Материалдар / Әдеби кеш Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала 9-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әдеби кеш Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша дидактикалық материал ретінде қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2020
482
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!» қазақ тілінің дамуы жолында өлшеусіз еңбек еткен ұлт зиялыларына арналған әдеби

1 слайд
«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!» қазақ тілінің дамуы жолында өлшеусіз еңбек еткен ұлт зиялыларына арналған әдеби кеш

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да

2 слайд
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті төрт ана: Туған жері – түп қазығы, айбыны, Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны, Жан байлығы, салт- дәстүрі – тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі. Және туған тарихы . Мұхтар Шаханов

Түркі тілдері Батыс ғұн бұтағы Бұлғар тобы Чуваш тілі Оғыз тобы Түркімен, гагауз, әзербайжан, түрік тілдері Қыпшақ тобы Т

3 слайд
Түркі тілдері Батыс ғұн бұтағы Бұлғар тобы Чуваш тілі Оғыз тобы Түркімен, гагауз, әзербайжан, түрік тілдері Қыпшақ тобы Татар, қазақ, башқұрт, құмық, ноғай, қарақалпақ тілдері Қарлұқ тобы Өзбек, жаңа ұйғыр тілі Шығыс ғұн бұтағы Ұйғыр- оғыз тобы Тува, тофа, якут, хакас, шор, шұлым тілдері Қырғыз- қыпшақ тобы Қырғыз, алтай тілдері

XV ғасыр - жыраулар поэзиясы  Асан қайғы  Қазтуған жырау  Доспамбет жырау  Шалкиіз жырау  Жиембет жырау  Ақтамберді жыра

4 слайд
XV ғасыр - жыраулар поэзиясы  Асан қайғы  Қазтуған жырау  Доспамбет жырау  Шалкиіз жырау  Жиембет жырау  Ақтамберді жырау  Үмбетей жырау  Бұқар жырау  Шал ақын  Көтеш ақын

Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас Жел толқытса шығады. Ой тү

5 слайд
Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас Жел толқытса шығады. Ой түбінде жатқан сөз Шер толқытса шығады. Асан қайғы

Ел бастау қиын емес, - Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастау

6 слайд
Ел бастау қиын емес, - Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ. БҰҚАР ЖЫРАУ

Мәшһүр Жүсіп Көпеев Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсең, дін де осында, ғылым-

7 слайд
Мәшһүр Жүсіп Көпеев Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсең, дін де осында, ғылым-білім де осында.

Абай Құнанбайұлы Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы. Іші - алтын, сырты – күміс сөз жақсысын Қ

8 слайд
Абай Құнанбайұлы Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы. Іші - алтын, сырты – күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы.Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған. Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған.

9 слайд
Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған. Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған. Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл.Абай Құнанбайұлы

Ыбырай Алтынсарин Қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады.

10 слайд
Ыбырай Алтынсарин Қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады.

Міржақып Дулатұлы Қазақ тілінің мұңы Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларымның бұлбұлдай сайраған

11 слайд
Міржақып Дулатұлы Қазақ тілінің мұңы Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларымның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұңалдым.Мен не көрмедім? Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келетіндер де бар.

Жүсіпбек Аймауытұлы ...Естеріңізде болсын қазақ баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып, тәрб

12 слайд
Жүсіпбек Аймауытұлы ...Естеріңізде болсын қазақ баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып, тәрбие қылу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды.

Мағжан Жұмабаев Қазақ тілі Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгін қорқақ бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенд

13 слайд
Мағжан Жұмабаев Қазақ тілі   Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгін қорқақ бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады.   Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті, күркіреген ел тынды. Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!     Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.   Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен- тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!    

Сұлтанмахмұт Торайғыров Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім! Шыр етіп, жерге түскен минутымн

14 слайд
Сұлтанмахмұт Торайғыров Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім! Шыр етіп, жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнім.

20-жылдар ішінде бұрын “қырғыз” аталып келген ұлттың “қазақ” аталынуы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы ме

15 слайд
20-жылдар ішінде бұрын “қырғыз” аталып келген ұлттың “қазақ” аталынуы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы мен іс- қағаздарының қазақ тілінде жүруі үшін күрескен. Сәкен Сейфуллин

Ілияс Жансүгіров Қадірлі, бағасы алтын анам тілі, Сенімен бағалан ғ ан балаң түрі. Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп, Сені

16 слайд
Ілияс Жансүгіров Қадірлі, бағасы алтын анам тілі, Сенімен бағалан ғ ан балаң түрі. Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп, Сенімен әлдилеген анам мені.   Бесікте белім буып бітіскемін, Сөйлесіп, шешем жүнін түтіскемін. «Апа» деп, «Ә» деп жылап, аузымды ашып, Емшектен еңбек қылып, сүт ішкемін.     Маңымды сеніменен танығамын, Сеніменен қуаныш, налығамын. Дене ауырлап, жан жалқау тартқан шақта, «Уһ» деп шаршап, дем алып шалығамын.   Тілегенім, қорыққаным бәрі де сен, Сасқанда да жабысам ойбайыммен. Апкәусар болса дағы ұжмақтағы, Тәттілікті көрмеспін сенімен тең.  

Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе. Сәбит Мұқанов

17 слайд
Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе. Сәбит Мұқанов

 Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.  Ана тілі дегеніміз – сол тілді

18 слайд
 Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.  Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі.  Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды

19 слайд
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.Мұхтар Әуезов

 Мұралардың ең қымбаты - сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы

20 слайд
 Мұралардың ең қымбаты - сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.  Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды сөз, алғыр ой – адамның ең жақсы қасиеті.Ғ а б и д е н М ұ с т а ф и н

Жігіт кейде кедейленер, байыр да, Ақ атымды, қанатымды қайырма. Айырылсам да қымбатымнан талай бір, О, тағдырым, тек тілімне

21 слайд
Жігіт кейде кедейленер, байыр да, Ақ атымды, қанатымды қайырма. Айырылсам да қымбатымнан талай бір, О, тағдырым, тек тілімнен айырма.Т ұ м а н б а й М о л д а ғ а л и е в

Қазақ тілі- өзінің даласындай кең пешілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылып, ерін ұшынан шүлдірлеп-б

22 слайд
Қазақ тілі- өзінің даласындай кең пешілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылып, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да, ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы-домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі- шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.Қабдеш Жұмаділов

Мұхтар Шаханов Ана тілім, дана тілім, секілденіп жетім тіл. Өз жеріңде шеті сынған кеседей боп кетілдің. Зор сеніммен

23 слайд
Мұхтар Шаханов Ана тілім, дана тілім, секілденіп жетім тіл. Өз жеріңде шеті сынған кеседей боп кетілдің. Зор сеніммен жетіп едің кешегіден бүгінге “ Жойылуым мүмкін” деген үрей де бар түріңде.

Ана тіліміздің өрге өрлеп, мәртебесінің өсуіне аянбай еңбек етіп жатқан тіл жанашырлары осы күнде де баршылық. М.Шаханов Д.Ис

24 слайд
Ана тіліміздің өрге өрлеп, мәртебесінің өсуіне аянбай еңбек етіп жатқан тіл жанашырлары осы күнде де баршылық. М.Шаханов Д.Исабеков Т.Медетбеков Ғ.Қабышев Қ.Жұмаділов А.Айталы Б.Тілеухан М.Мағауин А.Осман т.б. Мұхтар Шаханов Дулат Исабеков

Ақселеу Сейдімбек Қабдеш Жұмаділов

25 слайд
Ақселеу Сейдімбек Қабдеш Жұмаділов

Ғаббас Қабышұлы Темірхан Медетбек

26 слайд
Ғаббас Қабышұлы Темірхан Медетбек

Мырзатай ЖолдасбековАмангелді Айталы Оразгүл Асанғазы

27 слайд
Мырзатай ЖолдасбековАмангелді Айталы Оразгүл Асанғазы

“ Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің”.

28 слайд
“ Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің”.