жұмысын жандандырса деймін. Болашақ буын Абай Құнанбаевтың әділ би, заңгершілік қырын толық білуге қызығушылық таныта отырып, «Қарамола Ережесі» жайлы дерек заман талабына сай, білім алуына септігін тигізері сөзсіз. Абайдың ел басқару ісіне араласып, қазақ жұртының мүддесі үшін осындай құнды құжатты келешек ұрпағына қалдыруы, ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани мұра ретінде дәріптеуге міндеттіміз.
19 слайд
Назарларыңызға рақмет!
19 слайд
Назарларыңызға рақмет!