Бұлттық технология сервистері. 11 сынып Слайд
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Бұлттық технология сервистері.
1 слайд
Бұлттық технология сервистері.
2 слайд
Бұлттық технологиялар ұғымын бұлттық сервистер мен
бұлттық есептеулер ұғымдары құрайды.
Бұлттық сервистер деп интернет желісі орнатылған кез-
келген жерден браузер көмегімен алыста орналасқан
серверлерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін қызметтер
жиынтығын айтамыз.
Бұлттық жүйенің, бұлттық құрылымның нақты мекен-
жайы белгісіз немесе жасырын болғандықтан
пайдаланушыдан бұлттық сервистерді басқару және қолдану
үшін арнайы білім талап етілмейді.
Бұлттық есептеулер – бұл интернет арқылы есептеу,
мәлімет өңдеу ресурстарына қол жетімділікті қамтамасыз
ету.
Бұл анықтамалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты,
себебі барлық бұлттық сервистерді іске асыру үшін
есептеулер қажет.
2 слайд
Бұлттық технологиялар ұғымын бұлттық сервистер мен бұлттық есептеулер ұғымдары құрайды. Бұлттық сервистер деп интернет желісі орнатылған кез- келген жерден браузер көмегімен алыста орналасқан серверлерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін қызметтер жиынтығын айтамыз. Бұлттық жүйенің, бұлттық құрылымның нақты мекен- жайы белгісіз немесе жасырын болғандықтан пайдаланушыдан бұлттық сервистерді басқару және қолдану үшін арнайы білім талап етілмейді. Бұлттық есептеулер – бұл интернет арқылы есептеу, мәлімет өңдеу ресурстарына қол жетімділікті қамтамасыз ету. Бұл анықтамалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты, себебі барлық бұлттық сервистерді іске асыру үшін есептеулер қажет.
3 слайд
«Бұлттық есептеулер» идеясын алғаш рет 1960 жылы,
есептеу техникасының маманы, өзінің жасанды интеллект
теориясымен әйгілі болған ғалым Джон Мак-Карти
ұсынған.
Ол бұлттық есептеулер болашақта коммуналдық
қызмет секілді ақылы түрде ұсынылады деп болжаған.
«Бұлт» термині 1990 жылы Интернет сөзінің баламасы
ретінде қолданылса, 1993 жылы бұл термин алғаш рет
коммерциялық мақсаттағы үлкен ірі желілерді сипаттау
үшін қолданылды.
Ол бойынша, «бұлт – бір мезетте трафик арқылы
қызметтің барлық түрін ұсына алатын, жылдамдығы аса
жоғары желіде өзара байланысқа түсетін каналдар
жиынтығы» деп сипатталды
3 слайд
«Бұлттық есептеулер» идеясын алғаш рет 1960 жылы, есептеу техникасының маманы, өзінің жасанды интеллект теориясымен әйгілі болған ғалым Джон Мак-Карти ұсынған. Ол бұлттық есептеулер болашақта коммуналдық қызмет секілді ақылы түрде ұсынылады деп болжаған. «Бұлт» термині 1990 жылы Интернет сөзінің баламасы ретінде қолданылса, 1993 жылы бұл термин алғаш рет коммерциялық мақсаттағы үлкен ірі желілерді сипаттау үшін қолданылды. Ол бойынша, «бұлт – бір мезетте трафик арқылы қызметтің барлық түрін ұсына алатын, жылдамдығы аса жоғары желіде өзара байланысқа түсетін каналдар жиынтығы» деп сипатталды
4 слайд
Бұлттық сақтау қорлары (орындары) (ағылш. cloud
storage) дегеніміз тұтынушылардың мәліметтерін
бұлттық провайдерлердің өз қорларында сақтау
мақсатында ұсынатын қызмет түрі. Яғни, бұл
мәліметтерді арнайы бөлінген серверлерде онлайн-
сақтаудың моделі болып табылады.
Тұтынушыға серверлердің көлемі және
қандай да
бір ішкі құрылымы көрінбейді. Тұтынушыға үлкен бір
виртуалдық сервер ретінде ғана көрінетін бұлтта
мәліметтер сақталады.
Мұндай сервистер географиялық тұрғыдан алғанда
бір-бірінен алшақ орналасуы, тіпті әр түрлі
құрлықтарда болуы мүмкін.
4 слайд
Бұлттық сақтау қорлары (орындары) (ағылш. cloud storage) дегеніміз тұтынушылардың мәліметтерін бұлттық провайдерлердің өз қорларында сақтау мақсатында ұсынатын қызмет түрі. Яғни, бұл мәліметтерді арнайы бөлінген серверлерде онлайн- сақтаудың моделі болып табылады. Тұтынушыға серверлердің көлемі және қандай да бір ішкі құрылымы көрінбейді. Тұтынушыға үлкен бір виртуалдық сервер ретінде ғана көрінетін бұлтта мәліметтер сақталады. Мұндай сервистер географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен алшақ орналасуы, тіпті әр түрлі құрлықтарда болуы мүмкін.
5 слайд
Бұлттық сақтау қызметін ұзақ мерзімді сақтауды
қажет ететін және жиі қолданылмайтын мәліметтерді
архивтеу үшін де пайдалануға болады.
Бұлттық сақтауда тұтынушының мәліметтері көп
жағдайда бірнеше серверде сақталады, сондықтан
тұтынушылар бір сервер жұмыс істемей қалса немесе
мәліметтер жоғалса, басқа сервердегі мәліметтеріне
қол жеткізе алады.
5 слайд
Бұлттық сақтау қызметін ұзақ мерзімді сақтауды қажет ететін және жиі қолданылмайтын мәліметтерді архивтеу үшін де пайдалануға болады. Бұлттық сақтауда тұтынушының мәліметтері көп жағдайда бірнеше серверде сақталады, сондықтан тұтынушылар бір сервер жұмыс істемей қалса немесе мәліметтер жоғалса, басқа сервердегі мәліметтеріне қол жеткізе алады.
6 слайд
Бұлттық сақтауға байланысты идеяны алғаш рет ІТ
саласы бойынша ғалым Карл Робнетт Ликлайдер 1960
жылдары айтқан.
Шамамен 20 жылдан кейін CompuServe компаниясы өз
тұтынушыларына олардың кейбір файлдарын сақтау үшін
аз көлемдегі дискілік кеңістікті ұсына бастады.
1990 жылдардың ортасында AT&T компаниясы жеке
және іскерлік қарым-қатынасқа арналған алғашқы веб-
сақтау қызметін іске қосты.
Содан бері бұл қызмет ауқымы кең қолданысқа
енгізіліп келеді.
Бұлтты сақтаудың ең танымал провайдерлерінің бірі –
Apple (iCloud), Amazon ( Amazon Web Services ), Dropbox
және Google, т.б.
6 слайд
Бұлттық сақтауға байланысты идеяны алғаш рет ІТ саласы бойынша ғалым Карл Робнетт Ликлайдер 1960 жылдары айтқан. Шамамен 20 жылдан кейін CompuServe компаниясы өз тұтынушыларына олардың кейбір файлдарын сақтау үшін аз көлемдегі дискілік кеңістікті ұсына бастады. 1990 жылдардың ортасында AT&T компаниясы жеке және іскерлік қарым-қатынасқа арналған алғашқы веб- сақтау қызметін іске қосты. Содан бері бұл қызмет ауқымы кең қолданысқа енгізіліп келеді. Бұлтты сақтаудың ең танымал провайдерлерінің бірі – Apple (iCloud), Amazon ( Amazon Web Services ), Dropbox және Google, т.б.
7 слайд
Бұлттық сақтау орындарын құру және оның
қызметін ұсыну жөніндегі идеяны Карл Ликлайдерден
кейін 2006 жылы Google-дың бұрынғы басшысы Эрик
Шмидт жалғастырған болатын.
Сол жылдан бастап ол ұсынған модель қарқынды
түрде даму түсті.
Қазіргі таңда виртуалдандыру құралдары
ақпараттық ресурстарды кез-келген үйлесімде
жекелеген пайдаланушыларға бөлуге мүмкіндік
береді.
Соның арқасында пайдаланушы web-сервис
арқылы алыстағы есептеу ресурстарына қол жеткізді.
7 слайд
Бұлттық сақтау орындарын құру және оның қызметін ұсыну жөніндегі идеяны Карл Ликлайдерден кейін 2006 жылы Google-дың бұрынғы басшысы Эрик Шмидт жалғастырған болатын. Сол жылдан бастап ол ұсынған модель қарқынды түрде даму түсті. Қазіргі таңда виртуалдандыру құралдары ақпараттық ресурстарды кез-келген үйлесімде жекелеген пайдаланушыларға бөлуге мүмкіндік береді. Соның арқасында пайдаланушы web-сервис арқылы алыстағы есептеу ресурстарына қол жеткізді.
8 слайд
Кейбір қарапайым және көпшілікке танымал
бұлттық сақтау орындарын қарастырайық.
Ескеретін жайт: барлық бұлттық сақтау
қоймаларында белгілі бір көлемге дейін тегін
пайдалануға орын бөлінеді, одан асқан жағдайда
орынды пайдалану ақылы негізде жүргізіледі.
8 слайд
Кейбір қарапайым және көпшілікке танымал бұлттық сақтау орындарын қарастырайық. Ескеретін жайт: барлық бұлттық сақтау қоймаларында белгілі бір көлемге дейін тегін пайдалануға орын бөлінеді, одан асқан жағдайда орынды пайдалану ақылы негізде жүргізіледі.
9 слайд
Облако Mail.Ru
Облако Mail.Ru бұлттық сақтау орнын «Mail бұлты»
деп те атайды.
Ол mail.ru пошталық қызметімен және «Мой мир»
әлеуметтік желісімен бір тізбекте жұмыс жасайды.
«Mail бұлтында» 25 ГБ орын тегін ұсынылады.
«Mail бұлты» ең алдымен бізге тек дисктік кеңістікті
қана емес, сонымен қатар құжаттарды браузер
терезесінде редакциялауға мүмкіндік беретін Docs
қосымшаларының пакетін ұсынады.
Сонымен қатар, бұлтта скриншоттарды жылдам
жасау және сақтау құралы бар.
9 слайд
Облако Mail.Ru Облако Mail.Ru бұлттық сақтау орнын «Mail бұлты» деп те атайды. Ол mail.ru пошталық қызметімен және «Мой мир» әлеуметтік желісімен бір тізбекте жұмыс жасайды. «Mail бұлтында» 25 ГБ орын тегін ұсынылады. «Mail бұлты» ең алдымен бізге тек дисктік кеңістікті қана емес, сонымен қатар құжаттарды браузер терезесінде редакциялауға мүмкіндік беретін Docs қосымшаларының пакетін ұсынады. Сонымен қатар, бұлтта скриншоттарды жылдам жасау және сақтау құралы бар.
10 слайд
Google Drive
Ол Gmail пошта қызметімен және Google+ желісімен
бір тізбекте жұмыс жасайды.
Google Drive, Gmail және Google+
барлығы 15 ГБ
тегін орын ұсынады.
Google Drive Android платформасын
пайдаланушылар үшін ең белгілі нұсқалардың бірі.
Өйткені Google Drive бастапқыда Google ОЖ
базасындағы смартфондар мен планшеттерде
орнатылған. Тегін сақтау қоймасының көлемі аз
болғандықтан бұл қызмет басқа құрылғыларды
пайдаланушылар үшін тиімді болмады.
Тағы бір кемшілігі – браузердің интерфейсі күрделі.
10 слайд
Google Drive Ол Gmail пошта қызметімен және Google+ желісімен бір тізбекте жұмыс жасайды. Google Drive, Gmail және Google+ барлығы 15 ГБ тегін орын ұсынады. Google Drive Android платформасын пайдаланушылар үшін ең белгілі нұсқалардың бірі. Өйткені Google Drive бастапқыда Google ОЖ базасындағы смартфондар мен планшеттерде орнатылған. Тегін сақтау қоймасының көлемі аз болғандықтан бұл қызмет басқа құрылғыларды пайдаланушылар үшін тиімді болмады. Тағы бір кемшілігі – браузердің интерфейсі күрделі.
11 слайд
Dropbox
Аталған бұлттық сақтау орыны дербес файлдарға
2 ГБ диск кеңістігін тегін ұсынады.
Dropbox-ты пайдаланушы интернет желісіне
қосылғанда автоматты түрде бұлттық сервермен
синхрондалатын (бірлесе жұмыс жасайтын) арнайы
бума жасалады.
Бұл жүйенің ерекшелігі – соңғы 30 күн ішіндегі
барлық өзгерістердің тарихы сақталатындығы, ол
файлды бастапқы жағдайына келтіруге немесе
өшірілген файлды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік
береді.
11 слайд
Dropbox Аталған бұлттық сақтау орыны дербес файлдарға 2 ГБ диск кеңістігін тегін ұсынады. Dropbox-ты пайдаланушы интернет желісіне қосылғанда автоматты түрде бұлттық сервермен синхрондалатын (бірлесе жұмыс жасайтын) арнайы бума жасалады. Бұл жүйенің ерекшелігі – соңғы 30 күн ішіндегі барлық өзгерістердің тарихы сақталатындығы, ол файлды бастапқы жағдайына келтіруге немесе өшірілген файлды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
12 слайд
Яндекс.Диск (Yandex.Disk)
Яндекс.Диск 10 ГБ диск кеңістігін тегін ұсынады, ал одан
кейінгі келесі 10 ГБ ақылы түрде болады.
Яндекс пошта қызметімен бірлесе жұмыс жасайды.
Яндекстің бұлты тез және тұрақты жұмыс істейді және
көрсетілетін қызметтің жылдамдығы жоғары.
Браузерлік интерфейсі қолдануға ыңғайлы, өте күрделі
емес. Сондай-ақ, Яндекс.Диск-те сервистік
компаниялардың серіктестік қызметтері есебінен кеңістікті
кеңейтудің өте жақсы мүмкіндіктері бар.
Яндекс. Диск қызметін пайдалану үшін yandex.ru сайтын
ашып, жеке поштаға өту керек.
12 слайд
Яндекс.Диск (Yandex.Disk) Яндекс.Диск 10 ГБ диск кеңістігін тегін ұсынады, ал одан кейінгі келесі 10 ГБ ақылы түрде болады. Яндекс пошта қызметімен бірлесе жұмыс жасайды. Яндекстің бұлты тез және тұрақты жұмыс істейді және көрсетілетін қызметтің жылдамдығы жоғары. Браузерлік интерфейсі қолдануға ыңғайлы, өте күрделі емес. Сондай-ақ, Яндекс.Диск-те сервистік компаниялардың серіктестік қызметтері есебінен кеңістікті кеңейтудің өте жақсы мүмкіндіктері бар. Яндекс. Диск қызметін пайдалану үшін yandex.ru сайтын ашып, жеке поштаға өту керек.
13 слайд
Microsoft OneDrive
Microsoft OneDrive қысқаша
OneDrive деп айтылады. 2007
жылы тамызда
Microsoft компаниясы шығарған.
Алғашында
Windows Live Folders, одан кейін Windows Live
SkyDrive, кейіннен SkyDrive
негізінде құрылған және Windows
10 операциялық жүйесінде пайдалануға арнап жасалған.
Бұлттық ақпарат сақтауға
арналған интернет-сервис.
Windows Live
қызметінің бір бөлігі болып табылады.
OneDrive сервисінде 7 ГБ-қа дейін мәлімет
сақтауға
болады. Мүмкіндіктерін кеңейту арқылы 25 ГБ-қа дейін
көбейтуге болады. OneDrive сервисі арқылы суреттерді,
құжаттарды, музыка т.б. заттарды сақтауға болады.
Әр ай сайын 20 миллионға жуық пайдаланушылар
қолданады.
13 слайд
Microsoft OneDrive Microsoft OneDrive қысқаша OneDrive деп айтылады. 2007 жылы тамызда Microsoft компаниясы шығарған. Алғашында Windows Live Folders, одан кейін Windows Live SkyDrive, кейіннен SkyDrive негізінде құрылған және Windows 10 операциялық жүйесінде пайдалануға арнап жасалған. Бұлттық ақпарат сақтауға арналған интернет-сервис. Windows Live қызметінің бір бөлігі болып табылады. OneDrive сервисінде 7 ГБ-қа дейін мәлімет сақтауға болады. Мүмкіндіктерін кеңейту арқылы 25 ГБ-қа дейін көбейтуге болады. OneDrive сервисі арқылы суреттерді, құжаттарды, музыка т.б. заттарды сақтауға болады. Әр ай сайын 20 миллионға жуық пайдаланушылар қолданады.
14 слайд
Бұлттық сақтау қорларының артықшылықтары:
- интернет бар жерде әлемнің кез келген жеріндегі
деректерге қол жеткізуге болады;
- көптеген қызметтер белгілі бір жады көлемінде тегін
ұсынады;
- тұтынушы тек қана пайдаланатын сақтау орны үшін
ғана төлейді;
- мәліметтердің тұтастығын сақтау мен резервтеу
бойынша барлық процедураларын бұлтты орталық
провайдері жүзеге асырады;
- мұндай қызметтерді ұсынатын компаниялар
өздерінің деректер қорының резервтік көшірмелерін
үнемі және бірнеше рет жасайды.
14 слайд
Бұлттық сақтау қорларының артықшылықтары: - интернет бар жерде әлемнің кез келген жеріндегі деректерге қол жеткізуге болады; - көптеген қызметтер белгілі бір жады көлемінде тегін ұсынады; - тұтынушы тек қана пайдаланатын сақтау орны үшін ғана төлейді; - мәліметтердің тұтастығын сақтау мен резервтеу бойынша барлық процедураларын бұлтты орталық провайдері жүзеге асырады; - мұндай қызметтерді ұсынатын компаниялар өздерінің деректер қорының резервтік көшірмелерін үнемі және бірнеше рет жасайды.
15 слайд
Кемшіліктеріне мыналар жатады:
- интернеттің қол жетімділігіне және провайдер
ұсынатын қызмет сапасына тәуелділік;
- деректерді шифрлау барлық сервистерде мүмкін бола
бермейді.
Бұлтты сақтау қорлары қарапайым ақпаратты сақтаудан
бастап, күрделі қауіпсіз ІТ-инфрақұрылымдарды ұсынуға
дейін қызмет көрсетеді.
15 слайд
Кемшіліктеріне мыналар жатады: - интернеттің қол жетімділігіне және провайдер ұсынатын қызмет сапасына тәуелділік; - деректерді шифрлау барлық сервистерде мүмкін бола бермейді. Бұлтты сақтау қорлары қарапайым ақпаратты сақтаудан бастап, күрделі қауіпсіз ІТ-инфрақұрылымдарды ұсынуға дейін қызмет көрсетеді.