Ашық сабақ. Төменгі сынып оқушыларына жүргізілген әдістемелік жұмыстар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Бастауыш сыныптарда
бейнелеу өнерін оқыту әдістері
Пән оқытушысы: Э.А.Ержанова
1 слайд
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту әдістері Пән оқытушысы: Э.А.Ержанова
2 слайд
ЖОСПАР
1.Ауызша әдіс
2. Көрнекілік әдіс
3. Практикалық әдіс
4. Репродуктивтік әдіс
5. Проблемалық әдіс
6. Ішінара ізденіс немесе эвристикалық
әдіс
7. Зерттеу әдісі
2 слайд
ЖОСПАР 1.Ауызша әдіс 2. Көрнекілік әдіс 3. Практикалық әдіс 4. Репродуктивтік әдіс 5. Проблемалық әдіс 6. Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс 7. Зерттеу әдісі
3 слайд
Кіріспе.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістерін сөз етпес бұрын жалпы
педагогика ғылымындағы әдіс, тәсіл ұғымдарына тоқталып кетейік.
Педагогикалық энциклопедияда «Оқыту әдістері – мұғалім мен
оқушылар ж ұ мысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді,
іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы
қалыптасады, қабілеттері дамиды», - деп берілген.
Яғни, оқыту әдістері мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу –
тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс - әрекетінің
тәсілдері. Дәлірек айтқанда әдіс – белгілі бір мақсатқа жету іс - әрекетін
нақты жүйеге келтіретін тәслдердің жиынтығы. Ол оқу – тәрбие
жұмысындағы әдістерді педагогикалық дидактика негіздерін бетке
ұстай отырып оқушылардң танымдық қабілеттерінің дамуына
мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға,
өз бетімен ізденіп жаңа білімді меңгеруге ықпал жасауы тиіс.
3 слайд
Кіріспе. Бейнелеу өнерін оқыту әдістерін сөз етпес бұрын жалпы педагогика ғылымындағы әдіс, тәсіл ұғымдарына тоқталып кетейік. Педагогикалық энциклопедияда «Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылар ж ұ мысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды», - деп берілген. Яғни, оқыту әдістері мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу – тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс - әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда әдіс – белгілі бір мақсатқа жету іс - әрекетін нақты жүйеге келтіретін тәслдердің жиынтығы. Ол оқу – тәрбие жұмысындағы әдістерді педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып оқушылардң танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен ізденіп жаңа білімді меңгеруге ықпал жасауы тиіс.
4 слайд
Мысалы:
1. Мұғалім сабақта ауызша баяндау барысында
кейбір суретшілердің шағырмаларына көрнекі
көрсетсе, онда көрнекі әдсі әдістемелік тәсілге
айналады.
2.Өнер туралы әңгіме сабағында
шығармаларын зерттеп, талдап нақты білім
алса, онда осы сабақта қолданған жетектеме
айызша баяндау тәсілге айналады да, көрнекі
көрсету әдіс болып саналады.
4 слайд
Мысалы: 1. Мұғалім сабақта ауызша баяндау барысында кейбір суретшілердің шағырмаларына көрнекі көрсетсе, онда көрнекі әдсі әдістемелік тәсілге айналады. 2.Өнер туралы әңгіме сабағында шығармаларын зерттеп, талдап нақты білім алса, онда осы сабақта қолданған жетектеме айызша баяндау тәсілге айналады да, көрнекі көрсету әдіс болып саналады.
5 слайд
Ауызша әдіс
Сабақтың қандай кезеңінде болса да, сұрақ жауап әңгімелесу,
пікірлесу, нұсқау беру тәсілдерін құрайды. Бұл әдіс көбінесе сабақтың
жаңа сабақ кезеңінде басым олрын алады. Мұғалім ауызша
баяндайтын материалын алдын ала дидактикалық талаптарға сай
дайындайды, ол мәтіннің анық оқушыларға түсінікті болуы көзделеді.
Егер де мәтінде оқушыларға жаңа терминдік сөздер ұсынылса, онда
оның мән – мағынасы ашылып түсіндірілуі керек.
Оқушылардың тақтаға жазылып көрсетілген жаңа терминдік сөзді
жұмыс дәптерлеріне түсіріп алғаны жөн. Мұғалімнің әңгімесіндегі
мәліметтер белгілі деректермен, ғылыми дәлелдермен бекітілуі керек.
Сабақтың айызша әдісіне бөлінетін уақыт сабақтың тақырыбына
байланысты атқаратын іс – шара мазмұнына немесе сабақтың
бейнелеу өнері түрі бойынша қаралуына байланысты.
5 слайд
Ауызша әдіс Сабақтың қандай кезеңінде болса да, сұрақ жауап әңгімелесу, пікірлесу, нұсқау беру тәсілдерін құрайды. Бұл әдіс көбінесе сабақтың жаңа сабақ кезеңінде басым олрын алады. Мұғалім ауызша баяндайтын материалын алдын ала дидактикалық талаптарға сай дайындайды, ол мәтіннің анық оқушыларға түсінікті болуы көзделеді. Егер де мәтінде оқушыларға жаңа терминдік сөздер ұсынылса, онда оның мән – мағынасы ашылып түсіндірілуі керек. Оқушылардың тақтаға жазылып көрсетілген жаңа терминдік сөзді жұмыс дәптерлеріне түсіріп алғаны жөн. Мұғалімнің әңгімесіндегі мәліметтер белгілі деректермен, ғылыми дәлелдермен бекітілуі керек. Сабақтың айызша әдісіне бөлінетін уақыт сабақтың тақырыбына байланысты атқаратын іс – шара мазмұнына немесе сабақтың бейнелеу өнері түрі бойынша қаралуына байланысты.
6 слайд
Көрнекілік әдісі
Көрнекілік әдісті әсіресе бастауыш сыныптарының
алғашқы сатысында кеңінен қолдану өте маңызды.Ол
оқушылардың құбылысты ,оқиғаны, меселені ,оны шешу
жолдарын көріп сезініп қабылдауына,түсінуіне,есінде
сақтауына,заттардың құбылысын, қасиеттерін өз беттерімен
немесе оқытушының көмегімен зерттеп тануына мүмкіндік
жасайды. Көрнекілік әдіс сонымен қатар оқушының
байқампаздық, есте сақтау,салыстыру арқылы талдау
қасиеттерін дамытады.
•
Бейнелеу өнері сабағындағы көрнекілік әдісі
демонстрациялау, иллюстрациялау,
•
экрандық бейнелеу, дыбыстық тәсілдер жүзеге асырылады.
6 слайд
Көрнекілік әдісі Көрнекілік әдісті әсіресе бастауыш сыныптарының алғашқы сатысында кеңінен қолдану өте маңызды.Ол оқушылардың құбылысты ,оқиғаны, меселені ,оны шешу жолдарын көріп сезініп қабылдауына,түсінуіне,есінде сақтауына,заттардың құбылысын, қасиеттерін өз беттерімен немесе оқытушының көмегімен зерттеп тануына мүмкіндік жасайды. Көрнекілік әдіс сонымен қатар оқушының байқампаздық, есте сақтау,салыстыру арқылы талдау қасиеттерін дамытады. • Бейнелеу өнері сабағындағы көрнекілік әдісі демонстрациялау, иллюстрациялау, • экрандық бейнелеу, дыбыстық тәсілдер жүзеге асырылады.
7 слайд
Практикалық әдіс
Практикалық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге асыру,меңгеру
үшінқолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар,эскиздер және сабақ тақыры бойынша суреттер
орындау,көркем жобалау (дизайн)жұмыстары болып табылады. Бейнелеу өнері пәнінде
практикалық әдіс басты әдістердің бірі болып саналады, өйткеніонда көру, сезініп қабылдаудан
басқа барлық дерлік сабақта машықтық іс-әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын
қалыптастыру орын алады. Жаттығу ол қарындашпен штрих түсіру (тік, көлбеу, доға),
қылқаламмен бояу ( құрғаққағазды бояу, сулы қағазды бояу) жұмыстарына машықтану арқылы
сапалы іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Нобайлар, эскиздер орындау
заттан қарап немесе тақырыптық бейнелеу алдында
орындалады, ол болашақ салынатын бейненің композициялық шешімін, тақырыптың мазмұнын,
перспиктивалық көрінісін дұрыс табу мақсатында орындалады.
Машықтық әдіс барысында мұғалім оқушылардың жаңа материалды қалай қабылдағаныжәне
оған байланысты іскерлік дағдаларды қалай меңгергенін де бақылап байқауына болады.
Машықтық әдісті сабақ барысында екі түрлі негізде жүргізуге болады, ол жаңа сабақматериалы,
жұмыс ережелері түсіндіріліп болған соң оқушылар толық өз бетімен жұмыс істейді, мұғалім
бақылаушы, қажет болған жағдайда нұсқау беруші ретінде болады. Ал келесі жағдайда бейнелеу
іс-әректінің әрбір кезеңдерін жеке-жеке түсіндіріп, бейнелетіп мұғалім оқушыларды машықтық
жұмыс барысында жетелеп отырады. Оқушыларды сабақ барысындағы машықтық іс-әрекеттерді
жоспарлы, жүйелі,саналы жүргізуге дағдыландыру керек. Ол оқушыларды кез келген жұмыс
барысын жүйелі, ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелейді.
7 слайд
Практикалық әдіс Практикалық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге асыру,меңгеру үшінқолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар,эскиздер және сабақ тақыры бойынша суреттер орындау,көркем жобалау (дизайн)жұмыстары болып табылады. Бейнелеу өнері пәнінде практикалық әдіс басты әдістердің бірі болып саналады, өйткеніонда көру, сезініп қабылдаудан басқа барлық дерлік сабақта машықтық іс-әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру орын алады. Жаттығу ол қарындашпен штрих түсіру (тік, көлбеу, доға), қылқаламмен бояу ( құрғаққағазды бояу, сулы қағазды бояу) жұмыстарына машықтану арқылы сапалы іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Нобайлар, эскиздер орындау заттан қарап немесе тақырыптық бейнелеу алдында орындалады, ол болашақ салынатын бейненің композициялық шешімін, тақырыптың мазмұнын, перспиктивалық көрінісін дұрыс табу мақсатында орындалады. Машықтық әдіс барысында мұғалім оқушылардың жаңа материалды қалай қабылдағаныжәне оған байланысты іскерлік дағдаларды қалай меңгергенін де бақылап байқауына болады. Машықтық әдісті сабақ барысында екі түрлі негізде жүргізуге болады, ол жаңа сабақматериалы, жұмыс ережелері түсіндіріліп болған соң оқушылар толық өз бетімен жұмыс істейді, мұғалім бақылаушы, қажет болған жағдайда нұсқау беруші ретінде болады. Ал келесі жағдайда бейнелеу іс-әректінің әрбір кезеңдерін жеке-жеке түсіндіріп, бейнелетіп мұғалім оқушыларды машықтық жұмыс барысында жетелеп отырады. Оқушыларды сабақ барысындағы машықтық іс-әрекеттерді жоспарлы, жүйелі,саналы жүргізуге дағдыландыру керек. Ол оқушыларды кез келген жұмыс барысын жүйелі, ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелейді.
8 слайд
Репродуктивтік әдіс
Репродуктивтік әдіс – ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің тапсырмасы
бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып табылады. Мұғалім бейнелеу өнері
сабақтарында оқушылардың алдына ұсынылған жаңа білім, жаңа іс-ірекеттерді бірнеше рет еске
түсіру арқылы оқытуды ұйымдастырады.
Репродуктивті әдіс өткен білімді іс-әрекетті үнемі қайталап еске түсіре отырып жаңа білімді, іс-
әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды көздейді.
Мысалы, 1-сыныптағы "Ұлттық киімдерді әшекейлейік" тақырыбындағы сабақта өткен
сабақтардағы танысқан ою-өрнектер түрлерін және жолақ ішін безендіру әдістерін сұрақтар қою
арқылы еске түсіру сол ою-өрнектерді безеніру әдісін қайталап, осы сабақтағы безендіру
жұмысына тірек етіп алуға болатындығын айтуға болады. Репродуктивтік әдіс арқылы мұғалім
оқушылардың білімдік қорының деңгейін тексеріп, бақылап отыруына қол жеткізеді және
оқушылардың өздері меңгерген іс-әрекеттермен білімдердің өзара тығыз байланысты екіндігін
тануға мүмкіндік жасайды.
Бұл әдісті әр оқу тоқсанының немесе оқу жылы аяғындағы сабақтарда кеңінен қолдану нәтижелі
болады.
8 слайд
Репродуктивтік әдіс Репродуктивтік әдіс – ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып табылады. Мұғалім бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың алдына ұсынылған жаңа білім, жаңа іс-ірекеттерді бірнеше рет еске түсіру арқылы оқытуды ұйымдастырады. Репродуктивті әдіс өткен білімді іс-әрекетті үнемі қайталап еске түсіре отырып жаңа білімді, іс- әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды көздейді. Мысалы, 1-сыныптағы "Ұлттық киімдерді әшекейлейік" тақырыбындағы сабақта өткен сабақтардағы танысқан ою-өрнектер түрлерін және жолақ ішін безендіру әдістерін сұрақтар қою арқылы еске түсіру сол ою-өрнектерді безеніру әдісін қайталап, осы сабақтағы безендіру жұмысына тірек етіп алуға болатындығын айтуға болады. Репродуктивтік әдіс арқылы мұғалім оқушылардың білімдік қорының деңгейін тексеріп, бақылап отыруына қол жеткізеді және оқушылардың өздері меңгерген іс-әрекеттермен білімдердің өзара тығыз байланысты екіндігін тануға мүмкіндік жасайды. Бұл әдісті әр оқу тоқсанының немесе оқу жылы аяғындағы сабақтарда кеңінен қолдану нәтижелі болады.
9 слайд
Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс .
Бұл әдіс оқу-тәрбие процесінде оқушылардың алдына қойылған
проблемаларды бірте-бірте өз беттерімен шешу үшін алдын ала зерттеу зерттеу
жолдарын ұйымдастыруды үйретеді. Мұғалім оқушылар алдына қойылған
прблеманы шешу жолдарын өздерінмен бірігіп жоспарлайды.
Мысалы, жоғарыда айтылған К. Муллашевтың «Жер және уақыт»
шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? деген проблемалық
жағдайды шешу үшін мұғалім оқушыларға бірінші проблеманы жалпы көру
керектігін, екіншіден оған өз бетімен болжам айту керектігін, үшіншіден ол өз
болжамын деректермен қорытындылап дәлелдеу керектігін, төртіншіден он
тексеру жолдарын құрастыру керектігін айтады. Мұғалім осындай жүйе бойынша
проблеманы шешуге әкелетін сұрақтар қояды және іздену кезеңдеріне
оқушылардың тегіс қатысуын қадағалап ұйымдастырады. Оқушылар осыған
дейін алған білімдерін пайдаланып ізденеді.
9 слайд
Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс . Бұл әдіс оқу-тәрбие процесінде оқушылардың алдына қойылған проблемаларды бірте-бірте өз беттерімен шешу үшін алдын ала зерттеу зерттеу жолдарын ұйымдастыруды үйретеді. Мұғалім оқушылар алдына қойылған прблеманы шешу жолдарын өздерінмен бірігіп жоспарлайды. Мысалы, жоғарыда айтылған К. Муллашевтың «Жер және уақыт» шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? деген проблемалық жағдайды шешу үшін мұғалім оқушыларға бірінші проблеманы жалпы көру керектігін, екіншіден оған өз бетімен болжам айту керектігін, үшіншіден ол өз болжамын деректермен қорытындылап дәлелдеу керектігін, төртіншіден он тексеру жолдарын құрастыру керектігін айтады. Мұғалім осындай жүйе бойынша проблеманы шешуге әкелетін сұрақтар қояды және іздену кезеңдеріне оқушылардың тегіс қатысуын қадағалап ұйымдастырады. Оқушылар осыған дейін алған білімдерін пайдаланып ізденеді.
10 слайд
Зерттеу әдісі.
Зерттеу әдісі оқушылардың шығармашылық танымдық жұмыстарын
ғылыми деңгейге жақындатуды көздейді. Оның негізі жаңа проблемаларды шешу
жолында оқушылардың ізденушілік, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін
ұйымдастыру болып табылады.
Зерттеу обьетісін мұғалім өзі көрсетіп практикалық тапсырма береді. Ол
практиалық зерттеу тапсырмалары сабақ барысында қысқа мерзімдік немесе
сыныптан тыс ұзақ мерзімде орындауға берілуі мүмкін.
Мысалы, Қазақстан бейнелеу өнеріндегі реализм және сюрреализм
бағыттарында орындалған шығармаларды жіктеп көрсет деген немесе Канапия
Телжановтың Көкпар шығармасының композициялық құрылымын зерттеу
секілді тапсырмалар беріледі.
Осындай зерттеуге берілген тапсырмалар оқушылардың өнерді қабылдауын өнер
зерттеушілік деңгейге жақындатады және өздерінің шығармашылық
жұмыстарында зерттеу нәтижесінде жинақтаған тәжірибелерін пайдаланады.
Зерттеу барысында жұмысты жоспарлау, материалдар жинақтау, талдап зерттеу
болжам пікір айту нәтижені қорытындылау іс-әрекет дағдыларын
қалыптастырады.
10 слайд
Зерттеу әдісі. Зерттеу әдісі оқушылардың шығармашылық танымдық жұмыстарын ғылыми деңгейге жақындатуды көздейді. Оның негізі жаңа проблемаларды шешу жолында оқушылардың ізденушілік, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін ұйымдастыру болып табылады. Зерттеу обьетісін мұғалім өзі көрсетіп практикалық тапсырма береді. Ол практиалық зерттеу тапсырмалары сабақ барысында қысқа мерзімдік немесе сыныптан тыс ұзақ мерзімде орындауға берілуі мүмкін. Мысалы, Қазақстан бейнелеу өнеріндегі реализм және сюрреализм бағыттарында орындалған шығармаларды жіктеп көрсет деген немесе Канапия Телжановтың Көкпар шығармасының композициялық құрылымын зерттеу секілді тапсырмалар беріледі. Осындай зерттеуге берілген тапсырмалар оқушылардың өнерді қабылдауын өнер зерттеушілік деңгейге жақындатады және өздерінің шығармашылық жұмыстарында зерттеу нәтижесінде жинақтаған тәжірибелерін пайдаланады. Зерттеу барысында жұмысты жоспарлау, материалдар жинақтау, талдап зерттеу болжам пікір айту нәтижені қорытындылау іс-әрекет дағдыларын қалыптастырады.
11 слайд
Үй тапсырмасы
•
Ауызша әдіс қандай тәсілдерден тұрады?
•
Практикалық әдіс қандай мақсат көздейді?
•
Көрнекілік әдістің қандай дидактикалық
мүмкіндіктері ба?
11 слайд
Үй тапсырмасы • Ауызша әдіс қандай тәсілдерден тұрады? • Практикалық әдіс қандай мақсат көздейді? • Көрнекілік әдістің қандай дидактикалық мүмкіндіктері ба?