1 слайд
9- бөлім.
Болашақ энергия көздері.
Ақпанның он алтысы
Жасыл экономика ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ (Т2)
9 -СЫНЫП
2 слайд
Оқу мақсаты: 9.1.4.1. орта көлемді
прозалық, поэзиялық шығармалардан
үзінді тыңдау, көтерілген мәселені
анықтап, өз пікірін білдіру.
3 слайд
Сабақ мақсаттары:
* мәтінді тыңдап, мазмұнын түсінеді.
* тыңдалған мәтін бойынша мәселені анықтайды.
* мәтінде көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді.
4 слайд
Бағалау критерийлері:
- мәтін мазмұнын түсінеді;
- көтерілген мәселені анықтайды;
5 слайд
Жаңа сабаққа кіріспе
https://www.youtube.com/watch?v=kSyW
EaJUqBg
сілтемесі арқылы бейнероликті
тыңдау.
6 слайд
7 слайд
1- тапсырма.
Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіздер
Бағалау: ҚБ 10 балл
Дескриптор: мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
8 слайд
1. Мәтін не туралы?
2. «Жасыл» деген сөз не мағына береді,
энергияға қатысы қандай?
3. Қалай ойлайсың, неліктен «жасыл
экономика» деген тіркес қолданылған?
4. Жасыл экономика неге бағытталған?
5. Жасыл экономиканың негізінде не жатыр?
9 слайд
2- тапсырма.
Мәтін бойынша көтерілген мәселені анықтап, пікір білдіру.
Қазақстан Республикасы 2013 жылы «Жасыл экономика» тұжырымдамасын
қабылдады. Тұжырымдамада халықтың әл - ауқатын жақсарту, қоршаған
ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтап, тиімді пайдалану үшін жаңа
экономикаға көшу жолдары белгіленген. «Жасыл экономика» экологиялық
апаттың алдын алуға негізделген. Табиғи энергия көздері – мұнай мен газ
таусылса, экологиялық апат болады. Ал жасыл экономика бүкіл табиғи энергия
көздерін тиімді пайдалануға, табиғи таза өнім шығаруға бағытталған.
Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңге бөлінген: бірінші кезең – табиғи қорды
тиімді пайдалану; екінші кезең – жаңа технология арқылы өндірілген,
жаңартылған энергетиканы енгізу; үшінші кезең – жаңартылған энергетика
арқылы өнеркәсіпті дамыту.
Бағалау: ҚБ 10 балл
Дескриптор: көтерілген мәселені анықтап, пікір білдіре алады.
10 слайд
3- тапсырма
«Жасыл экономика» тұжырымдамасында не белгіленгенін
анықтап, кестеге жазыңыздар
«Жасыл экономика»
тұжырымдамасында :
Бағалау: ҚБ 10 балл
Дескриптор: тұжырымдамада не белгіленгенін анықтап, кестеге жаза алады.
11 слайд
Өзіңді тексер
«Жасыл экономика»
тұжырымдамасында :
Халықтың
әл - ауқатын
жақсарту
Қоршаған
ортаны қорғау Табиғи
ресурстарды
сақтау Табиғи
ресурстарды
пайдалану үшін
жаңа
экономикаға көшу
12 слайд
4- тапсырма
«Балық қаңқасы» диаграммасын толтырыңыздар.
1. Балықтың басына «Жасыл экономика» тұжырымдамасының мақсатын;
2. Балықтың үстіңгі қаңқасына тұжырымдаманы іске асыру кезеңдерін;
3. Балықтың астыңғы қаңқасына баламалы энергия көздерін;
4. Балықтың құйрығына қорытындыны жаз.
13 слайд
Үйге тапсырма:
53 бет, 8- тапсырма
Мәтіннен «Жасыл экономика» неге
бағытталғанын тауып, кластерге жазу.
14 слайд
Кері байланыс
Маған .... қиын болды.
Мен ... тапсырмаларын орындадым.
Мен ... екенін түсіндім.
Мен ... үйрендім.
Мен ... таңғалдым.
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз