Материалдар / Алашорда тақырыбы бойынша зияткерлік сайыс.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алашорда тақырыбы бойынша зияткерлік сайыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды Қазақстан тарихы бойынша сабаққа да және сабақтан тыс іс шараға пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
333
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!

1 слайд

2 слайд

« Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғ

3 слайд
« Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген ».Н. Ә. Назарбаев 100 жыл100 жыл

Арыстар аманаты Суреттер сөйлейді Мәнді цифрлар мағынасыТерминдер мен ұғымдарТұлғаларды таны

4 слайд
Арыстар аманаты Суреттер сөйлейді Мәнді цифрлар мағынасыТерминдер мен ұғымдарТұлғаларды таны

Тұлғаны таны

5 слайд
Тұлғаны таны

2- кезе :ң Терминдер мен ымдар ұғ 1 2 3 4 5 6

6 слайд
2- кезе :ң Терминдер мен ымдар ұғ 1 2 3 4 5 6

Арыстар аманаты

7 слайд
Арыстар аманаты

4 кезе : Суреттер с йлейді.ң ө

8 слайд
4 кезе : Суреттер с йлейді.ң ө

М нді цифрлар ма ынасыә ғ

9 слайд
М нді цифрлар ма ынасыә ғ

10 слайд

Ол 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы - Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. Ауыл мо

11 слайд
Ол 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы - Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Оның тағдыр - талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пен өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Ол император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданып, 1906 жылы бітіреді. 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. 1907 - 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) - Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инженер есебінде қатысады. 1921 - 1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер - су комиссариатында су шаруашылығын басқарды. Ал, 1925 - 1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан - Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды.. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі - Түркістан - Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы еді. 1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу - Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.

Оның туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). 1882-84 ж

12 слайд
Оның туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). 1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен ол босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында ол тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған. Сәкен Сейфуллин баға беріп, ол туралы былай депті: ...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, ол қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды... халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.

Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қ a з ipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбе

13 слайд
 Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қ a з ipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы).  Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.  1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада ол қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте оның "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен б ipre " Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында б ip топ қазақ зиялыларымен б ipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

Ол Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да,қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне

14 слайд
Ол Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да,қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерінжинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.1883 жылы сәуірідің 24 бұрынғы Оралоблысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге кел ген. Ол Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. 1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды.1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Им ператорлық қола медальмен марапатталды. 1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқ палы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды.Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. 1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. 

Ол 1890 жылы 25 желтоқсанда Перовск қаласына (бұрынғы Ақмешіт, қазіргі Қызылорда) жақын Сырдария өзені маңындағы қазақ ауылында

15 слайд
Ол 1890 жылы 25 желтоқсанда Перовск қаласына (бұрынғы Ақмешіт, қазіргі Қызылорда) жақын Сырдария өзені маңындағы қазақ ауылында дүниеге келді. Ташкент ерлер гимназиясын бітіріп, кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетін үздік бітірді 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы съезде «Шора-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші съезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда  «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан»  журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады . .

Ол Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 мемлекеттік Дума мүшесі, заңгер 1871 жылы 7 желтоқсанда Торғай уезінің Тосын болысының

16 слайд
Ол Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 мемлекеттік Дума мүшесі, заңгер 1871 жылы 7 желтоқсанда  Торғай уезінің   Тосын болысының  №1 ауылында дүниеге келген.Жастайынан зерек ол Орынбор ерлер гимназиясын 1891 жылы күміс медальмен бітірсе, ал Қазан университетінің заң факультетін 1895 жылы алтын медальмен бітірген. Ақпан төңкерісінен соң алғашында Уақытша өкіметтің Торғай уезінің комиссары, онан кейін Қостанай уезінің комиссары болған. Сол жылдары елде белең алған қоғамдық-саяси және Алаш қозғалысына араласа бастайды.1917 жылы 2-8 сәуірде Орынборда және сол жылғы 20-25 тамызда Ақтөбеде өткен Торғай облысы қазақтарының съезіне қатысып, соңғысында жаңа сот жүйесінің жобасын әзірлеу жөнін дегі комиссияның құрамына кіреді. Торғай облыстық біріккен мұжық-қазақ сиезіне де қатысады.Шілдеде өткен Жалпықазақтық съезде Торғай облысынан Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады да, желтоқсандағы съезде Торғай облысынан Алашорда үкіметінің мүшелігіне өтеді. Кеңес өкіметі кезінде заң орындарында жауапты қызметтер атқарған. Қазақ АКСР-дің заң комиссариатының алқа мүшесі және өмірінің соңына шейін Қазақстанның Жоғарғы сотының мүшесі болған. Ол 1927 жылы 5 қаңтарда Ленинградта қайтыс болған. .

Ол — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. К

17 слайд
Ол — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публи цист, ғалым, аудармашы. 1866 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. 1890– 1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петици ясын ұйымдастырушылардың бірі болған. «Россия. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды. 1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф. А. Шербина экспедициясының құрамында болды. Ол ұлттық намыстан жұрдай, жалған, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Оны Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған оны 1937жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.

Ол XX ғасыр басында қазақ қоғамында өз халқының егеменді ел болуын көксеген Батыс Алаш Орда хүкіметін құрушы азаматтың бірі О

18 слайд
Ол XX ғасыр басында қазақ қоғамында өз халқының егеменді ел болуын көксеген Батыс Алаш Орда хүкіметін құрушы азаматтың бірі Ол 1886 Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысы № 1 ауылында дүниеге келген. Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы. 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық съезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.1917 жылы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық съезде ол Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыстардан тысқары делегат ретінде кіреді. 1920-25 жылдары Ташкентте тұрып, ғылыммен, өз мамандығы бойынша адвокаттық жұмыспен айналысады.М. Әуезовпен 1922-23 жылдары Ташкентте жұмыс істеген, оқыған. Олар қазақ тарихы мен әдебиетіне байланысты құрылған « Талап » ұйымының мәжілістерінде кездесіп жүргенТашкентте қазақ зиялылары құрған мәдени-ағарту «Талап» қауымдастығына мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалаларында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі.  

АЛАШ с өзі нені білдіреді ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар. Алаш - Қазаққа жататын ру мен тайпалардың

19 слайд
  АЛАШ с өзі нені білдіреді ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар.  Алаш - Қазаққа жататын ру мен тайпалардың ортақ ұраны.

АВТОНОМИЯ ұғымы дербестік ; өзін-өзі билеу бір елдің өзін-өзі би леуі

20 слайд
АВТОНОМИЯ ұғымы дербестік ; өзін-өзі билеу  бір елдің өзін-өзі би леуі

ПЕТИЦИЯ термині нені білдіреді билік орындарына, өкілдеріне қаратылған ұжымдық өтініш.

21 слайд
ПЕТИЦИЯ термині нені білдіреді билік орындарына, өкілдеріне қаратылған ұжымдық өтініш.

Құрылтай сөзінің мағынасы Құрылтай — түркі-моң...

22 слайд
Құрылтай сөзінің мағынасы Құрылтай  — түркі-моң...