Астрономия және халық күнтізбесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Қостанай облысы Аманкелді ауданы
Аманкелді жалпы білім орта мектебі
Тақырыбы: «Астрономия және халық күнтізбесі»
Орындаған: 5 «А» сынып оқушысы Жамбыл Мақсат
Ғылыми жетекшісі: Физика пәнінің оқытушысы:
Досбергенова Әсем Торғайбекқызы
Бағыты: Жаратылыстану-математика
1 слайд
Қостанай облысы Аманкелді ауданы Аманкелді жалпы білім орта мектебі Тақырыбы: «Астрономия және халық күнтізбесі» Орындаған: 5 «А» сынып оқушысы Жамбыл Мақсат Ғылыми жетекшісі: Физика пәнінің оқытушысы: Досбергенова Әсем Торғайбекқызы Бағыты: Жаратылыстану-математика
2 слайд
Абстракт
Зерттеудің мақсаты:
Астрономия ғылымын өмірлік тәжірибемен ұштастыру, дала
заңдарының мағынасын дұрыс түсінуге, алған теориялық білімін
практикада қолдана білуге үйрену. Астрономия сырына үңіліп, қазақ
халқының өмірімен тығыз байланысын зерттеу.
Гипотеза.
Аспан әлеміне көз жүгірту, табиғат сырларын терең меңгеру арқылы халық
даналығының ерекшелігі
Зерттеудің барысы мен кезеңдері.
-Халық тәжірбиесін заңдарын оқып-үйрену
-Астрономиялық құбылыстарды терең меңгеру
- Аспан әлемі, табиғат құбылыстары жайлы толықтай түсіну
- Астрномия мен халық күнтізбесінің байланысын зерделеу .
2 слайд
Абстракт Зерттеудің мақсаты: Астрономия ғылымын өмірлік тәжірибемен ұштастыру, дала заңдарының мағынасын дұрыс түсінуге, алған теориялық білімін практикада қолдана білуге үйрену. Астрономия сырына үңіліп, қазақ халқының өмірімен тығыз байланысын зерттеу. Гипотеза. Аспан әлеміне көз жүгірту, табиғат сырларын терең меңгеру арқылы халық даналығының ерекшелігі Зерттеудің барысы мен кезеңдері. -Халық тәжірбиесін заңдарын оқып-үйрену -Астрономиялық құбылыстарды терең меңгеру - Аспан әлемі, табиғат құбылыстары жайлы толықтай түсіну - Астрномия мен халық күнтізбесінің байланысын зерделеу .
3 слайд
2. Кіріспе
•Уақыт көші сағат, күн, апта, ай,
жылдан тұрады. Бұл - өмір өлшемі.
Оның таңғажайып сырға толылығы
сол, әрбір мезгіл, кезеңінің өз атауы,
ерекшелігі, адамға, жануарлар
әлеміне, қоршаған ортаға өз әсері
бар. Ол Жердің жаратылысы
табиғатына, Айдың, Күннің,
Жұлдыздардың ықпалына тығыз
байланысты. Уақыт көші – бір
орында тұрмайтын, қайтып
оралмайтын табиғаттың
таңғажайып құбылысы. Ол жөнінде
ғалымдардың зерттеуі,
жұлдызнамашылардың
болжамдары, данагөйлердің айтқан
маржан ойлары көп. Уақыт көші
арнайы күнтізбелермен белгіленеді.
3 слайд
2. Кіріспе •Уақыт көші сағат, күн, апта, ай, жылдан тұрады. Бұл - өмір өлшемі. Оның таңғажайып сырға толылығы сол, әрбір мезгіл, кезеңінің өз атауы, ерекшелігі, адамға, жануарлар әлеміне, қоршаған ортаға өз әсері бар. Ол Жердің жаратылысы табиғатына, Айдың, Күннің, Жұлдыздардың ықпалына тығыз байланысты. Уақыт көші – бір орында тұрмайтын, қайтып оралмайтын табиғаттың таңғажайып құбылысы. Ол жөнінде ғалымдардың зерттеуі, жұлдызнамашылардың болжамдары, данагөйлердің айтқан маржан ойлары көп. Уақыт көші арнайы күнтізбелермен белгіленеді.
4 слайд
•Ай мен Күнге негізделген
күнтізбелерден басқа да уақытты
жұлдыздар бойынша есептеу болған.
Оны біздің ата-бабаларымыз бен
ежелгі үнділер қолданған. Қазақтар
бұл уақыт есебін – Тоғыс есебі деп
атайды. Ол - әлемнің бір-де-бір елінде
кездеспейтін өте күрделі уақыт
жүйесі. Мұнда жыл өлшемі – Күн
қозғалысы бойынша, айлар есебі – Ай
мен Үркер жұлдыз шоғырының әрбір
27-28 күнде бір «тоғысып» отыруы
бойынша анықталады. Тоғыс есебінің
Қазақ жерінің табиғатымен керемет
қабысатыны ғылыми тұрғыда
дәлелденген ақиқат.
4 слайд
•Ай мен Күнге негізделген күнтізбелерден басқа да уақытты жұлдыздар бойынша есептеу болған. Оны біздің ата-бабаларымыз бен ежелгі үнділер қолданған. Қазақтар бұл уақыт есебін – Тоғыс есебі деп атайды. Ол - әлемнің бір-де-бір елінде кездеспейтін өте күрделі уақыт жүйесі. Мұнда жыл өлшемі – Күн қозғалысы бойынша, айлар есебі – Ай мен Үркер жұлдыз шоғырының әрбір 27-28 күнде бір «тоғысып» отыруы бойынша анықталады. Тоғыс есебінің Қазақ жерінің табиғатымен керемет қабысатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат.
5 слайд
•Халқымызда
жылдың әр айы
аяқталып,
жаңа ай туғанында:
«Ай
көрдім,
аман көрдім, ескі айда
есіркедің,
жаңа айда жарылқа»
деп
өткен айдан аман шыққанына
тәубе
қылатын, жаңа айдан үміт
күтетін
ырым қалыптасқан.
5 слайд
•Халқымызда жылдың әр айы аяқталып, жаңа ай туғанында: «Ай көрдім, аман көрдім, ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа» деп өткен айдан аман шыққанына тәубе қылатын, жаңа айдан үміт күтетін ырым қалыптасқан.
6 слайд
3. Негізгі бөлім
•Қазақ халқы атамзаманнан бері аттың
жалы, түйенің қомында жүріп, байтақ
даланың ұлы өркениетін жасады.
Қарына найза іліп, санына садақ байлап,
батыстан шығысқа, оңтүстіктен
солтүстікке көшіп-қонып жүріп-ақ
табиғат анасының қыр-сырын, мінезін
меңгеріп, тілдесе білді.
•Дала көшпенділер өркениетінің
байыбына бару үшін – арнайы ғылыми-
зерттеу институтының айналысар
жұмысы десек артық болмас еді. Көнекөз
қариялардың аспанға қарап-ақ жеті
қараңғы түнде адаспай көш бастап, дала
сырын меңгеруі кімді болмасын
таңдандырмай қоймайды.
6 слайд
3. Негізгі бөлім •Қазақ халқы атамзаманнан бері аттың жалы, түйенің қомында жүріп, байтақ даланың ұлы өркениетін жасады. Қарына найза іліп, санына садақ байлап, батыстан шығысқа, оңтүстіктен солтүстікке көшіп-қонып жүріп-ақ табиғат анасының қыр-сырын, мінезін меңгеріп, тілдесе білді. •Дала көшпенділер өркениетінің байыбына бару үшін – арнайы ғылыми- зерттеу институтының айналысар жұмысы десек артық болмас еді. Көнекөз қариялардың аспанға қарап-ақ жеті қараңғы түнде адаспай көш бастап, дала сырын меңгеруі кімді болмасын таңдандырмай қоймайды.
7 слайд
Қазақтың табиғат жөніндегі білімдері мен жыл есебін шығару қағидалары
• Кіндігі сахарада кесілген қазақ халқы ұзақ ғасырлар бойы ұлан-байтақ кең далалы аспан
асты, табиғат құшағында мал шаруашылығы мен шұғылдана жүріп аспандағы күн, ай,
жұлдыздардың қозғалысын бақылап, жыл мен маусымдардың ауысуы, күн мен түннің
ауысуы, айдың жаңалануы сияқты табиғат құбылыстарында белгілі заңдылық барын сезінді,
әрі осы құбылыстар жер бетіндегі ауа райында да түрлі өзгерістерді тудыратындығын білді.
• Сонымен адамдар арасында зерделі аспан әлемі жөніндегі мамандар, есепшілер
жарыққа шықты. Олар қазақтың байырғы жыл есебі, айдың тоғыс есебі мен жұлдыз есебін
қалптастырып, оны ұрпақтан- ұрпаққа жалғастырып, кемелдендіріп отырды. Осы жыл есебі
арқылы жылдарды, маусымдарды, айларды айырумен бірге, жер бетіндегі ауа райы
өзгерісінен алдын ала болжал жасайды. Соған сәйкес, өздерінің мал шаруашылық өндірістік
қимылдарын орналастыратын болды.
• Мысалы, жайлауға қашан көшу, күзеу, қыстауларға қашан бару, күйекті
қашан байлап, қашан алу, малды қай кезде төлдету және қой қырқу, пішен шабу,
егін егу, соғым сою сияқты толып жатқан өндірістік жұмыстардың уақытын
белгілеу мен осы мезгілдегі түрлі табиғат, ауарайы өзгерісінен алдын ала болжал
жасап, соған сай дайындық қамында болып отырды. Егер осы есептерден
жаңылыс болса, онда ауыр апатқа, шығынға ұшырайтыны сөзсіз. қазақ
халқының аспан әлемі, табиғат жөніндегі білімдері мен жылдар есебін
төмендегідей бір қанша жақтан жинақтауға болады
7 слайд
Қазақтың табиғат жөніндегі білімдері мен жыл есебін шығару қағидалары • Кіндігі сахарада кесілген қазақ халқы ұзақ ғасырлар бойы ұлан-байтақ кең далалы аспан асты, табиғат құшағында мал шаруашылығы мен шұғылдана жүріп аспандағы күн, ай, жұлдыздардың қозғалысын бақылап, жыл мен маусымдардың ауысуы, күн мен түннің ауысуы, айдың жаңалануы сияқты табиғат құбылыстарында белгілі заңдылық барын сезінді, әрі осы құбылыстар жер бетіндегі ауа райында да түрлі өзгерістерді тудыратындығын білді. • Сонымен адамдар арасында зерделі аспан әлемі жөніндегі мамандар, есепшілер жарыққа шықты. Олар қазақтың байырғы жыл есебі, айдың тоғыс есебі мен жұлдыз есебін қалптастырып, оны ұрпақтан- ұрпаққа жалғастырып, кемелдендіріп отырды. Осы жыл есебі арқылы жылдарды, маусымдарды, айларды айырумен бірге, жер бетіндегі ауа райы өзгерісінен алдын ала болжал жасайды. Соған сәйкес, өздерінің мал шаруашылық өндірістік қимылдарын орналастыратын болды. • Мысалы, жайлауға қашан көшу, күзеу, қыстауларға қашан бару, күйекті қашан байлап, қашан алу, малды қай кезде төлдету және қой қырқу, пішен шабу, егін егу, соғым сою сияқты толып жатқан өндірістік жұмыстардың уақытын белгілеу мен осы мезгілдегі түрлі табиғат, ауарайы өзгерісінен алдын ала болжал жасап, соған сай дайындық қамында болып отырды. Егер осы есептерден жаңылыс болса, онда ауыр апатқа, шығынға ұшырайтыны сөзсіз. қазақ халқының аспан әлемі, табиғат жөніндегі білімдері мен жылдар есебін төмендегідей бір қанша жақтан жинақтауға болады
8 слайд
Жыл
мен маусым
•Қазақ
жыл есебінде
жаз
бен қыстың
бір-біріне
ауысуын
бір
жыл санайды,
бір
жылда 12 ай,
төрт
маусым
(төрт
тоқсан), 48
апта,
360 күнге
айырады.
8 слайд
Жыл мен маусым •Қазақ жыл есебінде жаз бен қыстың бір-біріне ауысуын бір жыл санайды, бір жылда 12 ай, төрт маусым (төрт тоқсан), 48 апта, 360 күнге айырады.
9 слайд
• Қазақ мал шаруашылығы өмірінде осы маусым, айларды айыра білу мен
олардың айналып келу райын бақылай білуі адамдардың тіршілік тұрмысы мен
малдың өндірістік жұмыстарын орналастырып, маусымға қарай қоныстарына
қондырып, жазда күйлендіріп, қыстан аман өткізуде төтенше реалдық маңыз алады.
Сондықтан, қазақ халқы осы айлардың келетін мезгілі мен ауа райына қарай оларға
түрліше сипат берген.
• Мысалы, бірдің айын (наурыз айы), бірішек айы, сүрінің айы және қасқырдың
жерік айы, көкек айын (сәуір) көк ішек айы, шөпек айы, жуанның жіңішкеріп,
жіңішкенің үзілер айы, елдің қыстаудан көшетін айы, мамыр айын май ішек, төлдем
айы, маусым айын май піспек айы, шілде айын үркердің жерге түскен, үркерсіз айы,
мизам айын қыркұйек, күйек байлайтын, орма масақ айы, қазан айын күзем айы,
қараша айын жамау-жасқау айы, желді айын (желтоқсан) тоқты тоймас, шөміш
кеппес, қаңтар айын соған айы, ақпан айын (үштің айы) күштің айы, қасқырдың
үйік айы деген сияқты сипаттар мен бейнелейді.
Есепшілер жаз есебін күн мен түннің көктемгі теңелу күнінен (наурыздың 22 күні)
бастайды немесе үркер төмен түсіп таразы жұлдызы туғанға дейінгі аралықты жазға
жатқызады. Ал, қыс есебін күн мен түннің екінші теңелуі –екінші тоғыс мизамнан
(тамыздың 2 күнінен) есептеп яғни, сүмбіле жұлдызы туып үркер көкке көтерілген
уақытты қысқа жатқызады.
9 слайд
• Қазақ мал шаруашылығы өмірінде осы маусым, айларды айыра білу мен олардың айналып келу райын бақылай білуі адамдардың тіршілік тұрмысы мен малдың өндірістік жұмыстарын орналастырып, маусымға қарай қоныстарына қондырып, жазда күйлендіріп, қыстан аман өткізуде төтенше реалдық маңыз алады. Сондықтан, қазақ халқы осы айлардың келетін мезгілі мен ауа райына қарай оларға түрліше сипат берген. • Мысалы, бірдің айын (наурыз айы), бірішек айы, сүрінің айы және қасқырдың жерік айы, көкек айын (сәуір) көк ішек айы, шөпек айы, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер айы, елдің қыстаудан көшетін айы, мамыр айын май ішек, төлдем айы, маусым айын май піспек айы, шілде айын үркердің жерге түскен, үркерсіз айы, мизам айын қыркұйек, күйек байлайтын, орма масақ айы, қазан айын күзем айы, қараша айын жамау-жасқау айы, желді айын (желтоқсан) тоқты тоймас, шөміш кеппес, қаңтар айын соған айы, ақпан айын (үштің айы) күштің айы, қасқырдың үйік айы деген сияқты сипаттар мен бейнелейді. Есепшілер жаз есебін күн мен түннің көктемгі теңелу күнінен (наурыздың 22 күні) бастайды немесе үркер төмен түсіп таразы жұлдызы туғанға дейінгі аралықты жазға жатқызады. Ал, қыс есебін күн мен түннің екінші теңелуі –екінші тоғыс мизамнан (тамыздың 2 күнінен) есептеп яғни, сүмбіле жұлдызы туып үркер көкке көтерілген уақытты қысқа жатқызады.
10 слайд
•Есепшілер
наурыз күні қар жауса
«Нұр
жауды, туар жыл жақсы
болады»
деп есептейді. Наурыз күні
жауған
қар үстіне құмалақ тастағанда
қар
бетінде қалса, көктем 40 күн
кешігеді,
егер құмалақ қар бетіне
бармақ
бойы батып кетсе көктем ерте
туады
деп межелейді екен.
10 слайд
•Есепшілер наурыз күні қар жауса «Нұр жауды, туар жыл жақсы болады» деп есептейді. Наурыз күні жауған қар үстіне құмалақ тастағанда қар бетінде қалса, көктем 40 күн кешігеді, егер құмалақ қар бетіне бармақ бойы батып кетсе көктем ерте туады деп межелейді екен.
11 слайд
Күн
мен ай
Ертедегі адамдар күн мен айға сиынып келгендігі
шындық. Сондай-ақ, күн мен айдың қимыл өзгерісіне
қарай сол жылды, сол айды, күн ертеңінің ауарайында
қандай өзгеріс болатындығын да болжай білген. Бұл
болжалдарын қазірге дейін өзінің тұрмыс тіршілігі мен
өндіріс жағдайы үшін пайдаланып келеді.
Күн сары қызғылданып, ыстық, шаңқиып шықса,
сол жылы құрғақшылық, ал күн күңгірттеніп,
қораланып солғын көрінсе, ол жылы жауын-шашынды
болады. Күн сәуле шашып шықса, ол сол жылдың
жақсы, молшылық болуынан дерек береді. Мысалы,
есепшілердің тәжірибесінде: «Ертеңгі күн құлақтанса,
еліңді жау шапқандай қорық, кешкі күн құлақтанса,
келінің ұл тапқандай қуан» деп мақалдайды. Расында,
күн құлақтанып шықса, не боран, не аяз болады. Күн
құлақтанып бататын болса, ауарайы жылыға бейім
болатындығы даусыз. «Ай қораланса, атаныңды сайла,
күн қораланса күрегіңді сайла» деп ауарайында өзгеріс
болатындығына болжал жасап сақтық жасайды.
11 слайд
Күн мен ай Ертедегі адамдар күн мен айға сиынып келгендігі шындық. Сондай-ақ, күн мен айдың қимыл өзгерісіне қарай сол жылды, сол айды, күн ертеңінің ауарайында қандай өзгеріс болатындығын да болжай білген. Бұл болжалдарын қазірге дейін өзінің тұрмыс тіршілігі мен өндіріс жағдайы үшін пайдаланып келеді. Күн сары қызғылданып, ыстық, шаңқиып шықса, сол жылы құрғақшылық, ал күн күңгірттеніп, қораланып солғын көрінсе, ол жылы жауын-шашынды болады. Күн сәуле шашып шықса, ол сол жылдың жақсы, молшылық болуынан дерек береді. Мысалы, есепшілердің тәжірибесінде: «Ертеңгі күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай қорық, кешкі күн құлақтанса, келінің ұл тапқандай қуан» деп мақалдайды. Расында, күн құлақтанып шықса, не боран, не аяз болады. Күн құлақтанып бататын болса, ауарайы жылыға бейім болатындығы даусыз. «Ай қораланса, атаныңды сайла, күн қораланса күрегіңді сайла» деп ауарайында өзгеріс болатындығына болжал жасап сақтық жасайды.
12 слайд
•Қазақ халқының ежелден жаңа туған айды ерекше еске
алып, оған тілек білдіріп, ай өларасында ерекше сақтық
етуі ешқандай негізсіз емес. Қазіргі заман астрономия
ғылымында, жаңа ай мен толған айдың жер бетіне
болған тартылыс күші ең күшті болатындығын, осы
мезгілде ол ауа райына зор ықпал көрсетумен бірге
адамдарға да әсер етіп, адамдардың басы ауыратын,
ұйқысы қашып, мазасыздану сияқты жайсыз
жағдайларды тудыратындығы анықталған.
12 слайд
•Қазақ халқының ежелден жаңа туған айды ерекше еске алып, оған тілек білдіріп, ай өларасында ерекше сақтық етуі ешқандай негізсіз емес. Қазіргі заман астрономия ғылымында, жаңа ай мен толған айдың жер бетіне болған тартылыс күші ең күшті болатындығын, осы мезгілде ол ауа райына зор ықпал көрсетумен бірге адамдарға да әсер етіп, адамдардың басы ауыратын, ұйқысы қашып, мазасыздану сияқты жайсыз жағдайларды тудыратындығы анықталған.
13 слайд
4. зерттеу бөлімі
4.1 Жұлдыз, ай, амал есептері
Жұлдыз есебі
•Ертеде телескоп сияқты аспан әлемін бақылайтын
аспап болмаған жағдайда, қазақ халқы жәй көзбен
үнемі бақылау арқылы аспандағы көптеген
жұлдыздарды танып, ат қойып, орнын белгілеп,
олардың қозғалыс бағытын күзеткен. Мысалы,
темірқазық, жеті қарақшы, шолпан, ақ бозат, көк бозат,
үркер шоқ жұлдызы, есекқырған, қызыл жұлдыз,
алтын жұлдыз, құйрықты жұлдыз, ақпа жұлдыз,
таразы, сүмбіле жұлдызы қатарлылар. Осы
жұлдыздардың шығу уақыты, қозғалыс бағытын
бақылап, оны адмдардың тіршілік қимылы мен мал
шаруашылық көші-қон, өндірістік жұмысында
пайдаланды.
•Бүкіл қазақ баласына мәлім, сол жұлдыздардың ішінде
темірқазық тұрақты, ең жарық жұлдыз болып, оның екі
жанында бірі ашық, бірі күңгірттеу «ақбоз ат» пен
«көкбоз ат» деген екі қосалқы жұлдыз тұрады. Осы
темірқазық жұлдызы ертедегі қазақ халқының бағдар
айыратын астрономиялық компасы болған. Түнгі көші-
қон, жолаушы жүру, жортуылдың барлығында соған
қарап бағытын айырып отыратын болған.
13 слайд
4. зерттеу бөлімі 4.1 Жұлдыз, ай, амал есептері Жұлдыз есебі •Ертеде телескоп сияқты аспан әлемін бақылайтын аспап болмаған жағдайда, қазақ халқы жәй көзбен үнемі бақылау арқылы аспандағы көптеген жұлдыздарды танып, ат қойып, орнын белгілеп, олардың қозғалыс бағытын күзеткен. Мысалы, темірқазық, жеті қарақшы, шолпан, ақ бозат, көк бозат, үркер шоқ жұлдызы, есекқырған, қызыл жұлдыз, алтын жұлдыз, құйрықты жұлдыз, ақпа жұлдыз, таразы, сүмбіле жұлдызы қатарлылар. Осы жұлдыздардың шығу уақыты, қозғалыс бағытын бақылап, оны адмдардың тіршілік қимылы мен мал шаруашылық көші-қон, өндірістік жұмысында пайдаланды. •Бүкіл қазақ баласына мәлім, сол жұлдыздардың ішінде темірқазық тұрақты, ең жарық жұлдыз болып, оның екі жанында бірі ашық, бірі күңгірттеу «ақбоз ат» пен «көкбоз ат» деген екі қосалқы жұлдыз тұрады. Осы темірқазық жұлдызы ертедегі қазақ халқының бағдар айыратын астрономиялық компасы болған. Түнгі көші- қон, жолаушы жүру, жортуылдың барлығында соған қарап бағытын айырып отыратын болған.
14 слайд
•Ертеде қазақ халқының тарихында жетіқарақшы жұлдызы
туралы мынадай аңыз болған: Жеті қарақшының атаманы
Қыран қарақшы үркердің қызы Үлпілдекті аламын деп әбігер
болып, Үлпілдек аспанға шығып кеткенде, оны ұстауға сол
ауылдың бір батыр жігітінің екі атын мінбесе алмайтын
болыпты. Сонымен сол атты ұрлауға алты жолдасын ертіп
шыққан екен. Жетіқарақшының алдыңғы төрт жұлдызы жол
бастаған төртеуі, артындағы үшеуі олардың жолдастары
екен. Сонда күзетші қорыққанынан ақбоз аты мен көкбоз
атын бір қазыққа байлап, көз шырымын алмай күзетіп
отырған екен. Соңында аттарды ала алмай таңда атып
кетіпті-мыс.
•Міне, осы аңыз арқылы жұлдыздардың бір-бірімен
байланысы, орны, формасы суреттеледі. Қорытып айтқанда,
қазақ халқы жетіқарақшы жұлдызының жылжуына қарап
бағдарын айыратын, әрі уақыт белгілей алатын болған.
Сондықтан қазақ ұлты : «Жетіқарақшыны таныған адам,
айсыз қараңғы түнде бағытынан адаспайды» дейді. Шолпан
жұлдызын да маңызды жұлдыз деп қарайды. Оны кешкі
шолпан, және таң шолпаны деп екіге бөледі. Таң шолпанын
«Болпан» деп те атайды. Сахара адамдары ежелден шолпан
жұлдызының көтерілуі мен ондағы өзгерісіне қарап, түнгі
уақытты белгілейтін, жылдың жақсы-жаман болуын
бақылайтын болған.
14 слайд
•Ертеде қазақ халқының тарихында жетіқарақшы жұлдызы туралы мынадай аңыз болған: Жеті қарақшының атаманы Қыран қарақшы үркердің қызы Үлпілдекті аламын деп әбігер болып, Үлпілдек аспанға шығып кеткенде, оны ұстауға сол ауылдың бір батыр жігітінің екі атын мінбесе алмайтын болыпты. Сонымен сол атты ұрлауға алты жолдасын ертіп шыққан екен. Жетіқарақшының алдыңғы төрт жұлдызы жол бастаған төртеуі, артындағы үшеуі олардың жолдастары екен. Сонда күзетші қорыққанынан ақбоз аты мен көкбоз атын бір қазыққа байлап, көз шырымын алмай күзетіп отырған екен. Соңында аттарды ала алмай таңда атып кетіпті-мыс. •Міне, осы аңыз арқылы жұлдыздардың бір-бірімен байланысы, орны, формасы суреттеледі. Қорытып айтқанда, қазақ халқы жетіқарақшы жұлдызының жылжуына қарап бағдарын айыратын, әрі уақыт белгілей алатын болған. Сондықтан қазақ ұлты : «Жетіқарақшыны таныған адам, айсыз қараңғы түнде бағытынан адаспайды» дейді. Шолпан жұлдызын да маңызды жұлдыз деп қарайды. Оны кешкі шолпан, және таң шолпаны деп екіге бөледі. Таң шолпанын «Болпан» деп те атайды. Сахара адамдары ежелден шолпан жұлдызының көтерілуі мен ондағы өзгерісіне қарап, түнгі уақытты белгілейтін, жылдың жақсы-жаман болуын бақылайтын болған.
15 слайд
Шолпан
жұлдызы
•Шолпан жұлдызы көтерілгенде жарқырап, ашық
көрінсе, сол жылы шөп қалың, жыл жақсы болады.
•Ал шолпан жұлдызы күңгірттеніп, солғын көрінсе сол
жылы жердің көктеуі нашар, тақыр, жыл жайсыз,
тіпті, құрғақшылық жұт болуы мүмкін деп межелейді
екен.
• Есепшілердің тәжірибесінде әр 8 жылда бір рет шолпан
жұлдызы күңгірт, солғын көрінеді дейді.
•Ауыр жұт көбінде осы жылдарда болады деседі.
Сондықтан шолпан жұлдызы солғын, күңгірт көрінген
жылдары жыл жақсы болмас па екен деп ерекше сақтық
дайындықтар жасаған.
15 слайд
Шолпан жұлдызы •Шолпан жұлдызы көтерілгенде жарқырап, ашық көрінсе, сол жылы шөп қалың, жыл жақсы болады. •Ал шолпан жұлдызы күңгірттеніп, солғын көрінсе сол жылы жердің көктеуі нашар, тақыр, жыл жайсыз, тіпті, құрғақшылық жұт болуы мүмкін деп межелейді екен. • Есепшілердің тәжірибесінде әр 8 жылда бір рет шолпан жұлдызы күңгірт, солғын көрінеді дейді. •Ауыр жұт көбінде осы жылдарда болады деседі. Сондықтан шолпан жұлдызы солғын, күңгірт көрінген жылдары жыл жақсы болмас па екен деп ерекше сақтық дайындықтар жасаған.
16 слайд
Айдың тоғыс есебі
• Қазақ есепшілері үркердің айдың қасына келуін немесе ай мен үркердің бір аумаққа
түсуін айдың тоғысуы дейді. Ол мынадай тәртіппен болады.
•Бірінші күні тоғайды, екінші күні ауыл үй қонады, үшінші күні озып шығады. Әр
айдағы ай мен үркердің қозғалысын бақылау арқылы тоғыс есебі жарыққа шыққан.
Қазақ ай есебі бойынша әр айдың тоғайтын күндері тұрақты болып, дағды бойынша
айдың тақ күндеріне тоғайды. Нақтап айтқанда, әр айдың тоғауы қаңтарадың 11 күні,
ақпанның 9 күні, бірдің айының 7 күні, көкектің 5 күні, мамырдың 3 күні, маусымның
1 күні тоғайды да, шілдеде үркер жерге түсіп, содан кейін тамыздың 21 күні, мизамның
19 күні, қазанның 17 күні, қарашаның 15 күні, желтоқсанның 13 күні тоғайды.
•Айдың тоғыс кезінде үркер мен ай бір-бірінен алыс болса, «Бұл екеуі бір-біріне қырбай
қабақ болған екен, қырсығы мал мен жанға тимесе игі еді» деп қауіптенетін.
•Егер үркер мен ай жақын келсе, «бұл екеуі жараса қалған екен, мал мен жанның
жағдайы жаман болмас» деп жақсылыққа жоритын болған. Қазақ есепшілері, үстегі
айдың қайсы ай екенінен жаңылса болғаны, тоғыс есебі арқылы үркерді бақылап,
үркер мен айдың тоғауына қарап сол айды айырып алады.
16 слайд
Айдың тоғыс есебі • Қазақ есепшілері үркердің айдың қасына келуін немесе ай мен үркердің бір аумаққа түсуін айдың тоғысуы дейді. Ол мынадай тәртіппен болады. •Бірінші күні тоғайды, екінші күні ауыл үй қонады, үшінші күні озып шығады. Әр айдағы ай мен үркердің қозғалысын бақылау арқылы тоғыс есебі жарыққа шыққан. Қазақ ай есебі бойынша әр айдың тоғайтын күндері тұрақты болып, дағды бойынша айдың тақ күндеріне тоғайды. Нақтап айтқанда, әр айдың тоғауы қаңтарадың 11 күні, ақпанның 9 күні, бірдің айының 7 күні, көкектің 5 күні, мамырдың 3 күні, маусымның 1 күні тоғайды да, шілдеде үркер жерге түсіп, содан кейін тамыздың 21 күні, мизамның 19 күні, қазанның 17 күні, қарашаның 15 күні, желтоқсанның 13 күні тоғайды. •Айдың тоғыс кезінде үркер мен ай бір-бірінен алыс болса, «Бұл екеуі бір-біріне қырбай қабақ болған екен, қырсығы мал мен жанға тимесе игі еді» деп қауіптенетін. •Егер үркер мен ай жақын келсе, «бұл екеуі жараса қалған екен, мал мен жанның жағдайы жаман болмас» деп жақсылыққа жоритын болған. Қазақ есепшілері, үстегі айдың қайсы ай екенінен жаңылса болғаны, тоғыс есебі арқылы үркерді бақылап, үркер мен айдың тоғауына қарап сол айды айырып алады.
17 слайд
Амал есебі
•Сахарада мал шаруашылық тұрмысында мал төлдету, жайлауға көшу, шөп шабу, қой
қырқу, күйек байлау және күйек алу сияқты әр алуан жұмыстардың өзіндік заңды
мезгілдері болады. Амал есебі осыған сай жарыққа шыққан. Сондай-ақ, амал есебі әр
айдың мезгілдік мал-жанға жайсыз, ауа райы өзгергіш күндеріне де қаратылған.
Сондықтан қазақ есепшілері амал арқылы есеп жасап, әр мезгіл әр айдағы өндірістік
кезеңдермен ауарайы жағдайын, жұртқа алдын ала хабарлап отыратын болған.
•Амал есебі әр айдың құрамына сіңдірілген. Қазақ есебінде бір амал алты күн, әр айда екі
амал, он екі айда жиырма төрт амал болады. Бұл амалдарды – отамалы, құралай,
саратан-зауза, қос мырза-қос ағайын, киіктің матауы, тақпан, боқырау, әз, сарша, қара
дауыл, қауыс, ақырап, сар тамыз т.б. деп атаған. Әр айда келетін амалдар туралы ел
аузында түрлі аңыздар да болған. Қазақ жыл есебінде, отамалы көкек айының 11-інде
кіріп, 17-інде шығатын амал.
•Отамалы кіргенде күн жылынып, қар ериді, жақсы жылдары ат көзінен шөп келген
мезгілдерде болған деседі. Бірақ, қыстың зәрі отамалында шығатындықтан, отамалы
желсіз- борансыз өтпейді. Егер отамалы қарсыз қара жерге келсе, онда соңынан ...
17 слайд
Амал есебі •Сахарада мал шаруашылық тұрмысында мал төлдету, жайлауға көшу, шөп шабу, қой қырқу, күйек байлау және күйек алу сияқты әр алуан жұмыстардың өзіндік заңды мезгілдері болады. Амал есебі осыған сай жарыққа шыққан. Сондай-ақ, амал есебі әр айдың мезгілдік мал-жанға жайсыз, ауа райы өзгергіш күндеріне де қаратылған. Сондықтан қазақ есепшілері амал арқылы есеп жасап, әр мезгіл әр айдағы өндірістік кезеңдермен ауарайы жағдайын, жұртқа алдын ала хабарлап отыратын болған. •Амал есебі әр айдың құрамына сіңдірілген. Қазақ есебінде бір амал алты күн, әр айда екі амал, он екі айда жиырма төрт амал болады. Бұл амалдарды – отамалы, құралай, саратан-зауза, қос мырза-қос ағайын, киіктің матауы, тақпан, боқырау, әз, сарша, қара дауыл, қауыс, ақырап, сар тамыз т.б. деп атаған. Әр айда келетін амалдар туралы ел аузында түрлі аңыздар да болған. Қазақ жыл есебінде, отамалы көкек айының 11-інде кіріп, 17-інде шығатын амал. •Отамалы кіргенде күн жылынып, қар ериді, жақсы жылдары ат көзінен шөп келген мезгілдерде болған деседі. Бірақ, қыстың зәрі отамалында шығатындықтан, отамалы желсіз- борансыз өтпейді. Егер отамалы қарсыз қара жерге келсе, онда соңынан ...