Ауған соғысы туралы (слайд)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Ауған соғысы
(27.12.1979 — 15.02.1989)
1 слайд
Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989)
2 слайд
Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің
Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан
тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978
жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-
демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік
бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз”
деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.
2 слайд
Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық- демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.
3 слайд
Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта
да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының
айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес
Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік крмитеті (МХК)
тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет
атқарған халықтық-демокр. партия (ХДП) құрылып,
біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки,
Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды.
3 слайд
Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік крмитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демокр. партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды.
4 слайд
1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп,
астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға
қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды.
Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен
қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет
КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға
кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту
саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану,
жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен
санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды.
4 слайд
1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды.
5 слайд
1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі
КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа
отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі
одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18
көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара
тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін
Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки
Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин
отырады.
5 слайд
1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады.
6 слайд
Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде
қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп,
“парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12
желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы
(Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф.
Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу
туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда
КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989
жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
6 слайд
Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
7 слайд
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып,
олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі
таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар.
Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында.
7 слайд
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында.
8 слайд
8 слайд
9 слайд
9 слайд
10 слайд
Аға лейтенант Әбішбеков Көпберген Елеусізұлы 1964 жылы
15 сәуірде Шолаққорған ауылына қарасты Жеткіншек елді
мекенінде дүниеге келген. 1971 жылы Ә.Молдағұлова
атындағы орта мектебіне барып, 1981 жылы бітірген соң
Түркістан қаласындағы Мемлекеттік медициналық
училищесіне түсіп “фельдшер” мамандығын алып шығады.
Жас дәрігер маман 1984 жылы 4 мамырында Созақ ауданы
әскери комиссариатынан Кеңес әскері қатарына
шақырылып, алдымен Владимир облысы Ковров
қаласында 42249 әскери бөлімінде курсанттық оқу жаттығу
кезеңінде болады. Санитарлық инструктор кіші сержант
К.Әбішбеков Ауғанстандағы Кеңес әскері контингенті
құрамында 1984 жылдың қараша айы мен 1985 жылдың
тамыз айы аралығында провинция Пули-Хумрида п/п 86608
әскери бөлімшесінде әскери қызметін өтейді.1985 жылы
тамыз айында Ауғанстаннан ауыр науқастан кейін,
денсаулығына байланысты 2 айға реабилитациядан өтуге
демалысқа (отпуск) жіберілген. Сол жылдың қыркүйек
айынан 1986 жылы 16 мамырына дейін Москва қаласы
Видное 61899 әскери бөлімшесінде санинструктор, сержант,
аға сержант дәрежесінде қызмет етті. Әскерден келген соң
1986 жылы еңбек жолын Созақ ауданы Шолақққорған
ауылында Созақ аудандық медицина бірлестігінде, жедел
дәрігерлік жәрдем көрсету бөлімінің фельдшерінен бастады.
Қазіргі таңда Созақ аудандық емханасында дәрігер
эпидемиолог иммунологы қызметтерін абыроймен атқарып
жүр.
10 слайд
Аға лейтенант Әбішбеков Көпберген Елеусізұлы 1964 жылы 15 сәуірде Шолаққорған ауылына қарасты Жеткіншек елді мекенінде дүниеге келген. 1971 жылы Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебіне барып, 1981 жылы бітірген соң Түркістан қаласындағы Мемлекеттік медициналық училищесіне түсіп “фельдшер” мамандығын алып шығады. Жас дәрігер маман 1984 жылы 4 мамырында Созақ ауданы әскери комиссариатынан Кеңес әскері қатарына шақырылып, алдымен Владимир облысы Ковров қаласында 42249 әскери бөлімінде курсанттық оқу жаттығу кезеңінде болады. Санитарлық инструктор кіші сержант К.Әбішбеков Ауғанстандағы Кеңес әскері контингенті құрамында 1984 жылдың қараша айы мен 1985 жылдың тамыз айы аралығында провинция Пули-Хумрида п/п 86608 әскери бөлімшесінде әскери қызметін өтейді.1985 жылы тамыз айында Ауғанстаннан ауыр науқастан кейін, денсаулығына байланысты 2 айға реабилитациядан өтуге демалысқа (отпуск) жіберілген. Сол жылдың қыркүйек айынан 1986 жылы 16 мамырына дейін Москва қаласы Видное 61899 әскери бөлімшесінде санинструктор, сержант, аға сержант дәрежесінде қызмет етті. Әскерден келген соң 1986 жылы еңбек жолын Созақ ауданы Шолақққорған ауылында Созақ аудандық медицина бірлестігінде, жедел дәрігерлік жәрдем көрсету бөлімінің фельдшерінен бастады. Қазіргі таңда Созақ аудандық емханасында дәрігер эпидемиолог иммунологы қызметтерін абыроймен атқарып жүр.
11 слайд
Лейтенант Нұрмаханов Бақыт Қадірсізұлы Созақ
ауданы Шолаққорған ауылында 1962 жылы дүниеге
келген. 1977 жылы М.И.Калинин атындағы орта
мектептің 8 сыныбын бітірген соң Шымкент
қаласындағы гидромелиоративтік құрылыс
техникумына оқуға түседі. 1981 жылы күз айында кеңес
әскер қатарына шақырылып, Шығыс Қазақстан
облысы, Күршім ауданына қызмет етуге аттанады. Ол
жер шығыстағы шекарамыздың жүрегі екені
баршамызға мәлім. Біршама уақыттан кейін құрамында
100 адамы бар арнайы бөлімшені Түркімен ССР-інің
Чарджоу облысындағы Кирки арнайы әскери-жаттығу
бөліміне жібереді. Осы жерде оларды Ауған соғысына
дайындайды. Айналасы бір айдың ішінде 100 адамдық
топты, ортасында жалғыз қазақ Бақыт бар әскери ұшақ
Ауғанстанның Герат қаласы маңына қонады. Осы
жердегі Мазаришарив қыстағына орналасады.
Бақыт Қадірсізұлы қазіргі таңда Асқар
Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінде
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін
абыроймен атқарып келеді. Сонымен қатар “Ерлігі
үшін”, “Ауған халқының алғысы”, “Қарулы күштердің
70 жылдығы” медалдарымен марапатталған.
11 слайд
Лейтенант Нұрмаханов Бақыт Қадірсізұлы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында 1962 жылы дүниеге келген. 1977 жылы М.И.Калинин атындағы орта мектептің 8 сыныбын бітірген соң Шымкент қаласындағы гидромелиоративтік құрылыс техникумына оқуға түседі. 1981 жылы күз айында кеңес әскер қатарына шақырылып, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданына қызмет етуге аттанады. Ол жер шығыстағы шекарамыздың жүрегі екені баршамызға мәлім. Біршама уақыттан кейін құрамында 100 адамы бар арнайы бөлімшені Түркімен ССР-інің Чарджоу облысындағы Кирки арнайы әскери-жаттығу бөліміне жібереді. Осы жерде оларды Ауған соғысына дайындайды. Айналасы бір айдың ішінде 100 адамдық топты, ортасында жалғыз қазақ Бақыт бар әскери ұшақ Ауғанстанның Герат қаласы маңына қонады. Осы жердегі Мазаришарив қыстағына орналасады. Бақыт Қадірсізұлы қазіргі таңда Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді. Сонымен қатар “Ерлігі үшін”, “Ауған халқының алғысы”, “Қарулы күштердің 70 жылдығы” медалдарымен марапатталған.