Материалдар / БҰРЫШТЫ ЖАЛБЫЗ ғылыми жоба
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БҰРЫШТЫ ЖАЛБЫЗ ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы «Бұрышты жалбыз» деп аталады. Жұмыстың мақсаты – жалбыз өсімдігінің елімізде өсетін түрлерін, олардың биологиялық ерекшіліктерін сонымен бірге олардың емдік қасиетін кеңінен насихаттау. Жұмыстың тәрбиелік мәні бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне тигізер пайдасы мол. Өсімдіктердің табиғатта ауаны тазартуы, тағамдық, сәндік сонымен бірге емдік қасиеттері бар екенін толығырақ жан-жақты зерттелінуде. Оқушы ғылыми жұмысты газет, журнал, кітап, интернет желісі, көмекші әдебиеттер,ғылыми мақалалардан жинақтаған. Оқушы бұл материалдарды сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалануға дайындады деп сенім білдіруге болады. Алдағы уақытта оқушының бұл тақырыптағы зерттеуі жалғастырылып, оның түрлері суреттермен,материалдармен толыға түсеріне сеніміміз мол.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2023
187
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Бұрышты жалбыз Зерттеу жұмысының тақырыбы: Оқушы : Сәрсенбай Хадиша Ғылыми жетекші: Жахай Алтынай

1 слайд
Бұрышты жалбыз Зерттеу жұмысының тақырыбы: Оқушы : Сәрсенбай Хадиша Ғылыми жетекші: Жахай Алтынай

Аннотация Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы «Бұрышты жалбыз» деп аталады. Жұмыстың мақсаты – жалбыз ө

2 слайд
Аннотация Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы «Бұрышты жалбыз» деп аталады.         Жұмыстың мақсаты – жалбыз өсімдігінің елімізде өсетін түрлерін, олардың биологиялық ерекшіліктерін сонымен бірге олардың емдік қасиетін кеңінен насихаттау.      Жұмыстың тәрбиелік мәні бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне тигізер пайдасы мол. Өсімдіктердің табиғатта ауаны тазартуы, тағамдық, сәндік сонымен бірге емдік қасиеттері бар екенін толығырақ жан-жақты зерттелінуде. Оқушы ғылыми жұмысты газет, журнал, кітап, интернет желісі, көмекші әдебиеттер,ғылыми мақалалардан жинақтаған.       Оқушы бұл материалдарды сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалануға дайындады деп сенім білдіруге  болады.        Алдағы уақытта оқушының бұл тақырыптағы зерттеуі жалғастырылып, оның түрлері суреттермен,материалдармен толыға түсеріне сеніміміз мол.

Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінде, жерінде қандай өсімдіктер өсетіндігін, олардың қандай пайдасы бар екендігін

3 слайд
Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінде, жерінде қандай өсімдіктер өсетіндігін, олардың қандай пайдасы бар екендігін зерттеу арқылы емдік қасиеттерін біліп, одан сабақ алуы тиіс. Міндеті: Жалбыз дәрілік өсімдік екенін анықтау. Елімізде өсетін түрлерін зерттеп білу. Алған мәліметтерін сыныптастарымен бөлісу.

Зерттеу объектісі: бұрышты жалбыз Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Жинақтау,салыстыру, әңгімелесу, пікірлесу, қорытынды жасау. Б

4 слайд
Зерттеу объектісі: бұрышты жалбыз Зерттеудің әдіс-тәсілдері:   Жинақтау,салыстыру, әңгімелесу, пікірлесу, қорытынды жасау. Болжам: Егер жалбызды зерттеу арқылы кітапша жасап сабақта қолданса, оқушылардың салауаттылығы және дүниетану пәніне деген қызығушылығы артар еді. Күтілетін нәтиже: Егер оқушылар жалбыздың дәрілік өсімдік екенін, адам ағзасына пайдасын, одан жасалатын дәрілер туралы түсінсе табиғатқа деген қамқорлығы артып, салауатты өмір салтын ұстанатын тұлға болып қалыптасады. Зерттеудің жаңалығы: Жалбыз өсімдігінің пайдасы, маңызы туралы біле отырып оның көптеген емдік қасиеттерінің барын ұғындым. Табиғаттың алуан түрлі өсімдікке бай екендігіне көз жеткіздім.

І.Кіріспе Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік,

5 слайд
І.Кіріспе Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған. 

1.1.Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер . Біздің Қазақстанда дәрілік өсімдік түрі өте көп. Олар: жалбыз, адыраспан, арш

6 слайд
1.1.Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер . Біздің Қазақстанда дәрілік өсімдік түрі өте көп. Олар: жалбыз, адыраспан, арша, қалақай, жолжелкен, шайқурай, асқабақ, сәбіз, пияз, т.б. осыларды адам ауруларына тиімді пайдалану кажет. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп халқымыз бекер айтпаған. Дәрілік өсімдіктер есігіміз алдында өсіп тұр, тек пайдалануымыз керек. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады. Болмаса, қытайлар секілді біздің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой. Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайтыны шындық. Себебі, кезінде жүргізілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қалған. Дегенмен, осы істі әрі қарай дамытып жүрген елдер бар Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.  Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін.

ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Жалбыз өсімдігінің сипаттамасы Дәрілік өсімдіктердің бірі - жалбыз. Жалбыз (Mentha) — ерінгүлділер тұқым

7 слайд
ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Жалбыз өсімдігінің сипаттамасы Дәрілік өсімдіктердің бірі - жалбыз. Жалбыз (Mentha) — ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Химиялық құрамы: Жалбыз жапырақтарының құрамында эфир майы, илік заттар, алколоидтар мен кейбір қышқылдар бар. Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Қазақстанда жалбыздың 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Жапырағында 5% эфир майы болады. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды. Бұл майдың негізгі құрам бөлігі – ментол. Ментю парфюмерия, косметика, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай –ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады.

Жалбыз - биіктігі 80-100см, сабағы тік өсетін төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты,

8 слайд
Жалбыз - биіктігі 80-100см, сабағы тік өсетін төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Тамыры көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ, қызыл жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ барысында орналасқан. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді.Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті.Түбі біріккен 5 күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, үшеуі бірігіп төменгі ернін құрайды. Сондықтан да, мұндай гүлдерді ерінгүлділер тұқымдасы деп атайды. Аталығы 4, аналық жатыны екі ұялы біреу. Гүлдері сабақ ұшына шашақ гүлшоғырына жиналған. Кең тараған маңызды түрінің бірі дала Жалбызы (Mentha arvensіs). Оның биіктігі 15 — 60 (110) см. Сабағы тік, бұтақталған, жапырағының жиегі ара тісті үшкір, ирек, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері шар тәрізді жалған күлте бас, немесе масақ гүл шоғырына топталған, қос жынысты, кейде дара жынысты болады. Маусым — тамыз айларында гүлдейді. Тұқымы — көп түйірлі жаңғақша.

2.2. Жалбыздың емдік қасиеті Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қал

9 слайд
2.2. Жалбыздың емдік қасиеті Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Емдік мақсатқа жалбыздың жапырақтарын пайдаланады. Оның тұнбасын залалсыздандыратын, тер басатын, ауруды асқындырмайтын дәрі ретінде ауыз уылғанда, қызыл иек қабынып, одан қан кеткенде, тіс ауырғанда, баспада, сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарының қабынуында ауызды және тамақты шаюға пайдаланады. Жалбызды булау, шаю және ванна жасау арқылы тері сыртына да қолдануға болады. Денені шаюға қажетті тұнба әзірлеу үшін 25 грамм жапырағын бір стақан (200гр) ыстық суға салып, 20 минуттай тұндырады. Кейбір дәрігерлер жалбыз тұнбасын қақырық түсіретін, әл беретін, несеп жүргізетін, жел шығаратын, қан тоқтатын дәрі ретінде қолдануға ұсынады. Ол үшін 10-20 грамм жалбызды 1   стақан ыстық суға салып тұндырады да ас қасықпен күніне бірнеше рет стақанның үштен біріндей мөлшерде ішеді. Сонымен қатар жалбызды пиязбен және балмен қосып пайдаланса, оның емдік қасиеті арта түседі. Әдетте туберкулезбен ауырған адам кейде түнге қарай көп терлейді. Бұған 15 грамм  жалбыз жапырағын бір стақан қайнаған суға салады да, сол күйінде жарты стақаннан ішеді

2.3.Жалбыз қосылған шәйдің пайдасы. Жалбыз шәйі адамзат баласына бағзы замандардан бері белгілі. Кейбір халықтар оны тыныштанд

10 слайд
2.3.Жалбыз қосылған шәйдің пайдасы. Жалбыз шәйі адамзат баласына бағзы замандардан бері белгілі. Кейбір халықтар оны тыныштандыратын құрал ретінде қолданса, енді бірі тәбетті ашу үшін пайдаланған. Оның қара шәймен бірге демделген хош иісті жапырақтары   кешқұрым жұмыстан шаршап келген адамның сенімді серігі. Жалбыз шәйі қызу көтерілген кезде, суық тигенде жақсы көмектеседі. Ол ашуды басып, жөтелді азайтады. Бұл сусын асқорыту жүйесін ретке келтіріп, ас қорытуды жеңілдетеді. Сонымен қатар, жалбыз шайы бұлшық ет ауруларынан жазу қасиетіне ие Елімізде өсетін жалбыз түрлері Кермек жалбыз. Кермек жалбыз – биіктігі 30-120 см шамасындағы көпжылдық шөптектес өсімдік. Оның тармақталған тамырсабағы көлбей өседі. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, бір ұшы сүйірлеу болады. Гүлдері ұсақ, түсі - бозғылт күлгін немесе қызғылтым, шоғырланып орналасады. Өзіне ғана тән хош иісі бар. Гүл шірнелігінде тәтті тірне жиналады. Өркендердің ұшында масақ тәрізді гүлшоғыр түзіледі.

2.4. Жалбыздың елімізде өсетін түрлері . Көк жалбыз. Бұрышты жалбыз . Ерінгүлділерде халық медицинасы мен медицинада дә

11 слайд
2.4. Жалбыздың елімізде өсетін түрлері . Көк жалбыз. Бұрышты жалбыз . Ерінгүлділерде халық медицинасы мен медицинада дәрі ретінде пайдаланылатын өсімдік көп. Солардың бірі - көкжалбыз. Ол - биіктігі 1 метрге дейін жететін, жапырақтары ірі, сабағы тармақталған шөптектес өсімдік. Тостағаншасы үлпілдек түкті, күлтесі - ақ немесе қызғылт түсті, ерін тәрізді Маусымнан тамызға дейін гүлдейді. Гүлдері төбе жапырақтардың қолтығында масақ тәрізді топтасып өседі. Халық медицинасында тынысалу, асқорыту мүшелері талаураған кезде пайдаланады. Бұрышты жалбыз . Бұрышты жалбыз ( лат. Menthapiperita ) – өткір хошиісі бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізінен оны дәмдеуіш ретінде қолданады. Бұрышты мятаның майын тәтті пісірімдерге және шайнамалы резеңкелерге (сағыз), тіс пасталарына, дәрі-дәрмектерге хош иіс беру үшін қолданады. Майдың құрамында ұзақжылдар бойы тыныштандыратын дәрілердің құрамына қосылып келе жатқан ментол болады.

Қара жалбыз Қара жалбыз-ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен ба

12 слайд
Қара жалбыз Қара жалбыз-ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Қара жалбыз жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен өт жолының қабынуына қарсы қолданады.

Қорытынды Өсімдіктің табиғи байлықтары сарқылмайтын қазына емес, оларды орынды пайдаланып, қорғап отырғанда ғана ұзақ уа

13 слайд
Қорытынды Өсімдіктің табиғи байлықтары сарқылмайтын қазына емес, оларды орынды пайдаланып, қорғап отырғанда ғана ұзақ уақыт керекті заттарды алу мүмкіндігі туады. Адам баласы өзіне қажет болған қорек, ауа, киім, баспана, дәрі күнделікті өмірде пайдаланып жүрген ұсақ-түйек заттардың бәрін өсімдіктерден алатын болса, оны барынша аялап қорғай білу - әрбір адамның борышы. Өсімдіктер тіршіліктің тірегі әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай,  қамқорлық жасап, молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз  жағдайынан жойылып кетуге жақын тұрған түрін сақтап қалуды қорғау. Табиғат – адамзаттың материалдық және рухани талабын қанағаттандыратын байлықтың негізгі көзі, табиғи қорлар азайса, байлық та кемиді. Сондықтан бүгінде күн тәртібінде табиғат байлығын сақтау, қорғау, көбейту мәселесі тұр. Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата- бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. Осы  жүргізілген  зерттеу  жұмысының   нәтижелері  мен   қорытынды - сына  сүйене  отырып, алға  қойған  мақсаттарымызға  жетеміз.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

14 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!