Экология Жамбыл облысының экологиялық жағдайы 9 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Жамбыл облысының экологиялық
жағдайы
1 слайд
Жамбыл облысының экологиялық жағдайы
2 слайд
Қоршаған ортаның ластану мәселесінің
ушыққандығы соншалық, ол қолайсыз
техногендік аймақтарда тұратын адамдардың
денсаулығына ғана емес бүкіл адамзатқа қатер
төндіріп отыр. Табиғат қазір күн сайын ауаға,
топыраққа, суатқа шығарылатын тонна
техникалық қалдықтарды өз күшімен ұқсата
алмайды. Өзіміздің тұрып жатқан Тараз атты
қаламыздың экологиялық жағдайына келетін
болсақ, ауадағы зиянды заттар көлемінің
жылдам ауытқуының себебі, жыл сайын
минералды тыңайтқыштар зауытында әртүрлі
минералдық тыңайтқыштарды шығару үшін,
тәжірибелер жүргізіледі, мысалы: аммофос,
дианонийфосфат, нитроаммофос, суперфосфат.
2 слайд
Қоршаған ортаның ластану мәселесінің ушыққандығы соншалық, ол қолайсыз техногендік аймақтарда тұратын адамдардың денсаулығына ғана емес бүкіл адамзатқа қатер төндіріп отыр. Табиғат қазір күн сайын ауаға, топыраққа, суатқа шығарылатын тонна техникалық қалдықтарды өз күшімен ұқсата алмайды. Өзіміздің тұрып жатқан Тараз атты қаламыздың экологиялық жағдайына келетін болсақ, ауадағы зиянды заттар көлемінің жылдам ауытқуының себебі, жыл сайын минералды тыңайтқыштар зауытында әртүрлі минералдық тыңайтқыштарды шығару үшін, тәжірибелер жүргізіледі, мысалы: аммофос, дианонийфосфат, нитроаммофос, суперфосфат.
3 слайд
Қалада сары фосфор, минералдық
тыңайтқыштар, натрий трифолифосфат,
электр қуаттары, жуылған жүн, қант,
құрылыс-металдық материалдар және
құрылымдар, ферроселикомарганец және
тағы да басқа өнім түрлері өндіріледі.
Олардың ішіндегі ірі кәсіпорындар
қатарына «Казфосфат» ЖШС, «ЖГРЭС»
АҚ, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС,
«Қаратау фосфорит зауыты», «ЖЗМК
Имсталькон» АҚ-дары жатады.
3 слайд
Қалада сары фосфор, минералдық тыңайтқыштар, натрий трифолифосфат, электр қуаттары, жуылған жүн, қант, құрылыс-металдық материалдар және құрылымдар, ферроселикомарганец және тағы да басқа өнім түрлері өндіріледі. Олардың ішіндегі ірі кәсіпорындар қатарына «Казфосфат» ЖШС, «ЖГРЭС» АҚ, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, «Қаратау фосфорит зауыты», «ЖЗМК Имсталькон» АҚ-дары жатады.
4 слайд
Тараз суперфосфат зауыты
«Казфосфат» ЖШС ЖФ өндірістік алаңы (ЖЖФЗ) Қазақстан
Республикасы Жамбыл облысында Кіші Қаратау жотасы,
Үлкен Бұрыл тауларының етегінде, Тараз қаласынан 18 км,
«Химпром» АҚ-нан батысқа қарай 10 км қашықтықта
орналасқан. "Химпром" ЖОЖ қаланың ауа бассейнін
жылына 1,02 және 0,02 мың тонна көлемінде фосфор
ангидридімен және фосфинмен ластайды.
4 слайд
Тараз суперфосфат зауыты «Казфосфат» ЖШС ЖФ өндірістік алаңы (ЖЖФЗ) Қазақстан Республикасы Жамбыл облысында Кіші Қаратау жотасы, Үлкен Бұрыл тауларының етегінде, Тараз қаласынан 18 км, «Химпром» АҚ-нан батысқа қарай 10 км қашықтықта орналасқан. "Химпром" ЖОЖ қаланың ауа бассейнін жылына 1,02 және 0,02 мың тонна көлемінде фосфор ангидридімен және фосфинмен ластайды.
5 слайд
Осы Тараз қаласымен қоса Жамбыл ауданын қарастыратын болсақ
жергілікті постар мен зерттеулердің берілгендері бойынша «Химпром»
зауытынан 3-10 км радиусында фторлы сутек пен аммиактың шекті рұқсат
етілетін мөлшері (ШРЕМ) 1,5-3 есеге дейін асады. Суперфосфат
зауытының аймағында аммиак пен азоттың қостотығы 1,1 ШРЕМ,
шаңның орташа концентрациясы 2 ШРЕМ, фосфордың бес тотығы 8
ШРЕМ-ге дейін жетеді, ал мазут отынымен жұмыс жасайтын қазандықтан
шыққан ванадийдің бестотығы 3 ШРЕМ болады.
5 слайд
Осы Тараз қаласымен қоса Жамбыл ауданын қарастыратын болсақ жергілікті постар мен зерттеулердің берілгендері бойынша «Химпром» зауытынан 3-10 км радиусында фторлы сутек пен аммиактың шекті рұқсат етілетін мөлшері (ШРЕМ) 1,5-3 есеге дейін асады. Суперфосфат зауытының аймағында аммиак пен азоттың қостотығы 1,1 ШРЕМ, шаңның орташа концентрациясы 2 ШРЕМ, фосфордың бес тотығы 8 ШРЕМ-ге дейін жетеді, ал мазут отынымен жұмыс жасайтын қазандықтан шыққан ванадийдің бестотығы 3 ШРЕМ болады.
6 слайд
ЖАМБЫл (ГРЭС) Мемлекеттік
аймақтық электр станциясы
Жамбыл ГРЭС-қаланы электрмен және жылумен
жабдықтаудың негізгі көзі-одан 8 км қашықтықта
орналасқан, негізгі отын табиғи газ, резервтік отын – мазут
болып табылады. Отынның максималды шығыны: қысқы
кезең – 378, жазғы кезең – 342 т.у. т./сағ .ГРЭС – тің барлық
көздерінен атмосфераға жылына 78,68 мың тонна ластаушы
қоспалар, оның ішінде қатты заттар – 1,9, газ тәріздес және
сұйық заттар – 16,18, оның ішінде күкірт диоксиді – 56,98,
азот оксиді-19,80 мың тонна түседі.
6 слайд
ЖАМБЫл (ГРЭС) Мемлекеттік аймақтық электр станциясы Жамбыл ГРЭС-қаланы электрмен және жылумен жабдықтаудың негізгі көзі-одан 8 км қашықтықта орналасқан, негізгі отын табиғи газ, резервтік отын – мазут болып табылады. Отынның максималды шығыны: қысқы кезең – 378, жазғы кезең – 342 т.у. т./сағ .ГРЭС – тің барлық көздерінен атмосфераға жылына 78,68 мың тонна ластаушы қоспалар, оның ішінде қатты заттар – 1,9, газ тәріздес және сұйық заттар – 16,18, оның ішінде күкірт диоксиді – 56,98, азот оксиді-19,80 мың тонна түседі.
7 слайд
Тері комбинатын,ПОШ фабрикасын, спирт-зауытты жылумен жабдықтау
көзі ЖЭО-4 болып табылады. ЖЭО-да пайдаланылатын негізгі отын –
табиғи газ, резервтік отын – мазут, су жылыту агрегаттары үшін (ӨТВМ –
100) - мазут. Газдың орташа жылдық шығыны 181042 мың нм, мазут –
35260 т.т., ал газдың ең жоғары орташа тәуліктік шығыны – 358 мың нм,
мазут – 835 Т. Т. жыл ішінде ЖЭО атмосфераға азот оксидтерін шамамен
1,01, ванадий бес тотығы – 0,008, күкірт диоксиді – 2,05 және күл – 0,008,
күкірт диоксиді – 2,05 және күл – 0,039 мың т шығарады.
7 слайд
Тері комбинатын,ПОШ фабрикасын, спирт-зауытты жылумен жабдықтау көзі ЖЭО-4 болып табылады. ЖЭО-да пайдаланылатын негізгі отын – табиғи газ, резервтік отын – мазут, су жылыту агрегаттары үшін (ӨТВМ – 100) - мазут. Газдың орташа жылдық шығыны 181042 мың нм, мазут – 35260 т.т., ал газдың ең жоғары орташа тәуліктік шығыны – 358 мың нм, мазут – 835 Т. Т. жыл ішінде ЖЭО атмосфераға азот оксидтерін шамамен 1,01, ванадий бес тотығы – 0,008, күкірт диоксиді – 2,05 және күл – 0,008, күкірт диоксиді – 2,05 және күл – 0,039 мың т шығарады.
8 слайд
Есептеу барысында ауаның фосфордың бестотығымен зияндалуы 3
ШРЕМ-ге дейін жетіп отыр.Зауыттан 5-30 километрдей қашықтықта
жердің фтормен қатты ластанғаны байқалады, әсіресе зауыт аймағының
солтүстік-батыс жағында 5-10 ШРЕМ. Жауын-шашынға, суда жақсы еритін
физикалық-химиялық қасиетіне байланысты фтордың шамасы әр жерде әр
түрлі болады. Жер мен ауаның фтор қосындыларымен ластануы
өсімдіктерге кері әсерін тигізуде, олардың өсімділгі мен өнімінің сапасын
кемітуде. Бұл жағдай адамдар мен жануарларды ауруға шалдықтыруда.
8 слайд
Есептеу барысында ауаның фосфордың бестотығымен зияндалуы 3 ШРЕМ-ге дейін жетіп отыр.Зауыттан 5-30 километрдей қашықтықта жердің фтормен қатты ластанғаны байқалады, әсіресе зауыт аймағының солтүстік-батыс жағында 5-10 ШРЕМ. Жауын-шашынға, суда жақсы еритін физикалық-химиялық қасиетіне байланысты фтордың шамасы әр жерде әр түрлі болады. Жер мен ауаның фтор қосындыларымен ластануы өсімдіктерге кері әсерін тигізуде, олардың өсімділгі мен өнімінің сапасын кемітуде. Бұл жағдай адамдар мен жануарларды ауруға шалдықтыруда.
9 слайд
Тараз қаласының атмосферасына стационарлық көздерден
зиянды заттардың шығарындылары, жылына мың тонна .
Қоспа
1997ж 1998ж 1999ж 2000ж 2001ж
Шаң 31,9 28,3 23,4 18,8 18,4
Күкірт
диоксиді 52,0 50,3 43,7 42,1 40,9
Көміртек
оксиді 3,4 3,1 2,9 2,2 1,9
Азот
диоксиді 13,2 13,0 12,9 12,6 12,0
Көмірсут
ектер 1,0 0,8 0,5 0,5 0,4
Фторлы
сутегі 0,8 0,7 0,4 0,5 0,4
Амииак 0,5 0,5 0,7 0,5 0,5
9 слайд
Тараз қаласының атмосферасына стационарлық көздерден зиянды заттардың шығарындылары, жылына мың тонна . Қоспа 1997ж 1998ж 1999ж 2000ж 2001ж Шаң 31,9 28,3 23,4 18,8 18,4 Күкірт диоксиді 52,0 50,3 43,7 42,1 40,9 Көміртек оксиді 3,4 3,1 2,9 2,2 1,9 Азот диоксиді 13,2 13,0 12,9 12,6 12,0 Көмірсут ектер 1,0 0,8 0,5 0,5 0,4 Фторлы сутегі 0,8 0,7 0,4 0,5 0,4 Амииак 0,5 0,5 0,7 0,5 0,5
10 слайд
Жамбыл облысының
өндірістерінің жетекші
салалары:тау-кен ,химия
өндірісі. Тараз қаласының
батыс жағында тау-тау болып
үйіліп жатқан бұл зауыт
қалдығы жерді
құнарландыруда қаншалықты
пайдалы болса, сол төңіректе
орналасқан ауыл
тұрғындарына соншалықты
зияны тиюде. Бүгінде ЖШС-
дегі фосфогипстің көлемі
жылдан-жылға көбеюде және
Тараз қаласының айналма
жолының қарама-қарсы
тұсынан ақ түсті, шаңдауытты
қалдықтардың үлкен
көлемдегі үйіндісі екінші
«тау» болып бой көтеріп
келеді.
10 слайд
Жамбыл облысының өндірістерінің жетекші салалары:тау-кен ,химия өндірісі. Тараз қаласының батыс жағында тау-тау болып үйіліп жатқан бұл зауыт қалдығы жерді құнарландыруда қаншалықты пайдалы болса, сол төңіректе орналасқан ауыл тұрғындарына соншалықты зияны тиюде. Бүгінде ЖШС- дегі фосфогипстің көлемі жылдан-жылға көбеюде және Тараз қаласының айналма жолының қарама-қарсы тұсынан ақ түсті, шаңдауытты қалдықтардың үлкен көлемдегі үйіндісі екінші «тау» болып бой көтеріп келеді.
11 слайд
Қазіргі уақытта атмосфералық ауадағы жалпы шаңның
құрамын бақылау барлық стационарлық бекеттерде
жүргізіледі: күкіртті сутегі – 1,4; көміртегі оксиді – 1, 2, 3; азот
диоксиді – 1, 2, 4; сутегі фториді – 1, 2, 3;аммиак – 2, 3; күкірт
диоксиді және еритін сульфаттар – 2; азот оксиді – 4
11 слайд
Қазіргі уақытта атмосфералық ауадағы жалпы шаңның құрамын бақылау барлық стационарлық бекеттерде жүргізіледі: күкіртті сутегі – 1,4; көміртегі оксиді – 1, 2, 3; азот диоксиді – 1, 2, 4; сутегі фториді – 1, 2, 3;аммиак – 2, 3; күкірт диоксиді және еритін сульфаттар – 2; азот оксиді – 4
12 слайд
Азот оксиді, көміртегі оксиді ғана
емес, сонымен қатар
формальдегид, хлор және
Бен(а)пирен бар автокөліктің
пайдаланылған газдары
атмосфераны айтарлықтай
ластайды. Атмосфераны
ластайтын зиянды заттар-күл
және жанбаған отын-күлі жоғары
көмір мен мазутты жағу кезінде
түзіледі; ұсақ дисперсті күйе –
табиғи газ және мазут; күкірт
оксиді – көмір және мазут.
Қазандықтардың оттықтарындағы
отынның толық жанбауы
көмірсутектер мен концерогенді
заттарды алуға әкеледі. Жыл
ішінде қазандықтардың
шығарындыларынан ауа
бассейніне 0,14 мың т диоксид;
0,65 мың т қалқыма заттар; 0,15
мың т азот диоксиді; 0,017 мың т
көміртегі оксиді түседі.
12 слайд
Азот оксиді, көміртегі оксиді ғана емес, сонымен қатар формальдегид, хлор және Бен(а)пирен бар автокөліктің пайдаланылған газдары атмосфераны айтарлықтай ластайды. Атмосфераны ластайтын зиянды заттар-күл және жанбаған отын-күлі жоғары көмір мен мазутты жағу кезінде түзіледі; ұсақ дисперсті күйе – табиғи газ және мазут; күкірт оксиді – көмір және мазут. Қазандықтардың оттықтарындағы отынның толық жанбауы көмірсутектер мен концерогенді заттарды алуға әкеледі. Жыл ішінде қазандықтардың шығарындыларынан ауа бассейніне 0,14 мың т диоксид; 0,65 мың т қалқыма заттар; 0,15 мың т азот диоксиді; 0,017 мың т көміртегі оксиді түседі.
13 слайд
Экологиялық жағдайлардың алдын алу
үшін не істеу қажет?
Ауадағы улы заттардың артып отыруы адам организмі үшін қауіпті
түтін, ыс және басқа да механикалық түйіршіктер өкпеге енеді де,
ольвиоланы қаптап алады. Ал, мұның нәтижесінде бронхит, астма,
өкпе рагы және тағы басқа көптеген аурулар пайда болады. Ал
автомобиль газымен бірге шығатын көміртегі оксиді адамдар үшін
мүлдем зиян.
Атмосфералық ауаны шаң – тозаңнан қорғкау үшін барлық
кәсіпорындарда сүзгіштер орнатуда. Сарқынды сулар міндетті түрде
тиімді тазалау ғимараттары арқылы өтуі тиіс.
Зауыттарды қаланың сыртында, тұрғын үйлерді қоршаған ортаны
ластанушылардан қашық жерге орналастыру керек. Тұрғын үйді салу
кезінде көлбеу бағыты бойынша желдің бағытын міндетті түрде
ескеру қажет.
Қоршаған ортаны улы газдың ластауынан сақтау үшін ірі қаланы
айналып өтетін жол салып, көшелерді көріктендіру қажет.
13 слайд
Экологиялық жағдайлардың алдын алу үшін не істеу қажет? Ауадағы улы заттардың артып отыруы адам организмі үшін қауіпті түтін, ыс және басқа да механикалық түйіршіктер өкпеге енеді де, ольвиоланы қаптап алады. Ал, мұның нәтижесінде бронхит, астма, өкпе рагы және тағы басқа көптеген аурулар пайда болады. Ал автомобиль газымен бірге шығатын көміртегі оксиді адамдар үшін мүлдем зиян. Атмосфералық ауаны шаң – тозаңнан қорғкау үшін барлық кәсіпорындарда сүзгіштер орнатуда. Сарқынды сулар міндетті түрде тиімді тазалау ғимараттары арқылы өтуі тиіс. Зауыттарды қаланың сыртында, тұрғын үйлерді қоршаған ортаны ластанушылардан қашық жерге орналастыру керек. Тұрғын үйді салу кезінде көлбеу бағыты бойынша желдің бағытын міндетті түрде ескеру қажет. Қоршаған ортаны улы газдың ластауынан сақтау үшін ірі қаланы айналып өтетін жол салып, көшелерді көріктендіру қажет.