"Батыс Қазақстан өңіріндегі тарихи тұлғалар эпитафиясы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Орал қаласы №43 орта жалпы білім беретін мектеп
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы: “Батыс Қазақстан өңіріндегі тарихи тұлғалар
эпитафиясы”
Орындаған: Д. Жұмаситов
Жетекші: Каспи Болатбек Нұрлыбекұлы
Орал – 20 20
1 слайд
Орал қаласы №43 орта жалпы білім беретін мектеп Зерттеу жұмысы Тақырыбы: “Батыс Қазақстан өңіріндегі тарихи тұлғалар эпитафиясы” Орындаған: Д. Жұмаситов Жетекші: Каспи Болатбек Нұрлыбекұлы Орал – 20 20
2 слайд
Тақырыптың өзектілігі
Елбасымыз Н.Назарбаев 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
атты мақаласында ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы айтқан болатын.
Н.Әбішұлы өз сөзінде: «... Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры
тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты
жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу» деп баса
көрсеткен.
Ұлттық кодымызды сақтап қалудың бір жолы – тарихтағы елдігіміз үшін
күрескен тарихи тұлғаларымызды бүгінгі ұрпақтарымен «қауыштыру». Яғни,
батыр бабаларымыздың үлгілі өмірін кеңінен насихаттаумен қатар, олардың
жамбасы тиген жерін анықтап, ұрпақтарына тәу етуіне мүмкіндік туғызатын
уақыт жетті.
Сол себепті даламызда шашылып жатқан құлпытастарымызды түгендеп,
ғылыми түрде рәсімдеп алу – ұлттық кодымызды сақтап қалу үшін кезек
күттірмейтін мәселе деп есептейміз.
2 слайд
Тақырыптың өзектілігі Елбасымыз Н.Назарбаев 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы айтқан болатын. Н.Әбішұлы өз сөзінде: «... Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу» деп баса көрсеткен. Ұлттық кодымызды сақтап қалудың бір жолы – тарихтағы елдігіміз үшін күрескен тарихи тұлғаларымызды бүгінгі ұрпақтарымен «қауыштыру». Яғни, батыр бабаларымыздың үлгілі өмірін кеңінен насихаттаумен қатар, олардың жамбасы тиген жерін анықтап, ұрпақтарына тәу етуіне мүмкіндік туғызатын уақыт жетті. Сол себепті даламызда шашылып жатқан құлпытастарымызды түгендеп, ғылыми түрде рәсімдеп алу – ұлттық кодымызды сақтап қалу үшін кезек күттірмейтін мәселе деп есептейміз.
3 слайд
•
Мақсаты:
•
Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі мақсаты –
облысымыздағы зерттелген құлпытастардың
ішінен тарихта қолтаңбасы қалған тұлғаларды
іріктеп жинақтау.
•
Міндеті:
•
Осы мақсатқа жету жолында зерттеу
жұмысының алдына келесі міндеттер қойылды:
•
Өңіріміздегі зерттелген тарихи тұлғалардың
құлпытастарын реттеп, жүйелеу;
•
Тарихи тұлғаларды бірнеше категорияға бөліп,
әрқайсысына жататын тұлғаларды іріктеу;
3 слайд
• Мақсаты: • Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – облысымыздағы зерттелген құлпытастардың ішінен тарихта қолтаңбасы қалған тұлғаларды іріктеп жинақтау. • Міндеті: • Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жұмысының алдына келесі міндеттер қойылды: • Өңіріміздегі зерттелген тарихи тұлғалардың құлпытастарын реттеп, жүйелеу; • Тарихи тұлғаларды бірнеше категорияға бөліп, әрқайсысына жататын тұлғаларды іріктеу;
4 слайд
•
Зерттеу жұмысының жаңалығы
•
12 ауданнан зерттелген 3000-ға жуық құлпытастың
ішінен тарихта қалған 4 хан, 6 сұлтан, 9 батыр, 3 дін
ғұламасының құлпытасын бөліп қарастырдық. Әр тұлға
туралы мәлімет пен құлпытасының суретін ондағы
аударылған жазуымен қоса бердік.
•
Атап айтқанда, Есім, Айшуақ, Жантөре, Жәңгір
хандардың, Науша, Тайлақ, Ерсары, Дәуқара
батырлардың құлпытастарының табылуы тек біз үшін
ғана емес, жалпы қазақ тарихы ғылымында айтулы
жаңалық болды.
4 слайд
• Зерттеу жұмысының жаңалығы • 12 ауданнан зерттелген 3000-ға жуық құлпытастың ішінен тарихта қалған 4 хан, 6 сұлтан, 9 батыр, 3 дін ғұламасының құлпытасын бөліп қарастырдық. Әр тұлға туралы мәлімет пен құлпытасының суретін ондағы аударылған жазуымен қоса бердік. • Атап айтқанда, Есім, Айшуақ, Жантөре, Жәңгір хандардың, Науша, Тайлақ, Ерсары, Дәуқара батырлардың құлпытастарының табылуы тек біз үшін ғана емес, жалпы қазақ тарихы ғылымында айтулы жаңалық болды.
5 слайд
Теректі ауданындағы “Хан зираты” қорымы
Суретте тарихшы ғалым Ә.Мүминов пен Қ.Құттымұратұлы Жантөре ханның құлпытасын оқуда.
5 слайд
Теректі ауданындағы “Хан зираты” қорымы Суретте тарихшы ғалым Ә.Мүминов пен Қ.Құттымұратұлы Жантөре ханның құлпытасын оқуда.
6 слайд
Ақжайық ауданындағы “Мәулімберді” қорымы
Суретте Ж.Сафуллин, Ж.Исмурзин, Ә.Муминов
6 слайд
Ақжайық ауданындағы “Мәулімберді” қорымы Суретте Ж.Сафуллин, Ж.Исмурзин, Ә.Муминов
7 слайд
Бөкейордасы ауданындағы Жәңгір хан жерленген қорым
Суретте (алдыңғы қатарда) А.Құрымбаев, Ж.Сафуллин, Ә.Мүминов, М.Жахатов
7 слайд
Бөкейордасы ауданындағы Жәңгір хан жерленген қорым Суретте (алдыңғы қатарда) А.Құрымбаев, Ж.Сафуллин, Ә.Мүминов, М.Жахатов
8 слайд
Өлкетанушы Мұратбек Жахатов Сүгір жыраудың құлпытасын оқуда
8 слайд
Өлкетанушы Мұратбек Жахатов Сүгір жыраудың құлпытасын оқуда
9 слайд
“ DANAqaz ” журналының 5 жылдығында
ұйымдастырылған құлпытастар көрмесі
9 слайд
“ DANAqaz ” журналының 5 жылдығында ұйымдастырылған құлпытастар көрмесі
10 слайд
Зерттеу жұмысы барысындағы ізденіс
10 слайд
Зерттеу жұмысы барысындағы ізденіс
11 слайд
Батыс Қазақстан өңірінен табылған
тұлғалар құлпытасының жинағы
11 слайд
Батыс Қазақстан өңірінен табылған тұлғалар құлпытасының жинағы
12 слайд
Мектеп оқушылары арасында “Құлпытастар – тарих
дерегі” тақырыбындағы конференция
12 слайд
Мектеп оқушылары арасында “Құлпытастар – тарих дерегі” тақырыбындағы конференция
13 слайд
Мектептегі мұра орталығынан “Рухани жаңғыру”
тақырыбында бұрыш жасақтау үстіндеміз.
13 слайд
Мектептегі мұра орталығынан “Рухани жаңғыру” тақырыбында бұрыш жасақтау үстіндеміз.
14 слайд
Назарларыңызға рахмет!
14 слайд
Назарларыңызға рахмет!