Материалдар / Ашық сабақ Экология негіздері 11 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Экология негіздері 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып оқушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2020
712
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Экология негіздері 11 – сынып Биология пән мұғалімі: А.Есмагамбетова

1 слайд
Экология негіздері 11 – сынып Биология пән мұғалімі: А.Есмагамбетова

Тірі ағзалардың бір - бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым Терминін ғылымға алғаш рет неміс биологы

2 слайд
Тірі ағзалардың бір - бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым Терминін ғылымға алғаш рет неміс биологы 1866 ж. Э.Геккель енгізді. Биогеография терминін ғылымға енгізген А.Гумбольдт Биогеография ғылымы – ағзалардың нақтылы географиялық таралу аймағын зерттейдіЭкология

Бөлімдері Анықтамалары Аутэкология Жеке ағзалар мен популяцияларға сан алуан сыртқы орта факторларының әсерін зерттейді Демэкол

3 слайд
Бөлімдері Анықтамалары Аутэкология Жеке ағзалар мен популяцияларға сан алуан сыртқы орта факторларының әсерін зерттейді Демэкология Популяцияның ортамен және популяцияның ішкі үдерістерімен тура және кері байланыстарын зерттейді Синэкология Популяция, бірлестіктер және экожүйелер арасындағы қарым - қатынастар жиынтығын зерттейді Цитоэкология Қоршаған ортаның бұзылуына байланысты жасуша құрылымының өзгеруін,қауіпті аурулардың пайда болуын алдын алу шараларын қарастырады Биоэкология Тірі организмдер биологиясын,оның тіршілік ортасындағы өзгерістерін адамның іс әрекетімен байланыстырып зерттейді Геоэкология Жер қабығының даму заңдалықтарын,оның барлық тіршілік ырғағын біртұтас организм ретінде әлемдік деңгейде қарастырады Адам экологиясы Адамға қатысты биосфера шегінде барлық мәселелерді және антропогендік экожүйелерді зерттейді Экология бөлімдері

Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы  Гидробионттар - сулы ортаны мекендейтін ағзалар  Аэробионттар - жер үсті - ауалы о

4 слайд
Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы  Гидробионттар - сулы ортаны мекендейтін ағзалар  Аэробионттар - жер үсті - ауалы ортада тіршілік ететіндер  Эдафобустар - топырақ ортасында тіршілік ететін ағзалар  Эндобионттар - белгілі иесінде өмір сүретін ағзалар  Экзопаразиттер - организм иесінің сыртында тіршілік ететіндер  Эндопаразиттер - организм иесінің ішінде тіршілік ететіндер  Паразиттер - осылардың есебінен қоректенетін организмдер

Экологиялық факторлар Абиотикалық жарық,температура ылғалдылық, қысым Антропогенді Қоршаған ортаға адамның тигізген іс - ә

5 слайд
Экологиялық факторлар Абиотикалық жарық,температура ылғалдылық, қысым Антропогенді Қоршаған ортаға адамның тигізген іс - әрекетінің нәтижесі Биотикалық тірі ағзалардың бір - бірімен тіршілік ететін қарым - қатынас жиынтығы

Абиотикалық фактор Бөлімдері Анықтамалары Ксерофиттер Ылғал тапшы аймақтардың өсімдіктері (сексеуіл, жүзгін, жусан,селеу,қылша,

6 слайд
Абиотикалық фактор Бөлімдері Анықтамалары Ксерофиттер Ылғал тапшы аймақтардың өсімдіктері (сексеуіл, жүзгін, жусан,селеу,қылша,теріскен,күйреуік) Суккулентер Жапырақтары,сабақтары етженді, тікенекке айналған (кактус, алоэ,агала) Мезофиттер Жартылай ылғалды аймақтарда өседі (беде,атқонақ, інжугүл, саумалдақ, қайын,алмұрт) Гигрофиттер Ылғалы мол ортада өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға, күріш, тұңғиық) Гидрофиттер Су өсімдіктері (балдырлар, элодия)

Биотикалық фактор Бөлімдері Анықтамалары Популяция Белгілі аумақта тіршілік етіп, еркін шағылыса алатын бір түрге жататын дара

7 слайд
Биотикалық фактор Бөлімдері Анықтамалары Популяция Белгілі аумақта тіршілік етіп, еркін шағылыса алатын бір түрге жататын дарақтар тобы. Терминді ғылымға -1903 ж. В.Иогансен енгізді. Биоценез Нақтылы құрлық, су үлескісінде мекендейтін барлық тірі ағзалардың жиынтығы. Терминді ғылымға - Карл Мебиус енгізді. Селбестік Екі серіктес немесе солардың біреуі өзара қарым - қатынас кезінде пайда келтіріп, бірлесіп өмір сүру түрі (сиыр + өгізшоқы құстар) Мутуализм Ортақтастар арасында өзара пайдалылығымен сипатталатын қатынас кезіндегі селбесу түрі (таңқышаян + актиния) Комменсализм Бірге өмір сүрген түрдің біреуі пайда тауып,екіншісі оған мән бермейтін өзара қатынас,селбесудің түрі (арыстан мен қорқау қасқыр) Бәсекелестік Экологиялық талаптары (тіршілік орны, қорегі) ұқсас түрлер арасында туындайтын өзара қатынас Жыртқыштық Өзге жануарларды аулап,өлтіріп, солармен қоректену (қасқырдың бөкенге шабуылы) Арамтамақтық Ағзалардың өзге түрді тіршілік орны ретінде ғана емес,тұрақты қоректену көзі ретінде пайдалануы

Антропогендік фактор Бөлімдері Анықтамалары Агроценоз Адам қолымен жасалынған биогеоценоз Механикалық ластағыштар Әр түрлі ласт

8 слайд
Антропогендік фактор Бөлімдері Анықтамалары Агроценоз Адам қолымен жасалынған биогеоценоз Механикалық ластағыштар Әр түрлі ластағыш заттар биоценозда аумақты орындарды алып,организмдердің тіршілік ортасын ығыстырады Химиялық ластағыштар Организмдерде жүріп жататын биохимиялық прцестерге қатысып,жасушаларға еніп,олардың қызметін тежейді Физикалық ластағыштар Жылу, жарық, шу, электромагниттік, радиациялық ластағыштар жатады Биологиялық ластану Екіге бөлінеді:  Биотикалық - арамшөптермен ластану, жәндіктер мен жануарлардың адамның шаруашылық қызметтеріне шығын әкелуі (шегірткелер, таракан,егеуқұйрықтардың қаптап келуі)  Микробиологиялық - ауру қоздырғыш микроорганизмдердің кең таралуы (тырысқақ, оба, безгек, сүзектің таралуы)

Экологиялық факторлардың әсер етуінің негізгі деңгейлері: Минимум организмге әсер ететін фактордың ең төменгі деңгейі, ода

9 слайд
Экологиялық факторлардың әсер етуінің негізгі деңгейлері: Минимум организмге әсер ететін фактордың ең төменгі деңгейі, одан әрі тіршілік тоқтайды Максимум организмге әсер ететін фактордың ең жоғарғы деңгейі, одан әрі тіршілік тоқтайды Оптимум организмге әсер ететін фактордың ең қолайлы деңгейі Шектеуші фактор Организмдердің жер бетіне кең таралуын шектейтін фактор

Биосфера  Биосфера - жер ғаламшарының белсенді тіршілік қабаты.  Биосфера туралы ілімнің негізін қалаған В.И.Вернадский 

10 слайд
Биосфера  Биосфера - жер ғаламшарының белсенді тіршілік қабаты.  Биосфера туралы ілімнің негізін қалаған В.И.Вернадский  Жер бетіндегі барлық тірі организмдер ғаламшар биомассасын құрайды.

Биохимиялық айналым Қызметі Анықтамалары Газдық қызмет Фотосинтез және азоттұрақтандыру нәтижесінде газдардың биогендік орын ау

11 слайд
Биохимиялық айналым Қызметі Анықтамалары Газдық қызмет Фотосинтез және азоттұрақтандыру нәтижесінде газдардың биогендік орын ауыстыруы Концентрациялық қызмет Тірі ағзалардың сыртқы ортаға шашыраған химиялық элементтерді жинақтауы Тотығу - тотықсыздану қызметі Заттар күйінің өзгеруі Биохимиялық қызмет Сан алуан заттардың ағзалардағы күрделірек өзгерістер жасауы

Жер ғаламшарындағы жер қабаттары Жер қабаттары Анықтамасы Литосфера Жердің қатты қабаты Педосфера Жердің топырақ қабаты Гидр

12 слайд
Жер ғаламшарындағы жер қабаттары Жер қабаттары Анықтамасы Литосфера Жердің қатты қабаты Педосфера Жердің топырақ қабаты Гидросфера Жердің су қабаты Атмосфера Жердің ауа қабаты Биосфера Жердің тіршілік қабаты Ноосфера Жердің саналы қабаты

Т е с т 1. “Экология” терминін ғылымға енгізген ғалым? А) Э.Геккель В)Ч.Дарвин С)К. Линней Д) Ж.Б.Ламарк

13 слайд
Т е с т 1. “Экология” терминін ғылымға енгізген ғалым? А) Э.Геккель В)Ч.Дарвин С)К. Линней Д) Ж.Б.Ламарк Е)С.Миллер 2. Биотикалық бірлестіктері және олардың тіршілік ортасымен арасындағы өзара қарым қатынастарды зерттейді? А)Демоэкология В)Аутоэкология С)Геоэкология Д)Биоэкология Е)Синэкология 3. Бірлестіктер мен экожүйелер арасындағы қарым қатынастар жиынтығын зерттейді? А)Әлеуметтік экология В)Синэкология С)Аутэкология Д)Биоэкология Е)Геоэкология 4. Популяция, бірлестіктер мен экожүйелер арасындағы қарым қатынастар жиынтығын зерттейтін? А)Аутэкология В)Синэкология С)Биосфера Д)Геоэкология Е)Биоэкология 5. Қоршаған ортаның бұзылуына байланысты жасуша құрылымының өзгеруін қауіпті аурулардың пайда болуын алдын алу шараларын қарастырады? А)Молекулалық биология В)Цитоэкология С)Цитохимия Д)Цитология Е)Цитогенетика 6. “Биосфера” терминін ең алғаш енгізген ғалым? А) Э.Геккель В)Э.Зюсс С)К. Линней Д) Ж.Б.Ламарк Е)С.Миллер 7. Биографияның негізін қалаған ғалым? А) Э.Геккель В)Э.Зюсс С)А.Гумбольдт Д) Ж.Б.Ламарк Е)С.Миллер 8. Топырақ ортасында тіршілік ететін ағзалар? А)Гидробионттар В)Эндобионттар С)Эдафобус Д)Биотоп Е)Аэробионттар 9. Белгілі иесінде өмір сүретін ? А)Гидробионттар В) Эдафобус С) ЭндобионттарД)Биотоп Е)Аэробионттар

10. Аэробионттар тіршілік етеді? А)Жер үсті ауалы ортада В)Орманда С) Топырақта Д) Тауда Е) Суда 11. Өлі табиғат ? А)Ш

14 слайд
10. Аэробионттар тіршілік етеді? А)Жер үсті ауалы ортада В)Орманда С) Топырақта Д) Тауда Е) Суда 11. Өлі табиғат ? А)Шектеуші В)Биотикалық С)Антропогенді Д)Абиотикалық Е)Оңтайлы 12. Тірі ағзалардың өзара әсерлесуі және олардың өлі табиғатқа ықпал жасауын қамтитын факторлар? А)Шектеуші В)Биотикалық С)Антропогенді Д)Абиотикалық Е)Оңтайлы 13. Адамның іс әрекетінің қоршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторды белгілеңіз? А)Шектеуші В) Антропогенді С) Биотикалық Д)Абиотикалық Е)Оңтайлы 14. Бөгет салу жұмысы жататын фактор түрі? А)Шектеуші В)Биотикалық С) Оңтайлы Д)Абиотикалық Е) Антропогенді 15. Бір аумақта таралу аймағының еркін шағылысатын дарақтар? А)Биогеоценоз В) Түр С) Популяция Д)Ареал Е) Биосфера 16. Биоценоз терминін ғылымға енгізген ғалым? А) Э.Геккель В)К.Мебиус С)К. Линней Д) Ж.Б.Ламарк Е)С.Миллер 17. Адамның іс әрекеттері арқылы реттеліп отыратын тірі организмдер бірлестігі? А)Биогеоценоз В) Агроценоз С) Популяция Д)Ареал Е) Биосфера 18. Ауылшаруашылық өнімдерін алу мақсатында адам қолымен жасалынған жасанды биогеоценоз? А)Биогеоценоз В) Агроценоз С) Популяция Д)Ареал Е) Биосфера 19. Агроценоз бұл? А)Жапырақты орман В)Дала С)Тоғай Д)Еменді орман Е)Егістік жерлер 20. Агроценоздарға қоректік тізбектің міндетті бөлігі? А)Жануарлар В)Өсімдіктер С)Саңырауқұлақтар Д)Адам Е)Микроағзалар

21. Қоршаған ортаның радиоактивті заттар,электромагниттік толқындар арқылы ластануы? А)Экологиялық В)Биологиялық С)Химиял

15 слайд
21. Қоршаған ортаның радиоактивті заттар,электромагниттік толқындар арқылы ластануы? А)Экологиялық В)Биологиялық С)Химиялық Д)Географиялық Е)Физикалық 22. Қоршаған ортаның ауру қоздыратын бактериялар арқылы ластануы? А)Экологиялық В)Биологиялық С)Химиялық Д)Географиялық Е)Физикалық 23. Егеуқұйрық санының елді мекенде көбеюі? А)Механикалық В)Биологиялық С)Физикалық Д)Радиациялық Е)Химиялық 24. Организмдердің жер бетінде таралуын шектеп отыратын фактор? А)Оптимум В)Минимум С)Шектеуші Д)Төзімділік Е)Максимум 25. Жер бетіндегі тірі ағзалар мен химиялық элементтер айналымының жүйесі ол? А)Табиғат В)Экология С)Айналым Д)Биосфера Е) Эволюция 26. Жер ғаламшарының белсенді тіршілігі таралған қабығы? А)Литосфера В)Биосфера С)Тропосфера Д)Стратосфера Е)Гидросфера 27. Жер шарындағы құрлықтың беткі қыртысты қабаты? А) Биосфера В) Литосфера С)Тропосфера Д)Стратосфера Е)Гидросфера 28. Ноосфера терминін ғылымға енгізген академик? А) Э.Геккель В)К.Мебиус С)К. Линней Д) Ж.Б.Ламарк Е)В.И.Вернадский 29. Биосфераның жаңа сапалық деңгейі? А)Литосфера В)Биосфера С)Тропосфера Д)Стратосфера Е)Ноосфера 30. Кез келген ағзаның тіршілік жағдайына өте қолайлы фактор? А)Оңтайлы В)Биотикалық С)Антропогендік Д)Шектеуші Е)Абиотикалық

Жауаптары 1. А 16.В 2.Д 17.В 3.В

16 слайд
Жауаптары 1. А 16.В 2.Д 17.В 3.В 18.В 4.В 19.Е 5.В 20.Д 6.В 21.Е 7.С 22.В 8.С 23.В 9.С 24.С 10.А 25.Д 11.Д 26.В 12.В 27.В 13.В 28.Е 14.Е 29.Е 15.С 30.А

Дайындық ссылкалары 1. infourok.ru 2.helpiks.org 3.kk.wikipedia.org 4. “Биология” пәні бойынша ҰБТ – ға дайындық кітапшасы 5. Э

17 слайд
Дайындық ссылкалары 1. infourok.ru 2.helpiks.org 3.kk.wikipedia.org 4. “Биология” пәні бойынша ҰБТ – ға дайындық кітапшасы 5. Экология (оқулық) - Алматы, 2008