Материалдар / Ашық сабақ "Ардагерлерімізді ардақтайық"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Ардагерлерімізді ардақтайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ презентация "Ардагерлерімізді ардақтайық" 7-сыныпқа арналған,қазақ тілі пәнінен,қазақ сыныптарына арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2021
477
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
“ Ұрбұлақ” жалпы орта мектебі ҰМЖ бөлімі: 9-бөлім:Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі мен ә

1 слайд
“ Ұрбұлақ” жалпы орта мектебі ҰМЖ бөлімі: 9-бөлім:Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Бекбосынова Агира“ Ардагерлерімізді ардақтайық!”

Топқа бөлу. Екі түсті ленталар арқылы екі топқа біріктіру. І топ-Бауыржан Момышұлы ( көк лента ) ІІ топ-Хиуаз Доспанова ( күлг

2 слайд
Топқа бөлу. Екі түсті ленталар арқылы екі топқа біріктіру. І топ-Бауыржан Момышұлы ( көк лента ) ІІ топ-Хиуаз Доспанова ( күлгін лента )

Үй тапсырмасына шолу . «Сен-маған,мен-саған» әдісі арқылы оқушылар «Ер елі үшін туады» атты оқшау сөздерді пайдалана отырып

3 слайд
Үй тапсырмасына шолу . «Сен-маған,мен-саған» әдісі арқылы оқушылар «Ер елі үшін туады» атты оқшау сөздерді пайдалана отырып жазған эсселерін алмасып,топтың ішінде ең үздігін таңдап оқытады. (Екі топтан бір оқушыдан шығып,екі оқушы оқиды)

Жаңа сабақ. Сабақтың дәйексөзі: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан адам

4 слайд
Жаңа сабақ. Сабақтың дәйексөзі: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан»,-деп Абай атамыз айтқандай қазақтың батырлары осы қасиеттерінің арқасында еліміздің батыры атанды. Ал, балалар сендер де ата-анадан, ұстаздан алған тәрбиелеріңмен Қазақстанның атағын шығаратын азамат болыңдар!

Оқу мақсаттары: 7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, кө

5 слайд
Оқу мақсаттары: 7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, көркем әдеби шығармадан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау; 7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу. Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Мәтіннің мазмұнын түсінеді, берілген ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады : Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

«Миға шабуыл»әдісі. 1.Соғыс дегенде ең алдымен көз алдымызға не елестейді? 2. Батыр ата-апаларымыз ел үшін, жер үшін, Ұлы Жеңі

6 слайд
«Миға шабуыл»әдісі. 1.Соғыс дегенде ең алдымен көз алдымызға не елестейді? 2. Батыр ата-апаларымыз ел үшін, жер үшін, Ұлы Жеңіс үшін қалай соғысты? 3. Тылдағы қариялар, әйелдер мен балалар қалай еңбек етті? 4. Қалай ойлайсыңдар, сол кездегі балаларда балалық шақ болды ма?

Тыңдалым алды тапсырмасы. «Суреттер сөйлейді» әдісі Білім алушыларға суреттер ұсынамын. Берілген суреттерге қарап оқушылар өз

7 слайд
Тыңдалым алды тапсырмасы. «Суреттер сөйлейді» әдісі Білім алушыларға суреттер ұсынамын. Берілген суреттерге қарап оқушылар өз ойларын, кім екенін, суретте қандай батырлар туралы екенін айтады . Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Тыңдалым. Зұлмат соғыс... Осы бір шағын тіркесті айта қалсаң, көз алдыңа әлемнің ауыр қасіреті келеді. Сол бір сұрапыл ж

8 слайд
Тыңдалым. Зұлмат соғыс... Осы бір шағын тіркесті айта қалсаң, көз алдыңа әлемнің ауыр қасіреті келеді. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімі мен жанқиярлық ерлігін көрсетті. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары арасында Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Олар: Талғат Бигельдинов, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқалары. 1941 жылдың ызғарлы 15–16 қарашасында басқыншы неміс фашистері Кеңестер Одағының астанасы – Мәскеу қаласына жойқын шабуылын бастады. Қазақстанда жасақталған генерал Иван Панфиловтың басқаруындағы 316-атқыштар дивизиясының 1075-атқыштар полкінің жауынгерлері мұздай қаруланған екі есе көп жауға Дубосеково разъезінің түбінде қатты қарсылық көрсетіп, тарихта өшпес ерлік жасады. Оның ішінде 28 панфиловшы батырдың бір қадам кері шегінбей, қасық қаны қалғанша айқасатыны да осы тұс. Жауға қарсы шайқастар майданның алдыңғы шебінде ғана емес, алыстағы қазақ ауылдарында да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тарта білді. Қазақстан халқы күн-түн демей астық алқаптары мен зауыттарда еңбек етіп, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. Еңбек даласында бел жазбай жұмыс істеген әйелдерсіз, қарттарсыз, буыны бекімесе де,иықтарына үлкен ауыртпалық түскен жасөспірімдерсіз Жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе?!

Топтық жұмыс. «Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі Мәтінді мұқият тыңдап, автор көзқарасын анықтап, көтерілген мәселені өмірмен байл

9 слайд
Топтық жұмыс. «Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі Мәтінді мұқият тыңдап, автор көзқарасын анықтап, көтерілген мәселені өмірмен байланыстырыңдар. Автор көзқарасы Көтерілген мәселе Дескриптор/Білім алушы 1.Автор көзқарасын анықтайды 2.Көтерілген мәселені өмірмен байланыстырады

Әдеби тіл нормалары. Оқшау сөздер – сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, тек айтылатын ойға қатысы бар

10 слайд
Әдеби тіл нормалары. Оқшау сөздер – сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, тек айтылатын ойға қатысы бар сөздер кездеседі. Олар сөйлем мүшесі бола алмайды, себебі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Олар: қаратпа сөз, қыстырма сөз, және одағай. Мысалы: Жолдастар, (қаратпа сөз) майданда біздің әскерлер жан аямай соғысуда. Демек, (қыстырма сөз) біз жеңеміз. Алақай, (одағай сөз) біз жауды жеңдік!

3-тапсырма. Мәтінді оқып,деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар. Менің жастығым адам баласының қызметіне берілді. Мүмкін, мен ж

11 слайд
3-тапсырма. Мәтінді оқып,деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар. Менің жастығым адам баласының қызметіне берілді. Мүмкін, мен жастығымды қайыра алмаспын. Бірақ ол босқа кетпейді, менен кіші інілерімнің еншісіне тиеді. Кейінгі жастар, жас інілерім, сендер бақыттысыңдар. Сендер соғыс дегенді білмей өтетін боласыңдар. Біз жастығымызды сендердің бақыттарыңның жолына құрбан еттік. Мен өз елімді қорғаймын. Менің момын да бауырмал, ардақты елім бар. Сол елім мен аттанарда былай деген болатын: – Тас түлегім, қиын бір кезең келіп қалды: жау жағадан, бөрі етектен алғалы тұр.Аттан, қуып-жойып қайт! Ұлым, сен кәрлі кезең, соғысты заманның жігітісің, жауынгерше қимылдай біл! – деген. Мен мұны ұмытпаймын. Мен – шығыс адамымын, батысқа кетіп барамын. Менің елім жақтан шығатын алтын күн мені күні бойы жылытады. Міне, кеш бола бастады. Күн мені қимағандай, ұясына қона қоймай тұр. Маған көзін тура қадап: « Шығыс ұлы, жолың болсын! Шығысқа жеңіспен қайт! Мен сені Алатаудың аясында қарсы алармын! » – деп тұр. (Баубек Бұлқышев )

Деңгейлік тапсырма 1-топ: « Меніңше, жеңіс ол... » деген тақырып бойынша өз ойларыңды ассоциациялық кестеге түсіріңдер 2-то

12 слайд
Деңгейлік тапсырма 1-топ: « Меніңше, жеңіс ол... » деген тақырып бойынша өз ойларыңды ассоциациялық кестеге түсіріңдер 2-топ: Оқшау сөздері бар сөйлемдерді топтастыр. Дескриптор/Білім алушы 1.Оқшау сөздердің қызметін түсінеді ,т үрлерін ажыратады 2. Тақырып бойынша өз ойларын кестеге түсіреді

«Меніңше, жеңіс ол...»“ Ассоциациялық” кесте

13 слайд
«Меніңше, жеңіс ол...»“ Ассоциациялық” кесте

Оқшау сөздері бар сөйлемдерді топтастыр. Қаратпа сөз. ..........................................................................

14 слайд
Оқшау сөздері бар сөйлемдерді топтастыр. Қаратпа сөз. ..................................................................................................... ..................................................................................................... .................................................................................................. Қыстырма сөз . ..................................................................................................... ..................................................................................................... .................................................................................................. Одағай сөз. ..................................................................................................... ..................................................................................................... ..................................................................................................

Қорытынды. Кері байланыс «Жеңіс»

15 слайд
Қорытынды. Кері байланыс «Жеңіс»

Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Хатты өз ойларыңмен жалғастырыңдар. Сәлеметсіз бе,құрметтіҰлы Отан соғысының ардагері!Ұлы Жеңі

16 слайд
Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Хатты өз ойларыңмен жалғастырыңдар. Сәлеметсіз бе,құрметтіҰлы Отан соғысының ардагері!Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!Отан алдындағы,келешек ұрпақ алдында жасаған ерлігіңіздің,батылдығыңыздың алдында басымды иемін....

17 слайд