Материалдар / Ашық сабақ "Етістік" 3-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Етістік" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген материал слайд түрінде ашық сабақ. Ашық сабақтың тақырыбы: «Етістік». Бұл сабақ 3-сынып оқушыларына арналған. Сабақ 7 модульге сүйеніп жасалған. Яғни , жаңа әдіс-тәсілдер, топтық жұмыс, АҚТ қолдану, көшбасшылық, СТО әдістері қолданған. Сабақ өте қызықты. Оқушылардың қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар оқушылардың дағдысы: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым қарастырылған. Және оқушыларға деңгейлік тапсырмалар қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
453
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коряковка бастауыш мектебі
Ашық сабақ 3-сынып
Тақырып: «Етістік»

Мұғалім: Кабдышева Б.Т.

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақтың түрі: білімді жетілдіру сабағы 

  • Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, топтық жұмыс, ой-қозғау, ой толғаныс,АКТ, топтау 

  • Сабақтың көрнекіліктері: Сюжеттік суреттер, сөзжұмбақ, постер, стикер, таратпа материал. 

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Топқа бөлу. Оқушыларды «Тырыс, ойлан» әдісі бойынша топқа бөлу. 

  • Спикерді анықтау. Оқушылардың орындықтарына сары және қызыл түсті стикерлерден жасалған жолақашалар  беріледі. Қызыл түстісін  талантты оқушыға беріп, спикерлік рөлін түсіндіру.  

ІІ. Мотивациялық кезең

Өткенді қайталау.

  • Әр топқа А4 парақ қағазы беріледі. Сол постерлерге тапсырмаларын орындайды. 

1топ-Сөз құрамы

2 топ-дыбыстар

тақырыптары беріледі.

  «Сэндвич» әдісімен жұмыстарды тексеру.

Не ұнады?

тілек

Нені жақсарту керек?

     

Мәтінмен жұмыс

  • Тапсырма: Мәтіндегі заттың қимылын білдіретін сөздерді тап. Оларға сұрақ қой. 

Әнші.

  Сахнаға бір топ әнші балалар шықты.Олар хормен қазақша ән айтты. Бір әншінің дауысы ерекше естілді. Балалар таң қалды. Бұл әнші Әлия екен. Әлия жақсы ән салды.

«Суретті сөйлет»

Кестені толтыр. Бұлар етістіктің қандай түрлері?

1 сөзден тұратын етістіктер

2-3 сөзден тұратын етістіктер

   

Түбір сөзбен қосымшаны сәйкестр. Бұлар етістіктің қандай түрлері?

  • Шеге                               -ла 

  • Ара                                  -ле 

  • Таза                                 -да 

  • Тұз                                   -де 

  • Әшекей                          - та 

  • Сабын                             -те 

  • Той 

  • Ем 

  • Ақ 

Сөйлемдерді оқы. Тыйым сөздерді анықта. Анықталған сөздер етістіктер ме? Қандай түрі?

  • Аққуды атпа. Құмырсқанның илеуін, қарлығаштың  ұясын бұзба. Малды аяғыңмен теппе. Нанды бір қолымен үзбе. Сүт тағамдарын жерге төкпе. Түнде тырнақ алма.  

Ой толғаныс

  • Постермен жұмыс. 

  •    Етістік жайлы  білімдерін постерге көрсету. 

  • Постердегі жұмыстарды «Галерея»әдісімен қорғау. 

  • «2 жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалау 

Мәтінмен жұмыс. Сұрақ жауап арқылы талда

   Қайың- тегіс және таулы жерлерде өседі. Қайыңнан түрлі үй жиһаздары жасалады. Оның майымен былғары өнделеді. Ол ұлы газдарды өткізбейді. Қайың- пайдалы ағаш.

Сұрақ- жауап кезеңі

1/Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады?

2/Тегіс және таулы жерлерде қандай ағаш өседі?

3/Неліктен  бұл ағаштан жиғаздар жасайды?

4/Неге қайыңның майымен  былғары өндейді?

5/Не себептен қайың пайдалы ағаш деп атаған?

Жеке жұмыс.Деңгейлі тапсырмалар.

  • 1тапсырма-мәтіндегі  етістіктердің астын сыз. 

Жазда.

   Жазда бір түйе фермасына бардық. Фермада түйелерді, олардың боталарын көрдік. Бізге әсіресе, ақ бота ұнады. Ақ бота өте сүйкімді. Ақ ботаға біз жем, су бердік.

  • 2тапсырма-Мақал-мәтелдердегі етістіктердің түрлерін анықта. 

 Отан үшін отқа түс күймейсің. Еңбек ер аттандырады. Отан отбаынан басталады.

3 тапсырма-1-ші мен 2-ші тапсырмалардағы  етістіктерді түрлендір:

дара

күрделі

негізгі

туынды

болымды

болымсыз

           

Оқушылардың сұрақ әзірлеу кезеңі

Қорытынды шығару

  • Атың кім?                Сабақтың тақырыбы: 

  • Сабақта не істедің? 

  • Не ұнады? 

  • Не қиын болды? 

  • Кім көмектесті? 

  • Өзіне бүгін қандай  баға қоюшедің? 

  • Неге? 

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!