Материалдар / «Бөрлінің жеті кереметі» аллеясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Бөрлінің жеті кереметі» аллеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөрлінің жеті кереметімен танысу Қырық оба кешені Хазіреттер шаһары Ақтау шоқысы Албас тауы Қарашығанақ кен орны Жолбарыс батыр Асфендияр сұлтан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2022
403
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
«БӨРЛІНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ » АЛЛЕЯСЫ Орындаған: Амангелдиева Айлина

1 слайд
«БӨРЛІНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ » АЛЛЕЯСЫ Орындаған: Амангелдиева Айлина

Бөрлі дегенде көптің есіне мұнай мен газ, яғни қара алтынның кеніші деген пікір түсетіні рас. Бірақ біздің бүгінгі кереметтерді

2 слайд
Бөрлі дегенде көптің есіне мұнай мен газ, яғни қара алтынның кеніші деген пікір түсетіні рас. Бірақ біздің бүгінгі кереметтердің шеруінің басын «Қырық оба» қорымынан бастағанды жөн көрдік. Себебі, қай нәрсені де бастағанда тамырынан тартып, тереңнен толғаған дұрыс шығар деп есептейміз. Бұл қорым сөзсіз біздің мақтаныштарымыздың көшін бастауға әбден лайықты. Осы мұралар арқылы төсіне сыр жасырған Бөрлінің берекелі даласында өткен ғасырлар ұлағатының ұшқыны бар екендігіне бек сене аламыз. «Қырық оба» кешені Бөрлі ауданында орналасқан. «Қырық оба» кешені 10 ірі қорғаннан тұрады. Қорғандардың оңтүстік-шығысында №1, №2 жұпты саны бар «батондар» орналасқан. «Қырық оба» патша кешені қорғандары болып табылады. Тұтастай алғанда, «Қырық оба» кешені үш бір-біріне жақын орналасқан топтардан тұрады. Археологиялық жұмыстардың барысында бұл кешенде ж.с.д. VI-V ғғ. кезеңде сармат тайпаларының өмір сүргендігі жөнінде қорытынды жасалды. Оны жерлеу қорымында табылған қылыш сынықтарынан байқауға болады. Соған ұқсасы Түгістан обасында, сондай-ақ шығыс Арал маңы аумағындағы обаларда да табылған. Зерттеулер көрсеткендей, осылай тек қана ауқатты сармат тайпаларының тегі ғана жерленеді. Оны көптеген алтын әшекей бұйымдардың да табылуы растайды.ҚЫРЫҚОБА 

Хазіреттер шаһары • Ауданымыздың солтүстік шығысында Елек өзенінің жағасында орналасқан Жаңаталап елді-мекені үлкен хазіреттер

3 слайд
Хазіреттер шаһары • Ауданымыздың солтүстік шығысында Елек өзенінің жағасында орналасқан Жаңаталап елді-мекені үлкен хазіреттердің ауылы болған. «Хазірет» деп әдетте дін ілімін терең білген, елге елеулі азаматтарды, имамдар мен ғалымдарды атаған. •         Жаңаталап ауылында жеті атасы бірдей атақты хазірет тұрған. Бұл мекен кезінде «Хазіреттер шаһары», «Хазірет шарт», «Хазірет Шаһараб» деп те аталған. Ел аузындағы «Кезекеш шәрі» деп аталатын кеткен осы жер. Негізі халық «Кезекеш шәрі» деп Макарим хазіретті атаған. Жаңаталапта сол хазіреттер салған кітапхана, мешіт, медресе, жатақхана болған. Бұл ғимараттар кірпіштермен қорған болып қоршалған. 1930 жылдары революциядан кейін жергілікті тұрғындар мешіт, медресе, жатақхананы бұзып, құрылыс материалдар ретінде қолдануға алған. 1935 жылы «Жаңаталап» колхозы (кейін Қарасу ауылдық кеңесі) болып құрылды. Бұл жеті Хазірет ел қатарлы жай сауатты адамдар ғана емес, тарих бетінен орын алуға лайықты азаматтар болған. Олардың елеулі қызметтері, әулиелері, әлі күнге ел аузында және өз ұрпақтарының жадында сақталып келеді. Хазіреттер жыл сайын өз қаражаттарына 500- 600 адамның діни сауатын ашқан. Олар тек сауатты ғана емес, бақуатты да бай адам болған. Облыс көлеміндегі хазіреттердің көпшілігі осы хазіреттердің шәкірттері екен. Олар елге әйгілі Дәден ата, Мүсіреп әулие, Құдайқұл ата секілді әулиелер. Мазар ат басындағы тастарда, сөз болған жеті хазіреттердің есімдері көне араб тіліндегі жазылған құлпытас беттерінен шықты. Олар Макарим, Сәлімгерей, Мағалым, Жәлеледден, Ширажедден, Мауарин, Машарып.Бұл хазіреттердің руы табын, Қадырбек бөлімінің Сүйіндік атасы. Сонымен қатар, мұнда көненің көзіндей болып сақталып қалған тарихи ескерткіштер де бар.  Соның бірі – ауыл шетінде орналасқан ІІ ғасырлық тарихы бар ескі мешіттің кітапханасы. Сол Хазірет молданың бір ұрпағы – Рамазан атты азамат 2007 жылы көне мешітті күрделі жөндеуден өткізіп, халық игілігіне ұсынды. Мешіт қорғаны ішінде мәрмәр тақта орнатылып, оған Хазірет молдадан тараған ұрпақтардың есімдері жазылған.

Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны • Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны - Батыс Қазақстан облысыны ң Бөрлі ауд

4 слайд
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны • Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны  -  Батыс Қазақстан облысыны ң   Бөрлі ауданы  жерінде,  Орал  қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан  Қазақстандағы  ірі мұнай-газ кен орны. Елде өндірілетін барлық газдың 45% және мұнайдың 16% құрайды.  2017 жылы КПО 146 миллион баррель мұнай эквивалентін өндірді.  1979 жылы  ашылған.

Ақтау шоқысы • Табиғат байлығы талайдың таңдайын қақтыратын Ақбұлақ ауылы туралы айтып өткенбіз. Сол елді мекеннің

5 слайд
Ақтау шоқысы • Табиғат байлығы талайдың таңдайын қақтыратын Ақбұлақ ауылы туралы айтып өткенбіз. Сол елді мекеннің жанындағы Алғабас тауын өзіміздің іріктеген ауданымыздың жеті кереметі қатарынан табылды. Осы Ақбұлақтың түбінде көптің көзін сүйсіндірген Ақтау шоқысы бар. Бұл ауданымыздың ең биік нүктесі болып есептеледі. Ұшар басына белгі қойылған. Сөзің биігі мен ойдың биігін құрметтейтін қазақтың ұрпағы үшін жердің биігі бұл шоқы да ауданымыздың халқы мақтанышпен айтып жүрер жеті кереметтің қатарынан табылуға лайық деп таптық.

Жолбарыс батыр Бұл жер батырдың да, ақынның да, кемеңгердің де, кемел ердің де мекені болған деп сенімді айта аламыз. Өйткені,

6 слайд
Жолбарыс батыр Бұл жер батырдың да, ақынның да, кемеңгердің де, кемел ердің де мекені болған деп сенімді айта аламыз. Өйткені, көп мәліметтер Бөрлінің төрінен елдің қамын жасап, жанын шүберекке түйген тұлғалар келгенін растайды. Бәлки бұл даланың төсінда тарихың қойнауында қалып әлі есімі шыға қоймаған жүздеген саңлықтың сүйегі жатқан шығар. Бұл тек Хаққа мәлім. Ал біздің, қазіргі ұрпағының мақтанышы біздің топырақтың ұланы – Жолбарыс батыр. Батыр Жолбарыс Торыұлы 1785-1874 жылдары өмір сүрген. Тарақты табын руының батыры. Жолбарыстың атасы Бекболат Жайық қалмақтарымен соғысып, батыр атағын алған. Жолбарыс батыр жас кезінен шашақты найзасы мен болат қанжарын, Бекболат батыр атасының дулығасын киіп, оққағарын қолдан тастамай, ер-тұрманын жастанып жүрсе де, елдің тыныштығын көздеген аруақты бабамыз батасын беріп, ел-жұртын бірлікке, татулықққа шақырып отырған. Сыр бойындағы Борсықұмда көп жыл Есетпен бірге үзеңгілес болып, талай бекініске соққы берген. Бөрлі ауданының жергілікті тұрғындарынан алынған деректерге сүйінсек, Торының бес баласының кенжесі Жолбарыс тентек, дара күш біткен, оның үстіне аруақты адам болған. Халық арасында оның аруағын « Қызыл түлкі » деп атап кеткен. Түнде келе жатқанда оның атының оң жағында бір жарық үнемі жол көрсетіп отырған деседі. Жолбарыс батыр 89 жасында дүниеден озып, қазіргі Кеңтүбек селолық округіне қарасты Түйеші көлінің жағасы, қазіргі үлкен “ КОС ” -тың оң жағында 100 м. Ақсайдан 4 шақырым жерде жерленген. Жолбарыс батырдың қыстауы Бақтыарал болса, жайлауы Көншібайға (қазіргі Тұңғыш жерінде) дейінгі алқап, жазғы жайлауда Байжиен деген Қоскемпір сайының бойын жайлаған.

Алғабас тауы • Елдің аузында көп кездесетін «Айналайын, Ақбұлақ» деген ән бар ғой. Сол әнде: • Айналайын, Ақбұлақ, • Асы

7 слайд
Алғабас тауы • Елдің аузында көп кездесетін «Айналайын, Ақбұлақ» деген ән бар ғой. Сол әнде: • Айналайын, Ақбұлақ, • Асыр салғам жағаңда, • Сенен артық өлкені, • Бұл әлемнен табам ба? деп келген жолдар кездеседі. Ақбұлақтың табиғатын көрген жан бұл әннің осы өлкеге арналды десең де сеніп қалары хақ. Мүмкін солай да шығар. Ол жағы тарихтың еншісінде Осы Ақбұлақтың маңында Алғабас деген тау бар. Әлгі тауды көрсеңіз таң- тамаша болып, мұнайын өндіріп, айналағы қарауға шамасы келмей жатқан аймақтағы бұл не қылған керемет дер едіңіз. Алғабас тауынның әдемілігі мен бөлек бауырындағы ел аузынды «Ұзақ өмір бұлағы» деген атпен танылған бұлағы бар. Ағысының қарқыны бұрынғыдай буырқанып, саңғырлап жатпаса да, әлі күнге бұл бұлақты іздеп барып, суының емдік қасиеті барына иланып ыдыс-ыдысты толтырып алып кететіндердің қарасы баршылық. Алғабас тауында болсаңыз ескі ғимараттардың болғаны қалған іздерден анық байқалады. Ақбұлақ ауылынынң көзкөрген ақсақалдарының айтуы бойынша, бұл таудың етегінде елді мекен болған көрінеді. Тайға таңба басқандай көрінетін ізі қалған бұрынғы мешіттің орны деседі.

Асфендияр сұлтан • Асфендиар сұлтан – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың шөбересі, Айшуақ ханның немересі, Кіші жүз Жетірудағы табын ру

8 слайд
Асфендияр сұлтан • Асфендиар сұлтан – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың шөбересі, Айшуақ ханның немересі, Кіші жүз Жетірудағы табын руын бас қарған, дистанция бастығы бол ған белгілі тұлға. Оның ұлдары – Мұхаммед Мағзұм Неплюев кадет корпусын, Сейітжаппар Орынбор қаласындағы қазақ сұлтандарының балаларын орыс сауатына үйрету үшін арнайы ұйымдастырылған мектепті бі тірген. Ал Сейітжаппардың ұлы Санжар Асфендиаровтың қазіргі Қазақстанның жоғары білім саласын, тарих ғылымын, білікті меди цина қызметкерлерін даярлау жүйесін қалыптастырудағы ұшан-теңіз еңбегін көпшілік жақсы біледі. Асфендиар сұлтанның құл пытасы 2014 жылы Ақсай қа ласының тұрғындары Ағажай Меңдіханов пен Зарлық Мусиннің көрсетуімен анықталған болатын. Араб жазуымен жазылған мәтінде «Кіші жүз халқының хан нәсілі Асфендиар Сүгәлі баласы 1865 жылы 73 жасында қайтыс болды. Наурыз айының 21-і, дүйсенбі күні жерленді» деп жазылған. Оған қоса сұлтанның Шыңғыс ханға дейін тарататын шежіресі қашалған екен. • Жал пы Бөрлі өңірінде 1930 жылдары большевиктер қазақ молаларындағы араб жазулы құлпытастарды жаппай қи ратып, құрылыс материа лына пайдаланған. Асфендиар сұлтанның құл пытасы – Қаракемердегі үлкен көне зиратта құламай сақталып қалған жалғыз ескерткіш.