"Есте сақтауды қалай жақсартуға болады?" 11 сынып оқушыларына кеңес беру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
“ Шырын орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагог-психолог Д.Т.Махпирова
1 слайд
“ Шырын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Педагог-психолог Д.Т.Махпирова
2 слайд
«Есте сақтауды қалай жақсартуға
болады”
психолог кеңесі
2 слайд
«Есте сақтауды қалай жақсартуға болады” психолог кеңесі
3 слайд
Адамның есте сақтау қабілеті тұрақты бола бермейді.
Уақыт өте келе нашарлап, ұмытшақтыққа әкеліп соқтыруы
да мүмкін. Ол үшін есте сақтау қабілетін
тұрақтандыратын түрлі әдіс-тәсілдер мен қарапайым
қағидаларды ұстанған дұрыс.
Есте сақтау қабілетін жақсарту туралы пайдалы кеңестер
жетерлік.
Дегенмен жақында ғалымдар есте сақтауды жақсартудың
тағы бірнеше жолдары бар екенін мәлімдеді.
3 слайд
Адамның есте сақтау қабілеті тұрақты бола бермейді. Уақыт өте келе нашарлап, ұмытшақтыққа әкеліп соқтыруы да мүмкін. Ол үшін есте сақтау қабілетін тұрақтандыратын түрлі әдіс-тәсілдер мен қарапайым қағидаларды ұстанған дұрыс. Есте сақтау қабілетін жақсарту туралы пайдалы кеңестер жетерлік. Дегенмен жақында ғалымдар есте сақтауды жақсартудың тағы бірнеше жолдары бар екенін мәлімдеді.
4 слайд
ӨСИЕТ ӘҢГІМЕ
Көп адамның бойында бір уақытта сан түрлі ойдың жетегінде жүру әдеті бар. Осының
салдарынан өміріміз бос естеліктерге толы болады. Төмендегі өсиет әңгіме осының дәлелі.
Шәкірті ұстазынан:
-
Сіздің құпияңыз неде? Өмірлік ұстанымыңыз не? - деп сұрайды.
Ол: - Мен қарапайым адамдарша өмір сүремін. Тамақ ішіп отырған кезде, тамақты
ойлаймын, ұйықтап жатқан кезде, тыныш боламын, жұмыс істеп отырғанда, бар назарымды
жұмысқа бағыттаймын, - деп жауап береді.
Аң-таң болған шәкірті: - Алайда мен ешқандай ерекшелік көріп отырғаным жоқ, - дейді.
Дана қарт: - Бар мәселе осыда. Ешқандай да ерекшелік жоқ.
Шәкірті әлі де аң-таң болады: - Мұны барлығы жасайды емес пе? Тамақ ішкен кезде,
асқазандарына тамақ барады. Ұйқылары келсе, бастары жастыққа тиеді.
Шәкіртінің бұл айтқандарына дана қарт еріксіз күліп жібереді:
- Жоқ. Сендер бір уақытта бірнеше іспен айналысасыңдар. Тамақ ішіп отырған кезде
ойланасыңдар, армандайсыңдар, қиялдайсыңдар, еске аласыңдар. Сендер тек тамақ
ішпейсіңдер. Мысалы, мен тамақ ішіп отырған кезде тек тамақты ойлап отырамын. Бар
назарымды оның дәмін сезуге бағыттаймын. Табиғат аясында жүргенімде, айналамдағы
көріністен ләззат алумен боламын.
Ал Сіз ше? Бір уақытта бір ғана оймен шектеле аласыз ба?
4 слайд
ӨСИЕТ ӘҢГІМЕ Көп адамның бойында бір уақытта сан түрлі ойдың жетегінде жүру әдеті бар. Осының салдарынан өміріміз бос естеліктерге толы болады. Төмендегі өсиет әңгіме осының дәлелі. Шәкірті ұстазынан: - Сіздің құпияңыз неде? Өмірлік ұстанымыңыз не? - деп сұрайды. Ол: - Мен қарапайым адамдарша өмір сүремін. Тамақ ішіп отырған кезде, тамақты ойлаймын, ұйықтап жатқан кезде, тыныш боламын, жұмыс істеп отырғанда, бар назарымды жұмысқа бағыттаймын, - деп жауап береді. Аң-таң болған шәкірті: - Алайда мен ешқандай ерекшелік көріп отырғаным жоқ, - дейді. Дана қарт: - Бар мәселе осыда. Ешқандай да ерекшелік жоқ. Шәкірті әлі де аң-таң болады: - Мұны барлығы жасайды емес пе? Тамақ ішкен кезде, асқазандарына тамақ барады. Ұйқылары келсе, бастары жастыққа тиеді. Шәкіртінің бұл айтқандарына дана қарт еріксіз күліп жібереді: - Жоқ. Сендер бір уақытта бірнеше іспен айналысасыңдар. Тамақ ішіп отырған кезде ойланасыңдар, армандайсыңдар, қиялдайсыңдар, еске аласыңдар. Сендер тек тамақ ішпейсіңдер. Мысалы, мен тамақ ішіп отырған кезде тек тамақты ойлап отырамын. Бар назарымды оның дәмін сезуге бағыттаймын. Табиғат аясында жүргенімде, айналамдағы көріністен ләззат алумен боламын. Ал Сіз ше? Бір уақытта бір ғана оймен шектеле аласыз ба?
5 слайд
Осы мәселе жайында
ойланып көрейікші.
Шынымен де солай
жасайтынымыз рас
болса керек
5 слайд
Осы мәселе жайында ойланып көрейікші. Шынымен де солай жасайтынымыз рас болса керек
6 слайд
Есте сақтау қабілетіңізді төменгі тест арқылы анықтай аласыз
*Бес адамның телефон нөмірін оңай жаттап аласыз ба? а) ия ә) жоқ
*Маңызды кездесу туралы ұмытып кеткен кезіңіз болды ма? а) ия ә) жоқ
*Үш күн бұрын таңғы асқа не жегеніңізді еске түсіре аласыз ба? а) ия ә) жоқ
*Мектепке өзіңізді алғаш рет кім алып барғаны есіңізде ме? а) ия ә) жоқ
*Алғашқы махаббатыңызды ұмыта алдыңыз ба? а) ия ә) жоқ
*Мектептегі алғашқы күніңізді еске түсіре аласыз ба? а) ия ә) жоқ
*Бала күніңізде жаттаған тақпақты дәл қазір айтып бере аласыз ба? а) ия ә) жоқ
*Он жасыңызда киген киімдеріңізді еске түсіре аласыз ба? а) ия ә) жоқ
* Жақындарыңыздың нөмірін жатқа білесіз бе? а) ия ә) жоқ
* Ең бірінші досыңыздың есімін еске түсіре аласыз ба? а) ия ә) жоқ
*Кейбір иіс барған жерлеріңізді еске түсіре ме? а) ия ә) жоқ
*Бала күніңізде мектепке барған жолыңызды еске түсіре аласыз ба? а) ия ә) жоқ
*Достарыңыздың туған күндері есіңізде ме? а) ия ә) жоқ
Жауабы Әрбір «ия» жауабына 1 ұпай есептеңіз.
8 ұпайдан төмен. Есте сақтау қабілетіңіз нашар. Маңызды кездесулерді жиі ұмытып
кететін секілдісіз. Осы ұмытшақтығыңыздың арқасында ешкімге кек сақтамай, өкпе-
ренішті тез ұмытасыз.
8-13 ұпай . Есте сақтау қабілетіңіз өте жақсы. Ешнәрсені ұмытпайсыз.
6 слайд
Есте сақтау қабілетіңізді төменгі тест арқылы анықтай аласыз *Бес адамның телефон нөмірін оңай жаттап аласыз ба? а) ия ә) жоқ *Маңызды кездесу туралы ұмытып кеткен кезіңіз болды ма? а) ия ә) жоқ *Үш күн бұрын таңғы асқа не жегеніңізді еске түсіре аласыз ба? а) ия ә) жоқ *Мектепке өзіңізді алғаш рет кім алып барғаны есіңізде ме? а) ия ә) жоқ *Алғашқы махаббатыңызды ұмыта алдыңыз ба? а) ия ә) жоқ *Мектептегі алғашқы күніңізді еске түсіре аласыз ба? а) ия ә) жоқ *Бала күніңізде жаттаған тақпақты дәл қазір айтып бере аласыз ба? а) ия ә) жоқ *Он жасыңызда киген киімдеріңізді еске түсіре аласыз ба? а) ия ә) жоқ * Жақындарыңыздың нөмірін жатқа білесіз бе? а) ия ә) жоқ * Ең бірінші досыңыздың есімін еске түсіре аласыз ба? а) ия ә) жоқ *Кейбір иіс барған жерлеріңізді еске түсіре ме? а) ия ә) жоқ *Бала күніңізде мектепке барған жолыңызды еске түсіре аласыз ба? а) ия ә) жоқ *Достарыңыздың туған күндері есіңізде ме? а) ия ә) жоқ Жауабы Әрбір «ия» жауабына 1 ұпай есептеңіз. 8 ұпайдан төмен. Есте сақтау қабілетіңіз нашар. Маңызды кездесулерді жиі ұмытып кететін секілдісіз. Осы ұмытшақтығыңыздың арқасында ешкімге кек сақтамай, өкпе- ренішті тез ұмытасыз. 8-13 ұпай . Есте сақтау қабілетіңіз өте жақсы. Ешнәрсені ұмытпайсыз.
7 слайд
Күнделікті өмірде есте сақтау
қабілетін қалай жақсарта
аламыз?
7 слайд
Күнделікті өмірде есте сақтау қабілетін қалай жақсарта аламыз?
8 слайд
Есте сақтауды жақсартуға арналған кеңестер
* Егер сіз оңақай болсаңыз, тісіңізді сол қолмен жуыңыз, ал егер
солақай болсаңыз, оң қолмен жуыңыз. Сонда сіздің миыңыздың
екінші жартысы дағдыланып, есте сақтау мен ойлау қабілетіңіз
жақсара түседі.
*Дүкенге барарда алатын заттарыңыздың тізімін қағазға емес,
есіңізге сақтаңыз. Әйтпесе, 60 жасқа қарай дүкенге барғанда
жағдайыңыз қиындай түседі.
*Әр фильмді көрген сайын басынан соңына дейінгі кадрларды ой
тізбегінен өткізіңіз. Бұл жатттығуға 20 секундіңіз кетеді, дегенмен,
нәтижесі керемет.
8 слайд
Есте сақтауды жақсартуға арналған кеңестер * Егер сіз оңақай болсаңыз, тісіңізді сол қолмен жуыңыз, ал егер солақай болсаңыз, оң қолмен жуыңыз. Сонда сіздің миыңыздың екінші жартысы дағдыланып, есте сақтау мен ойлау қабілетіңіз жақсара түседі. *Дүкенге барарда алатын заттарыңыздың тізімін қағазға емес, есіңізге сақтаңыз. Әйтпесе, 60 жасқа қарай дүкенге барғанда жағдайыңыз қиындай түседі. *Әр фильмді көрген сайын басынан соңына дейінгі кадрларды ой тізбегінен өткізіңіз. Бұл жатттығуға 20 секундіңіз кетеді, дегенмен, нәтижесі керемет.
9 слайд
Есте сақтауды жақсартуға арналған кеңестер
* Күн сайын түрлі әдеби шығармалар оқып отырыңыз. Кем дегенде аптасына 1
кітап. Сонда 1 жылда -52 кітап, 10 жылда 520 кітап оқыған боласыз!
*Егер сізге шынымен керемет есте сақтау қабілеті керек болса, күнде бір қара өлең
жаттап отырыңыз, тура сол сызба бойынша, яғни аптасына 1 өлең, жылына 52
өлең.
* Тағамыңыздың құрамында жер жаңғағы, бал, теңіз орамжапырағы болсын,
салмағыңызды ретке келтіріңіз, қыдырыңыз, әрдайым қозғалыста болыңыз!
* Тағы да айта кететініміз, талайларды таңғалдырар тамаша есте сақтау қабілеті
болғанын қаласаңыз, онда темекіден бас тартыңыз! Сонда қандағы азот оксиді
дұрысталып, зақымдалған тамырларды реттейді, миыңыз жылдам жұмыс істейтін
болады,
9 слайд
Есте сақтауды жақсартуға арналған кеңестер * Күн сайын түрлі әдеби шығармалар оқып отырыңыз. Кем дегенде аптасына 1 кітап. Сонда 1 жылда -52 кітап, 10 жылда 520 кітап оқыған боласыз! *Егер сізге шынымен керемет есте сақтау қабілеті керек болса, күнде бір қара өлең жаттап отырыңыз, тура сол сызба бойынша, яғни аптасына 1 өлең, жылына 52 өлең. * Тағамыңыздың құрамында жер жаңғағы, бал, теңіз орамжапырағы болсын, салмағыңызды ретке келтіріңіз, қыдырыңыз, әрдайым қозғалыста болыңыз! * Тағы да айта кететініміз, талайларды таңғалдырар тамаша есте сақтау қабілеті болғанын қаласаңыз, онда темекіден бас тартыңыз! Сонда қандағы азот оксиді дұрысталып, зақымдалған тамырларды реттейді, миыңыз жылдам жұмыс істейтін болады,
10 слайд
Есте сақтауды дамытуға арналған жаттығулар
Сурет салу
Бос уақытта, болмаса хобби ретінде сурет салу есте сақтауды жақсартады екен.
Ғалымдардың айтуынша, суреттің сапасы мен көркемдігі маңызды емес. «Бастысы – сурет
ойды тынықтырады» - дейді. Ойдың тынығуы – есте сақтау қабілетін жоғарылатады.
Көзге арналған жаттығулар
Егер күнде таңертең 30 секунд бойы көзіңізге жаттығу жасап тұрсаңыз, есте сақтау қабілеті
10%-ға жақсарады. Мұны да ғалымдар дәлелдеген. Сондай-ақ көзді жұмып, өткенді еске
түсіру де пайдалы екен.
Ой жаттығулары
Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін түрлі жаттығулар жасап тұрған дұрыс. Әсіресе,
сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін
меңгеру – миды жұмыс істетуге арналған ең тиімді әдістер болып саналады.
Жалаң аяқ жүгіру
Жалаң аяқ жүгірудің өзі есте сақтау қабілетіңді жақсартады екен. Ғалымдардың айтуы
бойынша, жалаң аяқ жүгірген адам аяғын жарақаттап алмас үшін айналасына барлай қарап
жүгіреді. Мұндай сәтте ми да белгілі бір қызмет атқарады. Ол қызметтер есте сақтауды
жақсартуға көмектеседі екен.
10 слайд
Есте сақтауды дамытуға арналған жаттығулар Сурет салу Бос уақытта, болмаса хобби ретінде сурет салу есте сақтауды жақсартады екен. Ғалымдардың айтуынша, суреттің сапасы мен көркемдігі маңызды емес. «Бастысы – сурет ойды тынықтырады» - дейді. Ойдың тынығуы – есте сақтау қабілетін жоғарылатады. Көзге арналған жаттығулар Егер күнде таңертең 30 секунд бойы көзіңізге жаттығу жасап тұрсаңыз, есте сақтау қабілеті 10%-ға жақсарады. Мұны да ғалымдар дәлелдеген. Сондай-ақ көзді жұмып, өткенді еске түсіру де пайдалы екен. Ой жаттығулары Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін түрлі жаттығулар жасап тұрған дұрыс. Әсіресе, сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру – миды жұмыс істетуге арналған ең тиімді әдістер болып саналады. Жалаң аяқ жүгіру Жалаң аяқ жүгірудің өзі есте сақтау қабілетіңді жақсартады екен. Ғалымдардың айтуы бойынша, жалаң аяқ жүгірген адам аяғын жарақаттап алмас үшін айналасына барлай қарап жүгіреді. Мұндай сәтте ми да белгілі бір қызмет атқарады. Ол қызметтер есте сақтауды жақсартуға көмектеседі екен.
11 слайд
Есте сақтауды дамытуға арналған жаттығулар
Жазу
Бүгінде қолмен жазу қалып барады. Көбіміз пернетақта көмегімен жұмыс жасап
жүрміз. Дегенмен есте сақтау қабілетіңізді жақсарту үшін бір ауық қолыңызға
қалам алып, жазу жазып та тұрыңыз. Мұның да көп көмегі бары анық.
Салмағы ауыр заттарды көтеру
Жаңа зерттеулер дәлелдегендей, жаттығу кезінде салмағы ауыр кір тастарын
көтеру де есте сақтауды 20 %-ға жақсартады екен.
Биікке өрмелеу
«Шыңға шығу мен ағашқа өрмелеу де есте сақтау қабілеті үшін пайдалы» - дейді
ғалымдар. Себебі тепе-теңдікті сақтау арқылы жад жұмысы жақсара түседі екен.
Бір сөзбен айтқанда, миды үнемі жұмыс істетіп тұрсаңыз, есте сақтау қабілетіңіз
де жақсара түсетін болады.
11 слайд
Есте сақтауды дамытуға арналған жаттығулар Жазу Бүгінде қолмен жазу қалып барады. Көбіміз пернетақта көмегімен жұмыс жасап жүрміз. Дегенмен есте сақтау қабілетіңізді жақсарту үшін бір ауық қолыңызға қалам алып, жазу жазып та тұрыңыз. Мұның да көп көмегі бары анық. Салмағы ауыр заттарды көтеру Жаңа зерттеулер дәлелдегендей, жаттығу кезінде салмағы ауыр кір тастарын көтеру де есте сақтауды 20 %-ға жақсартады екен. Биікке өрмелеу «Шыңға шығу мен ағашқа өрмелеу де есте сақтау қабілеті үшін пайдалы» - дейді ғалымдар. Себебі тепе-теңдікті сақтау арқылы жад жұмысы жақсара түседі екен. Бір сөзбен айтқанда, миды үнемі жұмыс істетіп тұрсаңыз, есте сақтау қабілетіңіз де жақсара түсетін болады.
12 слайд
Есте сақтауды жақсартудың жақсы жолы –жақсы ой ойлау, жақсы
сөз сөйлеу, өмірден тек жақсы нәрсені таба білу.
Позитивті ойлар, әңгімелер, кездесулер адамға жақсы жағынан әсер
ететіні сөзсіз. Қандай да жағдай болмасын, қай уақытта болса да
адам жақсылыққа, сұлулыққа, адамгершілікке, руханилылыққа
ұмтылуы керек.
Алдыңызға мақсат қоя біліңіз, білімді болуға ұмтылыңыз, білімге
ұмтылыңыз. Келешекке тек қуанышпен қараңыз, сонда сіздің
ойларыңыз да жарқын болады.
12 слайд
Есте сақтауды жақсартудың жақсы жолы –жақсы ой ойлау, жақсы сөз сөйлеу, өмірден тек жақсы нәрсені таба білу. Позитивті ойлар, әңгімелер, кездесулер адамға жақсы жағынан әсер ететіні сөзсіз. Қандай да жағдай болмасын, қай уақытта болса да адам жақсылыққа, сұлулыққа, адамгершілікке, руханилылыққа ұмтылуы керек. Алдыңызға мақсат қоя біліңіз, білімді болуға ұмтылыңыз, білімге ұмтылыңыз. Келешекке тек қуанышпен қараңыз, сонда сіздің ойларыңыз да жарқын болады.
13 слайд
Назарларыңызға
рахмет!!!
13 слайд
Назарларыңызға рахмет!!!